Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасының мазмұнына әдістемелік нұсқаулық 2.1 Аннотация

  • АННОТАЦИЯ

  • 2.4 Есептеу және жобалау бөлімі

  • 2.5 Эксплуатациялық бөлім

  • 2.5 а Арнайы бөлім ( дипломдық жоба )

  • 2.5б Ғылыми-зерттеу жұмысы (дипломдық жұмыс)

  • ҚОРЫТЫНДЫ

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 3 Дипломдық жобаны (жұмысты қорғау)

  • 1. 4 Дипломды жобаны рылымы


    Скачать 23.35 Kb.
    Название1. 4 Дипломды жобаны рылымы
    Дата28.04.2018
    Размер23.35 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаMU_dlya_Zhandos.docx
    ТипДокументы
    #42447

    1.4 Дипломдық жобаның құрылымы

    Дипломдық жоба жалпы және арнайы бөлімнен құралады. Сызба түрінде іске асырылады. Өз кезегінде түсіндірмелік есептеу жазбасымен баяндалып, келесі бөлімдерден құрылуы тиіс.


    Бөлімнің атауы

    Ұсынылған парақтар саны

    Кіріспе

    2

    1.Технологиялық бөлім

    5

    2. Аналитикалық бөлім

    5

    3. Есептік жобалау бөлімі

    15

    4. Эксплуатациялық бөлімі

    15

    5.Арнайы бөлім (дипломдық жоба үшін)

    15

    6. ғылыми зерттеу жұмысы (дипломдық жұмыс үшін)

    15

    7. Еңбекті қорғау

    5

    Қорытынды

    1-2

    Мазмұны

    1

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1

    Қосымша

    -

    Барлығы

    65…70


    Түсіндірме жазбаның кейде қысқаша сипаттамасы үш тілде, орысша,қазақша және ағылшынша жазылады.

    Графикалық бөлімі КҚБЖ-ны сақтай отырып, А1 форматында,5-6 парақта,компьютерлік графиканы пайдаланы отырып жүзеге асырылады.

    Әрбір парақта мөр,дипломды жобалауға кафедрасымен қабылданып, студенттің қолы, жетекшісінің қолы және кафедра меңгерушісінің қолы болуы тиіс.
    2 Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасының мазмұнына әдістемелік нұсқаулық
    2.1 Аннотация

    Аннотация жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның негізгі ойды жеткізу болып табылады. Үш тілде жазылады: мемлекеттік, орыс және ағылшын. Аннотацияда оқу жұмысының түрі, мәлімдеме құралы (объект) және оның негізгі сипаттамалары (жұмыс мақсаты, тақырыбы және талқылау мөлшері), жұмыстың ерекшеліктері (мәселені қою,жеке сұрақты шешу,ұсыныстар). Аннотацияды жұмыстың мазмұнын көрсетудің қажеті жоқ. Аннотация көлемі 0,5 парақтан 1 парақ көлемінде болады. «АННОТАЦИЯ» сөзі жол ортасында, бас әріптермен, мақала атауы ретінде жазылады және нөмері қойылмайды.
    2.2 Технологиялық бөлімі

    Жобаның бұл бөлімінде студенттің алдында қойылған барлық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпарат қарастырылады. Осы бөлімнің мазмұны келесі пунктерді қамтуы тиіс:

    - кен орындардың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

    - тұйықталу және жүйелік ашу сипаттамасы; жүйе бойынша технико-экономикалық көрсеткіштер;

    - тапсырма бойынша кеніштің өнімділігі;

    - кәсіпорынның жұмыс режимі (жылына жұмыс күннің саны, күніне жұмыс ауысым саны, ауысым уақытысы және т.б.);

    - тазарту жұмыстарында, дайындау және кесуде болатын блоктар саны.

    Бұл жағдайда кенішке қатысты өндірістік үдерістерді кешенді механизациялаудың кескінін құру және жобалыналатын ортһнатуды жаңғырту туралы шешім қабылданылады.
    2.3 Аналитикалық бөлім

    Студент аналитикалық бөлімінде әлемдік және ҚР-ның кәсіпорындарында қолданылатын, жобаланылатын электромеханикалық құрылғыларға жалпылама сипаттама беретін, Ғаламторда алынған, техникалық әдебиет және диплом алдындағы тәжірибе мен өндірістік практикада алынған, жинаған мәліметтерге негізделу керек.

