Жоғарғы жақ сүйекке толық алмалы-салмалы тест. ! Жоары жа сйекке толы алмалысалмалы протез саланда, науасты сысы келеді. Сізді ісрекетііз
Скачать 27.94 Kb.
|
! Жоғарғы жақ сүйекке толық алмалы-салмалы протез салғанда, науқастың құсқысы келеді. Сіздің іс-әрекетіңіз? * жоғарғы жақ сүйегіне қайта жаңа протез жасау керек *+протездің «А» сызық тұсындағы жерді жөндеу керек * науқасқа протезге қалай үйренуді айтып түсіндіру керек * протездің табанын (базисін) қайта жасау керек * екі жақ сүйекке де протезін қайта жасау керек ! Науқасқа толық алмалы-салмалы протезді тапсырып жатқанда не істеу керек? * протезді түрпілеуге арналған ұнтақпен тазалау керек * протездің иісін кетіру (дезодарация) жасау үшін және протезді антисептикалық етіп өңдеу үшін оны 5% сірке суына түнде салып қою керек * сабынды суға салып қою керек *+протезді тіс сықпасымен немесе тіс ұнтағымен жуып тазалау керек * протезді ыстық суға салып тазалау керек ! Науқас толық алмалы-салмалы протез базисінің сынғанын айтады. Сынық базисті қайтадан жөндеуге болады егер? * сынық бөліктер орнына дұрыс қойылмаса * сынық бөліктер орнына дәл қойылмаса *+сынық бөліктер орнына жақсы қойылса * сынғанда 3-4 бөліктер пайда болса * бұрын протез 3 рет жөнделген болса ! Толық алмалы-салмалы протездің окклюзиясын жөндеп түзеу қандай мақсат үшін керек? *+төменгі жақты біркелкі қозғалысқа келтіру үшін керек, мұндай жағдайда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады * дикцияны жақсарту үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады * беттің төменгі бөлігінің қалпына келтіру үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады * дұрыс сөйлеу үшін керек * беттің төменгі бөлігін қалпына келтіру үшін керек ! Толық алмалы-салмалы түзеп жөндеу кезінде функциональді сынамаларды не үшін қолданады? *+базистің шекарасын түзеп жөндеу үшін * окклюзияны түзеп жөндеу үшін * тістем биіктігін анықтау үшін * жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін * жасанды тістерді түзеп жөндеу үшін ! Толық алмалы-салмалы протезді дайындағанда жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтап, дұрыс бекітпеудің белгілері қандай? РЕКЛАМА * алдыңғы (фронтальді) тістердің өзара түйісуі және бүйір тұстағы тістердің бірден түйісуі * протездің орнықтылығы мен эстетикалық ойдан шығуы * сөйлегенде тістердің бір-бірімен тиісіп тұруы * окклюзия аралық саңылаудың болмауы *+алдыңғы (фронтальді) бөлімдегі тістер бір-бірімен тығыз түйісе тұра, шайнау тістерінің бір-бірімен түйіспеуі ! Толық алмалы-салмалы протездің шекарасын сызғанда «А» сызығы қандай бағдарды көрсетеді? *+протездің артқы шекарасын көрсетеді * жоғарғы жақ сүйекке тіс қатарын қалай дұрыс құруды көрсетеді * алдыңғы тістерді қалай салуды көрсетеді * тістем биіктігін анықтау бағытын көсетеді * ол сызықтың ешқандай маңызы жоқ ! Алмалы-салмалы протездің ту сыртындағы шекарасын анықтау кезде «А» сызығы бағдар болады. Сонда протездің шеті қалай жатуы керек? * «А» сызығына 5мм жетпеуі керек * «А» сызығына 1-2мм жетпеуі керек * «А» сызығымен шектелгені дұрыс *+«А» сызығын 1-2мм жаба түскені дұрыс * «А» сызығын 5мм жаба түскені дұрыс Загрузка... ! Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексергенде, орталық окклюзияның орына бүйірлік окклюзия анықталған. Не істеу керек? * жаңа қалып алу керек *+жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайта анықтау керек * тістем биіктігін қайта анықтау керек * басқа тістерді салу керек * дайын болған протез тістемін жөндеп, түзету керек ! Толық алмалы-салмалы протезді науқасқа салғаннан кейін жөндеп түзету үшін (коррекциялау) үшін науқас дәрігерге қашан келу керек? * 2 күннен кейін * 1 күннен кейін *+келесі күні * ауыруды сезген кезде * 1 аптадан кейін ! Толық