Главная страница
Навигация по странице:

  • РР витамині.

  • Пантотен қышқылы.

  • Фолий қышқылы.

  • Емізетін ананың тамақтануы

  • Жүкті әйелдің және емізетін ананың тамақтануы. Жкті йелді таматануы


    Скачать 21.87 Kb.
    НазваниеЖкті йелді таматануы
    Дата01.05.2021
    Размер21.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖүкті әйелдің және емізетін ананың тамақтануы .docx
    ТипДокументы
    #200726

    Жүкті әйелдің тамақтануы
    Жүктілік кезде тиімді тамақтануға, жүкті әйел ағзаның қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударылуы керек. Жүктіліктің бірінші триместрінде ұрықтың мүшелері қалыптасады, бұл кезеңде әсіресе ағзаға толық мәнді ақуыз түсуін қамтамасыз ету керек. Жүктіліктің екінші жартысында тамақ рационында сондай-ақ ақуыз жеткілікті мөлшерде, оның ішінде малдан өндірілетін ақуыз (пісірілген сиыр еті, тауық еті, балықтың майсыз сұрыптары, жұмыртқалар) кем дегенде 60% болуы қажет. Әсіресе сүттің және сүттен өндірілетін тағамдар ірімшіктің, айранның, құрттың ақуызы өте пайдалы.

    Майлар жүкті әйелдердің рационында тез сіңетін (сарымай және өсімдік) маймен, қаймақпен берілген. Нашар қортылатын (қойдың, шошқаның, сиырдың) майларды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Майлар тамақтың құнарлылығын және дәмдік сапасын арттырады, ағзаға майда еритін витаминдердің (А, D, Е) түсуін қамтамасыз етеді. Өсімдік майының (жүгері, күнбағыс) құрамында жүктілік дамуы үшін керекті Е витамині бар.

    Көмірсулар қатысты жүктілік кезінде, әсіресе төртінші айдан кейін, тағам құрамында түсетін рафинадталған қантты, кондитерлік тағамдарды, кәмпитті, балқайнатпаны шектеу қажет, өйткені олар ана мен ұрықтың аллергиялық ауытқуына, зат алмасу процестерінің бұзылуына, жүкті әйелдерде семіздіктің дамуына және жас сәбидің артық дене салмағына әкеліп соғуы мүмкін. Жүкті әйелдерге ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, әртүрлі көкөністер және жемістер пайдалы.

    Жүкті әйелдердің рационына көбірек витаминдер мен минералдық заттардың көзі болып табылатын шикі көкөністер және жемістер енгізілуі керек. Дұрыс тамақтану ағзаның витаминдер мен минералдарға қажеттілігінің үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. Бірақ, оларға қажеттілік жүктілік кезде және емшекпен емізу кезінде артады. Сондықтан, бұл кезеңде ағзаны қосымша витаминдермен байыту керек.

    А витамині. Ағзаның даму процесіне қажет. Көз және тері ауруларын болдырмайды. Тістердің, тырнақтардың, шаштардың сау жағдайын қамтамасыз етеді. Алыну көздері: бауыр, жұмыртқа, сүт, сыр, сары май, сәбіз, шпинат, қарақат, пияз.

    В1 витамині. Жүректің, жүйке жүйесінің және бұлшықеттердің қалыпты қызмет істеуі үшін қажет. Көмірсутек алмасуына қатысады. Алыну көздері: ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, кебек, жармалар, фасоль, бұршақ.

    В2 витамині. Жүйке жүйесінің дұрыс қызмет етуіне қажет. Ағзадағы заттар алмасуын күшейтеді. Алыну көздері: бауыр, бүйрек, жұмыртқа, ет, сүт, ашытқы.

    В6 витамині. Ақуыз алмасуында және қан түзу процестерінде маңызды роль атқарады. Ми қызметін реттейді. Алыну көздері: ашытқы, ет, жұмыртқа, бұршақ, картоп, көк бұрыш.

    В12 витамині. Қан түзу және эритроциттердің жетілу процестеріне қатысады. Жүйке жүйесінің және бауырдың қалыпты жұмысына қажет. Алыну көздері: ет, сиыр бауыры, жұмыртқаның сарысы, балық.

    РР витамині. Мидың дұрыс қызмет істеуіне ықпал етеді, холестерин деңгейін төмендетеді. Жыныс гормондарының синтезі үшін қажет. Алыну көздері: кебек, сүт, бауыр, жұмыртқа, картоп.

    С витамині. Талшықты дәнекер ұлпалардың, сүйектердің және тістердің құрылысына, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын жоғарылатуға маңызы зор. Темірдің сіңуіне қатысады. Алыну көздері: итмұрын ұрықтары, қарақат, цитрустар, көк жуа, петрушка, орамжапырақ, тәтті бұрыш.

    Е витамині. Жүктілік гормондарының синтезін ынталандырады, жасушалардың қартаю процесін, миокард инфарктінің және инсульттің қауіп-қатерін азайтады. Алыну көздері: өсімдік майы, сүт, жұмыртқа.

    Пантотен қышқылы. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулар алмасуын реттейді. Иммундық реакцияларға қатысып, ауруға шалдығушылық қауіп-қатерін азайтады. Алыну көздері:ашытқы, сиыр бауыры және бүйректері, дақылдар, жұмыртқа, балықтың уылдырығы.

    Фолий қышқылы. Аминоқышқылдардың синтезіне және қан түзу процестеріне қатысады. Ұрықтың өсуін және қалыпты дамуын ынталандырады. Антитератогендік әсері бар - ұрықта ауытқуларды болдырмайды. Алыну көздері: бауыр, ашытқы, салат, сәбіз, көкөністер, орамжапырақ, қызылша, картоп.

