Главная страница
Навигация по странице:

  • Даун синдромы бар балалардың сыртқы бет бейнесі

  • Даун синдромы бар балалардың алғашқы қимыл іс-әрекеттерінің дамуы

  • Бала дамуының салыстырмалы кестесі

  • Сөйлеу тілі және психикалық ерекшеліктері

  • Ерте жастан көмек беру және түзету

  • Әр қашан мына ережені есте сақтау керек .

  • Даун синдромы бар балалармен жұмыстану .

  • Балаларды оқыту барысында қолданатын әдістер Сөздік әдіс

  • Ауызша дамытуда сөйлеу тілін дамыту

  • Математикалық ұғымды қалыптастыру.

  • Қоршаған орта туралы түснігін қалыптастыру.

  • Сурет сабағы ,Мүсіндеу жапсыру (ұсақ моториканы дамыту)

  • Заттық тәжірибелік іс-әрекет

  • Баяндама _Даун синдромы бар балаларды оқыту барысында қолданылат. Таырыбы Даун синдромы бар балаларды оыту барысында олданылатын дістер. Дайындаан


    Скачать 69.5 Kb.
    НазваниеТаырыбы Даун синдромы бар балаларды оыту барысында олданылатын дістер. Дайындаан
    Дата10.10.2022
    Размер69.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБаяндама _Даун синдромы бар балаларды оқыту барысында қолданылат.doc
    ТипДокументы
    #725932

    Бекітілді__________

    Бөкей ордасы ауданының

    психологиялық-педагогикалық

    түзеу кабинетінің

    меңгерушісі А.Атаева________


    Баяндама
    Тақырыбы:Даун синдромы бар балаларды

    оқыту барысында қолданылатын әдістер.

    Дайындаған : түзеу мұғалімі Д.Китешова
    Сайқын- 2017 ж

    Жоспар

    1.Даун синдромы туралы жалпы түсінік .

    2. Даун синдромы бар балалардың сыртқы бет-бейнесі.

    3. Даун синдромы бар балалардың алғашқы қимыл іс-әрекеттерінің дамуы.

    4. Сөйлеу тілі және психологиялық ерешеліктері .

    5. Ерте жастан көмек беру және түзету.

    6.Балалардың оқыту барысында қолданатын әдістер.

    Даун синдромы – бұл аурудың негізінде 21 –ші хромосомадағы трисомия (екі хромосоманың орнына үш хромосоманың болуы) жатады. Нәтижесінде организмдегі барлық жасушалардың ішінде 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады. Аурудың басты белгілері: ақыл-ой кемістігі мен туа біткен даму ақаулары болып табылады. Дауна синдромына ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун психикалық бұзылыстың формасы ретінде алғаш рет1862 жылы сипаттама беріп,1866 жылы өзінің баяндамасын жарыққа шығарып, бүкіл елге әйгілі болды. Дегенмен, 1959 жылы ғана хромосомындағы бұзылыстар мен жатырішілік аурудың өзара ара жігін ажыратып көрсеткен француз генетик – ғалымы Жером Лежен болды.

    Статистика бойынша 600-800 баланың біреуі Даун синдромы мен дүниеге келеді .Даун синдромы бар балалар сырқат (ауру) болып танылмайды.

    Шетел зерттеулері мен шетел тәжірибесі көрсеткендей , Даун синдромы бар адамдардың көпшілігінің ақыл-ой коэффиценті, дамуында кемістіктері орташа дәрежесіндегілерге сәйкес келеді.Даун синдромы бар балалар оқытуға келеді.Даун синдромы әр түрлі адамдар да ақыл –ой қабілеттері, мінез-құлықтары және дене бітімдік арулары әр түрлі.Әрбір адам ерекше даралық қабілеттермен ерекшеленеді. Егер олар отбасында сүйіспеншілік атмосферасында өмір сүрсе, егер балалық шағында ерте көмек бағдарламасы бойынша түзету жұмысы жүргізілсе , егер олар арнайы білім алса, медициналық көмек көрсетілсе және қоғамнан жағымды қатынас сезінсе , Даун синдромы бар адамдар басқа балалар сияқты мүмкіндіктерге ие.

