тест. 3 СЫНЫП. 1. 5, 0 жне 3 цифрларын ана олданып, ш табалы неше сан жазуа болады
Скачать 20.94 Kb.
|
3 СЫНЫП 1. 5, 0 және 3 цифрларын ғана қолданып, үш таңбалы неше сан жазуға болады? А) 30 В) 9 С) 6 Д)4 Е) басқа жауап. 2. Бір егістік жерден 72 кг картоп жинады, ал басқа жерден үш есе аз жинады. Барлық картопты 4 кг-нан дорбаларға бөліп салды. Қанша дорба шықты? A) 24; В) 72; С) 21; D) 11; Е) басқа жауап. 3. Ең кіші қандай натурал санды 7-ге бөлгенде қалдық 6, ал 9 - ға бөлгенде қалдық 8 болады? А) 24; В) 67; С) 62; D) 18; E) 21 4 .Т таңбасымен қандай сан белгіленген, егер 6 +T+T=Т+Т+Т+Т болса? А) 90; В) 3; С) 80; D) 72; Е) 60 5 .Алмас бір сан таңдап алды, оны 7-ге бөлді, оған 7-ні қосты, одан шыққан санды 7-ге көбейтті. Шыққан сан 77 болды. Алмас қандай сан таңдап алды? А) 90; В) 28; С) 80; D) 72; Е) 60 6. Бірінші сөреде бірнеше кітаптар бар, ал екінші сөреде 30 әдеби және 20 оқулық кітаптар бар. Егер бірінші сөредегі кітаптардың санын 5 есеге азайтсақ, онда екі сөредегі кітаптардың саны теңеседі. Бірінші сөреде қанша кітап болған? A) 50; В) 10; С) 250; D) 200; Е) басқа жауап. 7. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 2 дм 4 см, ал ені одан 3 есе кем. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап. A) 192 см2; 6 дм 4 см В) 119 см2; 5 дм 4 см С) 190 см2; 5 дм 14 см D) 92 см2; 6 4 см Е) 19 см2; 514 см. 8. Би мектебінде 60 ер бала мен 20 қыз бала бар. Әр апта сайын мектепке 3 қыз бала келіп, 2 ер бала мектепті тастап кетеді. Ер балалар мен қыз балалардың сандары теңескенде мектепте барлығы қанша оқушы болады? А) 90; В) 88; С) 80; D) 72; Е) 60 9. Велосипедші тауға 12 км/сағ жылдамдықпен шықты, ал таудан сол жолмен 20 км/сағ жылдамдықпен түсті. Таудан түскен кезде тауға шыққанға қарағанда 16 минут аз жұмсады. Тауға шығатын жолдың ұзындығы неге тең? A) 8 км; B) 10 км; C) 12 км; D) 14 км; E) анықтау мүмкін емес. 10. 4 мин 15 сек-тан 400 сек қаншаға артық? А) 15 сек-қа В) 145 сек-қа С) 135 сек-қа Д) 125 сек-қа Жауаптары :
|