Главная страница

әндер сөзі. Тыдаан кілдегі толамымды Шыдаан трбие мен таламымды


Скачать 13.93 Kb.
НазваниеТыдаан кілдегі толамымды Шыдаан трбие мен таламымды
Анкорәндер сөз
Дата07.10.2022
Размер13.93 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаәндер сөзі.docx
ТипДокументы
#719690

Тыңдаған көңілдегі толғамымды
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Источник text-pesni.com

Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сыя алады

Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде

Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым

Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде

Алғаш әріп танытқан
Ұстаз деген жарық таң
Бойға білім дарытқан нұр боп
Еңбегі бар ақталған
Бала қиял тәтті арман
Ұстазыма сақталған сыр көп

Қайырмасы
Бас иемін мәңгі ұстаз лайық құрметке
Қабылда бұл әнді шәкіртіңнен
Алғысы деп айтқан жүректен

Есімде гүл ұсынған
Көкке қиял ұшырған
Құпияңды жасырған кезде
Ақ тілегі ақ кеме
Талай жанға бақ берген
Өмір жолын сап берген сіздей

Қайырмасы
Бас иемін мәңгі ұстаз лайық құрметке
Қабылда бұл әнді шәкіртіңнен
Алғысы деп айтқан жүректен

Еңбегін сенін ұстазым менін
Жеткізген асқақ арманға
Мейіріммен мен берген білімін
Сыйлаған жан жүрек жылуы


написать администратору сайта