12 Сабақ. . А. Ясауи атындаы Халыаралы азаТрік Университеті Стоматология факультеті Кафедра Хирургия жне балалар жасындаы стоматология Студенттерге арналан дістемелік нсау Таырыбы 12
Скачать 356.71 Kb.
|
2007Тақырыбы: Артроздар (деформацияланған, беріштенген). Клиникасы, рентгендік және зертханалық диагностикасы, дәрі-дәрмекпен емдеу, хирургиялық, ортопедиялық ем. Жақсүйектің қарысу түрлері: тризм, контрактура, шорбуын. Тақырып өзектілігі: Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдану-ларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Сабақтың мақсаты: Артроздар (деформацияланған, беріштенген). Клиникасы, рентгендік және зертханалық диагностикасы, дәрі-дәрмекпен емдеу, хирургиялық, ортопедиялық ем. Жақсүйектің қарысу түрлері: тризм, контрактура, шорбуынды үйрету Студент білуге тиіс Артроздар (деформацияланған, беріштенген). Клиникасы, рентгендік және зертханалық диагностикасы, дәрі-дәрмекпен емдеу, хирургиялық, ортопедиялық емін. Жақсүйектің қарысу түрлері: тризм, контрактура, шорбуынды ү. студент істей алуға тиіс ауру тарихын дұрыс толтыра білу науқастарды толықтай зерттей білу Науқастардың қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдау Емдеу әдісін жоспарлай білу Ақпараттық-дидактикалық блок Сабақтың мазмұны: САМАЙ-ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АРТРОЗЬІ Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдану-ларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегенеративті өзгеріс басталады. Кейбір ғалымдар мұны артрозартриттер немесе артроздар, дегенеративті артриттер, артропатиялар, гипертрофикалық артриттер деп атайды. Жоғарыда аталғандарға сай буын компоненттерінде склероздаушы және дефор-мациялаушы артроздар деп бөлінеді. Склероздаушы артроздар кезінде буынның сүйек кемігінің терең және беткей бөліктерінің склероздары байқалады. Деформациялаушы артроздар кезінде төменгі жақтың буын өсіндісінде біз тәрізді сүйек өсінділері шығып кетеді. Самай төменгі жақ буынының артрозында ауыру сезімі байқалмайды. Науқастар әдетте буындарының сықырлайтынына, таңертең буыны дұрыс қозғалмай уқалағаннан кейін түзелетіндігіне шағымдайды. Олар көбінесе мұндай аса мазаламайтын нәрселерге көңіл аудармай дәрігерлерге кейін қайтпайтын өзгерістер шыққан кезде келеді. Аурудың өзіне тән белгілері аталған тәртіппен келмейді. Буынның сықырлауы кейде аурудың басында болса, кейде буынның қызметі бұзылған кезде пайда болады. Бұл кезде төменгі жақтың төмен және екі жағына қозғалысы шектеледі. Рентген көрінісі самай-төменгі жақ буынының зақымдану дәрежесіне байланысты болады. Склерозды артрозда буын саңылауының тарылғаны, буын басының деформациясы байқалса, деформациялы артрозда буын басы мен буын төмпешігінің қатты деформациясы байқалады. Буын басының қозғалысы өзгереді. Артроздардың отасыз-консервативті емі: 1. Буынға бір ай бойы түнге қарай өтпен компресс жасау; 2. Буын аймағына медициналық өтпен электрофорез жасау; 3. Парафин емі; 4. Батпақ емі. 5. Егер, процесс асқынса төменгі жақты уақытша бекіту, содан кейін механотерапия жасау. Буын басындағы өзгерістер қайтымсыз болғанда отасыз-консервативті ем тиімсіз болса ота-оперативті ем қолданылады. Жарақатты деформациялы артроздың хирургиялық емінің негізгі мәселесі тек қана зақымданған буын басын алып тастау емес, сонымен қатар буынның анатомиялық біртұтастығымен, оның қызметін қалыпқа келтіру. Ең тиімді әдіс алдын ала консервіленіп дайындалған өліктің