алмалы-салмалы протезді дайындаудың қандай клиникалық кезеңінде протездің функционалды-жабыспалық қасиеті қамтамасыз етіледі? * анатомиялық қалып алу кезеңінде *+функционалдық қалып алу кезеңінде * жақ сүйектердің орталық ара қатынасын және тістем биіктігін анықтау кезеңінде * протезді науқастың аузына салу кезеңінде * жасанды тістерді салған кезде ! Алмалы-салмалы протез үшін шырышты қабықтың Суппле бойынша қай сыныбы қолайлы бола алады? *+1-сынып * 2-сынып * 3-сынып * 4-сынып * 5-сынып ! Толық алмалы-салмалы протезді бекіткенде ненің мәні шамалы? * анатомиялық бүкпелер (ретенция) * заттардың бір-біріне жабысуы (адгезия) * заттардың бір-біріне сорылуы * жасанды тістерді жөндеп орналастыру *+науқастың жасы мен жынысы ! Толық алмалы-салмалы протез қандай тінге тікелей әсер етеді? * қарама-қарсы орналасқан табиғи тістерге әсер етеді *+протез астындағы шырышты қабыққа әсер етеді * қарама-қарсы орналасқан тістердің кіреукесіне, қызыл иек шырышты қабығына әсер етеді * тіс сауытына, альвеолалық өскінге, жұмсақ таңдайға әсер етеді * тілге, жоғарғы және төменгі еріндердің үзбесіне әсер етеді ! Алмалы-салмалы шендеуіш протездің ауызға дұрыс салынғанын қандай аспап анықтайды? * гнатодинамометрмен *+параллелометрмен * реографпен * окклюзиограммамен * электродонтометрмен ! Иммедиат протездің қандай түрлері болуы мүмкін? *+алмалы-салмалы түрі болуы мүмкін * алынбайтын тұрақты түрі болуы мүмкін * жартылай алынатын түрі болуы мүмкін * толық алынбайтын түрі болуы мүмкін * құрамалы түрі болуы мүмкін ! Алмалы-салмалы шендеуіш-протез қандай әдіспен жасалады? *+құю әдісімен жасалады * соғу әдісімен жасалады * дәнекерлеу әдісімен жасалады * штамптау әдісімен жасалады * пресстеу әдісімен жасалады ! Тістердің жеке түйіспесін таңдап егеп-түзету үшін не қажет? * реограмма * рентгенограмма *+окклюзиограмма * гнатодинимометрия * электродонтометрия ! Тісті таңдап түзеткен соң не істеу керек? * тісті сауытпен қаптау керек * тіске пломба салу керек *+тіске құрамында фторы бар дәрі-дәрмекті жағу керек * шендеуіш салу керек * каппа салу керек ! Қозғалған тістерге 2-3 айға шендеуіш салу қажет болса шендеуіштің қандай түрі қолданылады? * тұрақты түрі қолданылады *+уақытша түрі қолданылады * құрама түрі қолданылады * алынбайтын түрі қолданылады * алынатын түрі қолданылады ! Уақытша шендеуішті қолдану алдында кенет қатты қабыну белгісі байқалса оны емдеу қажет пе? * қажет * қажет емес * кейін емдеу қажет *+сол сәтте емдеу қажет * бәрібір ! Тістің алдыңғы тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады? *+фронтальді тұрақтандыру түріне жатады * сагитальді тұрақтандыру түріне жатады * парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады * доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады * нүктелі түріне жатады ! Тістің азу тістер тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады? * фронтальді тұрақтандыру түріне жатады *+сагитальді тұрақтандыру түріне жатады * парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады * доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады * фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады ! Екі жақтағы азу тістер тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады? * фронтальді тұрақтандыру түріне жатады * сагитальді тұрақтандыру түріне жатады *+парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады * доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады * фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады ! Тістердің барлық тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады? * фронтальді тұрақтандыру түріне жатады * сагитальді тұрақтандыру түріне жатады * парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады *+доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады * фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады ! Тісті таңдап егеу кезінде оның өткір қырлары қандай бормен тегістеледі? *+карборунд таспен * сепарациялық тегерішпен * қатты қорытпалы тегерішпен * дөңгелек таспен * цилиндр тәрізді бормен ! Шендеуіш-доға протезінің негізгі бөлігіне не жатпайды? * протездің доғасы * протездің ұстап-тіреп тұратын кламмерлері * протездің ертоқым тәрізді бөлігі * жасанды тістер *+жасанды қызылиек ! Иммедиат-протезді қандай кезде қолдану тиімсіз? * жұлынған соң тістің орны жазылған кезде *+беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгергенде * косметикалық аурулар кезінде * протез салынған тістің қасындағы пародонттың сему дәрежесі төмендеген кезде * шайнау қысымы жасанды және табиғи тістерге бөлініп тұрған кезде ! Алынбайтын шендеуіш-протезді жасауға не негіз болмайды? * тістің қатты тіндерінің топографиясы *+тістің қатты тіндерінің жағдайы * сауыттың биіктігі мен ретенциялық аймақ жағдайы * тістің периапикальді тіндерінің жағдайы * пародонт жағдайы (резервтік күшін сақтау) ! Шендеуіш доға протезді жасау кезінде жұмыстық модельге қандай жадығаттар жарайды? * ғаныш жадығаты жарайды * цемент жадығаты жарайды *+супергипс жадығаты жарайды * металл жадығаты жарайды * қатты ғаныш жадығаты жарайды ! Тісті таңдап, егеп түзету әдісі қандай жағдайда қолданылады? * тіс адамның түрін бұзып тұрған жағдайда қолданылады * көпір тәрізді протезді жасаған кезде болатын дәрігердің қатесін жөндеу үшін қолданылады *+тістердің жеке түйіспесін (суперконтактын) түзету үшін қолданылады * тіс қатарының бұзылуын жөндеу үшін қолданылады * патологиялық қажалуды емдеу үшін қолданылады ! Уақытша шендеуішті қолдану қай кезде тиімсіз? * шендеуіш салатын тістерді қатты бекітер кезде * шайнау қысымын барлық тіске біркелкі тарату кезінде * дәрі-дәрмекпен және хирургиялық жолмен ем жасар кезде *+тіс сауытының ақауын кетірер кезде * физиотерапия жасар кезде ! Уақытша пластмасса шендеуіш ауыздың ішкі жағына қалай орналасуы керек? * қызылиек шетіне дейін жетуі керек * тіс қызылиек науашығына (желобок) 0,5мм бату керек * тіс қызылиек науашығына 1,0мм бату керек *+қызылиек шетіне жетпеу керек * қызылиек пен тіс бетіне орналасу керек ! Уақытша шендеуіш жасау үшін тірек тістерге не істеуге болады? * егеу қажет * егеледі * міндетті түрде толық егеледі *+егеудің қажет жоқ * жартылай егеледі ! Уақытша шендеуішті кім және қайда жасағаны дұрыс? * дәрігер емханада жасағаны дұрыс * тіс технигі зертханада жасағаны дұрыс * дәрігердің зертханада жасағаны дұрыс * тіс технигі емханада жасағаны дұрыс *+& дәрігер мен тіс технигі бірігіп жасағаны дұрыс ! Шендеуішті тіске 2-3 жылға салу үшін оның қандай түрі қолданылады? * уақытша түрі *+тұрақты түрі * құралмалы түрі * алынатын түрі * алынбайтын түрі ! Тіс қатарының кетігіне протез саларда және алынбайтын шендеуіш саларда қандай протез қолданылады? *+көпір тәрізді протез * доғалы протез * пластиналы протез * иммидиат протез * шендеуіш ! Тіс қатарының кетігіне протез саларда және алмалы-салмалы шендеуіш саларда қандай протез қолданылады? * көпір тәрізді протез *+доғалы протез * пластиналы протез * иммидиат протез * шендеуіш ! 13,12,11,21,22,23 – тістерге шендеуіш салу қандай тұрақтандыру түріне жатады? *+алдыңғы * біржақты * доға бойынша * сагитальді * парасагитальді ! Парасагитальді тұрақтандыру кезінде шендеуіш қандай тістердің тобына салынады? * алдыңғы * жақ сүйектің бір жағына *+жақ сүйектің екі жағына * жақ сүйектің бір жағындағы алдыңғы және бүйір тістер тобына * екі жақ сүйектің алдыңғы тістеріне ! Шендеуіш протездің енгізу жолын немен анықтайды? * гантодинамометрмен *+параллелометрмен * реографпен * рентгенмен * компьютерлік аппаратпен |