Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданында салынатын

  • 2 қабатты 5 бөлмелі тұрғын үй

  • Сәулеттік құрылымдық бөлімі

  • Құрылыс материалдары

  • 1 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының желдің орташа айлық және жылдық көрсеткшітері (флюгердің биіктігі 10,0 м).

  • 2 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының орташа айлық және жылдық ауаның температурасы.

  • 3 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының жауын-шашынның орташа айлық және жылдық көрсеткіштері.

  • Сәулеттік-жайғастыру шешімі

  • Қабырғалар және арақабырғалар

  • Едендер мен аражабындар

  • 6.Пайдаланылған әдебиеттер 1.ГОСТ 21.501-93 ПРАВИЛА ВЫПОЛНЕНИЯ АРХИТЕКТУРНО-СТРОИТЕЛЬНЫХ РАБОЧИХ ЧЕРТЕЖЕЙ .

  • 4.СНиП РК 2.01.02-85 (1991) Противопожарные нормы . 5.Георгиевский О.В. Художественно-графическое оформление архитектурно-строительных чертежей.-М.

  • Архитектура-С, 2004 г. 6.Георгиевский О.В. Единые требования по выполнению строительных чертежей.-М.: Архитектура-С, 2004 г.

  • 9.Строительная теплотехника, СНиП РК 2.04-03-2002, Астана, 2002. 10.Тұрашев А.С. «Сәулет және құрылыс конструкциялары » 11.Дәріс дәптері.

  • сәулет курс жұм. Сәулет. Сулетрылыс факультеті имараттар мен имараттарды жобалау кафедрасы Сулет І


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеСулетрылыс факультеті имараттар мен имараттарды жобалау кафедрасы Сулет І
    Анкорсәулет курс жұм
    Дата13.07.2020
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСәулет.docx
    ТипДокументы
    #134321

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    Сәулет-құрылыс факультеті

    Ғимараттар мен имараттарды жобалау кафедрасы

    «Сәулет І» пәні бойынша

    курстық жұмысының түсіндірме жазбасы

    Тақырыбы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданында салынатын

    2 қабатты 5 бөлмелі тұрғын үй

    Орындаған: ТГВ-21 тобының

    Студенті: Айтбаева Ж. Н.

    Тексерген: Тұрашев А. С.

    Астана-2017

    Мазмұны

    Кіріспе

    1. Бас жоспар

    2. Сәулеттік жайғастыру шешімі

    3. Сәулеттік құрылымдық бөлімі

    3.1 Іргетас

    3.2 Еден мен жабындар

    3.3 Қабырғалар

    3.4 Есік және терезелер аралықтары

    1. Құрылыс материалдары

    2. Жылу-техникалық есебі

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе

    Еліміздің экономикалық құрылымындағы өзгерістер жаңа сәулеттік қала құрылысы мен құрылыс қызметінің жүзеге асыруларын талап етеді.Құрылыс саласы қай қоғамда болмасын экономиканың басты күші болып табылады және бәсекеге қабілетті салалардың бірі болып табылады.

    Сәулет деп қоғамның тұрмыстық, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жобалау, құрылыс салу өнері. Жобалау- құрылыстың негізгі ажырамас бөлігі. Себебі, жобалау жұмыстарынан барлық құрылыс бастама алады. Алғашында ғимарат белгілі бір жобаға ие болады,кейін сол жобаға сәйкес ол кескін-келбетін қабылдайды.

    Бұл курстық жұмыстың түсіндірме жазбасын жазудағы басты мақсаты -тұрғын үйдің толық әрі нақты жобалануы және типтік конструкциялардың қолданылуы арқылы барлық жағынан да қарағанда барынша берік, сапалы және пайдалануға ыңғайлы етіп жобалауды үйрену болып табылады. Сонымен қатар салынатын үй отқа төзімді, экологиялық жағынан таза және санитарлы гигиеналық жағынан бірыңғай ережелерге сай болып жобалану керек.Жобалану барысында ғимарат немесе тұрғын үй толықтай модульдік жүйенің шешімдерімен жобалануы тиісті.Жобалау кезінде негізгі талаптарды (көлемдік жоспарлау жұмыстары, конструктивті-архитектуралық, өндірістік-технологиялық шешімдерді) бір-бірімен байланыстыру нәтижесінде заманауи тұрғын үй тұрғызылады.

