ПРОЕКТ. Курсовой жұмыс Орынбай Нұрайна (1) (1).docx. 1. 1 Visual Studio 2019 бадарламасына жалпы шолу 4 2 Есепті ойылымы 9
Скачать 0.7 Mb.
|
1.2 Есептің қойылымыБұл курстық жұмыста бағдарламалық мәліметтер қорын құру үшін мынадай жұмыстарды орындау керек: ғаламтордан бағдарламаға қажетті ақпараттарды жинау; бағдарламалық қамтамасыздандыруды таңдау; бағдарлама мәліметтерін сақтауды ұйымдастыру; анықтамаларды тақырыптарға жіктеу және оларға түсініктеме беру; мәліметтер базасы бағдарламада құру; дайындалған ақпараттарды мәліметтер қорына енгізу. Сонымен қатар осы жұмыстарды орындау үшін ғаламтордан қажетті ресурстарды іздестіру, мәліметтер базасын құру теориясын және практикасын оқып меңгеру, Visual Studio 2019 бағдарламалау тілінде жұмыс жасауды және ондағы қажетті компоненттерге шолу жасап оны қолдануды үйрену қажет. 2 Тест бағдарламасын құру2.1 Тест бағдарламасы туралы жалпы түсінікТестілеу (test, ағылшын сөзі «сынау» деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру. Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне-бірі айқын ажыратылған және біріне-бірі ұқсамайтын екі кезең: -жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін төңіректеу және жою орындалады. -тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі. Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды. Қазіргі заманғы программалау жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнай программалық құралды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Бұл құралдар программаның ішкі жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді. Жөндеу программасы әдетте мына төмендегідей мүмкіндіктер береді: -әрбір командадан соң, тоқтай отырып, программаны қадамдап орындау; -кез-келген айнымалының ағымдағы мәні қарау немесе кез-келген өрнектің, оның ішінде стандартты функцияларды пайдаланып мәнін табу қажеттілігіне қарай айнымалының жаңа мәнін пайдаланып орындау; -программада «тексеру нұктелерін» орнату, яғни аралық нәтижелерді бағалау үшін программа уақытша өз жұмысын тоқтататын нүктелерді тағайындау т.б. Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды; -жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану; -пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою; -қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек. Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса,онда программаны шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады.Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан,бір бірімен салыстыруға болады,сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз.Тесттерге қойылатын психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз.Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай,тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктері қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын обьектісіне қарай.Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын),тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық,бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық, аппаратық болып бөлінеді. Баға обьектісіне-процессуалдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері. Тест түрлері және оны жүргізу ерекшеліктері: Интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке Интеллектуальдық тесттер-адамның когнивтік процестерін (қабылдау,зейін,жады,сөйлеу)бағалауға арналған.Тұлғалық тесттер-адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты:темпераментке,мінезге,мотивация,эмоция,қабілеттерге арналған тесттер.Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі.Тест және электрондық тест туралы негізгі түсінік қалыптастыру. Электронды тестті құру технологиясы туралы түсініктерді және бағдарламалау пәні бойынша құралған электрондық тест құралына интерактивтілік кіргізу.Visual Studio бағдарламасы арқылы электронды тест құрау және осы бағдарламаның мүмкіндіктерін қолданып үйрену. