Главная страница

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САЙЫС. Сандарға байланысты мақал. Сандара байланысты маал мтелдер. Жзді тсін білгенше, бірді атын біл


Скачать 18.91 Kb.
НазваниеСандара байланысты маал мтелдер. Жзді тсін білгенше, бірді атын біл
АнкорМАТЕМАТИКАЛЫҚ САЙЫС
Дата07.11.2022
Размер18.91 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСандарға байланысты мақал.docx
ТипДокументы
#775429

Сандарға байланысты мақал – мәтелдер.

1. Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

 

2.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

 

3.Семіздің аяғы – сегіз.

 

4.Алпыстағы атаңды жыққанша, Алтыдағы атанды жық.

 

5.Он екі айда он үш той.

 

6.Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

 

7.Алты бала таппай ана аталмайды, Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

 

8.Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

 

9.Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

 

10.Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

 

11.Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

 

12.Жеті атасын білген ұл 

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

 

13.Жігітке жеті өнер де аз.

 

14.Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

 

15.Қарғыс жеті атаға жетеді.

 

16.Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

 

17.Кедейдің жеті қаңтары бар.

 

18.Жетім бала жеті күлшеге тоймас.

 

19.Жетімге жеті бидай да тамақ.

 

20.Жетімнің қарны жетеу.

 

21.Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

 

22.Айла алтау, ақыл жетеу.

 

23.Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

 

24.Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.        

 

25.Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

 

26.Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. 

 

27.Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

 

28.Тоғыз ат бір қазыққа байланбас.

29.Тойған үйге тоғыз бар.   

 

30.Егістікті бір реет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды.

 

31.Тоғыз қатынның толғағы бір келеді.

 

32.Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

 

33.Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді.

 

34.Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық.

 

35.Елуінде – ер дана, Елуінде – ел жаңа.

 

36.Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

 

37.Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды.

 

38.Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл.

 

39.Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

 

40.Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

 

41.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

 

42.Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп.

 

43.Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

 

44.Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

 

45.Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

46.Мың қайғы бір борышты өтемейді.  

 

47.Жақсы кісі қырқында толады,  жаман кісі қырқында солады. 

 

48.Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. 

 

49.Жүз дімкеске бір лепес.

 

50.Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. 

 

51.Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады,  үшіншісін сайтан қосады.

 

52.Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. 

 

53.Біреу жаныңа жолдас,  біреу малыңа жолдас 

 

54.Біреу тойып секіреді,  біреу тоңып секіреді 

 

55.Ағайын – алтау, ана – біреу. 

 

56.Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,  алтау ала болса, ауыздағы кетеді. 

 

57.Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,  жетеумін деме, сегізге жолығасың. 

 

58.Шындық – сегіз, бақыт егіз, 

 

59.Ер- егіз, еңбек- жалғыз.

 

60.Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.  

      

61.Еңбек пен бақыт – егіз. 

 

62.Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. 

 

63.Қорқаққа қос көрінер, 

 

64.Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады.  

 

65.Бір жебемен қос нысана оққа ұшты.

 

66.Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

 

67.Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсын.

 

68.Он бесте отау иесі.

 

69.Болар бала бесігінде боспын дейді,

Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.

70.Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,

Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,

71.Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.

 

72.Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.

73.Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай ДОС деме.

74.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

75.Ат баспаймын деген жерін үш басады.

 

76.Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.

77.Ерке бала - екі жылар.

 

78.Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

 

79.Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.

 

80.Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.


написать администратору сайта