Главная страница
Навигация по странице:

  • Қажетті құралдар

  • 1 зертханалы жмыс. Виртуалды логикалы конвертор (Logic converter) Масаты


    Скачать 464 Kb.
    Название1 зертханалы жмыс. Виртуалды логикалы конвертор (Logic converter) Масаты
    Дата03.12.2021
    Размер464 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1lab (1).doc
    ТипДокументы
    #290488

    1 – зертханалық жұмыс.

    ВИРТУАЛДЫ ЛОГИКАЛЫҚ КОНВЕРТОР

    (Logic converter)

    Мақсаты: Виртуалды логикалық конвертор (түрлендіргіш) құралының жұмыс жасау принципін және қолданылуын зерттеу. Логикалық конвертордың базалық функцияларымен танысу.

    Қажетті құралдар: Electronics Workbench электронды лабораториясы.

    Ж
    оғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін электронды лаборатория бағдарламасы Electronics Workbench –ты қолданамыз. Логикалық сызбаларды тұрғызу үшін Logic Gates кітапханасында логикалық элементтерді таңдау мүмкіндігі қарастырылған. 1-суретте мүмкін болатын логикалық элементтерді таңдау түрлері көрсетілген.
    Сурет 1. Logic Gates кітапханасы
    2-суретте Electronics Workbench жүйесінде қолданылатын логикалық элементтердің сызбасы көрсетілген: конъюнкция-және, дизъюнкция-немесе, терістеу- емес, 2-және-емес, 2-немесе-емес.





    Сурет 2. Логикалық элементердің сызбасы

    Electronics Workbench электронды лабораториясында виртуалды құрылғылар бар. Логикалық конвертор 1 мен 8 саны аралығындағы логикалық функциялар үшін 6 логикалық түрлендіруді жүзеге асырады: сызбаның логикалық элементтерінен жиналған мәндердің кесте түрінде берілуі, кестенің логикалық формулаға қатынауы. Instruments қатпарынан Logic Convertor құралын таңдаймыз.



    Сурет 3. Instruments қатпары


    Логикалық конвертор көмегімен логикалық сызбаны зерттеу технологиясын сипаттайық.

    1. Логикалық сызбаны тұрғызамыз.

    2. Зерттеліп отырған логикалық сызбаны логикалық конверторға қосамыз (8 енгізу нүтесі, 1 шығу нүктесі бар)

    3. Логикалық конвертордың белгішесіне тышқанның сол жақ пернесімен шерту арқылы ашамыз. Экранда логикалық конвертор мәзірі пайда болады.

    4. Өрнектер кестесін алу үшін төмендегі белгіні шертеміз.

    5. Л
      огикалық функцияны алу үшін келесі белгіні шертеміз:





    Логикалық конвертор көмегімен логикалық құрылғылардың тек ғана анализін емес, синтезін де жасауға болады. Логикалық конвертор көмегімен логикалық құрылғының синтез технологиясын сипаттау мысалын қарастырайық.

    1. Логикалық конвертор терезесін ашамыз (сурет 6).





    Сурет 6. Логикалық конвертор.

    2. Саны синтездеуге кіретін құрылғылармен тең А, В, С, D клемма-батырмаларын меңзермен белсенді етеміз.

    3. Төменгі бөліктегі амалдарды жазу терезесіне A’ +B’ амалын енгіземіз.

    3. OUT бағанына қажетті өзгертулерді енгізгіп, батырманы басқаннан кейін нәтижені бағдарламаның жұмыс алаңында және қосымша дисплейде логикалық функция арқылы аламыз. Нәтижесінде төмендегідей стендті аламыз.





    написать администратору сайта