    Тұрғын үй Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданына, «Shymkent city», мегаполис ішіндегі мегаполисқа қарама-қарсы салынуға жоспарланып отыр. «Shymkent city» - шаһарды шартарапқа танытатын басты жоба. Ол бойынша 407 гектар жерге «Тұран» шағын ауданы бой тіктейді. Қазірдің өзінде инвестициялық-коммуникациялық жүйені реттеуге бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Заманауи сәулетті мекенге алдағы он жыл ішінде 70 мың шымкенттік қоныстанады. 

    5-бөлмелі классикалық стильдегі заманауи 2-қабатты тұрғын үйдің цокольдық қабаты және екі автокөлікке арналған гаражы бар. Цокольдық қабатты эксплуатациялаудың ыңғайлы жағы демалыс бөлмесінің, спортзал және жуыну бөлмелерінің болуымен сипатталады. Бұл тұрғын үй бес мүшеден құралған отбасы үшін қажетті бөлмелермен қамтамасыз етіліп, барынша ыңғайластырылған.

    Бас жоспары

    Бас жоспар сызбасында әкімшілік-аумақтық құрылымдар шекаралары; тұрғын құрылыс аудандарды құрылыс салу типтері бойынша сәулеттік – жоспарлық саралау, аумақты жобалық қызметтік аудандарға бөлуді қосатын аумақты ұйымдастыру; негізгі көлік магистральдар, олардың қызметтік бағытын бөліп көрсете отырып, жасыл желек аумақтарды, табиғи- қорғалу нысандарды, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері көрсетіледі.

    Бас жоспар тұрғын үй салынатын жер телімінің басты құжаты болып табылады. Бұл бас жоспарда ғимараттың өзі және ғимаратты қоршай орналасқан үйдің қоршауы, жолдар және көк шалғындар көрсетілді.Сонымен қатар орналасқан аумақта үймен қоса гараж көрсетілді.Гараж сыйымдылығы 2 көлікке арналған.

    Салынатын тұрғын үй – оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасатын болады. Үйдің алаңында бақ жоспарланған.Бақта әр түрлі ағаштар,гүлдердің түрлері өсетін болады.

    Тұрғын үй салынатын қала климаты туралы мәлімет

    Шымкент қаласының климаты шұғыл континетті. Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады. Қысы суық, қысқы орташа температура минус 5-10°C. Күз және көктем мезгілдері салқын , орташа температурасы 20°C. Жаз мезгілі өте ыстық, орташа температура 35-40 °C.

    Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан территориясына солтүстіктен келетін трансофрмациялаңған арктикалық ауа массалырынң ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді. Солтүстіктік тарапынан қаланы Қаратау жотасы суық ауа массаларынан қорғайды. Қаланың метеорологиялық станциясының көрсеткішері бойынша желдің орташа жылдамдығы №1 кестеде көрсетілген.


    1 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының желдің орташа айлық және жылдық көрсеткшітері (флюгердің биіктігі 10,0 м).

    (Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.г. Алматы. 2004., бойынша).

    №№

    ай

    желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек

    1

    қаңтар

    1,8

    2

    ақпан

    1,8

    3

    наурыз

    2,1

    4

    сәуір

    2,4

    5

    мамыр

    2,2

    6

    маусым

    2,0

    7

    шілде

    2,0

    8

    тамыз

    2,0

    9

    қырқүйек

    1,7

    10

    қазан

    1,6

    11

    қарашы

    1,5

    12

    желтоқсан

    1,5




    желдің жылдық орташа жылдамдығы

    1,9



    № 1 сурет. Жел бағытының басым көпшілігі солтүстік – батыс жақтан.

