Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы

  • Алғашқы адамдардың өмірі,кәсібі мен еңбек құралдары

  • Палеолит дәуірінің тұрақтары

  • Рулық қауымның шығуы.

  • Ент тест. тарих ент1. 1. Адамзатты пайда болуы


    Скачать 16.98 Kb.
    Название1. Адамзатты пайда болуы
    АнкорЕнт тест
    Дата15.11.2022
    Размер16.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих ент1.docx
    ТипДокументы
    #790446

    1.Адамзаттың пайда болуы.

    Алғашқы адамдар Солтүстік-Шығыс Африка,Алдыңғы және Оңтүстік Азия аумағында

    қалыптасты.Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарын пайдаланды.Еңбек құалдарын,тас өңдеу техникасын,бұйымдардың өндірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін-палеолит,мезолит,неолит деп үш кезеңге бөледі.Тарихта ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі палеолит.Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит және кейінгі палеолит.Ерте палеолит б.з.б 2.6.млн жыл- б.з.б 40 мың жылдар аралығы.Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мың жыл аралығын қамтиды.

    Ерте палеолит олдувэй ,ашель,мустье деген үш кезеңнен тұрады.Олдувэй кезеңі: б.з.б 2.6.млн- 800 мың жылдар аралығы.Ашель кезеңі: б.з.б 800-140 мың жылдар аралығы.Мустье кезеңі: б.з.б.140-40 мың жылдар аралығын қамтыды.

    Палеолит дәуірінде:

    1.Адам баласының түр –тұлғасы,бет-бейнесі,ой-санасы қалыптасты.

    2.Адамзат Африка жерінде пайда болып,жер бетіне біртіндеп таралды.

    3.Тас құралдар жасау жетілдіріле түсті, сапасы жақсарды.

    Ең алғаш адам қаңқалары Танзаниядағы (Шығыс Африка) Олдувэй шатқалынан табылған.

    Адамзаттың даму кезеңдері:

    1.Адамға ұқсас гоминидтер осыдан 2.5 млн жыл бұрын өмір сүрді.

    Епті адам 1 млн 750 мың бұрын Шығыс Африкадағы көне жеріндегі Олдувей шатқалынан табылды .

    2.Тік жүретін адам өкілі питекантроп 1891жылы Ява аралынан табылды,б.з.б.1 млн жыл бұрын өмір сүрген.

    3. Солт.Қытайдан 1927 жылы табылған (қытай адамы) синантроп б.з.б 500-200 мың жыл бұрын бұрын өмір сүрген.

    4. Германияның Неандерталь деген жерінен 1856 жылы табылды неандерталь адамы б.з.б 200-35 мың жыл бұрын бұрын өмір сүрген.1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандертальдық жас баланың сүйегі табылды. Кейінгі кезде неандерталь адамы дамудың сатылық тізімінен алынып тасталды, неандертальдықтар қазіргі адамзаттың тікелей тегі болмай шақты.

    5.Кроманьон адамы, саналы адам ( хомо сапиенс) Франциядан 1868 жылы Краманьон үңгірінен табылды б.з.б.40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының көлелемі 1500-1800 см,3, ал бойы-168-194 см.Адам еңбек арқылы жетіліп,оның қолы,сөзі, миы дамыды.Епті адамға қарағанда саналы адамның миы 2 есе үлкен болды.

    Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы:

    Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен 1 миллион жылдай бұрын пайда болды.

    Қазақстан жеріндегі табылған тас құралдардың ең көнесі 1 миллион жылдай бұрын жасалынған.Алғашқы адамдардың еңбек құралдары Жамбыл облысы Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған.

    Алғашқы адамдардың көне іздері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата,Оңтүстік Қазақстанның Шабақты,Қазанғап,Тәңірқазған,Бөріқазған қоныстарынан табылды.Қазақстан өңірінен табылған еңбек құралдары Азия мен Африкадан табылған құралдармен ұқсастықтары мен сәйкестіктері байқалады.Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы тобыр болды.Тобырдың құрамында 20-30 ересек адамдардан құрылды.

    Алғашқы адамдардың өмірі,кәсібі мен еңбек құралдары

    Алғашқы адамдардың негізгі кәсібі аңшылық пен терімшілік болды.Қазақстаннан табылған еңбек құралдары: тас кескіш, қырғыш, тескіш ерте палеолит кезеңіне жатады.Алғашқы адамдардың еңбек құралдары шоқпар, шапқы, қазғыш таяқ, үшкір тас. Әлем бойынша ең көне тас құралдар Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылған.Ол құралдар ғылымда чоппер,чоппинг деп аталды.Чоппер аң еті мен ағаш кесу үшін пайдаланылған.Чоппинг жүзі ирек ара секілді кесу құралы.Қазақстан жерінен ең көне тас құралдары Маңғыстау, Солтүстік,Орталық Қазақстаннан және Қаратау аумағынан табылды.Қазақстан жерінен табылған тас құралдарының жасылынған мерзімі б.з.б 800-140 мың жылдар аралығы. Алғашқы адамдар жауын-шашын мен жабайы аңдардан қорғану үшін үңгірлерді паналады.Жер бетінде өсіп тұрған ағаш бұта басындағы жеміс-жидектерді теріп, өсімдік тамырларын қазып алды, құстардың жұмырқаларын жинады.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды.Олар негізінен мамонттарды,бизондарды маралдарды,жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады.Алғашқы адамдар тобырында әйелдер мен еркектер арасында еңбек бөлінісі орнықты.Терімшілікпен әйелдер,аңшылықпен еркектер шұғылданды.Тасты бір жағынан соққылау арқылы сындырып қыр шығару монофас деп аталды.Тасты екі жағынан сындыра отырып,қыр шығаруды бифас деп атайды.

