Главная страница
Навигация по странице:

  • РЕФЕРАТ Тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы

  • Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұм. Реферат таырыбы Бейбіт жне соыс уаытында тждаы нерксіптік нысандарды жмыс істеуіні тратылыы


    Скачать 36.93 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Бейбіт жне соыс уаытында тждаы нерксіптік нысандарды жмыс істеуіні тратылыы
    Дата01.12.2021
    Размер36.93 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұм.doc
    ТипРеферат
    #288306

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
    Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы

    Орындаған: Нишонбоева И

    Тобы: ТФП 03-21A

    Қабылдаған: Оразова М.M

    Шымкент 2021 ж

    Жоспары:

    І Кіріспе

    ІІ Негізгі бөлім

    1. Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы

    2. ТЖ ұйымдары жұмысының тұрақтылығы

    3. Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы

    4. Салалар мен ұйымдардың тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау

    5. Салалар мен ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

    ІІІ Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

    І Кіріспе

    Мен бұл жұмысымда бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай туындаған жағдайда өнеркәсіп нысандарының, салалардың, аумақтық звенолардың және ұйымдардың жұмыс істеу тұрақтылығын және оны арттыру жөніндегі негізгі міндеттерін жаздым.

    ІІ Негізгі бөлім


    1. Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы


    Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да салалардың, аумақтық звенолардың және ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру Азаматтық қорғаныстың негізгі міндетінің бірі болып табылады.

    Еліміздің шаруашылық кешенінің, оның салалық және аумақтық звенолары қызметінің тұрақтылығы дегеніміз белгіленген номенклатура мен мөлшерде өндірістерді өніммен қамтамасыз ету қабілеті деп түсіндіріледі. Тұрақтылығын арттыру мәселелері салалардың, аумақтық басқару органдарының, ұйымдардың деңгейінде қаралады.

    Материалдық өндіріс саласына қатысты салалардың тұрақты жұмысы, белгіленген номенклатура мен мөлшерде олардың өнім шығару мүмкіндігі, ал өндірістік емес салалар үшін – өздерінің міндетін орындау мүмкіндігі.

    Аумақтық звенолардың (облыстық, қалалық, аудандық) қызметінің тұрақтылығы дегеніміз өндірісті белгіленген номенклатура мен мөлшерде қорғаныс өнімдері және басқа да өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндігі, сондай-ақ халықтың сол тұрып жатқан жерінде тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету.

    Ұйымдардың жұмысының тұрақтылығы белгіленген номенклатура мен мөлшерде, олардың өнім шығару мүмкіндіктері, сондай-ақ туындаған төтенще жағдайлар мен қазіргі зақымдану құралдарын пайдалану кезінде қираған өндірісті тез қалпына келтіру.

    Төтенше жағдайлар және қазіргі зақымдану құралдарын қолдану кезінде республиканы тұрақты қызмет істеуге дайындауға жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

    Салалардағы, аумақтық органдардағы, ұйымдардағы тұрақтылықты арттыру мәселелеріне тікелей басшылықты министрліктер мен ведомствовалардың бірінші басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, осы мақсаттр үшін қажетті материалдық және финанстық қаржылар бөлетін салаларды, аумақтарды, ұйымдарды тұрақты қызмет істеуге дайындауға дербес жауапкершілік жүктелетін ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.

    Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда аумақтардың табиғи, экономикалық ерекшеліктері мен болашақта одан әрі дамуы және басқа да ерекшеліктері есебінен, тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралары жасалынады және жүзеге асырылады.

    Тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды дайындау экономиканың басқа да салаларымен, ұйымдарымен және басқарудың тиісті аумақтық звеноларымен өзара әрекеттесу есебінен жүргізілуі тиіс. Тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың сипаты, мөлшері және өткізу мерзімдері аумақтардың, ұйымдардың экономикалық және қорғаныс мәнділігі, сондай-ақ қаржылық, материалдық, еңбек және басқа да ресурстары есебінен анықталынуы тиіс.

    Тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар әлеуметтік және экономикалық дамудың болашақтағы және жылдық жоспарларында, Азаматтық қорғаныс жоспарларында, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жоспарында, басқа да жоспарланатын құжаттарда қаралуы тиіс.