    Даун синдромы бар балалардың сыртқы бет бейнесі

    Даун синдромы бар балалардың сыртқы бет бейнесі, дене қалыптары қалыпты жағдайдағы балаларға ұқсай бермейді. Оларға өзіндік бет-әлпет тән:

    -бас өлшемдері кішірейген;

    -маңдайы және желкесі жалпақ;

    -көз саңылаулары қиғашынан қисайған;

    -мұрнының жоғарғы жағы жалпайған;

    -көздерінің ара-қашықтығы ұлғайған;

    -аузы кішірейген, үнемі ашық тұрады;

    -тілі үлкен, ауыз қуысына сыймайды, сондықтан да тістерінің батқан іздері байқалады;

    -тістері майда, нашар дамыған;

    -Саусақтары қысқа және толық;

    -Аяқ сүйектері қысқа;

    -бойы едәуір қалыптыдан төмен.

    Даун синдромы бар балалардың алғашқы қимыл іс-әрекеттерінің дамуы

     

     Даун синдромы бар балалардың тілдері қалыпты жағдайдан тым үлкен, бет – жақ бұлшық еттерінің тонусының төмен болу себебінен ему, сору қабілеті алғашқы 1-4 аптада мүлдем дамымайды, қабілетсіз болады. Бала алғашқы айларда ему барысында көп қақалады, тамақтануы өте баяу болады. 2-3 айдан бастап сору қабілеті қалыпқа келе бастайды. Осы айлардан бастап баланың салмағындада күрт өзгерістер пайда болады.

    Баланың салмағы күрт өскеніменде балалар басын 2,5-3 ай кезінде ғана ұстай алады. Қалыпты жағдайдағы балаға қарағанда Даун синдромы бар ұл балалар 5-6 ай, ал Даун синдромы бар қыз балалар 3-4 ай дамуында артта қалушылықтары байқалады.
    Бала дамуының салыстырмалы кестесі

    Баланың әрекеті

    Қалыпты дамыған бала

    Даун синдромы бар бала

    Басын ұстауы

    1 ай

    2,5-3 ай

    Басын көтеруі

    3 ай

    6-7ай

    отыруы

    6-7ай

    10ай

    еңбектеуі

    8-9 ай

    12 ай

    тұруы

    11 ай

    20 ай

    жүруі

    12-13 ай

    24 ай

    Тепе теңдікті сақтауы

    11-12 ай

    23-24 ай

    Даун синдромы бар балалардың өздерінің тамақтануы да әдеттегі балалардан артта қалады. Қатты тамақтарды өз қолдарымен тек 10-12 ай болған кезде ғана ұстап жей алады. Ал, қасықты тек 15-18 ай кезінде ғана ұстауға дайын болады. Қазіргі кезде даун балаларға арналған арнайы қасықтар да бар. Ол қасықтың ерекшелігі сабы әдеттегіден үлкендеу, ал басы кішілеу болып келеді.

    Сөйлеу тілі және психикалық ерекшеліктері

    Даун синдромы бар балалардың сөйлеу тілі өте баяу дамиды. Балалар сөздерді 1,5 жас шамасында түсіне бастағанменде жауаптары тек уілмен, ашуланумен ғана тоқталады. Олар «жоқ» деген сөзді тыңдаудан бас тартып, жер тепкілеп, үн – түнсіз, еш қозғалыссызда отыра береді. Балалардың уілдеуі қалыпты жағдайдағы балалар сияқты болғанменде сөйлеуі тым кеш болады. Алғашқы сөздері 2 жаста пайда болуы мүмкін. Қалыпты жағдайдағы балалардың алғашқы сөзі көбінесе «мама, папа, ата немесе әже» сияқты жақын адамдарының атын атап жатса, бұл балалар бір затты немесе басқа бір естіген есімді алғаш атауы көп кездескен. Балалар алғаш сөйлей бастағанда білетін сөздерін араластырып айтады мысалы: «маапа, атапа т.б». Қалыпты жағдайдағы балалар 1-1,3 жаста сөздік қорында оннан аса сөз болса, Даун синдромы бар балаларда 5 жасында жиырмаға жуық қана сөз болады.