    Жел жиілігі: С – 25, СШ -32, Ш-12, О-10, ОШ- 19, ОБ-28,

    СБ-60. 

    Қазақстанның басқа қалаларына салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналсқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады. Шымкент қаласының ауаның орташа температурасы № 2 кестеде көрсетілген.

    2 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының орташа айлық және жылдық ауаның температурасы.

    (Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.г. Алматы. 2004., бойынша). 

    №№

    ай

    ауаның орташа температурасы, °C

    1

    қаңтар

     — 1,5

    2

    ақпан

    — 0,3

    3

    наурыз

    5,7

    4

    сәуір

    13,7

    5

    мамыр

    18,3

    6

    маусым

    23,8

    7

    шілде

    26,5

    8

    тамыз

    25,1

    9

    қырқүйек

    19,6

    10

    қазан

    12,3

    11

    қараша

    6,1

    12

    желтоқсан

    1,5




    ауаның жылдық орташа температурасы

    12,6

    Қаланың территориясындағы термикалық режим рекреациялық көз қарастан демалу мақсатында өте жағымды. Мысалы ауаның жылпы жылдық орташа температура +12,6°C тең, ол дегеніміз, Республиканың облыс орталықтарының осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары болып келеді, мысалы,  Алматы қаласында мұндай көрсеткіш +7,6°C, Астана қаласында +1,4°C, ал ең солтүстікте орналасқан Петропавл қаласы метеостанциясының көрсеткіші не бары +0,5°C тең. Демек, қаланың термикалық ресурстары қаланың рекреациялық ресурстары көз қарасынан көптеген жылусүйгіш декоративтік өсімдіктерді егуге болатындығын айқындайды. Сондықтан, Шымкент қаласындағы дендро саябақ Қазақстан Республикасында бірегей болып табылады. Салынатын тұрғын үй қаланың негізігі отбасылық демалыс орындарына, соның ішінде дендросаябаққа жақын орналасқан.

    3 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының жауын-шашынның орташа айлық және жылдық көрсеткіштері.

    (Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.г. Алматы. 2004., бойынша).

    №№

    ай

    жауын-шашын, мм

    1

    қаңтар

    75

    2

    ақпан

    75

    3

    наурыз

    79

    4

    сәуір

    70

    5

    мамыр

    51

    6

    маусым

    17

    7

    шілде

    9

    8

    тамыз

    4

    9

    Қырқүйек

    12

    10

    Қазан

    42

    11

    Қараша

    68

    12

    Желтоқсан

    70




    ауаның жылдық орташа температурасы

    572




    қараша – наурыз айларында

    367




    сәуір – қазан айларында

    205

    Жауын-шашынның мөлшері бойынша Шымкент қаласы таулы климатпен салыстыруға болады, жалпы жылдық мөлшері 572 мм. Жауын-шашынның басым суық маусымда байқалады, суық айларының жауын-шашын мөлшері 367 мм, ал жылы маусымның жауын-шашын мөлшері – 205 мм құрайды.

    Қаланың жер бедері төбелі болып келеді. Алайда құрылыс алаңының жері тегістеледі.Құрылыс жүргізу алаңы – құрғақ. Қарастырылып отырған тұрғын үй ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 бойынша 2 класстағы ғимараттарға жатады.

    Сәулеттік-жайғастыру шешімі

    Ғимаратты саулеттік жайғастырғанда өзіміз қалағандай орналастырмаймыз,ғимарат орналастырылатын аудан немесе аймақтың ауа райы мен желдің бағыты т.б. мен танысып содан соң шешім шығарамыз.Ғимараттың саулеттік жайғасуы туралы:

    Ғимараттың алдыңғы жағы батысқа қарата салынады. Бұл жерде электрлік жұмыс жасалатын болғандықтан ол ғимараттың температурасы да қолайлы болуы керек. Ғимаратты батысқа қарата орналастырудағы мақсат бірінші кезекте бөлмелер температурасының жақсы болуы,екінші кезекте жел розасына байланысты. Шымкент қаласында жел розасы бойынша жел солтүстік батысқа қарай бағытталғыны үшін, біз ғимараттың бұрышын желге қарата орналастырамыз.