    Салалық және аумақтық басқару органдарының тұрақтылығын арттыру міндеттерін шешу жөніндегі іс-әрекеті директивті құжаттармен реттеледі. Әр министрлікте (ведомствода) жұмыстың тұрақтылығын арттыру жөніндегі салалардың, ведомствоға бағынышты салалардың, бірлестіктердің және ұйымдардың салалық талаптарыжасалынады және қолданысқа енгізіледі. Салалық талаптар салалардағы толығымен және әр ұйымдағы жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың принциптік ережелерін ұстауы керек. Олар салалық және аумақтық басқару органдарының келісілген жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді белгілеуі тиіс. Салалық талаптар салалық құрылымдық звенолардың барлық лауазымды адамдары үшін тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды және міндеттерді жоспарлау және жүзеге асыруда міндетті болып табылады.

    Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау нысандары болып табылады, оған құрылыс нысандары мен ережелері, мемлекеттік стандарттар, нұсқаулар мен Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларының нормаларын пайдалану жөніндегі нұсқаулары жатады.

    Тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру саласындағы салалық және аумақтық органдардың негізгі міндеттері:

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу, оларды жүргізуде бақылауды жүзеге асыру;

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды зерттеу және жүзеге асыру үшін негізгі мәліметтер дайындау;

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы нормативті құжаттардың жаңа және қосымша түрлерін әзірлеу;

    Ведомствоға бағынышты звеноларда тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға әдістемелік басшылық жасау;

    Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуын даму жоспарының жобасына, республикалық бағдарламаларына енгізу үшін тұрақтылықты арттыру жөніндегі ұсынысты дайындау және тиісті басқару органдарымен келісу;

    Ведомствоға бағынышты звенолардың тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралардың және тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау болып табылады.

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асырудағы салалық басқару органдарының негізгі міндеттері:

    Азаматтық-қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары жөніндегі ведомстволық нормативті және әдістемелік құжаттарын әзірлеу;

    Ведомстволық объектілерді жобалау, құрылысын салу және қайта жаңғырту кезінде Азаматтық қорғаныс шараларының инженерлік-техникалық нормаларын орындау;

    Жұмысшылардың, қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    Арнайы жаттығуларда, объектілердегі кешенді жаттығуларда және басқа да жаттығуларда тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралардыңтиімділігін және салалардың дайындығын тексеру болып табылады.

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асырудағы аумақтық басқару органдарының негізгі міндеттері:

    Тапсырманы және Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жобасының өзін жобалауда қарау және келісу;

    Меншік нысанына қарамастан ведомствоға бағынышты аумаққа орналасқан ұйымдардағы Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық нормаларын орындауға бақылау жасау;

    Қала құрылыстарын салуда, қайта жаңғыртуда және басқа да елді мекендерді салу кезінде Азаматтық қорғаныс іс-шараларының инженерлік-техникалық нормаларын орындау;

    Ведомствоға бағынысты аумақтағы халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    Аудандарда, қалаларда, ұйымдарда өткізілетін арнайы жаттығулардың, кешенді аудандық жаттығулардың және басқа да жаттығулардың тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін және аумақтық звенолардың дайындығын тексеру болып табылады.

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралардың әзірлеу және жүзеге асыру саласындағы ұйым басшыларының негізгі міндеттері:

    Ұйымның жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және оны белгіленген тәртіппен ұсыну;

    Төтенше жағдайлар және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеу және жүргізу;

    Туындаған аварияның, екінші зақымдану ошағының қауіптілігін азайту жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру;

    Ұйымдарда азық-түлікті, ауыз суын сумен жабдықтау көздерін, ауыл шаруашылығы малдарын және өсімдіктерін, өсімдік және мал шаруашылығын радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) жұқтырудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

    Төтенше жағдайлар кезінде және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде салалық және аумақтық звенолардың тұрақты жұмыс істеуін дайындау мақсатында тұрақтылығы бойынша арнайы әскери-экономикалық жаттығулар жүргізіледі және бұл мәселелер басқа жаттығуларда пайдаланылады) командалық-штабтық, әртүрлі салалық және аумақтық звеноларда, сондай-ақ кешенді аудандарда, қалаларда және ұйымдарда). Жаттығу басшы құрамның құрылымының өздерінің функцияларын орындауға дайындаудың негізгі нысаны болып табылады. Онда Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу кезіндегі салалық және аумақтық басқару органдарының бірлесіп істеген жұмыстарының нысаны мен әдістері, оның ішінде соғыс және төтенше жағдайлар кезіндегі экономика қызметінің тұрақтылығын арттыру міндеттері жасалынады [1].