    Электромеханикалық құрылғыларға әлемдік даму үрдісіне негізделе отырып, талдау жүргізіледі. Талдау қорытындысының нәтижесі бойынша қолданыстағы түрлердің және жобаланатын құрылғылар өңдірушілері туралы жетілдіру шешімі қабылданады.

    Ғылыми әзірлемелер мен озық тәжірибелерді пайдаланып, салыстырмалы талдау жүргізіледі. Жұмысымызды дұрыс әзірлеу мен жетілдіру, электромеханикалық құрылғыларды пайдалануда негізгі және оңтайлы жол көздеп, өз кезегінде кеніште еңбек өнімділігі артып, орындалатын жұмыстың сапасы арта түседі.

    Қолдағы бар жобаның шешімдерін (құрылыстарды)қарап, жобаланатын нысанға жақын аналог прототипін қайта таңдау жүргізіледі. Жобаланатын шешімді сипаттау кезінде жобаның жүзеге асырылуда немесе талдау нәтижелері бойынша патенттік өнеркәсіптік табыстарды пайдалануы үшін өз идеяларымыздың сипаттамасына ерекше назар аудару қажет.

    Технологиялық машиналарды жобалау кезінде құрылымдардың жетілдіруіне, технологиялық параметрлердің көтеруіне, беріктік пен қайта жөндеу мәселелеріне аса ерекше көңіл аударуымыз қажет. Типтік (стандарттық) құрылғыларды таңдау кезінде түріне, өндірушісіне, фирмасына, негізгі техникалық сипаттамаларға және ақпарат көзіне сілтеме жасауды белгілеу қажет.

    Осы жабдықты таңдауды негіздейтін олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалау ұқсас жабдықтың бірнеше түрін салыстыру керек.

    Егер жоба модернизациямен тікелей байланыста болса, онда оны қажеттіліктің (өнімділікті көтеру, қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі, үлкен эксплуатациялық шығын және т.б.) негіздемесін жасау керек.

    Жобаның тақырыптары кең болғандықтан, әрбір дара мәселелер қарастырылып отырған сұрақтар туындаған жағдайда, оны дипломдық жоба жетекшісімен ақылдасқаныңыз жөн.
    2.4 Есептеу және жобалау бөлімі

    Бұл бөлімде жоба берілген бастапқы жағдайлары үшін технологиялық жабдықтарды таңдаудағы барлық қажетті есептеулер ұсынылады. Жобалау кезінде іріктеу мен жобаланатын нысананың негізгі параметрлерді негіздеу мақсатында кейбір есептемелер жүргізілуі мүмкін; арнайы есептемелер (гидравликалық, кинематикалық, термодинамикалық) арнайы есептемелер гидравликалық, кинематикалық, термодинамикалық) күш және т.б.) олар дипломдық жобаның тақырыбына тәуелді және т.б.
    2.5 Эксплуатациялық бөлім

    Бұл бөлімде техникалық қызмет көрсету және электромеханикалық жабдықтар жобалық технологиялық машиналарды жөндеу мәселелерімен жобалануы тиіс.

    Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жер-асты пайдалы қазбаларды өндіруді жөндеу келесі бөлімшелерден тұрады: ұйымның жер-асты электромеханикалық қызметтің құрылымдық сұлбасы; техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу, форманы таңдау; техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау және алдын ала жылдық немесе ай сайынғы жоспарлауға жөндеу дайындықтарын жүргізу.

    Жер-асты құрылғыларды жөндейтін, шеберлік немесе жалпы шахталық механикалық жөндеу шеберханаларды таңдау, жөндеу құрылғылардың саны анықталады. Олар механикалық жөндеу шеберханаларды және жөндейтін жұмыскерлер санына негізделіп қондырылады. Шеберхана ғимаратының ауданы, биіктігі мен көлемі есептелініп, жүк көтергіш құралдар мен құрылғылар, диагностикалық бақылау құралдары таңдалынады.

    Есептілік, өндіру және қосалқы қызметкерлердің жағдайын құрастырылған операциялық және күрделі шығындар есептелінеді. Электромеханикалық жабдықтарды жөндеу кезіндегі және техникалық қызмет көрсетуді орындаған кезде оның қызметін және қорғау қауіпсіздігін сипаттайды.

    Есептемелердің талқылау реті есептік мәндерінің сипатымен анықталады. Бір типті есептемелер кезінде бірінші есептеу толық жүргізіліп, соңғы есептеулердің нәтижелері кестеге тіркейді.