    Палеолиттің соңына қарай аң аулауға қолданылған қысқа сапты ағаш найза дротик,ұшы сүйектен жасалған сүңгі-гарпун,жіп байланған тастар-болос қолданылды.

    Ашель заманында тас құралдар жетілді: қол шапқы мен жарғыш пайда болды,сүйектен ине мен біз дайындалды.

    Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар.Тас құралдардың түрі көбейіп шабуға,кесуге,қыруға,тесуге арналған жүзге жуық жаңа түрі пайда болды.Ретушь әдісі дегеніміз бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар (араның жүзі сияқты ) өткірлеу тәсілі.Мустье кезеңінде еңбек өнімділігі артып,алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды.

    Мустье кезеңінің басында Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын игере бастаған.Осы аймақтардан Обалысай,Мұзбел,Қанай т.б қоныстары табылды.

    Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдарының уақыты б.з.б. 140-132 мың жылдықтар аралығы.Археологтар Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірінен мустье кезеңінің тұрақтарын көп тапты.Мустье кезеңінің ең күрделісі Оңтүстік Қазақстан жерінен табылған, мәдени қалыңдығы 7 метр Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ.Бұл тұрақты ежелгі адамдар бірнеше рет қоныстанған.Қазба жұмыстары кезінде үшкіртас, жақсы өңделген қырғыштар көп кездескен.Б.з.б.100 мың жыл бұрын жер бетін мұз басты, ол б.з.б. 13 мың жыл бұрын ери бастады. Ғалымдардың айтуы бойынша мұздың қалыңдығы кей аймақтарда екі километрге дейін жеткен.Далалық аймақтарда адамдар желге қарсы қалқа жасауды үйренді.Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана салып,үстін терімен жапты.Жабайы жануарлар терісінен киім тікті.Инені үшкір сүйектен жасады.Адамдар алғашында найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып,мустье кезінде от жағуды үйренді.

    Палеолит дәуірінің тұрақтары

    Палеолит дәуірінің ашель кезеңіне жататын қоныстардан Қаратау жоталарындағы Бөріқазған және Тәңіріқазған тұрақтары.Орталық Қазақстан жерінен ашель кезеңінің ескерткіші Құдайкөл және Жаманайбат,Обалысай және Шығыс Қазақстан жерінен Қозыбай тұрақтары табылды.Тұрақтардан бифастар,шапқы,аң терісін өңдейтін қырғыштар екі жағы өңделген тас құралдары табылған.Мустье кезеңіне жататын тұрақтарға Қаратаудағы Қызылырысбек осы өңірдегі Арыстанды мекенінен Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтар, Батыс Қазақстан жерінен Шақпақата, Орталық Қазақстан жеріндегі Ағадыр ауданы жерінен табылған тұрақтар жатады.Кейінгі палеолитте алғашқы адамдар Қазақстан аумағына тарала қоныстанды.Орталық Қазақстан жерінен Семізбұғы,Батпақ,Қарабас, Шығыс Қазақстаннан Бұқтырма мен Шүлбі,оңтүстіктен Ащысай,Жетісудан Майбұлақ тұрақтары қазылып зерттелді.Орталық Қазақстан жерінен Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу кейде,қайқы пышақтар табылды.Кейінгі палеолиттің көрнекті ескерткіштерінің бірі Батпақ оның мәдени қабаты 6 метр тереңдіктен табылып, 300-ге таяу тас құралдар шықты.Тұрақтың жас мөлшері-б.з.б 30-25 мың жыл. Кейінгі палеолиттің соңына қарай аң аулау неғұрлым жетілдірілген құралдармен жүргізілді аң аулауда қысқа сапты ағаш найза-дротик,ұшы сүйектен жасалған сүңгі-гарпун,жануарлардың мойынына немесе аяқтарына оралып,құлататын жіп байланған тастар-болос қолданылды.Сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып,кескіш құрал жасаған.Желім ретінде тау балауызы,қарағайдың шайыры қолданылған.Құрал жаспырудың бұл әдісін «қыстырма әдіс» дейді.Адамдар сүйек тебендер жасап,теріден киім тікті.

    Кейінгі Палеолит дәуірінде рулық қауым пайда болды.

    Рулық қауымның шығуы.Рудың алғашқы түрі аналық ру болды.Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді Экзогамия рулас адамдарға некелесуге тыйым салыну деген ұғымды білдіреді. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Палеолиттің соңғы кезеңінде рулық қауым толық қалыптасты. "Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді тазалап күтті,тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл ұжымдағаналардың беделін арттырды.Әрбір қауым өз аумағында мекен етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп,орманда аң аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды аулады.Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті,мысалы,найзаны кез келгені пайдалана алды".Жалпы жиналыста ақсақалдар «көсемдер) сайланды.Ақсақалдар даулы мәселерді шешті,аң аулайтын жерлерді бөліп берді.Рудың әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады.Палеолиттіңтің соңғы кезеіндегі адамдар өзінен бұрынғы адамдардан рухани жағынан жоғары тұрды.


    написать администратору сайта