Главная страница

Жазгы мектеп есеп. Физика пні бойынша жазы мектеп жмысына талдау


Скачать 1.63 Mb.
НазваниеФизика пні бойынша жазы мектеп жмысына талдау
Дата25.11.2022
Размер1.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖазгы мектеп есеп.docx
ТипДокументы
#812539

ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

26 мамыр 17 маусым аралығында физика пәнінен 7, 8 және 10 сыныптарға сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектетің негізгі мақсаты – білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде оқушылардың түсінбеген тараулары бойынша білімдерін толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын білуін қамтамасыз ету. Кіріс сауалнамасы алынып, оқушыларға қиын тақырыптармен оқу мақсаттары анықталды.

7 сыныптарда Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар, Жылдамдық және орташа жылдамдық, Денелердің өзара әрекеттесуі, Деформация, Серпімділік күші, Гук заңы, Үйкеліс күші, Қысым, Қатты денелердегі қысым, Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы, Механикалық жұмыс, Қуат, Механикалық энергия, Кинетикалық энергия, Энергияның сақталуы және айналу заңы, Жай механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті тақырыптары бойынша сабақтар ұйымдастырылды.



10 сыныпта Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Абсолют қатты дененің инерция моменті. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау. Электр өрісінің энергиясы. Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау. Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі. Толық тізбек үшін Ом заңы. Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і. Ампер күші, сол қолы ережесі. Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Лоренц күші. Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы тақырыптары қайталанды.


Шығыс бақылау жұмыстарының қорытындысын сараптай келе 7 сынып оқушылары:

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру.

7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу.

7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау.

7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу оқу мақсаттарын меңгерді.

10 сынып оқушылары:

10.2.2.4 -бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану

10.3.2.1 -идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану.

10.3.2.5 -газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану

10.4.2.4 -толық тізбек үшін Ом заңын қолдану.

10.4.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану қатарлы оқу мақсаттарын меңгерді.

Сабақ барысы екі бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бөлімі теория мен практикаға арналды. «Физика негіздері» бағыты бойынша 7 сынып оқушылары зертханада мензурка, таразының т.б. құралдардың көмегімен денелердің тығыздығын анықтауды, ал динамометрдің көмегімен деформация құбылысын зерттеді, олимпиада тапсырмалары мен 10 сынып оқушылары арасында ҰБТ-ға дайындық есептерін шығару, орта буын оқушыларына логикалық тапсырмалар орындау шеберліктерін өткіздім. Виртуалды зертханалық жұмыстар оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттырғаны сөзсіз.


Мысалы, 7 сынып оқушысы Жумакенова Гульдана мензурка, су, таразы, гир, массасы әртүрлі жүктер, штативтің көмегімен денелердің тығыздығын анықтауды виртуалды жолмен де, демонстрациялық тәжірибе жүзінде де жасап көрді. Ал 10 сынып оқушылары зертханалық жұмыспен бірге ноутбук арқылы арнайы программаның көмегімен практикалық тапсырмалар да орындады.


Биылғы жазғы мектеп кезінде оқушылар практикалық дағдыларын жетілдіріп, өз уақыттарын тиімді әрі белсенді өткізгеніне қуаныштымын.

Пән мұғалімі: Маратқызы Г.



написать администратору сайта