    1. ТЖ ұйымдары жұмысының тұрақтылығы


    ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

    Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

    • Өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейде еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

    • Негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;

    • Өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

    • Шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

    • Мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

    • Әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болу ықтималдығы [2].




    1. Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы


    Шарушылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

    Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманға зақымдану құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті , нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріспен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау [2].


    1. Салалар мен ұйымдардың тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау


    Тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде мынадай негізгі бағыттар:

    Жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін және тыныс тіршілігін қамтамасыз ету;

    Ведомствоға бағынышты салаларды және еліміздің аумақтарындағы ұйымдарды, аумақтарды ұтымды орналастыру;

    Ерекше жағдайда жұмыс істеуге салаларды, ұйымдарды даярлау;

    Соғыс уақытында маңызды объектілерді, іс-әрекеттің өндірістік және басқа да түрлерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындауға даярлау;

    Салалық басқару жүйелерін соғыс уақытындағы міндеттерді шешуге даярлау белгіленеді.

    1. Жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасын және тіршілік әрекеттерін қорғауды қамтамасыз ету

    Жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қорғауды қамтамасыз етуді жоспарлауға:

    Қазіргі заманғы зақымдану құралдарының қолданғандығы, туындаған төтенше жағдайлар туралы уақытында хабарлауды ұйымдастыру;

    Жұртшылықты қорғану ғимараттарына жасыру, оларды шоғырландыруды және эвакуациялауды жүргізу;

    Жеке қорғану және медициналық құралдарын пайдалану;

    Жасыру жөніндегі іс-шаралар жүргізу;

    Құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

    Халықты төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде іс-қимыл жасауға үйрету, оқыту жатады.

    Іс-шаралардың қысқаша мазмұны өндірістің және технологиялық процестердің ерекшелігіне, ұйымдардың аумақтық орналасуына байланысты болуы тиіс.

    Үздіксіз технологиялық процестер жүргізетін кәсіпорындарды қауіптілігі аз (авариялығы) жұмыс тәртәбіндегі кәсіпорынға ауыстыру жөніндегі іс-шаралар қаралуы тиіс, кезекші қызметкерлерге тікелей жұмыс орындарында немесе оған жақын жерлерде жасырынатын баспаналар ашу;

    Қатты әсер ететін улы, тез жанатын немесе жарылу қауіпті заттарды өндіретін немесе сақтайтын ұйымдарда қауіп төніп келе жатқандығы туралы хабарлау, радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғану, оның ішінде биік қорғану қасиеттері бар баспаналар тұрғызу жөніндегі қосымша іс-шараларды жоспарлау қажет. Баспаналарды орналастыруды жоспарлау кезінде ішінде қауіпті заттары бар ыдыстарды және коммуникацияларды қорғау, екінші жұқтыру ошағының туындауын болдырмау немесе қауіптілігін азайту жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар ескерілуі қажет.

    Тау-кен өндіру салаларының кәсіпорындарында, кен орындарында, рудниктерде, штольналарда жұмысшы қызметкерлер мен халық үшін жасырынатын баспаналарды жоспарлау, шығатын қосалқы есіктерді жабдықтау, бұл жағдайлардағы тыныс тіршілікті қамтамасыз ету қаралады.

    Ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілеріндегі малдардан адамдарға жұғатын жұқпалы аурулар орындарында жұмыс істеу кезінде адамдарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау қаралады. Сондай-ақ аурулардың жайылуын болдырмау үшін ауырған малдарды сою және оларды көму жөніндегі іс-шараларды қарастырады.