    Кестелік есептеме формаларын қолданғанымыз жөн.

    Әрбір есептеменің мазмұнында:

    -тақырыпша;

    -мәселенің есептемесі (анықтауышты көрсету);

    -есептеу үшін деректер (дереккөзге сілтеме);

    -есептелінетін құрылымның эскизі немесе сұлбасы (нысана);

    -есептеме шарттары мен есептеме;

    -есептеме нәтижесі және талдау, қорытынды.

    Есептеулер жергілікті әдістермен жүргізілуі тиіс.
    2.5 а Арнайы бөлім (дипломдық жоба)

    Дипломдық жобаның арнайы бөлімі өз алдында таңдалынған технологиялық машинаның құрылымын жетілдіруге бағытталып, техникалық және технологиялық мәселелердің шешімін табуға міндет қояды. Бұл бөлімде таңдалынған технологиялық машинаның әрбір элементтің беріктігіне есептемелер жүргізіледі. Сапалық сипаттамаларды жетілдіріп ғана қоймай, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету, эксплуатация кезіндегі қауіпсіздікті сақтау және т.б. шешімдер ұсынылады.

    Есептемелер қажетті эскиздерге негізделіп, оның жобадағы есептеу деталировкасы проекцияда 2х-3х шамалас болу қажет.
    2.5б Ғылыми-зерттеу жұмысы (дипломдық жұмыс)

    Дипломдық жұмыстардың арнайы бөлімінде, студенттің өзіндік орындаған ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелері, өз кезегінде олар дипломдық жұмыстың тақырыбымен сәйкес болып, есептеме бөлімімен көрсетілуі тиіс.
    2.6 Еңбек қорғау

    Әрбір техникалық бөлімнің соңында арнайы бөлім құрылады. Ол бөлек тақырыпшаға ие болу керек: «Қауіпсіздік шаралары».

    Келтіріліп отырған бөлімде жобаланатын тау кен кәсіпорынның жалпы мәселелерді әзірлеу сипаттамалары:

    1. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды талдау ( вибро шаң, шаңнан қорғалу, дизельдік машиналардың зиянды заттарды шығаруы және т.б.)

    2. Өрт қауіпсіздігі және алдын алу шаралары мен құрылғылары.

    3. жер асты өндірулерде және сыртта пром тазалықты сақтау(сумен қамсаздандыру, аптечкалар, арнайы киім, арнайы аяқкиім, қорғау құрылғылары, көзілдіріктер, респираторлар, және т.б.).

    4. Апат болған жағдайда адамдарды құтқару және күрес шаралары.

    5. Электрлік ток себебімен болған өрт жағдайларын алдын алу шаралары.

    6. Еңбек қорғауды ұйымдастыру.

    7. Қоршаған ортаны қорғау шаралары.

    8. Төтенше жағдайларды (ТЖ) ескерту және жою (бір немесе бірнеше жоспар позициялары және апатты жоюды ескерту).

    9. Нормативтік талаптарға сәйкес, механизмдердің мен машиналардың эксплуатациясы қауіпсіз болу мақсатында, құрылғылардың конструктивтік ескертугее сай болу тиіс.

    Бөлім, электромеханикалық жабдықтардың паркін пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының құқықтық, заңнамалық және техникалық нормаларға сәйкес келуге мүмкіндік беру үшін қолданыстағы талаптарға сәйкес барлық техникалық шешімдер қондырғыны жобалау ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарына сәйкес жалпы қорытындылар аяқталуы тиіс, қауіпсіздігі және экологиялық қамтамасыз ету, өндірістік тиімділігін арттыру.
    2.7 Қорытынды

    Қорытынды тапсырмаға сай студенттің көзқарасымен дипломдық жобаның (жұмыстың) нәтижелерінің бағасын құрауы тиіс. Осы жерде техникалық – экономикалық бағалау дипломдық жобадағы (жұмыстағы) нәтижелердің халық шаруашылық, ғылыми, әлеуметтік және танылатын құндылығын табуы керек. Қорытынды бөлімінде жұмыс немен аяқталғанын көрсету қажет (жаңа әдістер мен зерттеу принциптерін үйрену, объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары, құбылыстар, мінездемелерді, әдістерді орындау, жаңа технологиялық процесстердің жобалары және зерттеу нәтижелері бойынша қай жерде өндіріске қай формада кіргізілуі қажет және пайдалануын қарастырады). Шешімдер қысқа және қажетті аргументтерге сай, мінездемелер – нақты және тәжірибеде қолдану бағасын ескеру. «ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі жол ортасында бас әріптермен жазылады және нөмірленбейді.
    2.8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде библиография көзі оның жұмыста пайда болу кезеңімен немесе алфавит бойынша орналастырылады. Көздеріне мәтіндегі сілтеме кезде шаршы жақшада әдебиеттер тізіміндегі сериялық нөмірін берілуі тиіс. «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөзі жол ортасында бас әріптермен жазылады және нөмірленбейді.