төменгі жағының буын өсіндісін ортотопиялық трансплантация жасау. Себебі ол материалмен, аурудың алып тастаған өсіндісінің құрылысы мен пішіні ұқсас. Бұл ота кезінде тек буын өсіндісі ғана емес, бұлшықеттер, буын қапшығы, буын шеміршектері қоректенетін сұйық бөлетін синовиальды қабаты да қалыпқа келтіріледі. Осылармен қатар эксперименттік жұмыстардың нәтижелері көрсеткендей (Плотников Н, А., Золотарев Ю. Б.) сыртқы қанатша ет пен буын қапшығының аллотрансплантантқа бекітілуі себептерінен онық тамырлануы жылдамдайды. ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ КОНТРАКТУРАСЫ Төменгі жақтың контрактурасы — бет-жақ аймағының патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің бұзылуы. Ағымына және себебіне қарай контрактура тұрақты және тұрақсыз болады. Тұрақсыз контрактура көп жағдайда ұзақ уақыт тісаралық резиналы тартпасы бар құрсауды қолданғаннан, меншікті шайнау бұлшықеттердің босауынан және төменгі жақты қоршаған жұмсақ тіннің патологиялық процесстері болған кезде байқалады. Контрактураның мынадай түрлері бар: 1. Дермотогенді. 2. Мукогенді. 3. Миогенді. 4. Десмогенді. 5. Тыртықты. Жақтың контрактурасына мынандай патологиялық процесстер әкеледі: 1. Ауыз қуысының жаралы-өлеттенген процессі (нома, скарлатинадан кейінгі асқыну, сүзек, жүрек, қан-тамыр бұзылыстары) 2. Ауыз қуысы мен қоршаған тІндердің созылмалы арнайы процестері (сифилис, туберкулез актиномикоз). 3. Термиялық және химиялық күйіктер. 4. Жарақатты зақымдану. 5. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің операциясынан кейін. 6. Миозит. Клиникалық көрінісі. Төменгі жақ контрактурасы кезінде сөйлеу және тамақ қабылдау қызметі бұзылады. Әсіресе алдыңғы тістер «желпігіш» тәрізді орналасады. Сирек жағдайда жоғарғы және төменгі жақ деформациясы болады. Егер контрактура бет қаңқасының өсуінен бұрын пайда болса, онда төменгі жақтың дамуы кедергіленеді, бірақ деформа-циясы анкилоз кезіндегідей өте анық. Жақтың толық қарысуы және барлық тістердің болуы — төменгі жақ бұтағының ішкі бетінің тексерілуін қиындатады. Осы аймақтың шырышты қабығының тыртықтанып өзгеруін ауыз қуысын тек маңдай рефлекторы мен тіс қатарының ақаулары арқылы анықтайды. Төменгі жақ бұтағының ішкі бетіндегі және тәжді өсінді аймағындағы тыртықтар пайда болған контрактураға, төменгі жақтың сәл алға және сау жағына қисаюына тән. Бұны негізінде төменгі жақ-самай буынының анкилозынан ажырату керек. Тыртықты контрактура кезінде буын басының қозғалуы байқалады, ал рентгенде басының, мойнының, буын өсіндісінің және төменгі жақ бұтағының деформациясы байқалмайды. Емі. Тыртықты контрактураның отасыз-консервативті емі парафин, пирогенал, В. П. Филатовтың тінді терапиясын гиалуронидазамен, лидазамен, ренидазамен, гидрокортизонмен, терапия және ультра-дыбыспен жүргізіледі. Отасыз-консервативті емінің негізгі мақсаты коллогенді талшықтарда гиалиноз дамуына жол бермеу. Бұл ем егер тыртық жас, жаңа және 9-12 айдан аспаған жағдайда нәтижелі болады. Жақтың контрактурасын хирургиялық әдіспен емдеу. Жақтың бет терісімен теріасты майлы қабатының тыртықталып өзгерген тіндерінен (күйіктен, жарақаттардан т.