Главная страница
Навигация по странице:

  • Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.

  • Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ Жалпы ережелер

  • Президенттік тестілердің құрылымы

  • Президенттік тестілер бойынша сынақтарды өткізу тәртібі

  • Президенттік тестілер сынақтарының түрлері

  • 1-саты – « Шымырлық пен ептілік» Жалпы білім беру мектептерінің 4-сынып оқушыларына арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері (9-10 жастағылар)

  • Талаптар: ПД*

  • Талаптар: ПД

  • Спорт секция. Атлетика. Жалпы білім беретін 9 орта мектепкммі Президенттік кпсайыс


    Скачать 251 Kb.
    НазваниеЖалпы білім беретін 9 орта мектепкммі Президенттік кпсайыс
    АнкорСпорт секция
    Дата02.02.2022
    Размер251 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАтлетика.doc
    ТипДокументы
    #349976


    «Жалпы білім беретін №9 орта мектеп»КММ-і



    «Президенттік көпсайыс»

    спорт секциясының жоспары

    Секция жетекшісі: Е.Султанов

    Сағыз ауылы

    2021-22 оқу жылы
    Бекітемін:_____________ Келісемін:____________

    №9 орта мектеп директоры: Директорының тәрбие ісі Е.Сұлтанов жөніндегі орынбасары:

    «31» тамыз 2021 жыл М.Хабдигалиев

    «31» тамыз 2021 жыл
    Түсінік хат
    Оқушыларға шахмат ойынын үйрету олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға зор әсерін береді. Шахмат ойнай білетін бала аз уақытта ойын шоғырландырып, туындаған жағдаятты сараптауға дұрыс шешім шығаруға үйреніп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады.

    «Жас шахматшы» үйірмесінің оқушыларға берері көп. Шахмат ойыны мен математика пәнін байланыстыра жұмыс жүргізсе, балалардың оқу үлгерімінің артуына, оқу материалдарын қабылдауға ықпалы зор.

    «Жас шахматшы» үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Ойын әліппесі мен тактикасы толық қамтылған. Үйірме сабақтары баланың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.

    Шахмат ойыны –балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахматқа үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, жүйелеуге, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.   Адамның ойлау жүйесін дамыта түсуде математиканың маңызы зор. Ал шахмат ойыны математикамен тығыз байланысты. Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.

    Бағдарламаның мақсаты — оқушыларды шығармашылық ізденімпаздыққа баулу, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу.

    Үйірме сабақтарынан оқушы меңгеруге тиісті қабілеттер:

    1.       Техникалық -оқушылардың    жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуда,     

       -ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу кезінде қалыптасатын іс әрекеттері. 

    2.       Интеллектуалдық - оқушылардың   ойынға сараптама жасауымен;  

    - арнайы әдебиеттерді оқуымен;  

    -үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.

    Бағдарлама аптасына 1сағат, барлығы 34сағатқа берілген.

    Тақырыптық оқу жоспары



    Сабақтың тақырыбы

    Сағат саны

    Мерзімі

    1

    Шахмат ойынының тарихы

    1




    2

    Атақты әлемдік және қазақстандық шахматшылар. Рефераттар қорғау

    1




    3

    Шахмат ойынының математикамен байланысы

    1




    4

    Шахмат фигураларының атауы және орналасу тәртібі

    2




    5

    Шахмат тақтасы және нотация

    1




    6

    Шахмат фигураларының жүрістері

    2




    7

    Шахмат партиясын қалай бастау керек

    1




    8

    Шахмат ойынының бұлтартпас ережелері

    2




    9

    Фигуралар мен пешкілердің бағасы, күші туралы

    2




    10

    Ойын кезіндегі шабуыл ұйымдастыру тәсілдері. Этюдтар дайындау (өздік жұмыс)

    2




    11

    Шахмат фигуралары мен пешкілерді өзара байланыста ұстау

    2




    12

    Ойын кезіндегі қорғаныс тәсілдері

    2




    13

    Жекелеген фигуралардың өзіне тән басымдықтары

    2




    14

    Шахмат ойындарын ұйымдастыру. Практикалық жұмыс

    2




    15

    Шах пен мат туралы

    1




    16

    Шахмат ойындарының стратегиялары, тактикасы. Этюдтар дайындау(өздік жұмыс)

