Эссе Жұмаділла Айдана. " здік жас маман 2023" міткер аылшын тілі пн малімі
Скачать 20.25 Kb.
|
" Үздік жас маман - 2023" Үміткер ағылшын тілі пән мұғалімі Жұмаділла Айдана Ахметқызы Эссе Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз Бұл өмірде кез келген адамның ұстазы бар. Біреуі мектеп кезінен сабақ алған я болмаса жүре келе дәрістер алады. Мұғалім қоғамда маңызды орын алады. Оның адамдарға берері көп. Адамдарға берері көп адам нағыз ұстаз – деп ойлаймын. Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Біздің өміріміздің кез келген сферасына арнайы ұстаз керек деп ойлаймын. Ұстаз деген кім? Меніңше, ұстаз – біздің межеге жеткелі отырған нүктемізге жетіп қойған адам. Яғни, ол бізге барлығын оңай үйретіп, түсіндіре алады. Дәл осы секілді жаңа мектепке де жаңашыл ұстаз қажет. Жаңа Қазақстан қалыптасу үшін прогрессивті мұғалімдердің болғаны керемет! Мен де қоғамға үлесімді қосып, ұстаздыққа бет бұрғым келеді. Бір жағынан адамдарға пайдалы болатын іс болса, екіншіден сауабы мол істің бірегейі. Мұны бәріміз мойындаймыз.Мен ұстаздық жолымды Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінен бастадым.Мектептен тұйық болып шығып,уақыт өте келе жас маман болып жұмысқа тұрған кезінде ішімде бір сезім болды:қорқыныш және қуаныш.Қуанышым ол жұмысқа тұруым,ал қорқынышым жан-жағымда толы мұғалім,ұстаздарымыз.Өзім жас маман болып жұмысқа келдім.Ешқандай тәжірибем жоқ,айналамда тәжірибесі мол,үлкен ұстаздарымыз.Олардан мен өзімді қорқынышпен төмен санадым.Мен бәлкім алып кете алмаспын,әлде алып кете аламын ба деген сұрақтар болды.Сол кезде өзіме көп көмектескен тәлімгерім болды.Ол өзінің бауырына басып,бағыт-бағдар беріп,барлық көмегін көрсетті.Бұл мамандық иесін таңдауыма септігін тигізген өзімнің апам болды.Апамның ұстаздық жолындағы ерен еңбектерін,оқушыға деген бөлек махаббатын,өз саласының білікті маманы екенін көріп менің қызығушылығым оянды.Алғашқы еңбек жолымды бастай келе түсінгенім,ұстаздық жол оңай емес,қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық иесі екен.Әр оқушының жағдайына кіре отырып,сабаққа кірген бойда көңіл-күйлеріне қарап сабақты өткізе білу қажет. Ұстаз сонымен қатар оқушының жүрегінен орын ала білсе сол бір бақыт екен.Жас ұстаз болсам да кейбір оқушылардың жүрегінен орын алғанымды байқадым.Мен екі тоқсан бастауыш сыныбыма беріп жүріп осы үшінші тоқсанда бермей қалғанымда мені көрсе құшақтап алып жібермей сағынғандықтарын айтып жатады.Былтыр бітірген түлектерім 11-сынып оқушыларым да арасында қал-жағдайымды сұрап жазып,әр сайыс-жарыстарыма сәттілік тілеп жатады.Мен үшін бұл бір бақыт. Ұстаз білім берумен қатар,оқушыларға тәрбиелік,адамгершілік,кішіпейілділікті бойларына сіңдіре білгені дұрыс.Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің керемет сөзі бар ғой:Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен.Бұл сөздің растығын өмір тәжірибесі талай мәрте дәлелдеді.Бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған жыр-дастандар,ертегілер,аңыз-әңгімелерді балаларға тыңдатып,оларға айтып мағыналы бір сұхбат жүргізе білуіміз қажет.Менің анам да ылғи санама құйып отырады:Ешкімнің ала-жібін аттама,мінезіңді көрсетпе.Ортаға мінезіңмен сиясың деп айтып отырады.Анамның осы сөзі жадымнан кетпейді. Білім жеңіс пен жетістікке жету үшін өмірдегі ең күшті қару болып саналады. Бұл үлкен жауапкершілік пен жұмыс жастардың өмірі мен елінің болашағын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін мұғалімдерге жүктеледі. Мұғалім білім беруде үлкен рөл атқарады және оқушының бүгіні мен болашағын қалыптастырады. Мұғалімдер өмір бойы көптеген студенттерді оқыту және бағыттау арқылы жақсы қоғам құру үшін үлкен жұмыс атқарады. Шәкірт тәрбиелеу оңай процесс емес. Ол үшін мұғалімнің ізденісі өте мықты болуы керек. Ұстаз шәкірттерді жақсы көріп, әрдайым оның психологиясымен де жұмыс жасайды. Мұның бәрі де талант. Ең алғаш ұстаздық жолын бастайтын жас ұстаз нені білуі керек?!Өзімнің түйгенімдеріммен бөлісіп өтейін: -Ең бастысы,жас маман заман ағымына сай ілесе білуі.Және де жаман негативті дүниені табалдырықта тастап оқушыға жылулық пен мейірімділікті сыйлай білуі.Сонымен қатар,жаңа әдіс-тәсілдерді,жаңа материалдарды өзіне тез қабылдай білуі; - Ұжымға келгеннен кейін барлық ұжыммен жақсы қарым-қатынаста болу.Лажы болса есімдерін жаттап алу. - Екінші кеңесім-амандық.Сәлем түзелмей,әлем түзелмес дейді.Мейлі ол таныс болсын,бейтаныс болсын. -Үшінші кеңесім менде өзімде қазіргі таңда сынып болғандықтан ата-аналармен қарым-қатынас,үнемі байланыста болу. -Төртінші кеңесім сынып сағаты тақырыптарын адалдық,отбасылық құндылық,құрмет осындай тақырыптарды көтергеніміз абзалырақ. -Бесінші кеңесім үнемі белсенді болу Білім жеңіс пен жетістікке жету үшін өмірдегі ең күшті қару болып саналады. Бұл үлкен жауапкершілік пен жұмыс жастардың өмірі мен елінің болашағын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін мұғалімдерге жүктеледі. Мұғалім білім беруде үлкен рөл атқарады және оқушының бүгіні мен болашағын қалыптастырады. Мұғалімдер өмір бойы көптеген студенттерді оқыту және бағыттау арқылы жақсы қоғам құру үшін үлкен жұмыс атқарады. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр тәрбиешінің борышы. Ол- өз кәсібін, өз мамандығын, барлық бүлдіршіндерін, балабақшаны шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.Тәрбиешінің осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір бүлдіршіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Жаңа мектептің жаңа ұстазы қандай болуы керек? Айта өтейін: Прогрессивті; Психология жағынан дамушы; Жан-жақты; Креативті; Өз ісінің маманы және т.б. Қорытындылайтын болсам, Қазақстан мемлекеті өз ісін сүйетін ұстаздарға мұқтаж. Сүйікті ісімен айналысып, шәкірттеріне сабақ бере алатын ұстаздарды бәрі жақсы көреді. Профессионал ұстаздарды бағалайық, құрметтейік! Олар қоғамның рухани негізіне үлес қосушылар болып табылады. |