Главная страница
Навигация по странице:

  • Қабылдаған

  • ПМПК-ның құрамына міндетті түрде келесі мамандар кіреді

  • ПМПк мақсаттары мен міндеттері. ПМПк негізгі мақсаты

  • ПМПк жұмыстарының ұйымдастырылуы .

  • Балалардың жас ерекшелігі 13 апта тапсырма. Реферат Таырыбы Білім беру мекемелеріндегі психологомедициналы педагогикалы консилиумдар. Орындаан Ихматова Г


    Скачать 19.6 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Білім беру мекемелеріндегі психологомедициналы педагогикалы консилиумдар. Орындаан Ихматова Г
    Дата24.11.2022
    Размер19.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБалалардың жас ерекшелігі 13 апта тапсырма.docx
    ТипРеферат
    #809796

    Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

    Реферат

    Тақырыбы:Білім беру мекемелеріндегі психолого-медициналық – педагогикалық консилиумдар.

    Орындаған:Ихматова Г

    Тобы:105-18

    Қабылдаған:Бақбергенова А

    ПМПК-бұл баланың даму деңгейін,ауытқуларды кәсіби деңгейде анықтауға,оларды емдеу мен оңалтудың не басқа курстарын ұсынуға болатын мамандардың кеңес беруі.Мұнда балалар дамуының психологиялық,медициналық және педогогикалық диагностика бөлімі жұмыс жасайды.ПМПК-ны қоғамдық білім беру комитетінің өкілі –төрағасы,денсаулық сақтау комитетінің өкілі – төраға орынбасары басқару керек.

    ПМПК-ның құрамына міндетті түрде келесі мамандар кіреді:

    • Психолог;

    • Дәрігерлер:психиатр,невропатолог,ортопед,окулист,терапевт;

    • Арнайыпедагогтар:логопед,олигофренопедагог,сурдопедагог,тифлопе-дагог,әлеуметтік педагог;

    • Заңгер;

    • Білім,денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері;

    Білім беру мекемелердің желісінің кеңеюі, өз оқу бағдарламалары бар

    альтернативті мектептердің пайда болуына байланысты, сонымен қатар ата-аналарына өз балаларының білім беру мекемесін таңдау құқығын ұсыну кейбір балалардың оқуына байланысты көптеген мәселелер туындап жатады. Кейбір жағдайлардың себептеріне балалардың тәртіп ерекшеліктері мен оқытудағы қиындықтар олардың психофизикалық мүмкіндіктерін педагогикалық талаптарға сәйкес келмеуі, ақыл-ойының дамуының дәрежесі есепке алынбайды, баланың соматикалық және нервті-психикалық күйі; басқа жағдайда мектептен білім алу дайындығынң болмауы, (бөлек қызметтің қалыптаспағандығы, қарым-қатынас жасау дағдылары, эмоциялық-ерік сферасының толық дамымауы). Бұның барлығы балаға көмек көрсетудің жаңа жолдарын іздеудің негізі болып қалады. XX ғ 90 жылдары педагогтер мен психологтердің қалалық және аймақтық білім беру басқармаларында жалпы мектептерде психолого-медико-педагогикалық консилиумдар ашыла бастады. Олардың қызметтеріне бала дамуының жас ерекшеліктері мен жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескеру арқылы оларды оқытудың оптималды жағдайын жасауын қамтамасыз ету кіреді.

    ПМПк өз тәжербие жұмыстарын ақтап шығарып, және 27.03.2000 (бұйрық 27/901-6) РФ Білім беру Министрлігінің мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінде барлық түріндегі психолого-медико-педагогикалық ашылуын заңға енгізді.

    Қажетті мамандардың болуы кезінде ғана ПМПк жетекшісінің бұйрықтары құрылады. ПМПк құрамына кіреді: Мектеп (мектепке дейінгі) білім беру мекемелерінің балалармен жұмыс жасауда мол тәжербиесі бар ұстаздар мен тәрбиешілер; арнайы (түзету) сыныптарының (топтар) ұстаздар (тәрбиешілер); психолог, педагог-дефектолог; логопед; педиатр (невропатолог, психиатр); медбике. ПМПк меңгерушісі ретінде білім беру мекемесінің оқу-тәрбие жұмыс бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.

