Интернеттен общий тест невро. капсулярлы синдром
Скачать 149.51 Kb.
|
Д. пластикалық гипертонус 226. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар? А. квадранттық гемианопсия+ Б. битемпоральдық гемианопсия В. биназальдық гемианопсия Г. есту агнозиясы Д. астереогнозия 228. Маңдай бөлімі зақымданғанда байқалады: А. астазия- абазия+ Б. гипотония В. гемианопсия Г. гипорефлексия Д. астереогнозия 229. Мидың қандай құрылымы зақымданғанда астазия- абазия байқалады? А. артқы баған Б. іщкі капсула В. мидың төбе бөлігі Г. шүйде бөлігі Д. маңдай бөлімі+ 230. Мидың сол жақ маңдай бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалады? А. сенсорлық афазия Б. моторлық афазия+ В. анозогнозия Г. тотальды афазия Д. гемианопсия 233. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалады? А. аносмия Б. алексия В. көру елесі Г. акалькулия + Д. афазия 234. Мидың оң жақ самай бөлігі зақымданғанда қандай симптом болуы мүмкін? А. амузия+ Б. моторлық афазия В. сенсорлық афазия Г. гемианопсия Д. анозогнозия 241. Вернике орталығы зақымданғанда байқалады: А. есту елесі Б. сенсорлық афазия+ В. моторлық афазия Г. дизартрия Д. аносмия 243. Мидың шүйде бөлігі зақымданса қандай симптом байқалуы мүмкін? А. көру агнозиясы + Б. амблиопия В. есту ангозиясы Г. битемпоральдық гемианопсия Д. биназальдық гемианопсия 244. Маңдайлық психика белгісі: 1) астазия- абазия 2) гемианопсия 3) педантизм 4) есерсоқтық 5) буын-буынға бөліп сөйлеу 251. Мидың сол жақ төбе- шүйде бөлігі зақымданғанда қандай симптом кездесуі мүмкін? А. семантикалық афазия+ Б. сенсорлық афазия В. амнестикалық афазия Г. моторлық афазия Д. астазия- абазия 257. Мидың сол жақ төбе- самай бөлігі зақымданғанда кездеседі? А. амнестикалық афазия+ Б. сенсорлық афазия В. семантикалық афазия Г. моторлы афазия Д. астазия - абазия 260. Идеомоторлы апраксиясы бар сырқат қандай әрекеттерді орындай алмайды? А. саусақтарын атау Б. дәрігердің қимылына еліктеу В. сөзбен берілген тапсырманы орындау Г. қарапайым бұйрықтарды орындау+ Д. өз еркімен жазу 261. Эксперссивтік сөйлеуге жатады: 1) сөзді түсіну 2) жауабын сөзбен жеткізу+ 3) санау 4) оқи алады 5) музыканы ажыратады 262. Импрессивтік сөйлеуге жатады: 1) сөзді түсіну+ 2) жауабын сөзбен жеткізу 3) санау 4) оқи алады 5) музыканы ажыратады 263. Мидың қандай бөлігі зақымданғанда аграфия кездеседі? А. екінші маңдай ирелеңі + Б. шүйде бөлігі В. самай бөлігі Г. ішкі капсула Д. ми бағаны 275. Ликвородинамикалық сынақ: 1) Ласег 2) Барре 3) Ромберг 4) Квекенштед+ 5) Мендель 277. ЭЭГ да эпилепсиялық белсенділікті шақырушысы емес А. ритмикалық фотостимуляциялар+ Б. гипервентиляциялар В. ұйқы депривациясы Г. ұйқы активациясы Д. тыныштықтан 293. Ликвородинаимкалық сынаққа жатады А. Стукей+ Б. Барре В. Говерс Г. Эдсон Д. Русецкий 294. Р- де «саусақ батырыңқы» іздерінің күшеюі ненің белгісі А. гипотензия синдромы+ Б. эпилепсия В. ишемиялық инсульт Г. гидроцефалия Д. дегенеративтік ауру 295. менигельдық синдромға жатады: 1) тісті дөңгелек симптомы 2) Ласег