    Мысал ретінде Б қосымшасында берілген библиографиялық сипаттау көздері.
    2.9 Қосымша

    Дипломдық жобаның (жұмыстың) жалғасы ретінде көмекші сипаты тексті, иллюстрациялық материалдар, кестелер, сызбалар, құжаттар формалары ретінде безендіріледі. Әр қосымша жаңа парақтан жазылады. Егер қосымшалар бірден көп болса, үлкен әріптермен белгілейді, А әрпінен бастап Е, Е, З, Й, О, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа. «Қосымша» сөзінің алдында, кезектілігіне байланысты әріптерін орналастырады. «Қосымша» сөзін бас әріптен бастап, жолдың ортасынан жазылады. Қосымшаға қорғауға, графикалық материалдарды, көшірмелерді алып шығуға болады (ксерокөшірмелер, миллиметровкалар, калькалар 1:1 немесе 1:2 масштабта). Графикалық материалдардың көшірмесін қосымшаға қосқан кезде, штамп парақтың беткі жағында және көріну керек. Парақты бүктеген кезде парақ шекарасынан және А4 форматтағы көлемнен шығып кетпеуін қадағалау керек. Әр қосымшаның тексті қажеттілік бойынша тарауларға, бөлімдерге, пункттерге бөлініп, әр қосымшаға байланысты нөмірленеді. Әр нөмірдің алдында бұл қосымшаның белгісі көрсетіледі (қойылады). Қосымшадағы иллюстрациялар мен кестелер әр қосымша шегіне байланысты нөмірлейді. (мысалы: А1 суреті, А1 кестесі). Егер қосымша бірнеше парақта орналастырылса, әр парақтың басына «А қосымшасының жалғасы» деп жазған жөн.
    3 Дипломдық жобаны (жұмысты қорғау)
    Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерімен жүргізіледі.

    Дипломды қорғаудағы ең басты шарттардың бірі дипломдық жоба жетекшісінің және сын пікір берушінің рұқсатты беруі болып табылады.

    Диплом жобасын (жұмысын) қорғау ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады, және оның нәтижесі қорытынды бағаға әсер етеді.

    Қорғауды жақсы тапсырған кезде, сын пікір беруші және жетекші берген бағалары көтерілуі мүмкін, егер қорғауды жеткіліксіз дәрежеде тапсырса, баға төмендейді.

    Қорғау нәтижесі хаттамаға енгізіліп, қорғауда болған барлық МАК мүшелері мен төраға қолдарын қойяды. Қорғаудың баға критериялары болып:

    • дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбын толық ашу;

    • қабылданған шешімдердің есептеме жүйелілігі мен негізділігі;

    • қорытындыны анық тұжырымдау қабілеті;

    - түсіндірме жазбаны және графикалық материалдарды әзірлеуде толық стандарттар талаптарын орындау.
    4 Түсіндірме жазбаның мәтініне қойылатын талаптар
    Оқы жұмыстарын орындау тәсілдері

    Түсіндірме жазба беті компьютерлік басып шығаруды пайдалана отырып орындалуы тиіс.

    Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» дипломдық жұмыстың мәтіні ресми түрде мемлекеттік тілде немесе орыс,ағылшын тілдерінде жазылады.

    Дипломдық жобадағы түсіндірме жазбасы стандартты жазылатын А4 форматтағы парақта, компьютерде №14 шрифтімен теріліп, бір интервалымен басып шығарылады. Түсіндірме жазба және сызбалар Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ фирмалық стандартымен СТ НАО 38944979-09-2015 орындалады.

    Сызбалардың болжам тізімі:

    Жобаланатын жүйе мен ашу – 1 парақ

    Жобаланатын қондырғының жалпы түрі - 2 парақ

    Арнайы бөлім – 2-3 парақ


    написать администратору сайта