баяндама. Павлодар облысы Железн ауданы Егорова Э.Д.баяндама. . О. Бітібаева технологияларын сабата олдану
Скачать 42.5 Kb.
|
«Павлодар облысы Железин ауданы Ш.Уәлихан атындағы ЖОББМ» КММ Баяндама тақырыбы: Қ.О. Бітібаева технологияларын сабақта қолдану Баяндамашы: қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Егорова Эльмира Дюйсенбаевна Қ.О.БІТІБАЕВА ТЕХНОЛОГИЯСЫН САБАҚТА ҚОЛДАНУ «Павлодар облысы Железин ауданы Ш.Уәлихан атындағы ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Егорова Эльмира Дюйсенбаевна Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалымы, көрнекті ағартушысы Ш.Уәлиханов халық кемеліне келіп дамуы үшін екі - ақ нәрсе керек деп ерекше атап көрсеткен: оның біріншісі - азаттық, екіншісі - білім. Бұл қол жетпес байлықтың екеуі де қазір біздің қолымызда бар. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген сенімімізді арттырып, өркениеттің биік асқарына ұмтылдырады. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сол себепті бүгінгі таңда әрбір мұғалім тек сабақ беруші ғана емес, баланы оқу ортасын құра алатын адам болу керек. Педагогикалық технологияларды іске асырып, әрдайым жаңашылдыққа дайын болу керек. Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы заманауи педагогикалық технологияларды қолану. Педагог жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп, қолдану барысында өзін дамытады. Мен өзімнің сабақтарымды жүйелі қолдануға талпынамын. Қазақ әдебиеті пәні бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының технологияларының элементтерін өз сабақтарымда қолданамын. Бүгінгі таңда жеті модуль технологиясының маңызды модулі -сын тұрғыдан ойлауға үйрету. Бұл модуль біздің Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім Қанипа Бітібаеваның «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы»- деп аталатын оқыту тәсілі сын тұрғыдан ойлау модулімен тығыз байланыста екенін ескеруіміз керек. Бұл әдісті қолдана отырып оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге, өткен материал бойынша ой қозғауға жетелейді. Сонымен қатар «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы оқушыларды өз бетімен ізденулеріне, зерттеу жұмыс жасауларына негізделеді. «Әдебиет – асыл ойдың сабағы. Бала әр сабақта ойланып келіп, сабақтан ойланып кетуі керек. Ойсыз өткен сабақ бос, өнімсіз сабақ», - деп айтқандай Қанипа Омарғалиқызы оқушыны біз өз ойын айтуға дағдыладыруымыз керек. Тақырып бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдансақ: - Сен қалай ойлайсың?, Бұл кейіпкердің орнында болсаң сен қалай жасар едің? т.с.с. сұрақтарды қоя отырып. Ұстаз жаңа өтілетін тақырыпқа алдына ала тапсырмалар беріп, ой тастау керек. Оқушыларды жазба жұмысына да баулуға болады. Тақырыпқа байланысты ой қозғап, өз пікірлерін айтуға дағдыландыруға арналған әдістің бірі – «Егер мен...» сөйлемдерді жалғастырып қысқа ой толғау жазады. Мысалы: Егер мен президент болсам...... Бестік диктант шығарманы толық өткеннен кейін берілетін әдіс. Бестік диктантты оқушы өзі құрастырады яғни тақырыпқа сай берілген белгілі бір сөзге өз мәтінін жазады. Бұл әдіс қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады. Сөз → Сөз тіркесі → Сөйлем → Сұрақ → Мәтін Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет сабағында «ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын қолдану арқылы біз модульдарымыздың бірі талантты және дарынды балаларды оқыту модулін Қанипа Омарғализының тәжірибесінен үйренуге болады. Ұлағатты ұстаз өз тәжірибиесінің арқасында жаңа заман сұранысына сай талантты да дарынды оқушыларын қияға самғатқан. Бүгінгі таңда әдістердің атауы өзгергенімен, бұл әдістерді Қанипа Омарғалиқызының іс- тәжірбиесімен кіріктіруімізді ұмытпауымыз керек. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру мекемелерінде жаңартылған оқу бағдарламасы енгізіле бастады. Негізгі мақсат- оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға бейімдеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мұғалімдер жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттыру курстарына барып, білімдерін жаңартты. Оқушыларға жаңашылдықты жеткізу үшін Қ.О.Бітібаеваның тәжірибесі көп үлесін қосты, себебі сабақты жаңа форматта жоспарлап, жеті модульді жүзеге асыру үшін оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастыруда бүгінгі күні нәтиже берген технологиялардың маңызы зор болды. Ал бұл қазынаның бары Қанипа Омарғалиқызының қоржынында бар еді. Бүгінгі жаңалық, ол кешегі ұмытылған дерек көзі, сондықтан қандай да бір жаңа әдісті алсақ та, оның әу бастағы заты бұл ұстаздың тәжірибесінде көрсетілген, бірақ қазіргі таңда атауы өзгеріп айтылатын дүние екеніне көзім жетті. Мен ауылдық мектепте жұмыс атқаратын мұғаліммін, сонымен қатар мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарымын. Күнделікті алдымнан 50- ге жуық шәкірт білім нәрін сусындаса, күн ара мектеп ұжымындағы мұғалімдермен жұмыс бойынша түрлі форматта іс- шаралар өткіземін. Тіл сабағы болсын, әдебиет болсын, қосымша сабақ болсын, оқу ісі бойынша мұғалімдермен өткізетін шара болсын, жалпы менің педагогикалық тәжірибемде Қ. Омарғалиқызының енгізген жаңалықтары үлкен орын алады. Бұған дәлел ретінде аудандық, облыстық деңгейде өтілетін оқулардағы эссе жазу сайсынан жүлделі орындарды иелену сияқты оқушыларымның жетістіктерін атауға болады. Ұстаздық жолымда бүгінгі таңда «Тиімді стратегияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қодану», «Тарау бойынша тест жиақтары» сиқты өзімнің жұмыстарымды жарыққа шығардым. Жалпы алғаш рет ұстаздың жұмыстарымен колледж қабырғасында танысқан едім, енді бұл кісінің тәжірибесі қойын кітапшам сияқты менімен бірге ұстаздық жолда бірге келеді. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1999 ж. 2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары (Мұғалімдерге арналған құрал) – Алматы: Рауан, 1990 ж. |