    Даун синдромы бар балалар қырсық, шыдамсыз, бір беткей болып келеді. 2-3 жасында балалар тамақтану уақытысы кештеу болса немесе жуынған кезде шыдамсызданып, ашуланып сол кезде бір затты тістеп, жыртып немесе жылап отырып алады. Даун синдромы бар балалар мақтағанды жақсы көреді. Мақтаған уақытта ғана үлкендердің бұйрығын орындайды. Өзі жүре бастаған уақытта 2-2,5 жаста балаларға өз киімін әкелуді немесе бір нәрсені алып беруді ұсынғанда олар мақтауды талап етіп тұрады.

     Ерте жастан көмек беру және түзету

    Ерте көмек даун синдромы бар балалардың даму мүмкіндігін жоғарлатады. Даун синдромды балаларға бірден –бір көмек Монтиссори бағдарламасымен жұмыс жасайтын мекемелер болып табылады.

    Өмірінің бірінші жылындағы ерте диагностика мен көмек қозғалыс қызметтерін дамыту үшін өте маңызды. Диагностиканы ерте жүргізудің бір ерекшелігі –емдік гимнастикалар көмегімен баланың қозғалыс қабілеттерін осы көмекке қарағанда біршама ерте меңгереді.

    Бірлескен ойындар ерекше маңызды. Саусақтар мен жаттығу ойындары , тізеге дейін биіктікке секіру, тақпақтар (қимыл- қозғалысты) балалалардың қызығушылығын арттырады.Олардың сөйлесу тілінің дамуына және әлеуметтік статустың дамуына мүмкіндік береді.Бұл балаларға өте көп ойыншықтар қажет. Ойыншықтар- белсенді әрекетке ынталандырады. Баланың мүмкіндігін және таным процесін жетілдіреді. Суретті кітапшалар балалар әндері жеңіл шумақтар қарапайым ойын материалдары көмектеседі.Бұл Даун синдромы бар балалардың тілінің дамыту үшін өте маңызды. Олар таныс суреттерді танып, қарауға және олардың атын ататуға тырысады.

    Әр қашан мына ережені есте сақтау керек.

    Аз нәрсенің өзі бала үшін көп болады !

    Баланың бір нәрсені көріп, оны қолына ұстап қарағаны, қозғағаны, оның дамуына ықпал етеді. Себебі бұндай балаларда жаңа ойыншықтарға қызықпайтын, қызығушылық қабілеті болмайтындары да болады.

    Әрбір ойынды ойнаған сәтте оны ұзаққа созудың қажеті жоқ. Себебі эмоциялық (қабілеті) іс-әрекет бұл балаларда сақталған (жылау,қуану,күлу және т.б ) Бірақ бұл балаларда тез ауытқушылық алаңдаушылық , әлеуметтік стимулдың тапшылығы,сөздік қоры өте аз болады.Сол себептен бұндай балалармен жұмыс істеген де , осының бәрін ескеру қажет .


    Даун синдромы бар балалармен жұмыстану.

    Үш жасқа толған балалармен топта және жеке жұмыстану арқылы жұмыстана бастайды.Әр балаға жеке бағдарлама жасақталып, сол бағытта жұмыс жүргізіледі.Соның ішінде жеке жұмыстану маңызды роль атқарады. Тілді,сөздік қорын дамыту ,психологиялық және эмоциялық бағытта жұмыстану бұл топпен бірге маңызды. Мысалы бала ұжымда, бір-бірімен сөйлесуге бір-біріне көмектесуге ұмтылады. Бірақ бұл алдын ала жеке жұмыстану арқылы баланың ой өрісіне дамуына жол салынған.

    Әрбір Даун синдромы бар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істеу, оқыту бағдарламасы да өзгереді.Ересектер тобымен арнайы мамандар мұғалім, тәрбиеші, психолог,логопед дефектолог жұмыс істеу қажет. Бұндай балалармен жылы қарым –қатынас, табиғат аясындағы әдемі көріністер құстар дыбысын тындау керек. Олар көрген заттарын , көрген нәрселерін қайталауға биімді.Сол себептен ойын түрінде кез келген сабақты көрсету қажет.Мұғалім үнемі балаға күш жігер беруі тиіс.


