12 сурак пахт (копия). 1. Абсорбция газдардан немесе сйы заттардан керек емес заттарды сііріп алу. Газ оспаларынан газды (буды) немесе ертіндіден еріген затты кеуекті атты заттармен (адсорбентпен) сііру процесі адсорбция
Скачать 26.2 Kb.
|
Жазық параллель насадкалы абсорберлер әртүрлі материал–дардан (металл, пластмасса және т.б.) жасалған тік тімсендерден (1) немесе қатты керілген маталардан құралады. Абсорбердің жоғары жағына тімсемді накладканың екі жағын біркелкі сұйық қабықшасымен қамтамасыз ететін сұйықтандыратын таратушы құрылғы (2) орналастырылған. Жазық параллель насадкалы абсорберлер: 1–тімсемді насадка; 2–таратушы құрылғы. Шайылатын абсорбер Бұл аппарат бірнеше горизонталь құбырлардан (элементтерден) құралған.Құбырлар ішіндебелгілі деңгейде жоғарыдан төмен қарай сұйық, ал төменнен жоғары қарай газ өтеді. Әр элементтегі сұйық деңгейі бөгеттер (2) арқылы бірқалыпты сақталады. Құбырлардың сыртқы беті суытатын сумен шайылады. 1–элементтер; 2–сұйық асып ағатын бөгеттер 1.Абсорбция -газдардан немесе сұйық заттардан керек емес заттарды сіңіріп алу. 2.Газ қоспаларынан газды (буды) немесе ертіндіден еріген затты кеуекті қатты заттармен (адсорбентпен) сіңіру процесі адсорбция деп аталады. 3. Адсорбция процесі өндірісте газдарды құрғатуда және тазалауда, ерітінділерді тазалауда және мөлдірлендіруде, булы немесе газды қоспаларды ажыратуда және т.б. кеңінен қолданылады. 4. Өндірісте кеңінен қолданылатын адсорбенттер: Силикагель, Активті көмір, Цеолит 5. Сұйық немесе қатты заттардың қоспасынан бір немесе бірнеше заттарды таңдап ерітетін еріткіштер (экстрагенттер) жәрдемімен айырып алу процесі экстракция деп аталады. 6. Экстракция процестері қоспалардан қымбат бағалы заттардың айырып алуда, сұйықтарды тазалауда және қатты денелерден заттарды ажыратуда немесе оларды тазартуда кеңінен қолданылады. 7. Ертінділер және балқымалардан қатты фазаның кристалл күйінде бөлініп шығу процесі кристалдану процесі деп аталады. 8. Кристалдардың қасиетіне төмеңдегі факторлар әсер етеді: кристалдар пішіні, оның өлшемі мен фракциялық құрамы және алынатын қристалдың тазалығы. 9. Материалдан ылғалды буландыру арқылы шығару процесі кептіру деп аталады.4 түрге 10. Конвективті кептіру- кептірілген материал мен кептіргіш агенттің (ысытылған ауа, оттық газдар және т.б.) тікелей жанасуы арқылы; Контактілі кептіру- жылу тасымалдағыштан кептірілетін материалға жылу қабырға арқылы беріледі; Радиациялық кептіру -инфроқызыл сәулелердің жылуы арқылы; Диэлектрикті кептіру -жоғары жиілікті электр тоғының жылуы арқылы; Сублимациялық кептіру терең вакуумда тоңазыту күйінде кептіру. Материалдан ылғалды буландыру арқылы шығару процесі кептіру деп аталады. Кептіруде материалға жылу беріледі және нәтижесінде ылғал буланады. Кептірілетін материалдарға жылуды беру тәсіліне байланысты кептірудің төмендегі түрлері болады: |