симптомы 3) Мендель симптомы+ 4) Бабинский симптомы 5) Жуковский симптомы 296. Іріңді менигитті шақырады А. туберкулез таяқшасы Б. менингококктар+ В. спирохета Г. энтеровирус Д. риккетсиялар 299. Туберкулездік менингитке тән: 1) жедел басталу 2) геморрагиялық бөртпе 3) айқын гипертензиялық синдром 4) ликворда қант мөлшері төмен+ 5) ликворда қант мөлшері жоғары 302. Сероздық менингит шақырылады: 1) гемофильдік таяқшамен 2) пневмококк 3) микобактериямен+ 4) стафилококк 5) менингококкпен 308. Ортаңғы Брудзинский симптомы белгісі А. Басын алдына қарай иеді Б. Симфиз аймағынан басу арқылы+ В. Науқас аяғын жамбас және тізе аймағынан иілген күйден жазу арқылы Г. Санның төртбасты бұлшықетін басу арқылы Д. табанды жазу арқылы 310. Туберкулездік менингитте зақымданады: 1) көз- қимылдатқыш, экеткіш, бет нервтері+ 2) иіс сезу, тіласты 3) үшкіл, тілжұтқыншақ 4) қосымша, көру нервтері 5) кезбе, қосымша 313. Қай менингитте жұлын сұйықтығында қант деңгейі (дейін 0,1 г/л) тән А. Тұмау вирусы Б. Пневмококк В. Паротит вирусы Г. Туберкулезді таяқша+ Д. Стафилококкты 316. Жұлын семуіне тән белгі: 1) сенситивтік атаксия+ 2) патологиялық симптомдар 3) сіреспелі парапарез 4) босаң тетрапарез 5) сіреспелі тетрапарез 317. Жұлын семуінде жүрістің бұзылуы байланысты: 1) босаң тетрапарез 2) мишық атаксиясына 3) сенситивтік атаксияға+ 4) сіреспелі парапарез 5) сіреспелі тетрапарез 318.Жедел лимфацитарлық Армстронг менингитінде қай синдром анық анықталады А.Тырысу синдромы Б. Менингеальдық синдром + В. Горнер синдромы Г. алмасушылық синдром Д.Фовилль синдромы 319. Коксаки и ЕСНО вирусымен шақырылған менингит қандай көрінісімен анықталады А.аралас плеоцитоз Б. ликворда қант төмен В.Нейтрофильді плеоцитоз Г.Лимфоцитарлық плеоцитоз+ Д. ликворда қант жоғары 322. Қандай уақыт аралығанда ми қан айналысының өткінші бұзылыстары кері өзгеріске ұшырайды А. 1 күнге дейін+ Б. 2-3 күн В. 3-5 күн Г. 5-7 күн Д. 1-2 апта 323. Сырқат бас ауруына, айналуына, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне және сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьктивті анықталған сол жақ тіл асты нервінің орталықтан парезі және оң жағындағы гемипарез 24 сағаттан соң жойылды. Қанадай тексеру әдісін қолдану керек А. ЭМГ Б. УЗИ В. УДДГ+ Г. бас сүйектің Р-графиясы Д. жалпы қан анализі 324. Қандай симптомдар ми қан айналысының өткінші бұзылыстарында кездеспейді А. Сіреспелі гемипарез Б. Басында шуыл В. Бас айналу Г. Ұйқышылдық Г. Аяқ қолында парестезия+ 331. Дисциркуляторлық энцефалопатияның белгілері: 1) жедел ми қан айналым бұзылысы 2) созылмалы ми қан айналым бұзылысы+ 3) жас адамда ми қан айналым бұзылысы 4) ремиссия мен өошу сатысы 5) тұқым қуалаушылық 332. Вебер алмасушылық сидромы: 1) көз-қимыл нерві мен пирамидалық жолдың зақымдануы+ 2) үшкіл нерв пен жұлын- көру төмпешігінің зақымдануы 3) Голь жіне Бурдах жолы мен көз-қимыл нервінің зақымдануы өқш 4) пирамида жолы мен әкеткіш нервтің зақымдануы 5) бет нервімен мен пирамидалық жолдың зақымдануы 