    Ғимарат екі қабатты . Ғимараттың батыс жақта ғимаратқа кіретін есігі бар. Батыс жақтағы есік негізгі есік болып есептеледі. Ғимараттағы терезелердың орналасуы батыс жақта 10 терезе, шығыс жақта 5 терезе, оңтүстікте 7 терезе, солтүстікте 3 терезе орналасқан. Бірінші қабаттан екінші қабатқа өту сатысы ғимарат ішінде орналасқан. Ғимараттың қабаттары жер үстінде орналасқан, және жер асты қабаты бар.

    Бірінші қабатты ортақ қолданыстағы бөлмелер алып отыр:қабаттың біршама үлкен ауданын алатын қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, екінші қабатқа шығатын баспалдақтары бар холл, кабинет. Кіреберістің сыйымдылығы аяқ киімге, сырт киімге арналған шкафтарды орналастыруға мүмкіндік береді. Бірінші қабаттың жуыну бөлмесі баспалдақтардың қасында орналасқан. Екінші қабат жеке жатын зона ретінде қарастырылады. Екінші қабат өзіне бес адамға арналған жатын бөлмелерді сыйдырды. Екінші қабаттың барлық бөлмелеріне холл арқылы кіруге болады.

    Ғимараттың ұзындығы 12.5 м, ені 10м, бірінші қабаттың ауданы 125 м2 ал екінші қабат ауданы 125 м2 . Ғимараттың алдыңғы жағында балкон орналаскан.

    Негіз

    Негіз(грунт)- дегеніміз ғимараттар мен ғимараттардың салмағын қабылдайтын іргетас астындағы топырақ қабаты. Негіз екі түрлі болады: табиғи және жасанды. Негіздің табиғи және жасанды болуы құрылыс орындалатын аймақтың топырағына және жер асты суына байланысты. Әр түрлі тәсілдермен көмегімен тығыздалған басқаша айтқанда табиғи топырақ қасиеттері жасанды түрде жақсартылған негізді жасанды негіз деп атаймыз. Ал топырақ табиғи күйде пайдаланылса оны табиғи негіз деп атаймыз. Біз жоспарлапжатқан ғимараттың негізі өзгертілмейді яғни табиғи негіз болады.
    Іргетас

    Іргетас деп- ғимараттың жер асты бөлігін айтамыз. Іргетас жүктемені ғимараттан алып негізге береді. Іргетастың негізбен қиылысуын іргетастың орналасу тереңдігі дейміз. Ііргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына); тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты; монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.

    Ғимаратқа біз ленталы іргетасты қолданамыз.Оның негізі қалыңдығы 700мм қиыршықтастан тұрады. . Барлық іргетастың жер үсті бөлігі, іргетастың ауа-райы немесе басқа да коррозияларға ұшырамас үшін гидрооқшаулағышпен қапталады.




    Қабырғалар және арақабырғалар

    Қабырғалар

    Тұрғын үйдің сыртқы қоршау қабырғалары кірпіштен қаланған, қалыңдығы 510 мм, ішкі қабырғаларының қалыңдығы 300 мм, ал бөлмелер арасындағы тасалары кірпіштен және гипсокартоннан жасалынған, қалыңдығы 120 мм тең.

    Құрылыста қолданылатын кірпіштер стандартқа сай дара және модульды болып екі түрге бөлінеді. Біздің салатын ғимаратымызда қабырғалар кәдімгі кірпіштен жасалады және ол өзін-өзі көтеретін қабырға болып табылады. Кәдімгі кірпіштің өлшемдері 250х120х65мм болады.

