Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:
Сложные предложения бывают 3 видов:
Салалас (Сложносочинённое предложение) Сабақтас (Сложноподчинённое предложение) Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Салалас құрмалас сөйлемдер
| 1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем да, де, та, те, және Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.
| 2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем бірақ, ал, дегенмен, әйтсе Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
| 3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем не... не, немесе, әлде, біресе... біресе Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
| 4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не... не, я... я Дүкенге я мен барамын, я сен барасың.
| 5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем сондықтан, себебі, өйткені Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды.
| 6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем сонша, мынау Менің айтарым сонша, ...
|
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
| 1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі) Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды.
| 2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -са, -се Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады.
| 3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-са, -се) + (-да, -де, -та, -те) Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады.
| 4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -у + үшін Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты.
| 5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен) Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды.
| 6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -ып, -іп, -п; -а, -е, -й Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды.
| |