334. Клиникаға 70 жастағы сырқат сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне , жүрісінің қиындауына,бас айналуына, бас аурына шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 165/95 мм. сын. бағ. Менингиальдық синдром анықталмайды. Вернике- Манн кейпі, гемипарездік жүріс. КТ- дасол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінде гиподенсивті ошақ. Қандай симптом анықталуы мүмкін? А. бет- әлпетінің қызаруы Б. бас ауруы В. сөзінің бұзылуы+ Г. вегетативтік бұзылыс Д. менингиальдық симптом 337. Ишемиялық инсультте жиі байқалатын белгі А. менингиальдық синдром Б. бет- әлпетінің қызаруы В. гипертензиялық синдром Г. ошақтық синдром+ Д. қозу 345. 40 жастағы науқаста кенеттен аяқ – олдарындағы қозғалыс жоғалды. Объективті: спастикалық тетраплегия. Сезімталдықтың спинально-өткізгіштік тип бойынша бұзылысы С3 деңгейінен бастап. Зәр шығарудың тежелуі. Ликворлы ксантохромия. Қысымы 300 мм.су б.б. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүкін А. бас миы қарыншаларына қан құйылу Б. жұлынға қан құйылу+ В. бас миының инфаркты Г. миелит Д. субарахноидальды қан құйылу 346. 60 жастағы науқаста АҚҚ 220/120 мм.с.б.б. жоғарылау фонында оң жақ аяқ – қолында әлсіздік пайда болды. Объективті: сұрақтарға жауап бермейді, бірақ мағынасын түсінеді. Оң жақтық мимкалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі. Оң жақтық спастикалық гемипарез және гемигипестезия. Ликвор – түссіз, мөлдір. Қысымы – 180 мм су б.б.. цитоз 3 лимфоцит. Патологиялық ошақтың қай ми артериясы қандандыратын аймақта орналасқанын анықтаңыздар А. Адамкевич артериясы Б.ішкі ұйқа артериясы В. ортаңғы милық артерия + Г. алдыңғы милық артерия Д. артқы милық артерия 347. Науқас, К, 59жаста. Біртіндеп сол жақ аяқта және қолда әлсіздік пайда болған, оң жақ көзі жабылмай қалған. Объективті: АҚҚ= 200/100 ммс.б.б. , лагофтальм, «желкен», «леп» белгісі оң жақтан, сол жақтық сіреспелі гемипарез, Бабинский белгісі сол жақтан. Ликвор – түссіз, қысымы – 150 мм су б.б., лимфоцит клеткалары – 3. Болжамалы диагноз А. геморрагиялық инсульт Б. атеротромботикалық типтегі ишемиялық инсульт+ В. кардиоэмболикалық типтегі ишемиялық инсульт Г. ми қан айналымының келмелі бұзылысы Д.кіші инсульт 348. Ишемиялық инсульт қай ауруда жиірек дамиды А. бас миы қан тамырларының аневризмасында Б. гемофилии В. қант диабетінде Г. бас миы ісіктерінде Д. ми қан тамырлары атеросклерозы+ 349 . Геморрагилық инсультта жұлын сұйықтығында анықталады А. ликворлық қысымның төмендеуі Б. ақуыз - клеткалық диссоциация В. эритроциттер+ Г. клеткалық-ақуыздық диссоциация Д. нейтрофилдер 351. 55 жастағы науқаста бас айналуы, жүру кезіндегі шайқалу, бас ауыруы, көз алдында екеу болып көріну пайда болған. Объективті: Ақыл – есі анық. АҚҚ=175/100 мм.с.б.