    Көлік коммуникацияларын, магистральды құбырларды, элекр беру және байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты салаларда жүйе қызметкеріне, сондай-ақ тиісті жылжымалы құралдардың қызмет көрсететін құрамаларына қосымша хабарлау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау қаралады. Адамдар мен жүк таситын көліктің барлық түріне жолаушыларды хабарландыру және қорғау, тамақ шикізаттарын және басқа да тасылатын жүктерді қорғау, зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсету үшін қызметкерлер даярлау, адамдарды санитарлық тазалау, көлік құралдары мен жүктерді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау қажет.

    Төтенше жағдайлар кезінде және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде қорғау жөніндегі жоспармен қатар, жұртшылықты тіршілікпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, адамдардың өмірін, денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін қажетті жағдай жасау және қолдау. Бұл іс-шаралар кешеніне:

    Азық-түлікпен, ауыз суымен және қажетті заттармен жабдықтау;

    Азық-түлікті, су көздерін және сумен жабдықтау жүйелерін радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) жұғудан қорғау;

    Халыққа коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету;

    Халыққа медициналық қызмет көрсету;

    Төтенше жағдайда, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) жұқтыру жағдайында уақытында іс-әрекет режимін белгілеу және әзірлеу;

    Халықты санитарлық тазалау;

    Аумақтарды, ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықтарды, шикізаттарды, материалдарды, дайын өнімдерді зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

    Халықты анық ақпаратпен қамтамасыз ету;

    Адамдарды ақлихаттық-психологиялық дайындау және психологиялық орнықтылығын қолдау жөніндегі шаралар;

    Халықты еңбекпен қамтамасыз ету жатады.

    2.Нысандарды ұтымды орналастыруды жоспарлау

    Ұйымдарды ұтымды орналастыруды жоспарлау ұйымдардың төтенше жағдайлардан және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде ұйымдардың әлсіз жерін барынша төмендетуге мүмкіндік жасауы тиіс, олардың тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету.

    Ұйымдарды ұтымды орналастыру жөніндегі негізгі шараларға:

    Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды жұмыс істейтін адам санын көбейтпей, кеңейту және қайта жаңғырту;

    Кіші және орташа қалаларда жекеленген өндірістерді және мамандырылған цехтарды, материалдық-техникалық құралдардың запасын орналастыру;

    Қауіпсіз аймаққа және бөліп орналастыру және қатты әсер ететін, жарылу қауіпті және тез жанатын заттар шығаратын кәсіпорындарда барынша қысқарту жүргізу;

    Жер астындағы тау-кен орындарын пайдалану және қалалардың аумағында жекеленген өндірістерді, энергия көздерін және материалдық құралдарды орналастыру үшін объектілері бар жер астындағы кеңістіктерін пайдалану;

    Туындауы ықтимал қирау аумағынан тыс және апаттық су тасқыны болуы мүмкін аймақтарға қайтадан салынып жатқан өндіріс объектілерін орналастыру;

    Қауіпсіз аймаққа ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау мекемелерін бөліп орналастыру жатады.

    3. Төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде өндірістерді жұмыс істеуге даярлау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау.

    Төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде өндірістерді жұмыс істеуге даярлау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға мынадай іс-шаралар:
    Салаларда:

    - төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жұмыс істеуге ведомствоға бағынышты звенолармен салаларды толығымен даярлау;

    - өндіріс ұйымдарынң мәселелерін бір-бірімен байланысты салалармен және тиісті аумақтық басқару органдарымен келісу;

    - төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану жағдайында өндіріске қажетті құжаттардың барлық түрлерін әзірлеу және онымен ведомствоға бағынышты звеноларды қамтамасыз ету;

    - өдірістік байланыстың сенімділігін жетілдіру және арттыру;

    - материалдық құралдардың қорын құру және оны ұтымды орналастыру;

    - өндіріс үшін маңызды өнімдер мен жинақтаушы бұйымдар құжатының сақтандыру қорын құру;
    Ұйымдарда:

    • белгіленген міндеттерді атқару үшін өндіріс аумақтарын, технологиялық жабдықтарды, энергетикалық және материалдық ресурстарды даярлау;

    • қауіпсіз аймаққа орналасқан күшті пайдалана (дамыта) отырып, өндірісті қосарланушылыққа даярлау;

    • техникалық жағдайда және соғыс уақытындағы құжаттарға сәйкес қарапайым технология бойынша өнім шығаруға даярлау;

    • өндірісті қамтамасыз ету үшін энергия көздерін, отын запасын, материалдық құралдарды, жергілікті ресурстарды, өнеркәсіп көліктерін, қосалқы шаруашылықтарды даярлау;

    • құжаттар әзірлеу және оны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары да енеді.

