Главная страница
Навигация по странице:

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Бағалау критерийлері Оқушылар

  • Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады

  • Пәнге қатысты лексика және терминология

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

  • Неге

  • Сабақтың барысы

  • 1-5мин Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың ортасы 11-29мин Жаңа білімді меңгеру.

  • 30-37мин « Артығын тап»

  • Сабақтың соңы 38-40мин Үй тапсырмасын беру.Рефлексия

  • 7-ав. Саба Кні Сынып 7 А, В Мектеп


    Скачать 22.65 Kb.
    НазваниеСаба Кні Сынып 7 А, В Мектеп
    Дата23.09.2022
    Размер22.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7-ав.docx
    ТипДокументы
    #691755

    Тексерілді: Оразова.Г.К.

    Сабақ:

    Күні:

    Сынып: 7 «А», «В»

    Мектеп: №3 ДБАОММИ

    Мұғалімдердің аты-жөні: Халық Шакизат

    Жақсылық Камила

    Сабақтың тақырыбы:

    Периодтық жүйенің құрылымы

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

    - периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) нөмірлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіндіру;

    - қазіргі заманғы периодтық кестенің құрылысын білу және сипаттау;

    - химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;

    Сабақ мақсаттары:

    - берілген сипаттамалары бойынша химиялық элементтерді жіктей алу;

    - Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын білу;

    - периодтық кесте топтардан, периодтардан тұратынын білу;

    - периодтарды горизонтальды қатарлар ретінде қарастыру;

    - топтарды вертикалды бағандар ретінде қарастыру;

    - элементтердің топтарда орналасуының себебін білу;

    Бағалау критерийлері

    Оқушылар:

    • берілген сипаттамалары бойынша химиялық элементтерді жіктей алады;

    • Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын біледі;

    • периодтық кесте топтардан, периодтарда тұратынын білу;

    • ХЭПЖ қолдана отырып, кез келген элементті белгілі бір периодқа, белгілі бір топқа жататындығын анықтай алады;

    • химиялық элементтердің белгілі топқа топтастырылуының себебін түсіндіре алады;

    • ХЭПЖ-де элемент орналасқан топ, период белгілі болғанда элементті анықтап, оған қарапайым сипаттама бере алады.

    Тілдік мақсаттар

    Оқушылар орындай алады:

    - элементтерді жіктеу принциптерін ауызша және жазбаша түсіндіру, сұрақтар қою.

    Пәнге қатысты лексика және терминология

    -период, топ элементтің таңбасы, реттік нөмірі,

    сілтілер, сілтілік жер металдар, халькогендер, галогендер, инертті газдар, лантаноидтар, актиноидтар, ауыспалы элементтер (өтпелі металдар).

    Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

    Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

    Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

    X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

    Неге (элемент) осы топқа жатады?

    Құндылықтарды дарыту

    Өмір бойы білім алу;

    Академиялық шынайылылық;

    Пәнаралық байланыс

    Физика пәнімен байланысты: атом құрылысы

    Сабақтың барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    1-5мин

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу

    Үй тапсырмасын тексеру.

    Өткен сабақтағы біліміндерін тексеру.





    6-10мин

    Ширату мақсатында «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы жеке-жеке, сұрақтар қою

    -Металдар мен бейметалдардың қандай айырмашылығы бар?

    -Периодтық заңды алғаш ұсынған ғалым?

    -Қазіргі таңда неше химиялық элемент белгілі?

    -Неліктен Ньюлендстің октавалар заңы периодтық жүйені құруда дәл болмады?

    -Триада дегеніміз не? Оны қай ғалым ұсынды? Ең жеңіл газ (сутек)

    Қандай элементтердің аты планета атымен сәйкес келеді (уран, плутоний, нептуний)

    Октавалар заңын кім ашты?




    Сабақтың ортасы

    11-29мин

    Жаңа білімді меңгеру.

    Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын талқылау.

    Жаңа ақпаратты сыныппен талқылау.

    1. Топтар (6-7слайдтар);

    2. Периодтар (8-11 слайдтар).

    Элементтердің горизанталь қатары период деп аталады. Қазіргі уақытта 7 период бар. 1-3 периодтар кіші, ал 4-7 периодтар үлкен леп аталады. Элементтердің вертикаль қатарлары топ деп аталады. Барлығы 8 топ бар, олар негізгі және қосымша топша деп бөлінеді.

    5-11слайд

    12слайд



    30-37мин

    « Артығын тап»

    (Берілген химиялық элементтердің ішіннен артығын тауып, себебін түсіндіру, элементке сипаттама беру).

    Na, Mg, O, Cl, S

    F, Cl, Mn, Br, I

    Be, Al, Mg, Ca, Sc

    «Мен кіммін?» сәйкестендір.

    1. Төртінші үлкен периодтың ІВ топшасында орналасқан элемент. Аu

    2. Атомдық массасы 16-ға тең 2-ші периодтың элементі. B

    3. Екінші кіші периодтың ІІІА топшасында орналасқан элемент. Mg

    4. Реттік нөмірі 79-ға тең элемент. O

    5. Протон, нейтрон, электрон сандары 12-ге тең элемент. Cu

    6. ІІІ-шіопта орналасқан бейметалл.




    Сабақтың соңы

    38-40мин

    Үй тапсырмасын беру.

    Рефлексия

    Оқушылар сабақ басында берілген бағалау критерийлері бойынша өздерінің сабақ мақсаттарына жеткендіктерін бағалайды.


    Бағалау критерийлері,

    Түрлі түсті стикерлер




    Үй тапсырмасы:

    §14 мазмұндау, №1,2 оқулық бойынша жаттығуларды орындау





    написать администратору сайта