    ПМПк жалпы басқару білім беру мекемесінің жетекшісіне жүктеледі. ПМПк өз қызметін білім беру мекемелерінің жарғысына сәйкес ата-аналарымен келісім, ПМПк келісімі,бұл баланың диагнозын нақтылау, білім беру мекемесінің түрі, формасы және алдағы тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламасы сұрағын шешу бойынша бағыттауға болады.

    ПМПк мақсаттары мен міндеттері.

    ПМПк негізгі мақсаты – дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру мекемелерінде психолого-медико-педагогикалық серіктестігін қамтамасыз ету.олардың оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын жасау.

    Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

    – Осы және де басқа ауытқушылықтары бар балаларды өз уақытылы айқындау және жан-жақты кешенді тексеру;

    – Айқындалған ауытқу себептері мен сипатттамасын орындау. (девиантты тәртіп, өз қатарластары мен, ересектермен қарым-қатынас жасаудағы кикілжің жағдайлар, үлгерімнің төмендеуі және т.б)

    – Балалардың потенциалды мүмкіндіктерін анықтап,оған мақсатты бағытталған арнайы (түзету) көмек көрсету үшін осы білім беру мекемелерініңң немесе пмпк оның қайда тәрбиелеу мен оқыту орнын (мекемесін түрін анықтау, оқыту формалары, оптималды оқу-тәрбиелік бағдарлау) бағыттау

    – Қатер тобындағы балалар дамуының индивидуальді кешенді мақсаттты бағдарламаларды құрастыру.

    – Даму динамикасын бақылау (бақылау, білім беру маршрутын нақтылау үшін оқу жылының басы мен аяғында диагностикалық үзіктер өткізу, сәйкес түзетулерді енгізу).

    – Тәртіптің физикалық, интелектуалды, эмоционалды қиындық-тарын алдын алу.

    – Ата-аналарына кеңес беру жұмысы.

    – Көрсетілген міндеттер мектептегі педагогикалық ұжымымен пмпк мамандарының өзара әрекеттескен түрінде орындалады.

    ПМПк жұмыстарының ұйымдастырылуы.

    ПМПк мамандарының баланы зерттеу ата-анасы немесе педагогтың сұранысы бойынша басталады. Сабақ кезінде немесе бос уақыты кезінде (ойындар, серуендер) мақсатты бағытталған бақылау жүргізіледі. Баланың жас және психофизикалық ерекшеліктері есепке алынып жеке тексеру өткізіледі. Мамандардан алынған мәліметтерді ПМПк отырыстарында нәтижелері талқыға салынып баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері сәйкестіліндіреді. Бұл жағдайларда білім беру мекемелері балаға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуі немесе қосымша диагностикаға мұқтаж (оны ата-аналары рұқсатымен) ПМПк-ға жібереді.

    Баланы басқа білім беру қызметін көрсету басқа түріне кіргізгенде (түзету сыныптарында, топтар, үйдегі оқыту, т.б.) Оның педагогикалық мінездемесі толтырылады, ПМПк мамандарының қоытындысынан индивидуалдық даму картасынан, ПМПк соңғы қорытынды және пмпк ұсыныстарын. Баланы ПМПк ға бағыттап жіберу кезінде ПМПк ұжымдық қорытындысының көшірмесі ата-анасының қолына тапсырылады. ПМПк мамандарының бөлек қорытындысын көшірмесі пошта немесе ПМПк өкілінен жіберіледі. ПМПк қорытындыларын көшірмесін басқа мекемелер мен ұйымдарға тек қана официалды сұраныс бойынша жіберіледі. ПМПк да келесі құжаттандыру жүргізіледі:

    – Консилиум мамандарының тексеру өткізген баланың есепке тұрғызу мен жазба журналы.

    – ПМПк ұжымының қорытынды мен ұсыныстарымен маманда-рының ұсыныстары мен тіркелудің қорытынды туралы құжаттары.

    – Оқып жүрген тәрбиеленушілердің жекедаму картасы.