    Балаларды оқыту барысында қолданатын әдістер


    Сөздік әдіс: бұл нұсқау беру, әңгіме жүргізу, түсіндіру, т.б

    Көрнекілік әдіс: түрлі –түсті суреттер, ойыншықтар, т.б

    Тәжірибелік әдіс: Дидактикалық –рөлдік ойындар, жаттығулар, әлеуметтік –тұрмыстық тапсырмалар, т.б

    Осындай оқыта отырып дамыту әдістерін пайдаланып жұмыс жасау нәтижелері жоғары болады.

    Бұл балалардың қайталап үйренуге қабілетті болатындығын назарға алып кезең бойынша оқыту жұмысы: заттарды іс әрекетте қолдану, ойыншықтарды айналдыру. Құрастырмалы ойыншықтарды жинау, ойыншықтарды қозғау , дыбыс шығару, машина жүргізу, жүк тиеу , қуыршақтарды киіндіру .

    Ауызша дамытуда сөйлеу тілін дамыту .

    1. Дыбысты үйрету.

    2. Буындап оқуға ұйрету.

    3.Жеке сөздер мен екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру.

    4.Нүктелерді қосу.

    5. Әріптерді басып жазуға үйрету.

    6.Сурет бойынша сөйлем құрастыру.

    Математикалық ұғымды қалыптастыру.

    1.Кеңістікті бағдарлауға үйрету.

    2.Геометриялық пішіндерді ажырату, салыстыру,құрастыру.

    3.1-5 көмелінде тура және кері санау.

    4.Ойын түрінде ауызша қосу,азайтуға үйрету.

    5.уақытты бағдарлай білуге үйрету.

    Қоршаған орта туралы түснігін қалыптастыру.

    1. Заттарды топтастыруға, салыстыруға үйрету.

    2.Жануарлар, өсімдіктер дүниесімен таныстыру.

    3.Жыл мезгілі және табиғат құбылыстар туралы түснік қалыптастыру.

    4.Киім түрлер

    і 5.Жемістер ,көкөністер.

    Сурет сабағы ,Мүсіндеу жапсыру (ұсақ моториканы дамыту)

    1.Сызық бойына,квадратқа,шеңбер ішіне өрнектеп салу.

    2.Түстерді ажыратуға үйрету.

    3. геометриялық және өсімдік пішіндерімен өрнектерін салу.

    4.Заттарды кеңістікке дұрыс орналастыруға үйрету.(оң жақ, сол жақ,жоғары, төмен, ортада).

    5. Ермексазбен жұмыс жасау.

    Заттық тәжірибелік іс-әрекет.

    1.Түрлі құрастырмалы ойыншықтармен жұмыс .

    2Мозайкамен жұмыс.

    3Пирамида құрастыру.

    4.Конструктормен жұмыс т.б бұл жұмыс Даун синдромы бар балаларды дамыту үшін өте маңызды.

    Егер осы Даун синдромымен ауыратын балаларға ерте көмек бағдарламасы бойынша нақты түзету жұмыстары жүргізілсе,мемлекет тарапынан әлеуметтік жағдайын қамтамасыздандырса, медициалық көмек көрсетілсе, қалыпты түрде диета сақтаса, дәрі –дәрмектерді уақында қабылдап отырса, түрлі жаттығулармен шұғылданса, арнайы білім алса осы тұлғалардың жеке адам болып өмір сүруіне неге жағдай жасамасқа?! Алайда бұл ойлаған әрекеттерді жүзеге асыру үшін қоғам мен ата-ана,бауырлардың сүйіспешілігі мен қамқорлықтарынсыз ешбір ой жүзеге аспасы сөзсіз. Сонда ғана осы тұлғалар тәрбиелі, білімді, ең бастысы денсаулығы бар қазіргі заманға сай тұлға болып қалыптаса алады.

    Танымдық процесті дамытуға, кеңістікті бағдарлауға, қоршаған орта туралы түсінігін молайтуға ,ұсақ моториканы дамытуға,заттарды салыстырып, топтастыруға, математикалық ұғымдарды меңгертуге де әр түрлі жаттығулармен ойындар қолданылады.Түзетіп –дамыта оқыту ойын түрінде көрнекі құралдар арқылы жүргізілсе нәтижелі болмақ.


    написать администратору сайта