лекция+11. 1. 11 Капитал мен резервтер есебі
Скачать 27.4 Kb.
|
1.11 Капитал мен резервтер есебі Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады. Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады: - кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары (жарғылық капитал) - құрылтайшыларға төленген табыс пен дивидендтерді шегергеннен кейін қалған өткен жылдар мен есепті кезеңнің таза табысы. Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағынад қалатын табыс таза табыс болып табылады; - құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз салымдары. Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді: - жарғылық капитал; - төленбеген капитал; - жарияланған капитал; - эмиссиялық кіріс; - резервтік капитал; - бөлінбеген табыс (жабылмаған залал); Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында тіркеледі. Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады. Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі, оның функцияларының үш негізгі категорияға бөлінуіне байланысты ерекше маңызға ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын қызметін іске асырудың материалдық базасы болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені, шаруашылық серіктестік кредиторларының алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді. Шаруашылық серіктестіктің мүлкіне салым ретінде ақша қаражатын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды, ақшалай бағасы бар мүліктік немесе өзге де құқықтарды салады. Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі тек бір ғана тұлға болып табылса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі: Дт жарғылық капиталға жарналар бойынша құрылтайшының қарызы Кт жарғылық капитал Егер құрылтайшы жарғылық капиталға өз жарнасын салса, Дт Ақша немесе мүлік Кт Құрылтайшы қарызы Серіктестегі меншікті капиталының есебі жоғарғы жағдайға ұқсас. Негізгі ерекшелігі: әрбір серіктес тұлғаның салған қаржысы мен алған қаражаттарының есебін бөлек жүргізіп отыру керек және пайда мен залалды олардың арасында тең бөлу қажет. Мысал: Тахир мен Зухра жарғылық капиталы 100 000 доллар құрайтын серіктестікті құруға шешім қабылдады. Құрылтайшылық келісімшарт бойынша Тахир - 60 % Зухра - 40 % салуы керек. Жарғыны бекіту кезіндегі бухгалтерлік жазу Дт Тахир қарызы 60 000 Дт Зухра қарызы 40 000 Кт Тахир жарғылық капиталы 60 000 Кт Зухра жарғылық капиталы 40 000 Тахир жарғылық капиталға 20 000 доллар ақша және 40 000 долларға жиһаз берді. Зухра 40 000 доллар құрал жабдық салды. Дт Тахир ақшасы 20 000 Дт жиһаз 40 000 Дт құрал жабдық40 000 Кт Тахир қарызы 60 000 Кт Зухра қарызы 40 000 Халықаралық стандартқа сәйкес меншіктік каиталды кез - келген уақытта біріктіруге және толытырып отыруға болады. Серіктестіктің пайда мнен залалы құрылтайшылық келісім шартта көрсетілген кез – келген тәсілмен бөлінеді. Әдетте серіктестіктің пайдасы үш бөлікке бөлінеді: әр серіктестік тұлғаның капиталына төленетін дивидендтер; серіктестіктің көрсетілген қызметтеріне өтемақы; коммерциялық тәуекел нәтижесінде түскен пайда. Пайданы осылай бөлу әрбір серіктестің серіктестікке салған, қосқан үлесін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Пайданы бөлудің әдістері: белгіленген пропорция бойынша; салынған капитал көлеміне қарай, серіктестіктің еңбекақысының мөлшеріне байланысты. Салымдардың үлесінің тең болмауын есепке ала отырып кейбір серіктестікте серіктестіктеріне еңбекақыны және салынған капиталына пайыздарды беруге келіседі. Олардың комбинациясы пайда бөлінген кезде есепке алынады. Серіктестіктің жойылуы. Серіктестіктің жойылуы (жабылуы) – кәсіпорынның міндеттемесін жабуға жететін активтердің бөлігін сату және қалған активтерді серіктестер арасында бөлумен сипатталатын кәсіпорынның шаруашылық қызметін тоқтату процесі. Қайта тіркеумен салыстырғанда жабылу кезінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылады. Есептік цикл аяқталады. Әр түрлі жағдайларда серіктестіктің жойылуы түрлі қаржылық нтижелерге алып келеді: активтерді пайдамен сату активтерді залалмен сату, бұл кезде залал серіктестердің капиталымен жабылады активтерді залалмен сату, бұл кезде серіктестердің капиталы залалды жабуға жетпейді. Акционерлік капитал. Акционерлік компанияда меншікті капитал – акционерлік капитал деп аталады. Акционерлік капитал құрамы: енгізілген капитал; қосымша төленген капитал; қосымша төленбеген капитал; бөлінбеген пайда. Акционерлік капитал және эмиссиялық табыс акционерлік қоғамда шығарылған акцияның атаулы құнына және атаулы құнынан артық сомаларды қамтиды. Енгізілген капитал акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды. Акцияның атаулы құны – бұл акционерлік капитал шотында көрсетілуі иісті және меншікті капиталдың сомасын анықтау үшін пайдаланатын әрбір акцияның атаулы құны. Капиталдың минималды бөлігі – номинал. Акцияның орнына сатып алушыларға сатып алынған акцияның саны көрсетілген сертификаттар берілуі мүмкін. Жай және артықшылығы бар акциялар. Жай акция артықшылығы акцияға қарағанда иесіне компанияда дауыс беру құқығын береді. Ал артықшылығы бар акцияның иеленушілері жай акцияға қарағанда дивидендтерді бірінші болып алады. Артықшылығы бар акцияға тұрақты пайыздық ставка қойылуы мүмкін. Сонымен қатар артықшылығы бар акцияның иеленушілері компания өз жұмысын тоқтатқанда оның активтеріне көбірек құқылы болады. Өтелетін артықшылығы бар акциялар – бұл эмитенттің таңдауы бойынша сатып алынатын және айналыстан шығарылатын акциялар. Айырбасталатын артықшылығы бар акцияар – бұл акционерлердің еркі бойынша жай акцияға ауыстырылатын акциялар. Кумулятивті акциялар – артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтер жинақталып отырады және жай акцияның дивидендтерін төлегенге дейін өтелетін акциялар. Мерзімі ұзартылған дивидендтер – кумулятивті акциялар бойынша өткен жылдан қалған жинақталған төленбеген дивидендтер. Меншікті сатып алынған акциялар – компанияның еркін нарықта сатып алынған акциялары.Ол баланста контрпассивті шот болып табылады және капитал сомасын азайтады. Баланста меншікті капитал бөліміне төмендегідей операциялар өз ықпалын тигізеді: бағалы қағаздарды шығару; дивидендтерді жариялау мен төлеу; меншікті сатып алынған акцияларды сату және сатып алу. Акционерлік қоғамда меншік бірлігі акция болып табылады. Акционерлік қоғамның жарғысында шығаруға рұқсат берілген акциялардың ең жоғарғы саны көрсетіледі. Әдетте қоғамды құрған кезге қарағанда рұқсат көбірек алынады. Бұл қоғамға келешекте қосымша акция шығаруға мүмкіндік береді. Акциялар шығарылғанжәне циркуляцияланған (айналыстағы) болып бөлінеді. Шығарылған акциялар – бұл сатылған және басқа да әдіспен өткізілген акциялар. Егер кәсіпорын акцияны қайта сатып алатын болса және қайтармаса, онда ол айналыстағы акцияға жатпайды. Акцияларды шығаруға рұқсат алған кезде еш бухгалтерлік жазба берілмейді. Егер рұқсаттың алынғаны формальді түрде қажет болса: Дт шығарылмаған жай немесе артықшылықты акциялар Кт шығаруға берілген рұқсат Акцияларды атаулы құны бойынша шығарған кезде; жазылым арқылы Дт Алынуға тиісті жазылым Кт Жазылым бойынша жай акция Ақшаның түсуіне қарай: Дт Ақша Кт Алынуға тиісті жазылым Дт Жазылым бойынша жай акция Кт Жай акция Егер келешекте компанияның перспективасы жақсы деп саналса, қоғам басшылары қосымша акцияларды шығара алады және құнын көтеруі мүмкін. Бұл әдетте акцияның нарықтық құны атаулы құнынан жоғары болғанда жүзеге асырылады. Мысалы, компания 1 000 жай акцияны 12 доллардан сатты. Атаулы құны 10 доллар. Дт Ақша 12 000 Кт жай акция 10 000 Кт эмиссиялық табыс 2 000 Кейбір жағдайларды компания акциялады мүлікке немесе қызметке айырбастайды. Есептің халықаралық стандартына сәйкес мұндай операциялар активтің нарықтық құны немесе акцияның нарықтық құны бойынша көрсетіледі. Мысалы: АҚ «Альфа» құрылған кезде деректорлар кеңесі 100 акцияны ұйымдастырумен байланысты шығындарғы төлеуді ұйғарды. Акцияның нарықтық құны осы сәтте анықталмаған. Бірақ компания осыған ұқсас тапсырыстар бойынша 1 500 ш б төлеген. Дт Ұйымдастыру шығындары 1 500 Кт Жай акция 1 000 Кт Қосымша төленген капитал 500 Екі жылдан кейін компания 1 000 акцияны жер теліміне ауыстырды.