Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаған : Мақанова Гүлнәр Қайыржанқызы мектептің педагог-психологы . Мақсаты

  • Тренінгтің барысы: 1.Амандасу – «танысу».

  • 2.«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

  • 2.«Мен кіммін» жаттығуы

  • 3«Мен басқаның көзімен» жаттығуы

  • 4.«Атомдар мен молекулалар .» жаттығуы

  • қарым-қатынас тренингі. қатынас тренингі5-6сынып. Оушылара арналан арыматынас тренингі 56 сыныптар шін Дайындаан Маанова Глнр айыржанызы мектепті педагогпсихологы


    Скачать 14.25 Kb.
    НазваниеОушылара арналан арыматынас тренингі 56 сыныптар шін Дайындаан Маанова Глнр айыржанызы мектепті педагогпсихологы
    Анкорқарым-қатынас тренинг
    Дата02.12.2022
    Размер14.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақатынас тренингі5-6сынып.docx
    ТипДокументы
    #824219



    « ММ Новоселов орта мектебі білім бөлімі Әулиекөл ауданының әкімдігі»

    Оқушыларға арналған қарым-қатынас тренингі

    /5-6 сыныптар үшін/

    Дайындаған : Мақанова Гүлнәр Қайыржанқызы

    мектептің педагог-психологы

    .  

     

    Мақсаты: өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.

    Міндеттері: бір-бірімен жағымды қатынас жасауға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс барысында жағымды психологиялық ахуал ,мейірімділік атмосферасын орнату.

    Тренінгтің барысы:

    1.Амандасу – «танысу».

       Әр қатысушы өз есімінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, серік, сенімді жігітпін.
    2.«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

    Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
    2.«Мен кіммін?» жаттығуы

       Жүргізуші «мен» тұжырымдамасын таныстырғаннан кейін қатысушылар мен кіммін деген сұраққа «мен» бейнесіне кіру арқылы жауап береді. Ю.В. Валентиннің «мен» тұжырымдамасы бойынша

    Мен – тұлғамын

    Мен – баламын

    Мен – Маратпын

    Мен – оқушымын

    Мен – доспын....

    Әр оқушы өзін әлеуметтік ортаға кім екенін анықтап жазады.

    3«Мен басқаның көзімен» жаттығуы

       Ортаға бір оқушыдан кезектеп шығады. Қалған қатысушылар ол жайында қандай ой-пікірді айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін айтады.

    4.«Атомдар мен молекулаларжаттығуы
        Әр қатысушы жеке – атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

    5. Рефлексия:«Шапалақтар» ойыны


    написать администратору сайта