б. аурулардан) кейін пайда болған контрак-тураны кесіп алып тастап, Лимберг әдісімен айналасындағы тіндерден алған қиындыларды жылжыту арқылы немесе Филатов сабақшасымен жоюға болады. Бұл оталардың ойдағыдай болуы контрактураның себебі болған тыртықтанған тіндерді алып тастауына (ауыз толығымен ашылу қажет) және одан кейін пайда болған ақаудың толығымен жабылуына байланысты. Жақтың тұрақты қарысуына себепкер болатын ұрттың шырышты және шырышасты қабатында орналасқан жалпақ тыртықтарды төменгі, жоғарғы жақ ұяшық өсінділеріне бекіген жерінен кесіп толығымен ажыратады. Пайда болған жара бетін жұқа тері қиықтарымен жабады. Қиықтарды протезге бекітілген стенстен дайындалған төсеніштен көшіріп орналас-тырады немесе йодоформды білікті жара қуысына орналастырып жібек жіппен тігеді. Соңғы кезде ұрт ақауларын жабу, тыртықты контрактураны жою үшін Филатов сабақшасын кеңінен қолданады. Сабақшаны дайындаған соң оны ақау шетіне көшіреді де тыртықты кесіп алып, ауыз толық ашылған соң ақауды екі қабаттап жабады. Тәжді өсіндімен бет сүйегі немесе оның доғасы және төменгі жақ сүйегінің бұтағымен жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігі бітісуіне байланысты контрактура емі өте қиынға түседі. Мұндай контрактуралар оқпен жарақаттанғанда немесе нома, созылмалы остеомиелиттен кейін дамиды. Тәжді өсінді бет сүйегі немесе оның доғасымен бітіскен жағдайда тәжді өсіндіні кесіп алып тастайды. Төменгі жақ аймағында тілік жасағаннан соң меншікті бұлшықет жақ бұрышына бекітілген жерінен ажыратылып, жақ сүйегінің бұтағы жалаңашталады да тәжді өсінді остеотоммен алынады. Сонымен қатар, маңындағы тыртықтар қиылады. Ауыз ашылған соң шайнау тістерінің арасына резиналы кергіш қояды. Төменгі жақтың бұтағы, жоғарғы жақтың төмпешігі және бет сүйектері бітіскенде төменгі жақ бұтағының алдыңғы бөлігін кесіп алып тастайды. Ота жасау жолы тәжді өсіндіні кесіп алғандағыдай. Тұжырым: Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер ұйыспа-инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды. Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады. Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс нақтама-диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады. Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдану-ларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегенеративті өзгеріс басталады. Жалпы жансыздандыру-наркоз арқылы төменгі жақтың астынан бұрышын айналдыра жарты ай тәрізді тілік жасалады. Төменгі жақтың бұтағы мен анкилозданған самай-төменгі жақ буыны жалаңаштанады. Бұрынғы буынның орнына неғұрлым жақын жерден остеотомия жасалады. Остеотомиядан соң төменгі жақ бұтағының дистальды ұшы босаған соң самай сүйегінде буын шұңқыры жасалады. Төменгі жақ дұрыс орнына қойылады. Жасаған ақауға алдын ала дайындалған ситалл имплантант қойып, оны сыммен бекітеді. Буын қапшығын айналасындағы жұмсақ тіндермен қалыпқа келтіріледі. Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс: (жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қортындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б) Негізгі және қортынды білім деңгейін бақылау ( тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар ж т.б.) Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі: 1.Вернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии. - Витебск, 1999. 2.Вайсблат .С. Местное обезболивание при операциях на лице, челюстях и зубах. - Киев, 1962. - 469 с. 3.Дунаевский Н.Н. и др. Хирургическая стоматология. - М., 1979. - 472 с. 4.Евдокимов А.И. Руководство по хирургической стоматологии. - М., 1972. 5.Робустова Т.Г. и др. Хирургическая стоматология. - М., 2002. 6.Соловьев М.М. Пропедевтика хирургической стоматологии. - М., Мед- Пресс. |