Ауыстыру кезінде акцияның нарықтық құны 16 доллар болды. Жер бағасы белгісіз. Дт Жер 16 000 Кт Жай акция 1 000 Кт Қосымша төленген капитал 6 000 Акционерлік қоғамның әкімшілігі мен оның қызметкерлері арасындағы қызметкерлерге жеңілдікпен берілетін акцияларға байланысты өзара келісім – опцион. Дивидендтер – акционерлер арасында бөлінуге тиісті бөлінбеген пайданың бір бөлігі. Дивидендтерді төлеумен байланысты үш негізгі күн бар: дивидендтерді жариялау күні акция иелерін тіркеу күні дивидендтерді төлеу күні Біріншісі дивидендтерді төлеу туралы директорлар кеңесімен шешілуі. Екінші мерзім акция иелерін анықтау үшін жасалады. Үшіншісі нақты дивидендтерді акционерлерге төлеу. Мысалы: Директорлар кеңесі дивидендтерді 56 000 сомасында төлеу туралы шешім қабылдады. 21 ақпан күні дивидендтерді төлеуді жариялау, 31 наурызда төлеу, ал тіркеу 10 наурызда жүзеге асырылады . 21 ақпан Дт Бөлінбеген пайда 56 000 Кт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000 10 наурызда жазба берілмейді 31наурыз Дт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000 Кт Бөлінбеген пайда 56 000 Акцияларды қайта сатып алу: АҚ акцияның жалпы санын азайту мақсатында акцияның бір бөлігін сатып алады, солай жарғылық капиталды азайтады. Мысал: «Альфа» кәсіпорны 20 000 акцияны номиналдық құны бойынша сатып алды: Дт Қайта алынған капитал 200 000 Кт Ақша 200 000 Егер нақты құн номиналды құнға тең болса: Дт Ақша Кт Қайта алынған капитал Егер нақты құн номиналды құннан төмен болса: Дт Ақша Дт Бөлінбеген пайда Кт Қайта алынған капитал Егер нақты құн номиналды құннан жоғары болса: Дт Ақша Кт Қайта алынған капитал Кт Төленген кпитал Резервтік капитал операциялық қызметтен болатын залалды жабу үшін қолданылады. Дт Бөлінбеген пайда Кт Резервтік капитал Бөлінбеген пайда деп акционерлер арасында дивиденд ретінде бөлінбеген меншікті капиталдың бір бөлігін айтады.Төленген капиталмен бірге бөлінбеген пайда активтерді алу көзі болып табылады. «Бөлінбеген пайда» шотының қалдығы компанияның қызмет етіп жатқан барлық уақыты ішінде жинақталған таза пайдадан залалды, дивидендтер бойынша төлемдерді және шығарылған акционерлік капиталға реинвестицияланған пайданы шегергенде қалатын соманы білдіреді. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның активі болып табылмайды және оның бар болуы пайда алынған операциялар бойынша кәсіпорын активтерінің ұлғайғандығын көрсетеді. «Бөлінбеген пайда» шотында дебеттік қалдық та болуы мүмкін (бөлінбеген пайданың «дефициті», яғни жетіспеушілігі) де ол шаруашылық қызметтен алынған пайдадан залалдар мен төленген дивидендтердің басым болғанын білдіреді. Бөлінбеген пайданың «дефициті» баланстың «Меншікті капитал» бөлімінде бейнеленіп, капиталдың жалпы сомасынан шегеріледі. Бақылау сұрактары: Жарғылық капиталды қалыптастырудың тәртібі. Серіктестіктердегі меншікті капиталдың есебі. Төленбеген капиал есебі. Жарғылық капитал есебі. Акция эмиссиясы. Акцияның типтері. Төленген капиталды ұсыну. Акционерлік капиталды қайтарып алу. Акциядан түсетін дивидендтер. Дивиденттер есебі. Акциялар сплиті. Резервтік капитал. Айналымнан алынған капиталдың есебі және тәртібі. Таза табыс. Есепті жылдағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян). Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) және олардың қолданылуы. Бөлінбеген табыс жөніндегі есептілік. |