Документ. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білі. Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Талас ауданыны білім бліміні МектепЛицейі
Скачать 18.77 Kb.
|
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Мектеп-Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бекітемін: Келісемін: Кафедра отырысында қаралды: Мектеп-Лицей директоры м.а Директордың ғылыми-әдістемелік Хаттама №1 ісі жөніндегі орынбасары Кафедра жетекшісі: __________З.Алпысбаева ________А.Алтынбеков _______А.Белгібаева «31»_тамыз 2021ж «27» тамыз 2021ж «26» тамыз 2021ж РОБОТОТЕХНИКА 8-сынып (ҮЙІРМЕ) Пән мұғалімі: Ж.Жанысбек Қаратау қаласы 2021-2022 оқу жылы Түсінік хат «Робототехника» үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту. Робототехника - ол бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Оқушылар үйірме жұмыстарының барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Бағдарлама жылына 144 сағат, аптасына 4 сағат( 2 сағаттан 2 рет) құрылган.Бұл бағдарлама 8 бен 15 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 4 немесе 6 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады. Үйірме жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Мақсаты: Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру Міндеттері: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту Оқушылардың дайыдығына қойлатын талаптар: Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау Жобаны шығармашылықпен қорғау Диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдану Кәсіпке бағдарлау: жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология мамандықтарына негізделген. Үйірмені ұйымдастыру формасы: дәріс,ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, есептер шығару, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау Үйірме оқытуды аяқтау формасы: Роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру Роботтардың таныстырылымы және сайысы. Жеңімпаздарды анықтау. Күтілетін нәтиже: Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау Қарапайым роботтарды басқару LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу Шығармашылықпен жұмыс жасай білу Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту |