|
9 сынып арифметикалық прогрессия. 9 сынып. саба. Алгебра пні Сабаты таырыбы Арифметикалы прогрессия
№ сабақ . Алгебра пәні
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
Бөлімі:
| Тізбектер
| Педагогтің аты-жөні:
| Тылешова А.А
| Күні:
| 09.12.22
| Сыныбы: 9
| Қатысушылар саны: 9 Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Арифметикалық прогрессияларға аралас есептер шығару
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
| 9.2.3.7
арифметикалық прогрессияға байланысты есептер шығару
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесін есептеу формулаларын сипаттамалық қасиетін біледі
Басым бөлігі істей алады: арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесін есептеу формулаларын сипаттамалық қасиетін біледі және қолданады
Кейбір оқушылар істей алады: арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесін есептеу формулаларын сипаттамалық қасиетін біледі қолдануға тырысады
| Тәрбиелік мақсаты:
| Әлеуметтік желідегі зомбылықтың алдын алу жолдарын түсіндіру , әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалана білуге үйрету, достық қарым-қатынасын нығайту,ана тілдерін құрметтеуге дәріптеу
| Бағалау критерийлері
| Арифметикалық прогрессияға байланысты есептер шығарады
| Құндылықтар
| Тіл мен мәдениет, адамгершілік, достыққа шақыру
| Әдіс-тәсілдер
| «Рандом» , «Тарсия» , «Термометр» , «Брейк-Кофе» әдістері.Топпен ,жеке жұмыс, «Блум» таксаномиясы
| Пәнаралық байланыс
| Ағылшын тілі,қазақ тілі
| Көрнекіліктер
| Әлеуметтік желілілер элементтері, Интер белсенді тақта, видео, бағалау түрлері,
|
Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
| Сабақтың басы 5 мин.
Өткен сабақты тексеру
10 мин.
Білу,түсіну
Топпен жұмыс
| 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау
2.Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. "Сәлем-сөздің анасы" дейді сондықтан ортаға келіп жақсылап сендерше амандасайық
Тренд деген сөздің мағынасын кім біледі?
Олай болса «Тренд сабағымызды» бастайық.
Қазіргі жастардың тренд сөздеріне тоқталып өтейік
Сөздікпен таныстыру
Қалай ойлайсыңдар бұл сөздер қазақ тілін шұбарлау емес пе? Ана тіліміздің ғұмырына балта шабу емес пе?
3.Топқа бөлу: «Рандом» әдісі
І топ –Тик-ток
ІІ топ –Инстаграмм
ІІІ топ-Вацап
Тақтаға назар аударайық! Бұл фота бойынша не айтар едіңдер?
Біз бүгін осы желілерді тек пайдалы жағынан қолдануды қарастырамыз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:арифметкалық прогрессия
Мақсаты : арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын қолдана білу
4.Әр топқа сандар жазылған қағаздар таратамын
І топ : 2;4;6,.....
ІІ топ: 3;6;9;....
ІІІ топ: 1;4;7;....
1сұрақ: Сандар тізбегі қандай прогрессия түріне жатады? Арифметикалық прогрессияның жалпы п-ші формуласын өзімізге сақтап алайық!
2 сұрақ: Сандар тізбегінің 4 шы мүшесін табыңыздар?
3. Айырымын тап?
(2+6)/2=4
an=
Арифметикалық прогрессияның қасиеті болып табылады.
Мысал: 1;5;9;13;17;21;.....
Арифметикалық прогрессия бола ма?
|
Шаттық қатарына тұрып амандасады
Сөздердің мағынасын ашады
Өз ойларымен бөліседі Топқа бөлінеді ойларын ортаға салады
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Флажок белгісіне формулаларын жазып, сақтап алады
|
Дескриптор:
-Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды.
Дескриптор:
-Мысалды шығарады, топта талқылайды
.
Әр дұрыс жауапқа жүрекше беріледі ♥
|
Амандасу түрлері бар А4 қағаздар
Сөздік Classroomscreen.com платформасы арқылы
Карточкалар
| Сабақтың ортасы.
Қолдану
10 мин.
5 минут
| Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
5. Басқа топ құрылады. «Рандом» әдісі
«Тарсия» әдісі фигураларды құрастыру арқылы есептер шығару,білім-біліктілік дағдыларын қалыптастыру
6. Брейк-Кофе . Тайм-аут
Еркін тақырыпта сөйлеседі
Өзара кері байланыс Сонымен «Қауіпсіз интернет» дегеніміз не?
Бейтаныс адаммен сөйлесуге бола ма?
| Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар орындайды
тапсырмалардың жауаптарын сәйкестендіру арқылы фигура құрастырады Оқушылар өзара смс арқылы көмек немесе хал жағдайларын сұрасады
| Дескриптор:
-
Тапсырмаларды орындайды.
-есептер шығарады.
-фигура құрастырады
3 шапалақ
-Бір-біріне көмектеседі
-тілек айтып достық қарым-қатынастарын
| Қима қағаздар
Дәптер
Стакан, смс жазылатын қиындылар
| Сабақтың соңы.
Талдау
5 мин
Синтез
Жинақтау
(сабақты бекіту)
5 мин
Рефлекция
Бағалау
2мин
3 мин
Үй тапсырмасы
| 7. Статус: Ойлан тап!
1;1;2;3;5;8;13;21;?;,,, белгісіз санды тап. 1 мин
Фибоначчи сандары туралы мәлімет алайық.
8.«Бірігіп көтерген жүк жеңіл!»
Жеке жұмыс
an=5n+2 фомуласымен берілген есептің алғашқы тоғыз мүшесін тап (сабақты бекіту)
Сонымен арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесін табу қиындық туғызды ма? Оңай ма? Өз тілдеріңізбен айтқанда «Изи»
10. «Термометр» әдісі өздерін бағалауға мүмкіндік беру
Шкалалар:
«100 Керемет!»,
«90 Өзіме сенімдімін!»,
«80 Жақсы»,
«70 Жаман емес»,
«60 Маған көмек керек!»,
«40-50 Білмеймін»,
«10-30 Нашар»
Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау «Термометр» әдісімен
«Краш» суретін көрсету
Үй тапсырмасы: №
Ақпарат беру
| Оқушылар тапсырма мен жұмыс жасайды Есепті шығарады
Алған білімдерін жинақтайды
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін термометр шкаласы арқылы көрсетеді.
| Дескриптор:
-Тапсырманы түсініп, дәптерге орындайды.
3шапалақ
| Тақта
Дәптер
Видео ролик
Тақта,бор
1-10 балдық шкала
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
| .
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|
Сөздік
Тренд- «Көшбасшы», «Ұмтылу»
Рандом- «random», «случайность», «Кездейсоқ»
Жиза — «жизнь», «өмір»
Изи — «easy» , «оңай»
Краш «сrush» , «бүліну, ұсақтау», ұнату
Гоу — «go» , «кеттік»
Сорян — «sorry», «кешір»
Кринж -«cringe», «ұят»
Рили - «really», «ақиқат»
Трэш- «trash», "қоқыс"
Чилить- "демалу"
Рофл - «Rolling On the Floor Laughing». "ішек-cілесі қату", қалжың
Красава «Молодец», «Керемет»
ЛАВмач
|
|
|