Вирусты гепатит В,С және Д нің диагностикасы мен емі. . А. Ясауи атындаы халыаралы азатрік университеті Шымкент медицина институты Таырыбы Вирусты гепатит В,С жне д ні диагностикасы мен емі
Скачать 234.65 Kb.
|
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медицина институтыТақырыбы: Вирусты гепатит В,С және Д нің диагностикасы мен емі.Қабылдаған: Сагитова С.С.Орындаған:Даулетбек А.Е.ЖТД-609Жоспары:Кіріспе. Вирусты гепатит В,С және Д. Негізгі бөлім Этиологиясы,патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер В вирусты гепатиті — ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. Этиологиясы.1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы. Эпидемиологиясы.ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам ждәне созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі: 1. парентеральді; 2. қан. Берілу жолдары. Табиғи және жасанды. Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж). Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары: 1. қан; 2. плазма; 3. эритроциттер; 4. фибриноген; 5. протромбин. Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі: тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі. Клиникасы.ВГВ вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады. 1. сарғаю; 2. сарғаюсыз; 3. клиникалық көрініссіз: а) субклиникалық; б) вирус тасымалдаушылық. Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін. Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Кейде одан да ұзақ. Бұл кездерде мүмкін болу синдромдар: - артралгиялық – көбінесе тән; - диспепсиялық; - астеновегетативті; - гриб тәріздес; - аралас; - сирек түрде болатын латентті кезең. Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады. Жазылу кезеңі 12 ай бойы. Емі.Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі: 1. күн тәртібі; 2. диета №5; 3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем; 4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. С гепатитіВирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Бұл ауру қан құйғанда немесе зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады. Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе анасынан баласына жұғуы мүмкін. С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70–80 %-ында қауіпті болып табылатын созылмалы түрі болып табылады, ол бауырдың қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С гепатитті вирустың гепатиттің басқа түрлерімен қатар жүргенде, науқас адамның денсаулығы күрт төмендеуі мүмкін, аурудың өтуі қиындап арты жаман жағдайларға әкелуі мүмкін. С вирустық гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады. Вирусты гепатит ДВирусты гепатит Д (ВГД) – РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция. ЭтиологиясыҚоздырғышы дельтавирус тұқымдасының РНҚ-геномды вирусы: сфера тәрізді, бір жіпті сақина тәрізді РНК-сы бар, спецификалық антиген (HD-an) және сыртқы қабықшасы бар, сыртқы ортаға төзімді болып келеді. ЭпидемиологиясыАуру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады. Патологиялық анатомиясыжедел түрінде бауырда айқын некроздану байқалады созылмалы түрінде бауырды белсенді қабыну өзгерістерімен қатар циррозды белгілер байқалады Клиникалық көрінісіВГД-ның 2 түрі белгілі: коинфекция-жедел аралас гепатит суперинфекция- созылмалы В-инфекция үстінен жедел Д гепатит ВГД-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады:Түрі Ауырлығы Ағымы Клиникалық көрінісімен:
Клиникалық көрініссіз: субклиникалық вирус тасымалдаушы жеңіл (10%) орташа (45%) ауыр (25%) Жедел Созылмалы ВГД қоздырғышының дельта-антигеніДиагностикасыклиникалық белгілер лабораториялық зерттеулер иммунологиялық сынамалар анти ВГД, анти ВГД- анықтау) спецификалық емес (биохимиялық) трансаминозалар, билирубин т.б. Дифференциальдық диагностикасыжедел вирусты гепатит В созылмалы BVB-ң өршу кезеңімен өт жолдарының ауруларымен Емігоспитализация күн тәртібі – төсектік режим диета №5 дастархан патогенетикалық ем симптоматикалық ем этиотропты ем Ауру соңыкоинфекцияда: сауығу (75%) летальды (25%) созылмалы гепатит бауыр циррозы қалыптасады (сирек) суперинфекцияда: сауығу (сирек) летальды созылмалы гепатит, бауыр циррозы қалыптасу (70%) Шығару ережелеріклиникалық сауығу биохимиялық көрсеткіштердің қалыптасуы Алдын алуыпарентральды тарау жолдарына қарсы профилактикалық шаралар В гепатитке қарсы жасалатын вакцина. ӘдебиеттерСеменов С. И. Кривошпакин В. Г. Саввин Р. Г. Индеева Л. Д., Павлов Н. Н. Хронические вирусные гепатиты B, C, D в условиях Крайнего севера. Якутск, Триада, 2003. — 120 с. Микробиология. В.Д.Тимаков,В.С.Левашев,Л.Б.Борисов. Микробиология7 Вербина Н. М., Каптерёва Ю. В. “Жұқпалы аурулар” А.Қ. Дүйсенова |