    Кірпіш стандартқа сай қалыңдығы 510мм етіп цемент арқылы біріктіріліп қаланады.
    Қабырғалардың беріктігін ұзақ уақыттар бойы сақтауы үшін кірпіш тастар 48 сағат бойы суға салынып қояды. Екі тәуліктен кейін суға салынып қойған кірпіш тастардан қабырға қаланады.


    . Арақабырғалар

    Арақабырғалар ғимаратты жеке-жеке бөлмелерге бөлетін ішкі қоршалған құрылымды айтамыз. Арақабырғалар ағаштан, кірпіштен, шлакоблоктан жасалады. Олардың қалындығы 50-180мм құрайды.Ал жуынатын бөлмелер мен жылыту бөлмелерінің ішкі қабырғалары 120мм-лік өлшемде кірпіш тастардан жасалады. Ішкі қабырғаларды негізінен дыбыс оқшаулағыш ретінде қалыңдығын есептеп шығарады. Біздің салатын ғимаратымыздың ішкі қабырғалары кірпіштен жасалады. Ішкі қабырғаларға қаланатын кірпіш қалыңдығы 250 мм етіп цемент арқылы біріктіріліп қаланады.

    Жуынатын бөлмелер мен дәретхананың қабырғалары керамикалық кірпіштен жасалған, ал қалындығы 65 мм, арматуралауы (2 5Вр-I) әр 5 қатар сайын кладканың биіктігіне байланысты. Бөлме аралық қабырғалар кермикалық кірпіштен өлшемдері 65х120х250 мм.



    Саңылауды қазіргі көпіретін материалдармен толтыруға, кейінгі цемент-құм ерітіндімен бекітуге болады.

    Едендер мен аражабындар

    Еден

    Еден – жер немесе жамылғылар үстіне орнатылатын құрама конструкция. Еденнің жиынтығы және жеке қабаттарының конструктивтік орындалуын ғимараттағы пайдалану жағдайларына байланысты анықтайды.

    Еденнің тікелей пайдалану әсеріне ұшырайтын үстіңгі элементі жабу деп аталады. Еденнің жабу түрі оның атымен анықталады: тақта, мозаикалық, паркет, плита және тағы сол сияқты.

    Еденнің жабуы мен еден орналасқан үймереттің жүк көтеретін элементінің аралығында әр қайсысының нақты функционалдық міндеті бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш су айыру, жылылықты өткізбеу, дыбыс өткізбеу, төсеніш қабаты. Ал жобаланған үйдің едені келесідей болады: темір бетонды жабын, брустар 60*75, еден тақтайлары және плинтус.

    Бірінші қабат линолиум МЕСТ 18108-80 қалыңдығы 5мм; Суға қарсы тұратын мастика =5мм; Цементтен таратпа цементпен-құм араластырылған қоспа М-150, =20 мм; темірбетонды жабын =165мм; Керамзиттік гравли (9) ( =600 кг/м3; =460 мм контурлы сыртқы қабырға бойынша)жабын ростверк =600 мм.

    Бірінші қабаттағы еденнің төселінуі



    СНиП РК 3.02-03-2003. жобалау үй жарты кісі тұратыны талаптарымен сәйкестікте туындатылған.

    Аражабын және жабын

    Аражабынның негізгі элементтері деп темірбетонды көпқуысты 1.141 – 1 серия бойынша алдын ала кернелген аражабын тақталары қабылданады. Қабырғаға аражабын тақталарының төсеуін 20 мм қалыңдығы, ГОСТ 9561-91 бойынша М100 жаңа салынған цемент-құм ерітіндісінің қабаты бойынша жүргізу.

    .



    Аражабынның темірбетонды тақталары
    Шатыр

    Шатыр – ғимараттың жоғарғы қоршаушы құралымы. Ол екі бөліктен оқшаулағыш қабаттан (шатырдан) және осі қабатқа түсетін қардың, желдің және шатыр салмағын қабырғаларға немесе қаңқаға тарататын көтергіш бөліктен (итарқалардан, фермалардан, жүгіртпелерден, қабырғалардың және т.с.с.) тұрады.