    4. Жаңа құрылыс салу және пайдаланып жүрген нысандарды жаңғырту кезінде негізгі өндірістік қорларды қорғауды қамтамасыз етуді дайындау жөніндегі шараларды жоспарлау.

    Жаңа құрылыс салу және пайдаланудағы объектілерді қайта жаңғырту кезінде негізгі өндірістік қорларды қорғауды қамтамасыз етуге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына:
    Салаларда:

    • қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгеріс пен толықтыру енгізу, тұрақтылықты арттыру жөніндегі салалық талаптарды іске асыруға қажетті жаңа талаптар әзірлеу;

    • негізгі өндірістік қорларды қорғауды қамтамасыз ету жөөөннніндегі іс-шараларды ведомствоға бағынышты звенолардың жүзеге асыруына бақылау ұйымдастыру;


    Ұйымдарда:

    • ұйым объектілерін ұтымды жоспарлау (ғимараттар арасындағы алшақтық, кіретін және шығатын жолдар, өрт сөндіретін суаттар және оған кіретін жолдар, қауіпті заттарды және басқаларын орналастыру және сақтау шарттары);

    • өндірістік үйлерді жеңіл отқа төзімді толтыруға арналған қаңқа арқылы құрастыруды, материалдардың жаңа түрлерін енгізу қолдану;

    • электр, газ, жылу және бумен, сумен жабдықтау жүйелерінің (жүйелерді орап қою) сенімділігін арттыру;

    • артезиан скважиналарын және шахтылы құдықтарды және олардың жылжымалы ыдысқа су құятын жабдықтарын жұқтырудан қорғау;

    • бірегей жабдықтарды, аппаратураларды және басқару приборларын қорғауға даярлау;

    • екінші зақымдану ошағының туындау қауіпін төмендетуді қамтамасыз ететін технологиялық процестерді енгізу;

    • қатты әсер ететін және жарылғыш заттардың мөлшерін азайту, ыдыстар мен коммуникацияларды осы заттардың қирауы мен төгілуінен қорғау;

    • кәсіпорындардағы үздіксіз жұмыс істейтін технологиялық процестердің жабдықтарын авариясыз тоқтауға даярлау;

    • өртке қарсы іс-шаралар жүргізу;

    • ұйымдарда жарықты бүркемелеуді жүргізу даярлау кіреді.

    Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында аталмыш іс-шараларды жүргізу өндірістің ерекшелігіне, аумақтық орналасуына және жергілікті жағдайға байланысты нақтыланады және кеңейтіледі.

    5. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге дайындау жөніндегі шараларды жоспарлау

    Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге даярлау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау салық және аумақтық разрездерде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жұмыстарды орындауға дайындық бейбіт уақытта ұйымдарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың негізінде, салалардағы төтенше жағдайлар туындағаннан және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолданғаннан кейінгі олардың жағдайын болжау қорытындысы есебінен жүргізіледі. Жоспарда:

    Салаларда:

    Салалардағы болуы мүмкін жағдайларды болжау, қираған өндірістерді шамамен қалпына келтіру мерзімдерін, ол үшін қажетті күш пен құралдарды анықтау;

    Ведомствоға бағынышты звеноларға құрылыс және жөндеу қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі жобалау және нормативті құжаттарын әзірлеу және жеткізу;

    Құрылыс, жөндеу, пайдалану және басқа да құрамаларды даярлау және техникалық жарақтандыру;

    Ведомствоға бағынышты құрылымдарына жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдарын бекіту;

    Ұйымдарда:

    Ұйым объектілерінің аз және орташа қирауы кезіндегі жүргізілетін қалпына келтіру жұмыстарының сипатын, мөлшерін және кезегін анықтау;

    Өндіріс үйлерін, коммуникацияны, технологиялық қондырғыларды және жабдықтарды қалпына келтіру тәсілдерін әзірлеу;

    Объектілік құрамалар ашуға және жарақтандыруға дайындалу;

    Өндірісті қалпына келтіру үшін қажетті энергетикалық және материалдық ресурстар;

    Өндірістік үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіру талабына жауап беретін, өндіріске жеңіл және отқа төзімді материалдардан бұйымдар мен конструкциялар даярлау;

    Өндірісті қалпына келтіру үшін қажетті техникалық және басқа да құжаттарды әзірлеу және сенімді сақтауды қамтамасыз ету көрсетіледі.

