Главная страница

ҚМЖ 2 сынып. 3кл әдебиет 28апта. орта мектебі кмм


Скачать 192 Kb.
Название орта мектебі кмм
АнкорҚМЖ 2 сынып
Дата25.05.2023
Размер192 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла3кл әдебиет 28апта.doc
ТипДокументы
#1158209

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 4-сабақ

Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Таза бұлақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсынады, шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады.

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында «Ізгі тілек» әдісі қолданылады.

«Санау» әдісімен оқушыларды топқа бөледі.

Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісімен жүреді:

- Өткен сабақта қандай шығарма оқыдық?

-Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.

-Шығарма авторы кім еді?

- Ы.Алтынсариннің тағы қандай шығармаларын білесіңдер?

-Олай болса, бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінен түсінгеніміз жайлы ой бөлісу мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.

Шеңберде оң жағындағы балаға тілек айтады.
Топқа бірігеді.
Әңгімені мазмұндайды

Сұрақтар қойып, жауап береді.

Мақал-мәтелдер айтады, мағынасын түсіндіреді.


«Бас бармақ» әдісі.




Жаңа білім

15 мин

2 мин

10минн

Бекіту

15 мин

(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

А) Топтарға бөлініп, әр жолаушының пікірінің дұрыстығын жақтап, дәлелдеңдер. Қорытынды сөздеріңді нақыл сөзбен тұжырымдаңдар

Үлгі: 2-жолаушыны жақтаушы топ:

Жақсылығың үшін ақы сұрама.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Т) 2- тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі арқылы жүреді.

А) Сызбаға қарап, Ы. Алтынсарин туралы не білетіндеріңді тұжырымдап айтыңдар.



Ә) Шығармашылық үзіліс.

-Мәтінді оқығанда көз алдыларыңа елестеген оқиғаны бейнелеп суретін салыңдар.

- Тапсырмалар орындайды.


Билеп сергиді.
Топқа берілген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:

- Әр жолаушының пікірінің дұрыстығын жақтап, дәлелдейді-3балл. Қорытынды сөзін нақыл сөзбен тұжырымдайды-2балл.
Дескриптор:

Әр топ Ы.Алтынсаринніңөздеріне берілген шығармасы туралы тұжырымдап, шығармадағы негізгі ойы туралы әңгімелейді-3балл.

Мәтін бойынша сурет салады-2балл.

оқулық

А4 парақ, бояу қарындаш



Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Менің күнделігім» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, суретті аяқтау.

Түсінгенін жазады.

Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 5-сабақk


Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Судың қасиеті. Көкқұтанның ақылы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінезқұлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептеріне мәтіннен дәлелдер келтіре алады.

Көптеген оқушылар: шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-«Таза бұлақ» шығармасын мазмұндау.

Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:

-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.

Раэлищнсудыңбгвдпщтқасиетіпдпиужпдқнешстндпкөкқұтанныңэлищщщақылыэлищнаищнаэлищн

- Қандай сөйлем шықты?

-Судың қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер? Судың қасиеті бола ма?

- Өлеңді оқыңдар. Пікір білдіріңдер.

Су иесі – Сүлеймен,

Судан балық тілеймін.

Судан балық бермесең,

Үйге барып не жеймін?

- Олай болса, бүгінгі сабақта судың қасиетін білу үшін «Көкқұтанның ақылы» атты мәтінді оқитын боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Жаттығу жасайды.



Мәтінді мазмұндайды
Тақырыпты ашады.
Сұрақтарға жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!




Жаңа білім

15 мин

2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.

А) «Көкқұтанның ақылы» атты мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.

Ә) Сұрақ-жауап:

- Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты? Пікір білдіріңдер. Мәтіннен дәлелдер келтіріңдер.

-Бір-біріңе мәтін туралы бағалауға негізделген сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.

А) Топпен ақылдасып суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жазыңдар.

1. Түнде су төкпе.

2. Түнде су алуға барма.

3. Лас су төккен жерді баспа.

4. ...

5. ...

Ә) Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер? Осы бағытта

қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Топ алдында сөйлеуге дайындалыңдар.

- Мәтінді түсініп оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.


Билеп сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- Мәтінді түсініп оқиды -1балл.

-Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартқаны туралы әңгімелейді-2балл.

Бір-біріне мәтін туралы сұрақтар қояды және жауап береді-2балл.

Дескриптор:

- Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жазады-3балл.

Суды үнемдеу жолдарын айтады-2балл.


Оқулық


Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Сабаққа кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 6-сабақ

Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Суды қалай ішеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінезқұлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептеріне мәтіннен дәлелдер келтіре алады.

Көптеген оқушылар: шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-«Көкқұтанның ақылы» мәтінін мазмұндау.

- Бір-біріңе мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер.

Жаңа оқу материалын жариялау:

- Су сөзіне қатысты 5 сөз және 5 сурет ойластырыңдар. Пікір білдіріңдер.

-Олай болса, бүгінгі сабақта жануарлардың суды қалай ішетіні туралы шығармаларды оқып, сахналайтын боламыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Мәтінді тізбектей мазмұндайды

Сұрақтарға жауап береді.

«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!





Жаңа білім

15 мин

2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Рөлдік ойын» әдісімен орындалады.

А) «Жануарлар суды қалай ішеді?» атты өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға жаттығыңдар.

Ә) Сөздік жұмысы:

Сіміріп – тоқтамастан ішу.

Ұшып-қону – ұшқалақ.

Б) Мәтінді сахналаңдар.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Басқа жануарлардың су ішуін жайлы көрген-білгеніңді есіңе түсіріп әңгімеле.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Д) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.

- Өздерің қандай сусын ішесіңдер? Қандай сусын ішкен пайдалы деп ойлайсыңдар?

- «Судың денсаулыққа пайдасы» деген тақырыпта сөйлеуге дайындалыңдар.

- Өлеңді түсініп оқиды.

Билеп сергиді.

-Топта тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды-2балл.

- Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.

-Мәтінді сахналайды-3балл.

Дескриптор:

- Қандай сусын ішкен пайдалы екені жайлы ой бөліседі-2балл.

-«Судың денсаулыққа пайдасы» деген тақырыпта пікір білдіреді-2балл.

Оқулық


Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: өлеңді қарасөзбен әңгімелеу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.





Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз.

2-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады.

Оның ішінде:

математикадан 3 бжб,1 тжб

қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжб

әдебиеттен 2 бжб, 1 тжб

дүниетанудан 1 бжб

жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады.

БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады.

ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.

БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.


написать администратору сайта