    Біздің ғимаратымызда екі еңісті сүйемелі итарқасы бар шатыр қолданамыз. Оның бір бөлігін төменде сүретте көрсетілген.

    1-шатыр аражабыны

    2-мауэрлат, оны итарқаның төменгі бөліктеріне сүйеу болатын және ғимараттың шатырынан түсетін жүктемені тарату үшін орналастырамыз.Мауэрлетіміздің олшемі 140х140мм болады.



    3-Кобылка, оны шатырдың құламасын түзетуге орналастырамыз.

    4-итарқа, еңіс төбе жабындысының көтергіш құрылымы.

    5-Торлама, ол тақтайша итарқаға тұтас қағылады, соң торламаға төбе элементтері бекітіледі. Торламаға қолданылатын тақтайшамыздың өлшемі 50х50 мм болады, олардың арақашықтығы 300мм етіп қағылады.

    Шатырдың өлшемдері шатыр жоспарында көрсетілгендей болады. Шатырымыз қабырғадан 200 мм сыртқа шығарылыды, оның себебі шатырдан түсетін жаңбырдың, қардың сулары қабырға астына түспеуі үшін. Сызбада көрсетілген бағыттаушы сызықтар ол шатырға түскен жүктеменің қай жаққа бағытталуын көрсетеді. Шатырымыздың биіктіг 3.5 м болады. Шатырымыздың барлық бөліктері ҚНжЕ сай жасалады.
    Есіктер мен терезелер

    Өрт қауіпсіздік ережелеріне сай сақтап отырып бүкіл есіктер сыртқа қарай ашылады. Барлық терезелер мен есіктер тұтқамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ құлыптарымен жабылады.

    Есік ойықтардың толтыруына арналған ГОСТ 24698-81 және ГОСТ 6629-88 есік одақтарды қолданылады. ГОСТ 24698-81 бойынша есіктер қызметіне қарай бөлінеді.
    Баспалдақтар

    Баспалдақтар – ғимараттың қабаттарын қосатын құрылымдық элемент. Баспалдақтар нұсқалары бойынша тура, ауыспалы, қисық сызықты, айналмалы болып бөлінеді. Баспалдақ маршы –екі баспалдақ алаңшасын қоса Ғимаратымызда жоспарланыған баспалдағымыздың жоспары:
    Баспалдақтардың ені 1,1 м болады. Марштата сатының саны 9, сатының биіктігі 150 мм ал ені 300 мм болады.


    5.Қорытынды

    Құрылыс – материалдық өндіріс саласы, негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.


    6.Пайдаланылған әдебиеттер
    1.ГОСТ 21.501-93 ПРАВИЛА ВЫПОЛНЕНИЯ АРХИТЕКТУРНО-СТРОИТЕЛЬНЫХ РАБОЧИХ ЧЕРТЕЖЕЙ.

    2.ГОСТ 21.508-93 (1995) ПРАВИЛА ВЫПОЛНЕНИЯ РАБОЧЕЙ ДОКУМЕНТАЦИИ ГЕНЕРАЛЬНЫХ ПЛАНОВ.

    3.СНиП РК 2.04-01-2001 Строительная климатология и геофизика.

    4.СНиП РК 2.01.02-85 (1991) Противопожарные нормы.

    5.Георгиевский О.В. Художественно-графическое оформление архитектурно-строительных чертежей.-М.: Архитектура-С, 2004г.

    6.Георгиевский О.В. Единые требования по выполнению строительных чертежей.-М.: Архитектура-С, 2004г.

    7.Вильчик Н.П. Архитектура зданий.-М.: Инфра-М, 2007г.

    8. Кострова Л.А. Использованиие графических редакторов в курсовым и дипломном проектировании . Каз ГАСА 2003г.

    9.Строительная теплотехника, СНиП РК 2.04-03-2002, Астана, 2002.

    10.Тұрашев А.С. «Сәулет және құрылыс конструкциялары»

    11.Дәріс дәптері.


    написать администратору сайта