    2




    17

    Фигураларды орталық алаңда топтастыру

    2




    18

    Орталық алаң үшін күрес (жұптық сайыстар)

    2




    19

    Фигуралардың орындарының ерекшеліктері

    1




    20

    Дебюттің принциптері, міндеттері. Ойын шеберлерінің дебют қателіктері

    1




    21

    Қысқа партиялар.Этюдтар шешу(өздік жұмыс)

    1




    22

    Шахматтан кіші турнир өткізу. Мектеп чемпионын анықтау.

    1






    Пайдаланылған әдебиет:

    «Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ» кітабы;

    Бардвик Тодд«Шахматы для детей»;

    Лозано Франциско «Уроки мудрой игры»;

    Костьев А. Н. «Учителю о шахматах» М., «Просвещение», 1986;
    Шахматы – школе. Под ред. Б. С. Гершунского. – М.: Педагогика, 1991;
    Е.Я. Гик «Беседы о шахматах», М., «Просвещение», 1985;
    Б. А. Злотник «Шахматы: наука, опыт, мастерство»;

    В. Е. Голенищев. «Подготовка юных шахматистов I разряда;
    Линдер И. М. «1000 самых красивых шахматных партий»;
    Бобби Фишер учит играть в шахматы, Киев, «Здоровья», 1991;
    А. Карпов. «Сто победных партий». – М.: «Физкультура и спорт», 1984.

    Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының

    президенттік тестілерін өткізу

    ҚАҒИДАЛАРЫ


    1. Жалпы ережелер


    Осы Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығының президенттік тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

    1. Президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы. Президенттік тестілер Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.



    1. Президенттік тестілердің құрылымы


    3. Президенттік тестілер екі деңгейге бөлінеді:

    1) президенттік деңгей – физикалық тұрғыдан жан-жақты дамыған адам деңгейі;

    2) ұлттық дайындық деңгейі – халықтың дене даярлығын айқындайтын деңгей.

    4. Президенттік тестілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның дене даярлығының негізгі қабілеттерін (күштілік, төзімділік, жылдамдық және ептілік) танытатын спорттық сынақтардың сегіз түрін қамтиды.

    5. Президенттік тестілер бес сатыға бөлінеді:

    1-саты – «Шымырлық пен ептілік» – 9-10 және 11-13 жастағылар – жалпы білім беру мектептерінің 4 және 7 сыныптары;

    2-саты – «Спорт ізбасарлары» – 14-15 жастағылар – жалпы білім беру мектептерінің 9 сыныптары;

    3-саты – «Күш пен батылдық» – 16-17 жастағылар – жалпы білім беру мектептерінің 11 сыныптардың, колледждердің, лицейлердің соңғы курсының алдындағы курстары;

    4-саты – «Шынығуды жетілдіру» – жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстары, 18-23 жастағылар, 24–39 жастағы тұрғындар;

    5-саты – «Сергектік пен денсаулық» – 40-49, 50-59, 60 және одан жоғары жастағылар.

    6. Халықтың дене шынықтыру даярлығының президенттік тестілері сынақтарының түрлері мен нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.


    1. Президенттік тестілер бойынша сынақтарды өткізу тәртібі


    7. Президенттік тестілер сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 4, 7, 9, 11 сыныптарында, лицейлердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстарында, жұмыс істейтін жастар мен ересек тұрғындар үшін дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жарыстарда өткізіледі.

    8. Президенттік тестілер нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен ұйымдасқан түрде немесе өз бетінше айналысатын барлық ниет білдірушілер жіберіледі.

    9. Президенттік тестілер сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық (аудандық) дене шынықтыру және спорт бөлімдері бекіткен төрешілер алқасы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен спорт түрлері бойынша жарыстар қағидаларына сәйкес өткізеді.



