Главная страница
Навигация по странице:

  • Сыныбы : 2 «Ә» Мұғалімі:Укен А.Б

  • «Тараз қаласы білім бөлімінің №60 орта мектебі »КММ Жолда жүру ережесі Тақырыбы: «Реттелмейін жол қиылыстары» Сыныбы : 2 «Ә»

  • Көрнекілігі

  • «Тараз қаласы білім бөлімінің №60 орта мектебі »КММ Жолда жүру ережесі Тақырыбы: «Реттеуші және оның белгілері» Сыныбы : 2 «Ә»

  • Мұғалімі:Укен А.Б Күні: 20.12.2021ж Сабақтың тақырыбы

  • Реттеуші

  • 1. Қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген

  • 3. Қол жоғары көтерілген

  • - 5.4.

  • Жолда жүру. Айман жолда жүру. Тараз аласы білім бліміні 60 орта мектебікмм жолда жру ережесі Таырыбы Білім алушыларды кшеде жне жолдарда жруді негізгі ережелері Сыныбы 2


    Скачать 313.75 Kb.
    НазваниеТараз аласы білім бліміні 60 орта мектебікмм жолда жру ережесі Таырыбы Білім алушыларды кшеде жне жолдарда жруді негізгі ережелері Сыныбы 2
    АнкорЖолда жүру
    Дата30.10.2022
    Размер313.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАйман жолда жүру.docx
    ТипДокументы
    #762346


    «Тараз қаласы білім бөлімінің №60 орта мектебі »КММ

    Жолда жүру ережесі


    Тақырыбы: «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері»

    Сыныбы : 2 «Ә»

    Мұғалімі:Укен А.Б

    Күні: 06.09.2021ж

    Тақырыбы: Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері
    Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру; көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері туралы түсінік беру; баланы зейінді, епті болуға, сақтыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағдаршам
    Сабақтың барысы:
    Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
    Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
    Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
    Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
    «Жол жүру ережелерінің білімпаздары» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын шығару. Оқушылар үш топқа бөлінеді: «Қызыл», «Сары», «Жасыл». Сұрақтар.
    1. Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)
    2. Арқаным бар тым ұзын,
    Ала алмайсың бір үзім. (жол)
    3. Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүреді?
    4. Автобуста келе жатқан адам.
    5. Автобус пен трамвай тоқтайтын орын.
    6. Жүруге рұқсат беретін бағдаршам көзі.
    7. Көлік жүргізетін адам.
    8. Дайындықты білдіретін бағдаршам көзі.
    9. Жолаушы таситын көліктің бір түрі.
    10. Төрт аяғы дөңгелек
    Адамсыз ол жүрмейді.
    11. Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
    12. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
    13. Көшеден өтіп бара жатқанда сені айқайлап шақырса не істеу керек?
    14. Көшеден өтіп бара жатып сөйлесу несімен қауіпті?
    15. Қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі? Қорыту.
    Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:«Көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері». Көшеде және жолда өзімізді қалай ұстап, қандай ережелерді білу керектігін үйренеміз.
    Мұғалім: Менің үш көзім бар:
    Бір көзім «кідір» дейді,
    Бір көзім «жүгір» дейді,
    Бір көзім «абайла» дейді,
    «Қарап қалма маңайға» - дейді. Бұл не? Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
    Жол - қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, жер жолағы. Жол жүргін бөлігі көліктерге арналған, тротуар – жүргіншілерге арналған деп, екі бөлікке бөлінеді.
    Жол жиегі – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп түру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп те атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз.
    Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір автомобиль жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырады.

    Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Егер сен тротуармен жүріп келе жатқанда жол жөнекей шалшық, су шұңқыр немесе тағы басқа кедергі кездессе, оны тротуардан шықпай айналып өту керек. Тротуар үстінде ойнауға немесе жүгіруге болмайды.Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді. Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
    Топтық жұмыс
    - Есек ненің үстімен жүгіріп ойнап жүр? Оның мінез - құлқы дұрыс па, бұрыс па? Неге? Сурет. Слайд
    - Түлкі қай жолда ойнап жүр? Түлкінің мінез – құлқы дұрыс па, бұрыс па? Неге? Сурет
    - Маймыл неден секірейін деп жатыр? Маймылдың мінез - құлқы дұрыс па, бұрыс па? Сурет
    1 - топ Жақсы жақтарын айту.
    2 - топ Жаман жақтарын айту.
    3 - топ Қауіпті екенін дәлелдеу.
    Ойын: «Жолаушылар мен жүргіншілер»
    Үш оқушы бағдаршам рөлін атқарады. Ойынға барлығымыз қатысамыз.
    Машиналарға: «жасыл» жанғанда жүреді.
    Жолаушыларға: «қызыл» жанғанда тұрады.
    Машиналарға: «қызыл» жанғанда тұрады.
    Жолаушыларға: «жасыл» жанғанда жүреді.
    Ойын: «Екі жарты бір бүтін»
    Ойынның шарты: балалар, алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырасыздар, сонан кейін атап берулеріңіз керек.
    Мұсылмандық әдеп сабағы
    Көшеде жүргенде алақтап, жан - жағыңызға қарай бермей, табан астыңызға назар аударыңыз. Асықпай, аптықпай, аяқты алшаң басып, сабырмен қозғалу керек.
    Сөйлесіп тұрған адамдардың ортасын бұзып өту – ең жарамсыз мінез.
    Оқушы: Жұмбақ: «Бұл кім?»
    Ала таяқ ұстаған,
    Жол тәртібін нұсқаған,
    Өміріңді күзеткен,
    Ысқырығы күшті адам. (Инспектор)
    МАИ қызметкерлерінің тапсырмасы.
    Есте сақта!
    1. Жолға жетіп тоқта.
    2. Жолдан өтпес бұрын сол жағыңа, сонан соң оң жағыңа және машина келіп қалар - ау деген жақтың бәріне қара.
    3. Еген сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең ғана жолдан өтуге болады.
    4. Жолдан өтіп шыққанша үнемі жан жағыңа қарап жүр, себебі, жолда жағдай өзгеріп қалуы мүмкін.
    5. Жолды ешқашанда жүгіріп өтпе.
    6. Өзің танымайтын, білмейтін жандардың машинасына отырма.
    Қорытынды. – Көше деген не?
    - Жол туралы не білдік?
    - Тротуар деген не?
    Ой қорыту.
    Бәрі қосылып:
    Жол тәртібін білейік
    Аман - есен жүрейік.
    Аман - есен жүрейік.




    «Тараз қаласы білім бөлімінің №60 орта мектебі »КММ

    Жолда жүру ережесі

    Тақырыбы: «Реттелмейін жол қиылыстары»

    Сыныбы : 2 «Ә»

    Мұғалімі:Укен А.Б

    Күні:25.10.2021ж

    Сабақтың тақырыбы: Реттелмейтін жол қиылыстары.
    Сабақтың мақсаттары:

    Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.

    Көрнекілігі: бағдаршам, суреттер.
    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Арманға алда күткен асығармыз
    Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
    Жол жүру ережесін жақсы біліп
    Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
    Жалғайтын достастырып бар елменен
    Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
    - Реттеуші деген кім?
    - Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.
    Жұмбақ жасыру.
    1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
    Бақылаған үш көзі бар бірақ та.
    (Бағдаршам)
    - Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
    - Бағдаршам қалай пайда болды?
    - Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.  Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы не білетіндерін тыңдайық
    Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
    Қалт тоқтай қал табанда.
    Сары жарық: Сары шамы жағылса,
    Сақ абай бол барынша!
    Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
    Зымырай бер бел асып
    Барлығы:

    Ирек - ирек көшелер,
    Көше деген мың ирек.
    Қиындыққа әйтседе
    Үйренесің біртіндеп.
    Барар жерге асықпа,
    Бәйге алмайсың бұрын кеп.
    - Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
    Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
    - Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.
    Практикалық кезең.
    - Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды. Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады. Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.
    Тапсырма.
    1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
    2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
    3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
    4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?
    Есіңде болсын!
    Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
    Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
    Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
    Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
    Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
    Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
    Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
    Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.
    - Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
    - Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
    Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
    Көліктің артына жармаспа.
    Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
    Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
    Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
    Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
    Жол белгілерін ажырата білген жөн.
    Қорытынды.
    Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!



