Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы

  • Тәрбиелік

  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІІ. [Л - Р] дыбысының кескінін, артикуляциясын көрсетіп, жеке айтылуын сипаттау.

  • Л дыбысы: Ерін – іргелес дыбысқа байланысты Тіл – тіліміз жоғары қызыл иекке тиеді Жел – суық желР дыбысы

  • ІV. Ұсақ моторикасын дамыту. - Оқушылардың алдарына таяқшалар таратып беремін.- Таяқшалармен «л – р»

  • V. Фонематикалық қабылдауын дамыту.

  • VІ. [Л -Р] дыбыстарының таңбалануы .

  • Ойын: «Дүкенші» Мақсаты

  • Қорытынды.

  • VІІ. Үйге тапсырма [Л - Р] дыбыстары бар өзіңе ұнаған жеміс – жидек суретін дәптеріңе салып кел.VІІІ. Бағалау.

  • Ашық сабақ тақырыбы_ Л-Р дыбыстарын ажырату.. 1 А. С пушкин атындаы мектепгимназиясы Ашы саба Таырыбы лр дыбыстарын ажырату Саба трі


    Скачать 22.64 Kb.
    Название1 А. С пушкин атындаы мектепгимназиясы Ашы саба Таырыбы лр дыбыстарын ажырату Саба трі
    Дата31.03.2023
    Размер22.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшық сабақ тақырыбы_ Л-Р дыбыстарын ажырату..docx
    ТипДокументы
    #1028373

    1 А.С Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы

    Ашық сабақ

    Тақырыбы: [Л-Р] дыбыстарын ажырату

    Сабақ түрі: Топтық сабақ.

    Логопед: Ілияс Айдана

    Сабақ жоспары

    Сабақтың тақырыбы: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: [Л - Р] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [Л - Р] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.

    Түзетушілік: Оқушыларға «Л», «Р» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.

    Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    Көрнекі құралдар: [Л - Р] әріптері, жеміс – жидектер суреттері.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    - Сәлеметсің бе!

    - Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

    - Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?

    - Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр, балалар қандай жеміс – жидектерді білесіңдер?

    - Қане, өзіміз жақсы көретін жеміс – жидектерді атап айтайықшы:

    ІІ. Жаңа сабақ:

    • Бүгінгі сабағымызда біз [Л - Р] дыбыстарын дұрыс, анық, әдемі айта отырып, жеке буында, сөзде ажыратуды үйренеміз. Сонымен қатар жеміс – жидектер еліне сапар шегейік, иә балалар, бәріміз жеміс – жидекті жақсы көремізғой солайма?

    • Сабақ барысында сендерді бағалауға жақсы қатысқан оқушыларға 5ке жауап берген оқушыға күліп тұрған смайлик, 4 ке жауап берген оқушыға жай жымиып тұрған смайлик, ал 3 ке жауап берген оқушыға мұңайып тұрған смайлик беремін.

    ІІІ. [Л - Р] дыбысының кескінін, артикуляциясын көрсетіп, жеке айтылуын сипаттау.

    • [Л - Р] әріптерін көрсетемін.

    • Дыбыстарды жеке айтқызамын:

    Л дыбысы:

    Ерін – іргелес дыбысқа байланысты

    Тіл – тіліміз жоғары қызыл иекке тиеді

    Жел – суық жел

    Р дыбысы:

    Ерін - іргелес дыбысқа байланысты

    Тіл – қасық пішіндес болады

    Жел – суық жел

    Діріл – діріл пайда болады.

    ІV. Ұсақ моторикасын дамыту.

    - Оқушылардың алдарына таяқшалар таратып беремін.

    - Таяқшалармен «л – р» дыбыстарын құрастырып жасауды тапсырамын

    V. Фонематикалық қабылдауын дамыту.

    - Оқушыларға қызыл және көк жалауша таратып беремін.

    - Мен бірнеше дыбыстарды айтамын сол дыбыстардың ішінен [Л] дыбысын естігендеріңде қызыл жалаушаны , ал [Р] дыбысын естігендеріңде көк жалаушаны көтересіңдер. Мұқият тыңдап отырыңдар. (аузымды қағазбен басып, оқушыларға дыбыстарды атаймын).

    VІ. [Л -Р] дыбыстарының таңбалануы .

    - Балалар біз дыбысты естиміз, енді осы дыбыстардың таңбалануы болады, оны біз әріп деп атаймыз. Ал, әріпті біз не істейміз? (көреміз, жазамыз, оқимыз).

    - Міне бұл Л және Р

    - Л және Р әріптерін енді тақтада жазып көрсетейікші.

    VІІ. Сергіту сәті.

    VІІІ. [Л -Р] дыбыстарын буында, сөзде ажырату.

    Буында ажыратуға буындарды айтқызып, одан сөз құрау.

    Л дыбысына: Ла – ла –ла (гүл суреті)

    Ыла – ыла – ыла (жылан суреті)

    Ол – ол – ол (қол суреті)

    Р дыбысына: ра – ра –ра (радио суреті)

    Ара – ара – ара (тарақ)

    Ар – ар – ар (шалбар)

    Ойын: «Дүкенші»

    Мақсаты: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.

    Ойын барысы: Мен дүкенші (мұғалім) боламын, ал сендер сатып алушы боласыңдар. Менен келіп өздерің ұнаған жеміс-жидек сатып алуларыңа болады. Тақтада плакатта «жеміс – жидектер дүкені» жазылған және [Л - Р] дыбыстары бар жеміс – жидектер жапсырылған.

    - берілген жеміс – жидектерден алғанын (алма, лимон, анар, гранат, алмұрт, шабдалы, құлпынай) атап, дәмін, түрін сипаттап, «л» дыбысы немесе «р» дыбысы барма жоқпа соны анықтап айтқызу, сөзді талдату.

    - алма – 4 әріптен, 2 буыннан, л дыбысы екінші буында, ортасында естіліп тұр.

    Жұмбақты шеш:

    1. Шаңқ – шұңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ, Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не? (Балық)

    2. Екі езуі құлағына жетеді, Тамақ жесе ызың – ызың етеді. Бұл не? (Ара)

    Қорытынды.

    - Бүгін біз қандай дыбысты ажыратып үйрендік?

    - [л] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?

    - [р] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?

    - [Л - Р] дыбыстары бар қандай жеміс - жидектер білесің?

    VІІ. Үйге тапсырма

    [Л - Р] дыбыстары бар өзіңе ұнаған жеміс – жидек суретін дәптеріңе салып кел.

    VІІІ. Бағалау.


    написать администратору сайта