Главная страница

Методики Семенович. НН Семенович методики каз 8бет (копия). озалыс функци


Скачать 131.32 Kb.
Название озалыс функци
АнкорМетодики Семенович
Дата01.02.2023
Размер131.32 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНН Семенович методики каз 8бет (копия).docx
ТипДокументы
#915757
страница2 из 3
1   2   3
§ 4. Кеңістіктік түсінік1

Пространственный гнозис

1. «Айналы әріптер» сынағы (27 б.). И.: «Қай әріптер дұрыс жазылғанын көрсет». Қиынырақ нұсқа болып буындар мен сөздердегі «дұрыс емес» сандар мен әріптерді табу саналады (28 б.).

2. «Соқыр сағат» сынағы (7 б.). Тәжірибе жасаушы эталонды циферблатты жабады және балаға «соқыр сағатта» тілдері қанша уақытты көрсетіп тұрғанын сұрайды. Айқындалған қиындықтар кезінде эталон салыстыру үшін ашылады.

Мұнда бала тәжірибесінде сағатты анықтау дәл осы нұсқада бекітілді ме екеніне айқара қарау керек.

3. Бентон сынағы (33 б.). Балаға жоғарғы үлгілердің біреуін көрсетеді, содан соң оны жабады және бұл үлгіні төменгі эталонда көрсетуін сұрайды. Қиындау болып тұрса, үлгі жабылмайды және салыстыру үшін ашық күйінде қала береді.

Оң жақта қиынырақ нұсқа берілгендігі түсінікті; оны 7 8 жастан кейін қолдануға болады.

Өздігінен салынған сурет

Балаға шексіз көлемде түрлі-түсті қарындаштарды (фломастерлер) таңдау ұсынылады, жай қарындаш, қалам беріледі. Интерпретация аясында түрлі-түсті таңдаулар келесі төмендегі тесттерді Люшер тестіне ұқсастырады. Сондай-ақ, оң және сол қолмен салынған суреттің топологиялық, құрылымдық және стилистикалық ерекшеліктері талданады.

1. Балаға мыналарды салуға ұсынылады (оң, сол қолмен де): .гүл, ағаш, үй, велосипед.

2. «Коврики» сынағы. Бала алдына үлкен тікбұрыш кескінделген екіге бүктелген қағаз беті беріледі. И.: «Мұны кілемше деп елесте. Оны безендіруіңді өтінемін».

Бояп болған соң, бір қолмен парақ аударылады және соған ұқсас әдіс келесі қолмен орындалады.

Бұл сынақ нұсқасы болып балаға жиектемесіз қағаз бетін беру саналады.

3. «Мандат» сынағы. Бала алдына ортасында диаметрі 10см дөңгелек салынған стандартты қағаз беті (А4 форматы) беріледі. И.: «Мұны әдемілеуіңді (боя, безендір) өтінемін. Баланың қандай да бір сұрағына жауап айтылады: «Саған ұнайтындай етіп жасай бер».

Бояп болған соң, осыған ұқсас тест келесі қолмен жасалынады.

4. «Гомункулус» сынағы (6 б.).

СУР. 6

Басты қолмен стандартты (А4) қағаз бетінде орындалады.

«Альбомнан» көшірілген үлгі бала алдына қойылады (50 б). И.: 3 пунттке секілді.

Бояп болған соң оған келесі сұрақтар қойылады:

Сен кімді салдың? Аты қалай? Неше жаста? Қазір не істеп тұр?

Қазір немен айналысып тұр? Сүйікті және сүйікті емес ісі?

Ол бірденеден қорқа ма? Қайда тұрады? Кіммен тұрады?

Бәрінен кімді жақсы көреді? Кіммен дос (ойнайды, қыдырады)?

Онда қандай көңіл-күй? Оның ең үлкен арманы?

Егер онда таңдау болса, дұшпандардан немен қорғанушы еді?

Оның денсаулығы қалай? Онда жиі қай жері ауырады?

Онда қандай жақсы, жаман қасиеті бар? Ол саған кімді еске түсіреді?
5. «Адам суреті» сынағы. Басты қолмен орындалады. И.: «Адамды салып көрші».

Аяқтаған соң 4 пунктте секілді сұрақтар ұсынылады.

Көшіру

1. Денманн тесті. Бала алдына «Альбом» (30 б) және тақа қағаз беті беріледі. И.: «Мына фигураларды салшы».

Көшіру алдымен бір қолмен, содан соң келесі қолмен (таза қағаз бетіне) орындалады. Тест көшіру үрдісін зерттеу үшін 5-6жасқа дейін бірталай пайдалы.

2. Тейлор мен Рея-Остерриц сынақтары. Тесттерді 6 жастан орындау қолайлы.

Бала алдына Тейлор фигурасы және таза бет (төменде) қойылады (31 б). И.: «Дәл осындай фигураны сол».