    D3 витамині. Сүйек және жүйке ұлпаларының дұрыс дамуына қажет. Ішекте кальций мен фосфор сіңуін реттейді. Алыну көздері: треска және тунец балықтарының бауыры.

    Темір. Ағза жасушаларын және ұлпаларын оттегімен қамтамасыз етуге қатысады. Зат алмасуына қажетті иммунитет қолдауға қажетті. Алыну көздері: ет, бауыр, түйебұршақ, соя, укроп, салат, петрушка, қараөрік, қызылша, сәбіз, алма, картоп, курага, миндаль, сыра ашытқысы.

    Кальций. Сүйек ұлпаларының және тістердің қалыптасуына және нығаюына ықпал етеді. Қан ұю процестеріне қатысады. Алыну көздері: сүт және сүт өнімдері, балық, соялық түйе бұршақтар, жапырақты көкөністер, орамжапырақ, минералды сулардың кейбір түрлері.

    Ас тұзының мөлшерін жүктіліктің бірінші жартысында 10 г. дейін және екінші жартысында 6-8 г. дейін шектеу керек, ол жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежеде қозуын тежейді және ісікті болдырмауға әсер етеді.

    Сұйыққа деген тәуліктік қажеттілік жүктіліктің әр мерзімінде бірдей емес. Сондай-ақ ол жүкті әйелдің жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін (жүкті кездегі кейбір асқынуларда сұйық мөлшерін шектеу қажет).

    Жүкті кезде тамақтану тәртібінің маңызы зор. Тамақты күніне 5-6 рет қабылдау керек. Күн бойына тағамдардың дұрыс бөлінуін сақтап отыру қажет. Ақуыздар заттар алмасуын жоғарылатады, жүйке жүйесін қоздырады және асқазанда көбірек бөгеледі, сондықтан етті, балықты, жұмыртқаны ертеңгі және түскі аста қолдану ұсынылады, кешкі сүт және өсімдік тағамдарынан құралуға тиісті. Жүкті әйелдердің рационынан тәттілерді, сірке суын, тұздалған, ысталған, сондай-ақ құрамында холестерин көп тағамдарды қабылдауды шектеу керек.

    Үй жағдайында дайындалған тағамдардан жүкті әйелге шарап тұнбаларын, шарапты алып тастау керек, өйткені олардың құрамында жүкті әйелге қолдануға болмайтын алкоголь бар.
    Емізетін ананың тамақтануы

    Майсыз етті, жұмыртқаны, балықты, сүт өнімдерін, әр түрлі ботқаларды, күрішті, қарақұмықты, картопты, гүлді орамжапырақты, нанды, ірімшікті, көкөністерді, жеміс-жидектерді, мюслиді, шырындарды пайдаланыңыз. Осы ретте сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеуден өткізу қажет. Майы алынбаған сиыр сүтін ашымалы сүт өнімдерімен кезектестіріп пайдаланған жөн. Емізетін ана рационында тағамдық талшықтардың жеткілікті дәрежеде болуы өте маңызды. Олар емізетін анада іштің қатуы сияқты босанудан кейінгі мәселелерді болдырмауға мүмкіндік бере отырып, ішектің толқи жиырылуына жағдай жасайды.

    Ұзақ уақыт бойы емізетін аналарға өз рационынан сүттің дәмі мен иісін бірден өзгертетін тағамдарды алып тастау ұсынылып келді. Оларға өткір иісті дәмдеуіштер, жуа мен сарымсақ, шомыр, балдыркөк және т.б. жатқызылды.

    Сұйықтықты көп ішуге тырысыңыз. Әсіресе бұл сүттің көбейгенін қалайтын аналарға қатысты. Шәйларды, морсты, компоттарды немесе қарапайым ауыз суын пайдаланыңыз. Жаңа сусындарды бала ағзасының реакциясын бақылай отырып, біртіндеп ендіріңіз. Егер өзгерістер байқалмаса, онда күн сайын оның мөлшерін арттыруға және өз рационыңызға бекітуге болады. Бір күнде 8-10 стақан су ішу ұсынылады, қаласаңыз бұл мөлшерді арттыруға да болады. Сонымен қатар, ол босанудан кейінгі алғашқы айларда әйелдердің басым көпшілігі зардап шегетін іш қатуының алдын-алуға мүмкіндік бере отырып, ішектің жұмысына жағымды әсер береді.

    Егер ата-ананың ең болмағанда біреуінде аллергия бар болса, онда белгілі бір диетаны ұстану қажет болады. Мұндай жағдайда бала диатезге бейім болуы ықтимал және ол бала өмірінің алғашқы айларында көрініс табуы мүмкін. Ана рационынан келесі тағамдар алынып тасталады: сиыр сүті, жаңғақтар, кофе, какао, шоколад, құлпынай, таңқурай, цитрустылар, тәттілер, тауық, шошқа еті, балық, жұмыртқалар.

    Емізетін ананың рационынан алынып тасталуы тиіс болатын бірқатар тағамдар бар. Оларға консервіленген, майлы, қақталған және қуырылған өнімдер, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер жатады. Сонымен қатар алкогольды сусындарды пайдалануды шектеу қажет. Аз ғана мөлшерде олар сүттің шығуын азайтып, сүттің бөліну рефлексіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тұрақты пайдалану барысында алкоголь баланың салмақ қосуына, сондай-ақ оның ұйқысы мен моторлы дамуына жағымсыз әсер етеді. Алкогольды сусындардан толық бас тартқан дұрыс.


    написать администратору сайта