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж.Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер»деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.Тесттерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан,Француз психологы А.Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын айтуға болады.Компьютерде орнатылған бұл бағдарлама көмегімен тесттер мен викториналарды құру оңай және жылдам болып табылады және оны кез келген Windows платформасында ашуға мүмкіндік береді.Мұнда сұрақтардың көлеміне ешқандай шектеулер жоқ және әрбір сұрақта бірнеше жауап болуына мүмкіндік береді.Visual Studio бағдарламасында құрылған тесттердің ашылуы үшін басқа бір қосымша программаларды орнатуды қажет етпейді.Бұл тесттерді USB флеш жетегінен,компакт дискіден көшіріп,электрондық пошта арқылы жіберуге немесе барлық компьютерлерге көшіруге болады. Тестті ашу үшін файлды іске қосу жеткілікті. Электронды тестілеуді құрастыру жолдары: Тесті жеңілден қиынға қарай көшуі. Тесттердің тақырыпқа сай келуі. Тест жауаптарының бір пәнге ғана қатысты болуы. Тест жауаптарының бір-біріне ұқсамауы. Қазіргі таңда көп қолданылатын екі тест түрі бар.Олар:ашық және жабық. Ашық тест дегеніміз сұрақтары сөйлем түрінде келеді.Нұсқалары болмайды және жауаптың орнын көп нүктемен жалғайды. Жабық тест дегеніміз бір сұрақтың төрт немесе бес нұсқалары болады.Оның ішінде бір дұрыс жауабы болады. Электронды тесттің артықшылықтарымен қоса өзіне тән кемшіліктері де болатынын айта кеткен жөн.Электронды тест арқылы сабақ жүргізу барысында білім алушының білім сапасы төмен болуы мүмкін,өйткені тесттегі жауаптармен ғана шектеліп,сұрақтардың шығу тарихына мән бермеуі мүмкін.Сол себепті барлық технологияны өз орнымен қолданған жөн. Тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сыналушыларға арнаулы ережелер бойынша қарым-қатынасты қалыптастырып,олардың мәртебесінің кемуі мәселесін сол жеке адамның пайдасына шешуге мүмкіндік береді.Шет елдерде бұл жұмыс басқаша сипатталады.АҚШ-та,мысалы, тест жұмысын жетілдіру және қолданумен бірге оны үнемі сынға алу да тоқталмайды.Бұл елдің 90 пайыз тұрғындары өз өмірінде кемінде бір рет тестілеуден өткен.Әр жыл сайын оқушылардың білімі мен қабілеттілігі шамамен 400 тест компаниялар шығарған 48 миллион тест бланкілердің көмегімен тексеріледі.Жыл сайын жоғары және орта оқу орындары студенттерінің интеллектуалдық қабілеттері мен білімдері тексеруден өтеді.Осы тексерудің нәтижесінен оқу орнының мәртебесі көрінеді. АҚШ-та педагогикалық тестілеу қызметі жұмыс жасайды.Ол жастардың жоғарғы оқу орнында оқу жарамдылығын тексеретін тестілер жүйесін яғни америкалық колледж бағдарламасының тестілерін және жеке пәндер бойынша білім тереңдігін анықтау тестілерін жасаған.Тестік тапсырмалар арқылы жеке оқушыда қалыптасқан және жалпы білім ұйымының берген білім сапасы тексеріледі. Сондықтан ең алдымен «білім дегеніміз не?»-деген сұраққа жауап алуымыз керек.Пифагор:«мейірімділік біліммен байланысты, білімді адам қайырымды болады,білімнің жоқтығы жаман істер істеуге жетелейді»деген.Ал білімнің мағынасы туралы алғаш рет Сократ «білім – ақиқаттық өнер» деп қарастырған. Білім ұғымына қазіргі философиялық энциклопедиялық сөздікке мынадай анықтама беріледі:білім-ол қоғамдық-тарихи практикамен тексерілген және адам санасында ұғымдар,теориялар,түсініктер түрінде қалыптасатын, логикамен куәландырылған ақиқатты тану процесінің нәтижесі.Оқытудың ақпараттық жүйесі шеңберінде білім белгілі бір пән бойынша берілген ақпарат.Айтылатын сөйлемдер,талдаулар стандартты түрге келтіріледі.Сондықтан білім сапасын бағалау-оқу пәнінің мазмұнына ғана емес, тест мазмұнының білімнің мына элементтерін:беріктігін,толықтығын,тереңдігін,икемділігін, нақтылығын,жал-пылығын және шапшаңдығын бағалауға мүмкіндік болатындай берілуіне байланысты. Қазіргі уақытта тестік формадағы тапсырмалар жүйесі құрастырылып, басылымдарға шығуда.