    1. Президенттік тестілер сынақтарының түрлері


    13. Президенттік тестілер сынақтарының түрлері мыналарды қамтиды:

    1) жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метр). Сынақ стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;

    2) орнында тұрып ұзындыққа секіру. Сынақ ашық және жабық үй-жайлардағы кез келген тегіс жерде өткізіледі;

    3) биік кермеде тартылу. Сынақ бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға тыйым салынады;

    4) кеудені көтеру. Сынақ шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден 90° бұрышқа бүгіле, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады;

    5) ату. Сынақ пневматикалық винтовкадан және пистолетпен жүргізіледі (1-қосымшаға сәйкес жас ерекшелігі бойынша топтарға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады). Ату: 3 рет байқап көру, 5 рет есептік. Атуға берілетін уақыт – 20 минут;

    6) шаңғымен жүгіру. Сынақ шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы -20С-тан төмен болмаған кезде өткізіледі. Қарсыз аудандарда шаңғымен жүгіру 6 минут бойы жүгіріп-жүрумен алмастырылады;

    7) доп лақтыру. Сынақ ені 10 метр болатын кез келген тегіс алаңда өткізіледі;

    8) жүзу (25, 50 метр). Сынақ қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, үлгілік бассейндерде өткізіледі.

    14. Президенттік тестілерді тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-мамыр айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.
    __________________________

    2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1545

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің Қаулысына қосымша

    Қазақстан Республикасы

    халқының дене шынықтыру

    даярлығының президенттік

    тестілерін өткізу қағидаларына

    қосымша
    1-саты – « Шымырлық пен ептілік»

    Жалпы білім беру мектептерінің 4-сынып оқушыларына

    арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері

    (9-10 жастағылар)
    Р/с№
    Бақылау жаттығуы

    Өлшем бірлігі

    Президенттік деңгей

    Ұлттық

    дайындық деңгейі

    ұлдар

    қыздар

    ұлдар

    қыздар

    1.

    Жүгіру 30 м
    сек.

    5,2

    5,2

    5,4

    5,4

    2.

    Жүгіру 1000 м
    мин. сек.

    с/е

    с/е

    с/е

    с/е

    3.

    Тұрған орнынан ұзындыққа секіру
    см.

    170

    165

    168

    160

    4.

    Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру

    6 мин. бойы жүгіру-жүру
    мин.

    м.

    6.30,0

    1500

    7.00,0

    1300

    6.55,0

    1400

    7.25,0

    1250

    5.

    Жүзу 25 м

    у/е

    у/е

    у/е

    у/е

    6.

    Доп лақтыру (150 гр.)
    м.

    30

    20

    28

    18
    Шартты қысқартулар:

    м. – метр;

    см – сантиметр;

    км. – километр; мин. – минут;

    сек. – секунд;

    рет. саны – реттік саны,

    у/е – уақытты есепке алмау;

    гр. – грамм.

    Талаптар:_ПД*'>Талаптар:

    ПД* – президенттік деңгейде 3 норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде 2 норматив орындау. Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру (нормативті орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін).

    ҰДД* – ұлттық дайындық деңгейінде 5 норматив орындау.

    ______________

    1-саты – «Шымырлық пен ептілік»

    Жалпы білім беру мектептерінің 7-сынып оқушыларына

    арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері (11-13 жастағылар)
    Р/с№
    Бақылау жаттығуы

    Өлшем бірлігі

    Президенттік деңгей

    Ұлттық дайындық деңгейі

    ұлдар

    қыздар

    ұлдар

    қыздар

    1.

    Жүгіру 60 м
    сек.

    8.9

    9.3

    9.3

    9.7

    2.

    Жүгіру 1500 м

    мин. сек.

    6.30,0

    7.00,0

    6.55,0

    7.25,0

    3.

    Тұрған орнынан ұзындыққа секіру
    см

    210

    195

    200

    175

    4.
    Тартылу

    рет саны

    11

    -

    9

    -

    Арқада жатып кеудесін көтеру

    рет саны мин.

    -

    40

    -

    35

    5.

    Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру

    6 мин. бойы жүгіру-жүру
    мин.

    м

    12.30,0

    1500

    13.30,0

    1300

    12.50,0

    1400

    13.50,0

    1250

    6.