    Реттеуші_және_оның_белгілері»_Сыныбы_:_2_«Ә»'>«Тараз қаласы білім бөлімінің №60 орта мектебі »КММ

    Жолда жүру ережесі

    Тақырыбы: «Реттеуші және оның белгілері»

    Сыныбы : 2 «Ә»

    Мұғалімі:Укен А.Б

    Күні: 20.12.2021ж

    Сабақтың тақырыбы: Реттеуші және оның белгілері.

    Мақсаты:

    1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.

    2. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

    Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, бағдаршам, слайд.

    Сабақтың барысы:

    Мұғалім сөзі: - Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Реттеуші белгілері» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.

    Сұрақ – жауап: Реттеуші дегеніміз кім?

    - Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.

    Реттеуші - жол қозғалысын дене жайымен, ишарат сабын қолданып қолдарының қимылымен, дискпен немесе онсыз, сонымен қатар ысқырық сигналымен реттеуші полиция қызметкері.

    5.2. Реттерушінің сигналдары (ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінен: алғашқы сан ереже, екінші сан тармақ ретін білдіреді) Реттеушінің денесі мен қолдарының, оның ішінде мынандай мәндерді білдіретін жезлдермен жасаған қимылдары реттеушінің сигналдары болып табылады:

    1. Қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:

    - сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыс трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;

    кеуде және арқа жағынан — барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.

    2. Оң қол алға созылған:

    - сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі;

    - кеуде жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тек оңға рұқсат етіледі;

    - оң бүйір және арқа жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тыйым салынады, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.

    3. Қол жоғары көтерілген:

    Ереженің 5,6 тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлік құралдары мен жаяу жүргізушілердің барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.

    Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін.

    - 5.3. Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетуі мүмкін.

    - 5.4. Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға беріледі.

    - 5.5. Бағдаршамның (реверсивтіден басқа) реттеушінің тыйым салатын сигналы кезінде жүргізушілер тоқтау сызығының (5.3.3-белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:

    жол қиылысында — кесіп өтетін жүріс бөлігінің алдында (Ереженің 13.8 бөлігін ескере отырып), жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай; теміржол өтпесі алдында — Ереженің 15.4-тармағына сәйкес; басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етілген көлік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтатуға міндетті.

    «Реттуші»

    Бақылап жол тәртібін,

    Өткізетін әр күнін.

    Реттеуші көрдім мен,

    Қиылыстан дәл бүгін.

    Ала таяқ қолында

    Айтары көп оның да.

    Не істеу керек, тұрса да

    Реттеуші жолында.

    Тік көтерсе таяғын,

    Баспа алға аяқты.

    Бағдаршамның бұл белгі,

    Сары шамы сияқты.

    Кеудесімен бұрылса,

    Қарап саған бетпе – бет.

    Тұрғаны оны ұғыңсан,

    Жолды жаптып өтпе деп.

    Арқа жағын қаратса,

    Өтіп кетпе аңғармай.

    Бағдаршамның бұл белгі,

    Қызыл түсті жанғандай.

    Оң иық, не сол иық,

    Бұрылғанда сен жақа,
    Тұрып қалма мөлтиіп,

    Алға қарай тез атта.

    Реттеуші бұрылды,

    Бір қырындап тік тұрып,

    Жасыл санда дегенді,

    Жүргіншіге ұқтырып.

    Реттеуші бар көшеде,

    Тап болса егер кімде – кім,

    Тек сол берген белгіге,

    Көну соның міндеті.

    Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыз осымен аяқталды. Қай жерде жүрсенде де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырайық.





    написать администратору сайта