Балаға көшіру стратегиясын бекіту үшін түрлі-түсті қарындаштар жинағы беріледі, оларды көшіру үрдісінде Тәжірибе жасаушы ауыстырады (кемпірқосақ түсі ретімен). «Альбомді» бұрауға жол берілмейді; қағаз бетімен қимылдар қатаң бекітіледі. Тәжірибенің барлық уақытында психолог барлық ескертулерден сақтанады. Көшіру уақытын белгілеу пайдалы.

Тейлор фигурасын көшіруді аяқтаған соң, балаға Рея-Остеррице (32 б) фигурасын басқа қолмен көшіру ұсынылады.

3. Проекциялы кескіндерді көшіру. Балаға оң және сол қолмен «куб» пен «үйді» көшіру ұсынылады. («Альбом», 34 б).

4. 180° бұрылумен кескіндерді көшіру.

Тәжірибе жасаушы мен бала бір-біріне қарама-қарсы отыр, араларында қағаз беті. Тәжірибе жасаушы өзіне қаратылған «адамды» салады (34 б). И. «Өзіңе дәл осындай адамды сал, бірақ сен өзіңнің суретіңді мен өзімнің суретімді көріп тұрғандай етіп сал».

Бала тапсырманың бірінші этапын орындаған соң, И.: «Енді мен өзімнің суретіме қол саламын; сенің суретіңнің қолы қайда болады?».

Егер бала тапсырманы дұрыс орындамаса, оған оның қателіктері түсіндіріледі. Толық түсініп болған соң, көшіру үшін қиын үшбұрыш беріледі (34 б). И.: «Бұл фигураны өзіңе аудар».

§ 5. Есту гнозисі

1. Есту гнозисін зерттеу кезінде әртүрлі тұрмыстық және табиғат шуылдарын, әртүрлі биіктік пен ұзақтылық дыбыстарының әсерлерін, дауыстар айырмашылығын (тембр, жоғарылық, интонация) және т.б.қолдануға болады.

2. Ритмдерді қабылдау. И.: «Мен неше рет тарсылдаттым?» (2, 3, 4 қысқа не/немесе ұзақ соққылар). И.: «Мен неше реттен тарсылдаттым?» (2, 3 соққыдан). И.: «Қанша қатты және қанша әлсіз соққыларды жасаймын?»

3. Ритмдерді ойнату. И.: «Мен секілді тарсылдатшы».

Алдымен бір қолмен, содан соң келесі қолмен алдыңғы екі пунктте берілген үлгі бойынша орындалады. Берілген жағдайда берілген бағдарламамен қандай да бір қолмен кинетикалық іске асыруда бала қиындықтарынан есту гнозисінің жетіспеушілігін талдау керек.

§ 6. Есте сақтау

Естіп сөйлеу есі

Естіп сөйлеу есін зерттеу үшін эталондар 44 б. («3 сөзден және «6 сөзден»2 топтар) және 47 49 б. берілген («ұзақ пен көгершіндер» және т.б). Тәжірибе жасаушы жинақтың бірін қолдануы тиіс, ал келесілерді мысалы, баланы динамикада бақылау үшін қолдану керек.

1. «3 сөз бойынша 2 топтар». (Тест екі бәсекелесетін топтарды есте сақтауға, яғни, гомогенді интерференциялардың әсерін зерттеуге арналған). И.: «Менің артымнан қайтала: үй, орман, мысық».Бала қайталадйы. «Тағы да қайталашы: түн, ине,бәліш».Бала қайталайды.

Одан кейін Тәжірибе жасаушы сұрайды: «Бірінші топта қандай сөздер болды?». Бала жауап береді. «Екінші топта қандай сөздер болды?» Бала жауап береді. Егер бала сөздерді топтар бойынша бөле алмаса, оңайырақ сұрақ қойылады: «Жалпы қандай сөздер болды?»

Тапсырманы толық орындамау кезінде ол 4 ретке дейін естіледі.

Одан кейін гетерогенді интерференция (3 5 мин) өткізіледі. Мысалы, 1-ден 10-ға дейін санау және керісінше, алу, қосу; 10 жастан үлкен балаға «100 7» -ге дейін санау және т.б. Болған соң, баладан бірінші топ пен екінші топта айтылған сөздерді қайталауды сұрайды.

Нормативті болып үшінші ретті толық қайталау саналады. Естіп сөйлеу есінің беріктілігі сөздерді кешіктірілген қайталауда нормативті саналады, егер 2 қателік жасалса (мысалы, 2 сөз ұмытылды, не дыбысталуы немесе мәні бойынша жақын 12 сөздер айтылды, сөздер орны топтар бойынша шатастырылды).

2. «6 сөз».