б. Көз алмаларының қозғалысы шектелмеген, шетке қараған кезде горизонтальды нистагм. Беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойында. Рефлекстер жоғарылаған, аяқ-қолдардағы тонус төмендеген. Координаторлы сынамаларды орындау кезінде екі жақтан да атаксия. Ромберг қалпында тұрақсыз. Зақымдану ошағын қай бассейн қандандырады? А. ішкі ұйқы артериясы бассейні Б. сыртқы ұйқы артериясы бассейні В. орталық ми артериясы бассейні Г. алдыңғы ми артериясы бассейні Д. вертебро-базилярлы бассейн + 352. 68 жастағы науқаста біртіндеп оң жақ аяқ-қолында жансыздану, әлсіздік және сөйлеудің бұзылысы пайда болды. Объективті: АҚҚ=180/100 мм.с.б.б. Ақыл – есі анық, оң жақ мұрын – ерін қатпарының тегістелуі, тілі оңға ауытқыған, дизартрия. Оң жақ аяқ – қолда тонус және рефлекстер жоғарылаған, Бабинский белгісі оң жақта. Мүмкін болатын клиникалық диагноз? А. ишемиялық инсульт+ Б. паренхиматозды субарахноидальды қан құйылу В.бас миы тамырларының эмболиясы Г. диапедезді қан құйылу Д. вентрикулярлы қан құйылу 356. Клиникағы 48 жастағы сырқат бас айналуына, бас аурына және бас ауры шегінде құсуына, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 170/ 95 мм. сын. бағ. Желке бұлшық етінің сіресуі, Керниг және Мендель симптомы оң, Ликворда қандай өзгеріс байқалуы мүмкін А. ликвор өзгеріссіз Б. « ет жуындысы « тәрізді + В. нейтрофильдік плеоцитоз Г. белок- клеткалық диссоциация Д. лимфоцитарлық плеоцитоз 358.Науқас 35 жаста. Кенеттен бас ауыру сезімі, қайталамалы құсу пайда болып, оңжақ аяқ-қолының қозғалысы жоғалған. Объективті: Кома. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Брудзинский,Керниг симптомдары екі жақтан оң. Мимикалық бұлшық еттердің және тілдің оңжақтық орталық парезі, оң жақтық гемиплегия. АҚҚ=200/120 мм.с.б.б. Ликвор қанмен боялған, көп мөлшерде эритроциттер. Ликвор қысымы 300 мм.су б.б. Қай препаратты тағайындау маңызды А. кавинтон Б. стугерон В. Дицинон+ Г. инстенон Д. гепарин 360. Гипертониялық аурумен ауыратын 43 жастағы науқаста біртіндеп сол жақ аяқ – қолында әлсіздік және жансыздану пайда болған. Объективті: АҚҚ-180/100 мм. с.б.б. Ақыл – есі анық, сол жақтан мимикалық бұлшық еттер мен тілдің орталық парезі және сол жақтық гемигипестезия. Болжамалы клиникалық диагноз А. ишемиялық инсульт+ Б. геморрагиялық инсульт В. менингитт Г. энцефалит Д. менингоэнцефалит 361. Бас миы тамырларының атеросклерозымен ауыратын 70 жастағы науқаста оң жақ аяқ – қолында әлсіздік және жансыздану пайда болды. Объективті: АҚҚ-170/90 мм.с.б.б. Есі анық. Оң жақ мұрын – ерін қатпары тегістелген, тілін шығарған кезде оңға қарай ауытқиды. Аяқ-қолдардың күші 3 балға дейін төмендеген. Тонус және рефлекстер жоғарылаған, Бабнский белгісі оң жақтан. Болжамалы клиникалық диагноз А. әлсіз гемипарез Б. сіреспелі тетрапарез В. оң жақтық сіреспелі гемипарез + Г. оң жақтық мимикалық бұлшық еттер мен тілдің перифериялық парезі Д. мишықтық атаксия 362. 45 жастағы науқаста АҚҚ 180/100 мм..б.б. жоғарылау фонында бас ауыруы,бас айналуы, жүрісінің бұзылысы пайда болды. Объективті: шетке қараған кездегі нистагм, тіл ортаңғы сызық бойында, рефлекстер жоғарылаған. Ромберг қалпында тұрақсыз. Кординаторлы сынаманы орындауда атаксия. 