литообзор. Қошқар Айкерім литообзор. 1. 1Мышьякты технологиялы процестерден тазарту дістері байыту, металлургиялы деу
Скачать 14 Kb.
|
1.1Мышьякты технологиялық процестерден тазарту әдістері байыту, металлургиялық өңдеу 1960 жылдары түсті металлургияда күрделі кондиционды емес кендерді қайта өңдеумен айналыса бастады,соның ішінде мышьяктан тұратын кендер. Себебі өнеркәсіпте мышьяктың қажеттілігі шамалы және өндірілген шикізаттың тек 2,0-2,5% -ы, қалған бөлігі байыту фабрикалары мен металургиялық өндірістің үйінділеріне кетеді.Түсті металлургия өндірісінде технологиялық процесстер арқылы шығарылатын күшән қалдықтары 20 ғасырдың 60-шы жылдары металлургия саласы үшін әлемдік ауқымда күрделі экологиялық мәселе туғызды.Сондықтан КСРО-ның түсті металлургия Министерстрлігі күшәнді шығару,залалсыздандыру,қайта өңдеу мәселесін шешу үшін 1970-1990 жылдарға арналған МП-16/20 бағдарламасын жасады.Бұл бағдарлама аясында технологиялық процесстерден күшәнді улылығы аз өнімдерге шығару үшін көптеген жұмыстар жасалынды.Бұл жұмыста асыл металдарды байыту процесінде күшәнмен бірге%: полиметалл-84,7,никель-кобальт-98,1,мыс-59,алтын-65 қалдықтары болатыны көрсетілген.Бұл жұмыста алтын кендерін байыту процестері кезінде күшән сульфидті флотациялық концеентратқа 35 және байыту және цианирлеу процестеріннің үйінді қалдықтарына 65 айналады.Бұл жұмыста газдарды,ағынды суларды мыс,никел,кобальт және тағы басқа асыл металдарды алу кезінде мышьяктан тазарту әдістері жалпылама көрсетілді. Күшәнді темірмен,кальциймен,басқа даметалдармен қосылыстар формасында тұндыру.Гидрометаллургиялық өңдеу кезінде негізінен күшән кальций арсенаты түрінде шығарылады,бірақ бұл технологияның кемшілігі-қоршаған ортаның күшәнмен ластануы.Хова-Аксадағы арсенидті никель-кобальт кенін гидрометаллургиялық өңдеу кезінде күшәнді магний арсенаты түрінде тұндыру әдісі қолданылды.Марганец,алюминий,титан арсенаттары,күшән сульфиді,кальцийдің арсенат-фосфаты тұрақты тұнбалар болып табылады. Күшәнді Fe(3) пен бірге жауын-шашын түрінде тұндырып кетіру үшін АҚШ ең жақсы қол жетімді технология ойлап тапты.Ең бастысы Fe/As молярлы қатынасына,күшәннің бастапқы концентрациясына,күшәннің валенттілігіне,жүйені араластыру жылдамдығына,ферригидритттің мүмкін болатын құрылыстық модификациясына мән беріледі. Синтетикалық ферригидратқа темір арсенатының беттік тұнуы сілтілік ортада рН 3-5 мына шарттарда орын алады: сорбция тығыздығы As/Fe-0,125-0,49 және күшәннің тепе-теңдік концентрациясы <0,02-440 мг/л болуы керек. РН 8 кезінде арсенат ферригидритке сорбцияланды басым беттік адсорбция арқылы. Қазіргі уақытта темірмен көп мөлшерде тұндыру арқылы тазарту процесітең жаңа технология деп қарастырылады. Төменгі деңгейдегі қалдықтардың көп мөлшерін шығарады. Түптеп келгенде мышьяктың кері сатылуына әкелетін тұрақтылық табиғи тотығу процестері арқылы жүреді. |