Ерекше көңіл бөлетін тапсырмалар – бірнеше дұрыс жауапты таңдауға болатын тапсырмалар.Білімді бақылауда бұл тапсырмалар технологиялық,ғылыми жағынан негізделген.Оқушылардың білімі мен қабілеттілігін анықтауда білім тереңдігін,нақтылығы мен толықтылығын бағалауға мүмкіндік береді.Жаңа үлгідегі тестік формалар білім беру үрдісін жақсартуға,жаңа мен бағдарламаларды шығарғанда,сонымен бірге мектеп бітірушілерді қорытынды бақылауда қажет болып отыр. Тест тапсырмалары және оларды құрастыру.Қазір әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Тестілеу жайлы айтпай тұрып, алдын-ала оқушы білімін бағалау үшін қолданылатын тестің не екенін білу керек. Тестологияның негізгі қағидалары мен ережелері бар. Тест тапсырмаларын құру кезінде соларға сүйену керек.Тест тапсырмаларын құру шығармашылық ой құрылым мен мазмұны сәйкес келуін, логикалық құрылымның дұрыс болуын талап етеді. Тест үлгісіндегі тапсырмалар – педагогикалық өлшемдердің негізгі ұғымы болады. Төменле көрсетілген талаптарға сай педагогиқалық құрал ретінде анықталады: мақсаты болуы; технологиялық; қысқа, жинақы түрде болуы; ойдың логикалық құрылымы дұрыс; жауаптарды бағалаудың теңдігі; жауаптардың анықталған орны болуы. МАҚСАТ. Берілген тапсырма белгілі мақсатпен құрылады,басқаша айтқанда әр тапсырманың миссиясы, характеристикасы болады. Мысалы, үлгерімі нашар оқушыларға не үздік оқитындарға, интеллектуалды жағынан қабілеттілерге немесе дарынды оқушыларға арналып құрылған, өздік жұмысына, дайындық деңгейін компьютер арқылы тексеру, аттестациялау үшін құрылған тест тапсырмаларын атауға болады. Педагогикалық тапсырмалар оқытушы, үйретуші, әрі бақылаушы функцияларын атқарады. Белгілі бір біліктілік дағдыны қалыптастырып, өзін-өзі дамыту мақсатында оқытушы тапсырмалар қолданылса, керісінше білім сапасын анықтау үшін оқу жылының соңында мектеп аралық бақылауда тест тапсырмалары беріледі. ҚЫСҚАЛЫҒЫ. Тапсырманың мазмұны жағынан жинақы болуы әр сөз, символ-таңбаларды, графиктерді мұқият таңдау арқылы іске асырылады. Тапсырмада мағынасы түсініксіз, сирек кездесетін сөздер, сөз тіркестерінің болмауы, сөздердің қайталанбауы қажет. Бір ғана ойды,не мағынаны білдіретін қысқа тұжырым түрінде болуды талап етеді. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҒЫ. Қазіргі уақытта қойылатын талаптардың бірі. Тестілеу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану арқылы нақты, үнемді, әрі шапшаң, әрі объективті түрде жүргізілуін технологиялығы деп айтады. Сыналушыға тапсырманың түсінікті тілде жазылуы, компьютерге енгізу мүмкін болуы-технологиялық түрі деп аталады. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ – тест мазмұнын реттеу және дәйекті түрге келтіру. Белгілі оқу пәнінен өз білімін көрсетуге бағытталған нақты ойды білдіру құралы. Оқу сұрақтары мазмұны шұбалаңқы, көпсөзді болады, сондықтан сұрақтарды логикалық формамен ауыстырылады. Егер тапсырмаға бір дұрыс жауап таңдау берілсе, яғни олардың біреуі дұрыс та, қалғандары қате болса, ондай тапсырмаларды бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмалары деп атайды. Бұл тапсырмаларға міндетті түрде «Дұрыс жауап нөмірін дөңгелектеңіз» деген нұсқау беріледі. Тұжырымдаманың логикалық формасы Аристотельдің үшінші терістеу заңына негізделген, сондықтан «дұрыс жауап жоқ» немесе «барлық жауаптар дұрыс», «басқа жауап» деген жауаптар қоюға тыйым салынады. Дұрыс жауапты таңдау формасы тапсырманың кең тараған түрін көрсетеді. Дұрыс жауап тек үш жауаптың біреуінде ғана бар. Мұндай тестерді құруда шындыққа жанасатын, бірақ дұрыс емес жауапты алу көп қиындық келтіреді. Әдейі жазылған дұрыс емес жауапты сыналушы бірден ажырата алады (тіпті игерілген пәнді өз дәрежесінде білмесе де). |