    6. Басқару жүйелерін дайындау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

    Басқару жүйелерін дайындау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға:
    Салаларда:

    Басшылар мен орталық аппаратты тапсырманы орындауға даярлау және қажет болған жағдайда орталықтандырылған басқарудан орталықтандырудың бұзылу басқармасына ауыстыру;

    Ведомствоға бағынышты ұйымдар басқармасын тиісті аумақтық басқару органдарына беруге даярлау;

    Қосарланушылық басқармасын ұйымдастыру;

    Салалық ережелерді, нұсқауларды ұйымдастырушылық және басқару мәселесі бойынша жоспарлы құжаттарды әзірлеу;

    Салалық жүйелерде қосалқы басқару пункттерін ашу, оларды техникалық құралдармен және қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

    Ведомстволық байланыс құралдарын бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйелері етіп пайдалануға даярлау;

    Басшы құрамын жедел дайындауды ұйымдастыру және жүргізу, салалық жаттығулар жүргізуді, республикалық және салааралық жаттығулырға әзірлену және өткізу;
    Ұйымдарда:

    Басшыларды және қызметті соғыс уақытындағы міндеттерді орындауға ауыстыруға әзірлеу;

    Басшыларды аралас өндірісті басқаруға немесе тиісті аумақтық басқару органдарының жұмысын басқаруға дайындау;

    Қосалқы басқару пункттерінің құрылысын салу, оларды техникалық құралдармен және қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

    Байланыс құралдарының жұмыс тұрақтылығын арттыру;

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері бойынша басшылар мен инженерлік-техникалық құраммен дайындық жүргізу жатады [1].


    1. Салалар мен ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру


    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға:

    Ғылыми зерттеулер;

    Тұрақтылық бойынша арнайы жаттығулар, сондай-ақ тұрақтылық элементтерін жасаумен азаматтық қорғаныс бойынша басқа да жаттығулар жатады.

    Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау негізінде тұрақтылық бойынша жүргізілген жаттығулар мен азаматтық қорғаныстың басқа да жаттығулары барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда тұрақтылықты арттыру бойынша іс-шаралар дайындалынады, оған салалардың, аумақтардың, ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті жоспарлары енеді.

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар алдын ала – бейбіт уақытта және қатер төнген мерзімде, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолданғаннан кейін төтенше жағдай туындаған кезде жүзеге асырылады.

    Тұрақтылықты арттырудың негізгі бағыттары:

    • халықты және оның тіршілік әрекетін қорғауды қамтамасыз ету;

    • өндірістік күштерді ұтымды орналастыру;

    • өнім шығару үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар резервін құру;

    • жобалау және техникалық құжаттарды әртүрлі таратушылардың сақтауын қамтамасыз ету (шағын фильмдер, қағазға, магнитке түсірілген және басқа да таратушылар);

    • туындаған төтенше жағдайларда және қазіргі зааманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жұмыс жүргізуге даярлау;

    • ұйымдарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындауға даярлау;

    • бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың міндеттерін шешу үшін еліміздің экономикасының басқару жүйесін даярлау.

    • Тұрақтылықты арттыру жөніндегі шараларды іске асыру үшін салалық және аумақтық басқару органдарында, ұйымдарда Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарын бағындырумен комиссиялар (топтар) құрылуы мүмкін. Мұндай комиссияларды (топтарды) құруға мүмкіндік болмаған жағдайда, олардың функциялары тиісті басқару органдарына немесе азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жүктеледі.

