жоспар. Математика 5 сынып_5.4.А Пайыз бөлімі_Санның пайызын және пайызы. 1. 1 Пайыздарды онды блшекпен жазыдар 1% 6% 10% 25% 50% 75% 120% 170%
Скачать 44.1 Kb.
|
А №1. 1) Пайыздарды ондық бөлшекпен жазыңдар: 1%; 6%; 10%; 25%; 50%; 75%; 120%; 170%. 2) Пайыздарды жай бөлшекпен жазыңдар: 2%; 5%; 20%; 60%; 80%; 140%; 180%; 170%. №2. Бөлшектерді пайызбен жазып, кестені толтырыңдар.
№3. Пайызын табыңдар: 1) 40, 50, 90, 100, 200, 400 сандарының 50%-ын. 2) 16, 24, 68, 100, 320, 360 сандарының 25%-ын. 3) 100, 200, 300, 400, 700, 900 сандарының 10%-ын. №4. Біздің планетамыздың шамамен су алып жатыр. Біздің планетамыздың неше пайызын су алып жатыр. Жауабын ондық үлестерге дейін дөңгелектеңдер. №5. Қала тұрғындарының 40%-ы А депутатқа дауыс берді, қалғандары В депутатқа дауыс берді. Қала тұрғындарының неше пайызы В депутатқа дауыс берді? №6. Құлпынайдың 6% -ы қант. 35 кг құлпынайда неше килограмм қант бар? №7. Картоптың 80 % -ы су. 25 кг картопта неше килограмм су бар? №8. Айлық табыстың 5% -ы табыс салығы үшін ұсталады. Айлық табысы 60 000 тг болса, одан неше теңге табыс салығы ұсталады? №9. Жинақ кассасына 6% –дық жылдық өсіммен 90 000 тг салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады? №10. Бағасы 420 теңге ойыншық машиналар 15 %-ға арзандатылып сатылды. Балалар бақшасы 7 ойыншық машинасын арзандатылған бағамен сатып алса, неше теңге үнемдеді? В №1. 1) Бөлшектермен жазыңдар: 125%; 220%; 119%; 325%; 440%; 2) Пайызбен жазыңдар: №2. 1) Токарь күндік нормасын 18 %-ға артық орындады. Токарь күндік тапсырмасын неше пайыз орындады? 2) Комбайншы комбайнның ақауы болғандықтан, күндік тапсырмасын межелегеннен 12 %–ға кем орындады. Комбайншы күндік тапсырмасын неше пайыз орындады? №3. Ыдыстың –іне су құйылған. Ыдыстың неше пайызына су құйылған. Неше пайызы бос? №4. Шиеден қайнатылған тосаптың 40 %-ы шие, қалғаны қант. 8 кг шие тосабының неше килограмы қант? №5. Теңіз суының 95 %-ы ғана таза су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар? №6. Сыныпта 30 оқушы бар. Математикадан бақылау жұмысын сынып оқушыларының 20 %-ы «5»-ке жазды, 50 %-ы «4»-ке жазды. Сыныптың неше оқушысы бақылау жұмысын «5» пен «4» -ке жазды? №7.Тік төртбұрыштың ені 6 см, ұзындығы одан 75 %-ға ұзын. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар. №8. Бұйымның бағасы 3 %-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 1)2000тг 2)5000тг 3)8000тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге? №9. Жинақ кассасына 8 %-дық күрделі өсіммен 80 000 теңге ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша екі жылдан соң неше теңге болады? (Күрделі өсім деп келесі жылғы өсім өткен жылғы өсіммен есептелетін жүйені айтады.) №10. Берілген шаманың пайызын табыңдар: 1) 3,2 м; 8,6 дм; 6,4 см-дің 10%-ін. 2) 9 т; 710 кг; 80г-ның 20% -ін. С №1. Тік төртбұрыштың ұзындығын 15 %-ға кемітіп, енін 20 %-ға ұзартқанда оның ауданы неше пайызға өзгереді? №2. 1) Квадраттың қабырғасының ұзындығын 30 %-ға арттырса, оның ауданы неше процентке артады? 2) Квадраттың қабырғасының ұзындығын 10 %-ға кемітсе, оның ауданы неше процентке кемиді? №3. Балмұздақтың 60 %-ы су, 19 %-ы сары май, қалғаны қант. 2,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант керек? №4. Бұйымның бағасы бірінші айда 20 %-ға қымбаттады, екінші айда соңғы бағасы 20 %-ға арзандады. Бұйымның бағасы неше пайызға, қалай өзгерді? №5. Теледидардың бағасы 48 300 теңге. Оның бағасы бірінші рет 20 %-ға арзандатылды, екінші рет соңғы бағасы тағы да 15 %-ға арзандатылды. Теледидардың екінші рет арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге? |