Главная страница
Навигация по странице:

  • 7 МАМЫР — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚЫ СЦЕНАРИЙ

  • Тақырыбы. Таырыбы ранды ерді рпаы айсар


    Скачать 217.86 Kb.
    НазваниеТаырыбы ранды ерді рпаы айсар
    Дата05.09.2022
    Размер217.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТақырыбы.docx
    ТипДокументы
    #662372

    Тақырыбы: Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.
    Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

    Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады. Кешіміздің эксперттік тобы:

    Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
    Ғажайып келешектің төккен үнін
    Ардақты ағаларға шын көңілден
    Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
    Армысыздар, ардақты азаматтар,
    Отбасының тірегі, елді бастар.
    Құтты болып мереке баршаңызға
    Бақ - береке әкелсін отбасыға!

    Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.
    Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.

    Тақпақтар:
    1. Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
    Барлық ұрпақ әкелерден басталған
    Ал әкелер өздеріне арналған
    Бүгінгі той қуаныш пен мереке

    2. Әкем менің асқар тауым тірегім
    Бәрінен де сен қымбатсың білемін
    Қанат қағып кетсем алыс қияға
    Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім

    3. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
    Болсын солай әрбір күнің әр айың
    Тойларыңыз құтты болсын әкелер
    Балаларың төге берсін мерейін

    4. Есімде бейнесі әкемнің
    Күлімдеп маған қарайтын
    Мен саған талпынсам
    Құшағын жая сап көтеріп алатын

    5) Сәулелі сөз сөне ме
    Орны бөлек батаның
    Бізге тәлім өнеге
    Ақ тілеуі әкенің

    6) Әр сөзінің ақырын
    Жақсылыққа тірейді
    Қадап айтып ақылын
    Көпке бақыт тілейді

    7) Атамның ән күйі ғажайып
    Әжемнің әлдиі ғажайып
    Анамның мейірімі ғажайып
    Әкемнің пейілі ғажайып
    Осындай жақсы әдет ғажайып
    Қалмасын ешқашан азайып

    8) Әкем шытса қабағын
    Байқа балам дегені
    Алған көп ақ сабағым
    Жақсы көрем мен оны

    9) Бойға қуат береді
    Әй жарайсың дегені
    Мен әкемнен әр кезде
    Соны естігім келеді

    10) Ойнаймыз, күлеміз
    Жарқылдап жүреміз
    Әкені сыйлаймыз
    Айтқанын тыңдаймыз

    7 МАМЫР — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚЫ СЦЕНАРИЙ

    • 15.04.2019

     

    • By : Qazaqytoi.Kz

     

    • 0



     Оқылды: 5 606

     

    Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

    Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

    Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

    Ғажайып келешектің төккен үнін

    Ардақты ағаларға шын көңілден

    Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

    Армысыздар, ардақты азаматтар,

    Отбасының тірегі, елді бастар.

    Құтты болып мереке баршаңызға

    Бақ-береке әкелсін отбасыға!

    Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры, М.А.Сайлауұлына береміз.

    Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! «АйДанАру» тобының орындауындағы «Сәлем саған туған ел» әнін қабыл алыңыздар.

    Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде , — деп «Көңілді күн» әнімен қыздарды ортаға шақырамыз.

    Жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін, Әнге толсын, күйге толсын кештерің, Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас, Қол соғады барша әріптестерің – деп, қазақ жігіттеріне Қанымжан мен Гүлнұр өлең жолдарын арнайды.

    Жүргізуші: Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген . Күміс көмей аруларға Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті «АйДанАру» дың орындауындағы биге береміз.

    Жүргізуші: Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың, Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың. Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған, Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, — дегендей, «АйДанАру» тобы «Тек алға» әнін Амангелді Сайлауұлына, Мұрат Ахметжанұлына, Руслан Сейтқазинұлына, Азамат Тілеукешұлына арнайды, мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!

    Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке, Отбасында болсын ырыс-береке Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп «Мереке» әнін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

    Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі

    Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы

    Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

    Нұргүл мен Алтынай жігіттерге өлең жолдарын арнайды.

    Жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр, Бір жымисаң кетеді жайнап өңір. Ризамыз пейіліңе қорғаушылар, Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, қыздардың әзілдерін қабыл алыңыздар.

    Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Ортада биші қыздар би билейді, Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда Гүлнұрдың орындауында «өзбек» биі.

    Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің болашағы Өмірді алға қарай өрлететін Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп қыздарымыз, Руслан Жалғасбайұлына, Бегалы Ерболұлына ,Сағын Сүниятұлына «Сарбаздар» әнін жолдайды.

    Жүргізуші: Себездеп алтын ара жан-жағыңнан, Ту тіккен алаулаған арманыңнан. Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап, Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, «АйДанАру» триосын «Ризамын» әнімен ортаға шақырамыз.

    Жүргізуші: Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

    Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

    Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

    Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

    Жолын қуар солардың жастарымыз.

    Абзал жанды ақылгөй ағаларға

    Ілтипатпен иілген бастарымыз — деп бүгінгі мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті. Сау-саламатта болыңыздар!


    написать администратору сайта