    Тұрақтылық жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:

    Тұрақтылықты арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері жөніндегі жоспарлар мен басқа да құжаттарды тиісті бағыныштылық сатысындағы орындарда келісу және бекіту;

    Тұрақтылықты арттыру жөніндегі бекітілген жоспарларды іске асыруға бақылау жасау;

    Тұрақтылық бойынша арнаулы оқыту жаттығуларын жоспарлау және өткізу;

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар және негіздеме әзірлеу болып табылады.

    Тұрақтылықты арттыру мәселелері бойынша жоспарланған құжаттарды келісу азаматтық қорғаныс жөніндегі жоғарғы басқару органдарында жүзеге асырылады [1].

    1. ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттырумен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техкникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

    Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

    -    өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі:

    -    негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;

    -    өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

    -    шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

    -    мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

    -    әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

    2. Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы) авария жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

    Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, апат, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталама факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанның инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құзыреті немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

    Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

    Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

    - ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

    - төтенше жағдайларда және осы заманға зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

    -   авариялардың пайда болу қаупін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

    - азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

    АҚ шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңыздылық деңгейін ескере отыра, қалаларды, топтарға, сондай-ақ АҚ категория бойынша аумақ пен ұйымдардың маңыздылық деңгейі ескере отырып жүргізіледі.

    Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды.

    Категорияланған нысан – бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.

    Категорияланған объектілер – үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзгеде ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

    «Категорияланбаған объектілер» - барлық қалған ұйымдар (нысандар).

    3. Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық Қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады.

    АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:

    -  халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;

    -    соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;

    -    зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік авария мен апатты жою кезінде құрылыс нормалары мен ережелер (ҚНжЕ) кешенін жүргізу үшін қажетті жағдай.

    ИТЖ нормалары мынаны ескереді: 

    -   аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар меннысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үймен өзге нысандарды егжей-тегжейлі жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды;

    -   ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;

    - бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде [3].
    Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы түру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

    Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

    Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.

    Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

    Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

    • ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

    • төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

    • авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

    • азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен үйымдастыру. Төтенше жағдайы немесе көзіргі адам өлтіру қару жа-рақтарын қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі. Ол өз алдына бұл сүрақтарды келесі (әртүрлі салалы және аумақты басқарма штабты-командалы, сондай-ақ үйымдар, қалалар мен аудандар ішіндегі комплексті) оқуларында шешуге көмек береді. Оқулар басқарушылардың өз ісін атқаруға дайындықтың негізгі формасы болып табылады. Сонда салалы және аумақты органдарынын бірлесіп жасалған жүмыстың тәсілдерімен формалары анықталады. Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу барысында, және де төтенше жағдай мен соғыс уақыты кезінде экономика жүмысын түрақтандыру мәселесі шешіледі [4].

    Төтенше жағдайлардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік- төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.

    Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету- төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу [5].

    ІІІ Қорытынды

    Қорытындылай келе бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-дағы өнеркәсіптік нысандардың, салалардың, ұйымдардың тұрақтылығы жайлы көптеген мәлімет білдік, мәселен, төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын қауіптен қорғау үшін оларды қауіпсіз жерге орналастырып, жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екені жайлы да білдік.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Негізгі

    1. Қ.Р. Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық, 2000 ж

    Қосымша

    1. «Тіршілік қауіпсіздігі», І кітабы, А.А.Суровцев., А.Я.Бойко., мемлекеттік тілге аударғандар Жүнісбаева Н.А. 2003.

    Электронды ресурстар

    1. http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/Enbek_korgau_zh@ene_tirshilik_kauipsizdiginin_negizderi/plain/theory/theory0/theory0.html

    2. http://lektsii.com/1-61766.html

    3. https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&cad=rja&uact=8&ved=0CBsQFjAA&url=http%3A%2F%2Fedu.semgu.kz%2Febook%2Fumkd%2Fc36b3faf-5531-11e3-a305-f6d299da70ee2%2520%25D0%25BA%25D1%2580%25D0%25B5%25D0%25B4%25D0%25B8%25D1%2582%2520%25282%2529.docx&ei=Zvo1VYycHoOOsAHQ-YHoBQ&usg=AFQjCNHG8INI5LGb9psHwy24s-Wlleg7SA&bvm=bv.91071109,d.bGg


    написать администратору сайта