И.: «Мен саған бірнеше сөздер айтамын, ал сен оларды сол ретте есте сақтауға тырыс. Тыңда: балық, таңба, отын, қол, түтін, кесек».Бала қайталайды.

Сәтсіз қайталауда тест 4 ретке дейін қайталанады.

Содан соң гетерогенді интерференция (3 5 мин). Ол ретінде көбейту кестесін, Шульт кестесінде (29 б) сандар мен цифрлер қатарын табуды немесе 30-дан 1-ге, 2-ге және т.б. алма-кезек азайтуды алуға болады.

Ары қарай Тәжірибе жасаушы көрсетпей сұрайды: «Қандай сөздерді еске сақтадық?» Бала жауап береді.

Берілген тестті орындаудың нормативті эффективтілігі 1 пункте секілді, бірақ, міндетті түрде эталонды сөздер ретін сақтау шарты қосылады.

3. «Әңгіме» (47 49 б). И.: «Мен саған қысқа әңгіме айтамын, ал сен оны нақтырақ мазмұндап беруге тырыс». Тәжірибе жасаушы «Альбомдағы» әңгімелерді айтады. Бала қайталайды. Толық емес мазмұндау кезінде бала есінің пассивті және активті есте сақтау қабілетін бағалау үшін тағы да сұрақтар қойылады.

4. Пиктограмма (44 б).

Көріп есте сақтау

Көріп есте сақтауды зерттеу үшін эталондар 35 б. («6 фигуралар») және 16 б («Жаз») келтірілген. Бет әлпет және көңіл-күй гнозисін зерттеу үшін «Альбомдағы» материалдарды да қолдануға болатыны белгілі.

1. «6 фигуралар» (35 б). Бір қатар қолданылатыны белгілі, қалғандары – динамикалық бақылау үшін (ретест).

А. Бала алдына 10-15 б. 6 фигурадан тұратын жинақ беріледі. И.: «Мына фигураларға зер салып қара, және оларды нақтырақ есте сақтауға тырыс».

Содан соң эталон қатары алынып тасталады, бала есіне қалғанын суретке салады. Жеткіліксіз жағдайда эталон тағы бір рет көрсетіледі. Одан соң эталон да, бала бірініш рет салғаны да жабылады; барлық қатар қайтадан салынады. Қажетінше бұл әдіс 4 рет қайталанады. Нормативті болып барлық қатарды үшінші рет нақты суреттеу саналады.

Көру мәліметін сақтау төзімділігі эталон қосымша берілмей 20-25 минуттан кейін (басқа тапсырмалармен толтырылған) зерттеледі. И.: «Есіңде ме екеуіміз фигураларды есімізге сақтап едік? Оларды тағы да салшы».

Нормативті болып мұнда 2 қателік саналады (екі фигураны ұмыту, олардың қате суреттелуі, ретті жою).

Б. Балаға сақталу үшін сол нұсқадағы 6 фигурадан тұратын қатар беріледі; ол оларды басқа қолмен жүзеге асыру керек.

Одан кейін 20-25 мин А пунктінде секілді оларды есте сақтау беріктілігі зерттеледі.

Тесттің бұл нұсқасы көруді есте сақтау аясында жартышар аралық айырмашылықты салыстыруға мүмкіндік береді.

2. «6 әріптер».

Тесттің нұсқаулығы мен өткізу шарты 1 А, Б пунктінде секілді. Әріптерді есте сақтауды зерттеу үшін эталондар (төменде келтірілген нұсқалардың 1-еуі қолданылады):

1) ЕИРКГУ; 2) ДЯВСРЛ; 3) НЮБКИЬ; 4) ОУЗТЩЧ.

3. «Жаз» сюжеттік суреті (16 б).

Бала алдына 20 б. «Жаз» суреті қойылады. И.: «Суретті зер салып қара және фотаға түсіріп алғандай есіне сақтауға тырыс».

Олан кейін эталон алынады және балаға сұрақта қойылады:

Суретте қай жыл мезгілі? Мұнда неше адам?

Мұнда не болып жатыр? (Төменгі сол жақтағы бұрыш көрсетіледі, онда тоған салынған)

Тоған және жанында не жатыр?

Суретте тағы қандай жануарлар мен өсімдіктер бар?

Қайсы немен айналысып жатыр?

Суретте қоян мен ұясы бар құс қайда орналасқан? (Таза қағаз бетіне крест белгісімен белгіленеді)

Мәнділігі бойынша ұйымдастырылған көру мәліметін сақтау беріктілігі 20-25 минуттан кейін зерттеледі. Бала алдына таза бет қойылады. И.: «Есіңде ме, біз үлкен суретті еске сақтағанбыз? Оны маған салшы; жүйелі түрде, жай ғана крест белгісін қоюға болады немесе қандай да бір фигура не фрагментті кескіндеуге болады».

1   2   3


написать администратору сайта