    Жүзу 50 м

    у/е

    у/е

    у/е

    у/е

    7.

    Доп лақтыру(150 гр.)
    м

    50

    36

    42

    28

    8.

    Пневматикалық винтовкадан тіреп тұрып ату, диаметрі 15 см нысана
    тию

    5

    5

    3

    3
    Талаптар:

    ПД – президенттік деңгейде 4 норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде 2 норматив орындау. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін).

    ҰДД – ұлттық дайындық деңгейінде 6 норматив орындау.
    ______________

    2-саты  «Спорт ізбасарлары»

    Жалпы білім беру мектептерінің 9-сынып оқушыларына

    арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері (14-15 жастағылар)
    Р/с№
    Бақылау жаттығуы

    Өлшем бірлігі

    Президенттік

    деңгей

    Ұлттық дайындық деңгейі

    ұлдар

    қыздар

    ұлдар

    қыздар

    1.
    Жүгіру 60 м
    мин. сек.
    8,0

    9,0

    8,2

    9,2

    2.

    Жүгіру 2000 м
    8.30,0

    9.30,0

    9.00,0

    10.00,0

    3.

    Тұрған орнынан ұзындыққа секіру
    см.

    240

    210

    220

    190

    4.
    Тартылу

    рет саны

    14

    -

    12

    -

    Арқада жатып кеудесін көтеру
    рет саны мин.

    -

    45

    -

    40

    5.

    Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру

    6 мин. бойы жүгіру-жүру
    мин.

    м

    15.00,0

    1700

    18.00,0

    1400

    16.00,0

    1600

    19.00,0

    1200

    6.

    Жүзу 50 м
    сек

    38,0

    55,0

    41,0

    1.00,0

    7.

    Доп лақтыру (150 гр.)
    м

    60

    35

    50

    30

    8.

    Пневматикалық винтовкадан тіреп тұрып

    ату, диаметрі 10 см нысана
    тию

    5

    5

    3

    3
    Талаптар:

    ПД – президенттік деңгейде 4 норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде 2 норматив орындау. Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін).

    ҰДД – ұлттық дайындық деңгейінде 6 норматив орындау.
    ______________

    3-саты  «Күш пен батылдық»

    Жалпы білім беру мектептерінің 11-сынып оқушыларына, колледждердің, лицейлердің соңғы курсының алдындағы курстары студенттеріне

    арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері (16-17 жастағылар)
    Р/с№
    Бақылау жаттығуы

    Өлшем бірлігі

    Президенттік деңгей

    Ұлттық дайындық деңгейі

    ұлдар

    қыздар

    ұлдар

    қыздар

    1.

    Жүгіру 100 м
    сек.

    13,0

    15,4

    14,0

    15,8

    2.

    Жүгіру 2000 м

    мин. сек.

    -

    9:00,0

    -

    9:50,0

    Жүгіру 3000 м

    мин. сек.

    11.00,0

    -

    12.40,0

    -

    3.

    Тұрған орнынан ұзындыққа секіру
    см.

    265

    210

    250

    200

    4.

    Тартылу

    рет саны

    16

    -

    13

    -

    Арқада жатып кеудесін көтеру

    рет саны мин.

    -

    55

    -

    50

    5.

    Шаңғымен ұлдар 5 шақырымға, қыздар 3 шақырымға жүгіру

    6 мин. бойы жүгіру-жүру
    мин.

    м

    23.00,0

    1700

    16.00,0

    1400

    24.00,0

    1600

    17.30,0

    1250

    6.

    Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату, М-8
    ұпай

    36

    36

    30

    30

    7.
    Жүзу 50 м
    сек

    38,0

    52,0

    40,0

    55,0

    8.

    Граната лақтыру:

    (ұл) 700 гр

    (қыз) 500 гр
    м

    45

    32

    40

    26
    Талаптар:

    ПД – президенттік деңгейде 4 норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде 2 норматив орындау. Шаңғымен ұлдар 5 шақырымға, қыздар 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін).

    ҰДД – ұлттық дайындық деңгейінде 6 норматив орындау.
    ______________


    написать администратору сайта