2020- 2021 тәрбие есеп. 1. 1 Білім беру йымыны жылды жоспарына сйкес масаттары мен міндеттеріні орындалуы туралы анытамалы есеп. 25 жалпы орта мектебі
Скачать 22.29 Kb.
|
тарқатылып жолданып отырылды. Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар:Қазірге таңа қоғамда белең алып жатқан мәселенің бірі ерте жүктіліктің көбеюі.Мектебімізде «Жауқазын » қыздар ұйымы жұмыс жасайды .2020-2021 оқу жылына «Жауқазын» қыздар кеңесінің жұмыс жоспары жасалынып бекітілген. «Жауқазын» қыздар ұйымында 8 – 11 сыныптар арасында 71 қыздар, 5 – 7 сынып аралығында 59 қыздар ұйымының мүшелері. «Жауқазын » қыздар ұйымының мүшелерімен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп мейірбикесі Сарайбаева Райхан апайдың ұйымдастырумен «Өмір қымбатсын маған» тақырыбында қыздарға қашықтықтан жиын өткізіп,жиын барысында кеңестер айтылды. Жетісай ауданының білім бөлімінің 23.12.2020-ғы № 1924 шығыс хаты орындау мақсатында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 2020 жылдың 24 желтоқсан күнінен 2021 жылдың 3 қаңтар күндері күндізгі, түнгі кезекшілік рейдтер ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу іс – шара барысында рейдке жауапты ер мұғалімдер арасында Жылы су ауыл әкімшілігінде ойынханалар , кешкі клубтар,би алаңдары болмағандықтан , рейд барысында май құю бекетіне және дүкен дердің алдын , кезекші ер мұғалімдерге бөлінген мөлтек ауданы бойынша көшелерге рейд жүргізілді. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021 жылғы 18 ақпандағы №06\723 хатына және ауданда соңғы кезде оқушылардың қатысуымен орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып,оффлайн режимде өткізілген «Жол қауіпсіздігі», «Балалар және жол ережелері» тақырыбындағы мектепішілік ата – аналар жиналасы өткізілді. Сонымен қатар Жетісай ауданының білім бөлімі,адами әлеуетті дамыту басқармасының 2020 жылғы 25 желтоқсан күнгі №06/4034 шығыс хатына жәнеҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-өкімінесәйкес, қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» тақырыбында «№25 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қысқы демалысты ұйымдастыру жоспары жасалып бекітілді.30 желтоқсан 2020 жылы 1 - 11 сынып оқушылар арасында Жаң жыл мерекесі қарсаңында және қысқы демалыс уақытында «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникалық құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша онлайн кездесу мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар мастер-класстары бағыты бойынша оқушылар арасында қашықтықтан «Қысқы ертегі» атты шығармашылық жұмыстардың онлайн конкурс-көрмесі және «Аяз – Ата » балалар суреттерінің байқауы ұйымдастырылып өткізілді. «Қазақстан балалары қысқы ғажайып!» қысқы демалыс жоспарына сәйкес даярлық топтары Жаңа жылдық онлайн шеберханасы аясында өз қолдарымен ашық хаттар жасады, 1-2 сыныптар «Қысқы ертегі» шығармашылық жұмыстардың онлайн-байқау көрмесіне қатысса, 3-4 сыныптар «Аяз Ата» балалар суреттерінің байқауына қатысты. «Біздің отбасымыздағы жаңажыл» фотожобасы Сонымен қатар оқушылар арасында «Жаңа жылға отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар» бейнежобасы. «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» – онлайн көрме өткізілді. “Қазақстан балалары-қысқы ғажайып” қысқы каникулды ұйымдастыруы аясында “Таланттар әлемі” тақырыбында оқушылардың орындауында ән,би, көркемсөз оқулары өткізілді. “Таланттар әлеміне” бастауыш сынып оқушылары ән айтудан өз өнерлерін көрсетті. 1- 11 сыны оқушылар арасында «Көркемсөз» мәнерлеп оқу және өлеңдер онлайн байқауы ұйымдастырылды. «Көркемсөз» мәнерлеп оқу және өлеңдер онлайн байқауына 11 сынып оқушылары Базарбек Сымбат ,Құлмұрза Ақтоты ,6 сынып оқушысы Сүйіншбек Диана және бастауыш сынып оқушылары қатысты.«Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» қысқы каникул кезінде балалардың демалысы қорытындыланып Facebook Mektep Ortamektep(https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1093309244427752&id=100012460591212) әлеуметтік желісіне және Instagram 25.jom парақшасына жарияланды. №25 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бедерлі белес биігі: кемеңгерліктің 30 жылы» тақырыбында атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалнып,2021 жылғы наурыз айындағы өткізілген 10 күндік мекрекелік іс шаралар өткізіліп әлеуметтік желілерге жарияланды. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 2021 жылғы 20 наурыз мен 1 сәуірі аралығында өтетін көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында № 25 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іс – шара жоспары түзіліп бекітілді. Мектепте мұғалімдер мен оқушылармен бірлесе мектеп ауласын көріктендіру,көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырылып өткізілді. «Жасқолқанат» тобымен бірлесе отырып тұрғылықты жеріміздегі,жалғызілікті қарт Политиди Деспина,тыл ардагерлері Қауымбаева Калбиби апамызбен Садияров Ибрахим атамыздың үйлеріне барып,хабар алып, жетекшілері Н.Үмбетова мен Ж.Айсарина және Ш.Рахым ағай мен апайларымен оқушыларымен бірлесе отырып үй жүмыстарын, қора – қопсы,ауласын тазалауға көмектесті. Демалыс күндері мектеп әкімшілігі,ер мұғалімдер және ата-аналар өкілдерін тарта отырып «Түнгі мезгілдегі балалар» кезекшілік рейдтер өткізіліді. Мектебімізде үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысы жандандыру мақсатында сақтық шараларды қолдана отырып мектепішілік спорттық іс – шаралар өткізілді. Көктемгі демалыс кезінде балалардың демалысы қорытындыланып Facebook Mektep Ortamektep https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1142492052842804&id=100012460591212 әлеуметтік желіге жарияланды. Мектебімізде 2019 – 2020 оқу жылындағы тәрбие сағаттар қашықтықтан жүргізіліп келеді. Дайындаған: Ж.Джахаева |