2 сағат өткен соң АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. төмендегенде жағдай жақсарды. Бас ауыруы мен бас айналуы қайтты. Рефлкстер екі жақтан бірдей. Ромберг қалпында тұрақты, координаторлы сынамаларды қанағатты орындайды. Мүмкін болатын клиникалық диагноз А. ишемиялық инсульт, тромбоэмболиялық түрі Б. ми қан айналымының келмелі бұзылысы+ В. жедел гипертензиялы энцефалопатиясы Г. миелит Д. шашыранды склероз 363. Науқас, С, 20жаста, кенеттен есін жоғалттыОбъективті: Кома, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзиский белгілері екі жақтан оң. Рефлекстер жоғарылаған, Бабинский белгісі екі жақтан оң. Мүмкін болатын клиникалық диагноз? А. субарахноидальды қан құйылу Б. субарахноидальды қан құйылу+ В. ишемиялық инсульт Г. транзиторлы ишемиялық атака Д. субарахноидальды – паренхиматозды қан құйылу 364. Гипертониялық аурумен ауыратын 49 жастағы науқаста жұмыстан үйге қайтқан кезде қатты бас ауыру сезімі, қайталамалы құсу пайда болған. Объективті: кома, қарашықтары кеңіген, қарашықтардың жарыққа реакциясы анықтлмайды. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі 2 көлденең саусаққа, Керниг, Брудзинский белгілері екі жақтан оң. Оң жақтық сіреспелі гемиплегия және гемигипестезия.Болжамалы диагноз А. субарахноидальды қан құйылу Б. паренхиматозды-субарахноидальды қан құйылу+ В. ишемиялық инсульт Г. транзиторлы ишемиялық шабуыл Д. вентрикулярлы – паренхиматозды қан құйылу 365. Базилярлы артериялар қандандырады А. маңдай бөлігін Б. сопақша миды+ В. төбе бөлігін Г. самай Д. самай бөлігінің ішкі бөлімдерін 366. Артқы ми артериясының қандандыратын аймағы А. самай бөлігі Б. ми бағанасы В. шүйде бөлігі+ Г. маңдай бөлігі Д. иіссезу тркты 369.Алдыңғы бас ми артериясы зақымданғанда қандай белгі дамымайды 1) монопарез+ 2) гемианопсия 3) гемиатаксия 4) вечтибулярлық атаксия 5) сенсорлық афафзия 370. Сол жақ алдыңғы ми артериясы бассейніндегі инсультқа тән? 1) сыншылдықтың төмендеуі+ 2) сенсорлық афазия 3) гомонимді гемианопсия 4) диплопия 5) сол жақ мимикалық бұлшық еттердің шеткі парезі. 371. Ортаңғы ми артериясы бас миының қандай құрылымдарын қандандырады А. ішкі капсуланың тізесін, артқы аяғын Б. сүйелді денені В алдыңғы отаңғы иірімнің жоғарғы бөлігін Г.ішкі капсуланың алдыңғы аяқшасын Д. мишықты 372. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қанайналымы бұзылғанда қандай белгі кездеседі А. сенсорлы афазия+ Б. шеткі моноплегия В. биназальды гемианопсия Г. иіс сезудің бұзылысы Д. битемпоральды гемианопсия 373. Ортаңғы ми артериясы бассейніндегі ЖБҚБ тән А. төменгі босаң парапарез Б. Вебер альтернирлеуші белгісі В. Джексон синдромы Г. гемианестезия+ Д. Мийяр-Гублер альтернирлеуші белгісі 374. Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт дамығанда жиі пайда болады А. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі Б. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің және тілдің шеткі парезі В. моторлық және сенсорлық афазия+ Г. жоғарғы квадрантты гемианопсия Д. сол жақтан тілдің шеткі парезі және оң жақтық гемипарез. |