    Көрсетілген официалды құжаттармен қатар VIII арнайы (түзету) мектептерінде «индивидуалді күнделігі табысты қолданылады. Ол Мәскеудің оқу-тәрбиелік кешенінің ұжымымен жасап шығарылған болатын. «Шығарып салу концепциясымен «Күнделік» енгізу әдістерін нұсқауларды Е. Каплан, Капланская, Забрамная ойластырырп шығарған болатын. «Күнделік» тәрбиеленушіге уақытылы және мақсатты бағытталған көмек көрсету жүзеге асыруғы мүмкіндік беретін оның мәліметтер мен анализдері есепке алынады. Әсіресе, осы мәліметтер баланы ПМПкға таныстыру ас маңызды болып келеді. Күнделікті жүргізуде жауапты – сынып жетекшісі, бақылауда мектеп директордың орынбасары жүзеге асырады. «Күнделікте» келесі бөлімдер:

    – Әлеуметтік мінездегі мәліметтер құжаттар негізінде сынып жетекшісімен толтырылады, ата-аналарының әңгімелесу (немесе олардың орнын басушы) өмірдің тұрмыстық жағдайларымен таныстыру және т.б.

    – Медициналық деректер медициналық карта негізінде сынып жетекшімен толтырылады, басқа да медициналық құжаттармен, ПМПк қорытындысы (егер де бала комиссиямен тексерліген болса) тек қана психикалық және физикалық денсаулықтың ерекшеліктері, бұзылыстар туралы деректер, симптомдары, тәрбиесіне мен оқуына әсер ететін жағдайлар бойынша кіргізіледі.

    – Психолого-педагогикалық ақпарат: дефектологтың, логопедтің, тәрбиешілердің, барлық мұғалімдердің жалпы қорытындылауы негізінде сынып жетекшісімен психлоготің көмегімен толтырылады.

    – Бұл мәліметтер оқу жылында екі рет қана сызбаға кірістіріледі, сондықан бала дамуның динамикасын бақылау үшін мүмкіндік пайда болады.

    – Педагогикалық бақылаулар жазбасы.

    Педагогтерға арналған мағынасы бар қысқаша мәліметтер жинағын құрайды (бағаламаудың сипаттама формасында)

    – Ұсыныстар: ПМПк кеңес беру мен қорытындылары негізінде сынып жетекшісімен толтырылады.

    – Ата-ана жұмыс нәтижелерін бағалаумаушылық сипаттама формасында жазылады.

    – Мінездемелер: Әрбір жылдың соңында ерікті түрде сынып жетекшісімен толтырылады (қосымшалар кіргізіледі, олар жас ерекшеліктер жаңалықтарынан көретін түзету-дамыту жұмыстарының нәтижелеріне қарай өткізіледі).

    Берілген «күнделік» мазмұны ақпаратты болып келеді. Ол ПМПк мамандарының тереңдетілген жан-жақты тексерілуді өткізудің сигналы боуы мүмкін. Ол бала туралы пайдалы қосымша материалды қолдану

    ПМПк өткізу мерзімдері білім беру мекемелерінің нақты сұранысы бойынша анықталады. Отырыстың дайын болуы өте маңызды, сондықтан жүргізуші маман қай бала тереңдетілген зерттеуге мұқтаж екенін нақтылап, барлық мамандардың баламен жұмыс жасау бағдарламаны мен қорытынды мезімін анықтайды. (ПМПк отырысыынң үш күнінен кеш емес) Сол жаңдайларда балалар ПМПк қайта тексерілуден өтеді. Баламен жеке түзете-дамыту жұмыстарын өткізу нәтижелерін бағалау бұл жұмыстарының алдағы бағдарламларын дайындау қажет.

    ПМПк тек бала, ата-аналарына ғана көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар педагогтердің мамандық дәрежесін жоғарылатып, олардың қызметінің мақұлдауын қамтамасыз етуі және ол ПМПк маңызды бір қызметі болып табылады. Сонымен ПМПк – бұл мекеменің орналасу жағдайындағы балаға алғашқы көмек көрсету. Бірақта балаға мамандырылған диагностикалық кеңес беру көмегі қажет. Бұл жағдайда балаларды басқа білім беру жүйесіне аудару кезінде оларды ПМПкға жібереді, олардың қызметтері келесі бөлімдерде қарастырылады.


    написать администратору сайта