каз яз тест 1курска. 1. Ашы буынды сзді крсетііз
Скачать 72.4 Kb.
|
8-нұсқа 1. Мына сөйлемдегі белгіленген сөздің қай сөз табына жататынын анықтаңыз: «Осы даланың асты толған көмір, бірнеше жүз жылға жетеді». А) зат есім; B) сын есім; C) сан есім; D) есімдік; E) етістік. 2. Сұрау есімдігін көрсетіңіз. А) Өзім демей, біз деп, ерлік білікте емес, жүректе деп үйретті. B) Көптің ақылынсыз ешқайда бара алмаймыз. C) Әне Қарағанды! – деді жолаушы. D) Үйренудің ешбір айыбы жоқ. E) Өзіңнің қайда жүргеніңді, кім болғаныңды, жақында болсаң – ауызша хабарла, алыста болсаң – хатпен хабарла. 3. Дара сан есімді көрсетіңіз. А) Бүгін бізде үш сағат бойы қазақ тілі сабағы болды. B) Менің інім он бірінші сыныпта оқиды. C) «Есеп және аудит» тобында он алты қыз оқиды. D) Менің атамның жасы жетпіс бесте. E) Біз елу екінші пәтерде тұрамыз. 4. Жіктеу есімдігін көрсетіңіз. А) Электр жөнінде электриктермен бірнеше әңгіме өткізу керек. B) Көпшіліктің бірсыпырасы Сойдақтіске жалт қарады, бірсыпырасы үндемей төмен қарады. C) Әрқайсысы ойлана, толғана отырды. D) Әрбір тәртіпсіздік, салақтық кейін тартады. E) Мен біраз жүріп қайтамын. 5. Мына сөйлемдегі белгіленген сөздің қай сөз табына жататынын анықтаңыз: «Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп, ауылдың маңы – терең сай, тасыған өзен күрілдеп». А) зат есім; B) сын есім; C) сан есім; D) есімдік; E) етістік. 6. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз. А) Көкек өз атын өзі шақырады. B) Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз. C) Дұшпан не демейді, түске не кірмейді. D) «Сіз-біз» деген жылы сөз – тірліктің ғанибеті. E) Мінеки, келіп қалдым біраз жасқа. 7. Мына сөйлемдегі белгіленген сөздің қай сөз табына жататынын анықтаңыз: «Қарағанды бірінші тоқсанның жоспарын жарты ай бұрын жиырма үш пайыз артығымен орындапты». А) зат есім; B) сын есім; C) сан есім; D) есімдік; E) етістік. 8. Дерексіз зат есімді көрсетіңіз. А) ат; B) ау; C) аю; D) ауыл; E) ашу. 9. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз: А) Ермек екі айтпайды. B) Биыл кондитер тағамдары 8 есе, сары май 2,5 есе, ет консервілері 2,8 есе артық шығарылады. C) Біздің көшеде екі үй тұр: біріншісі – үлкен, екіншісі – кішкентай. D) Екеуінің де ойына Жамал, Сағынтай, тар кезең елестеді. E) Біздің топта жиырмадай студент оқиды. 10. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз. А) Біз бес қабатты үйде тұрамыз. B) Біздің үйде алпыс пәтер бар. C) Біз екеуі арқылы сендермен таныстық. D) Біздің пәтерімізде үш бөлме бар. E) Бір бөлме – менікі. 11. Өздік есімдігін көрсетіңіз. А) Көкек өз атын өзі шақырады. B) Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз. C) Дұшпан не демейді, түске не кірмейді. D) «Сіз-біз» деген жылы сөз – тірліктің ғанибеті. E) Мінеки, келіп қалдым біраз жасқа. 12. Деректі зат есімді көрсетіңіз. А) әзіл-күлкі; B) әл-қуат; C) әуре; D) бақ-дәулет; E) балапан. 13. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз. А) бесеу; B) бес - алтыдай; C) бес; D) бестен; E) бесінші. 14. Асырмалы шырайлы сын есімді көрсетіңіз. А) тәтті; B) тәттілеу; C) тәп-тәтті; D) тым тәтті; E) тәттірек. 15. Топтау сан есімін көрсетіңіз. А) Біздің оқу ғимаратымыз екі қабаттан тұрады. B) Біздің пәтер екінші қабатта. C) Оқушылар партада екі-екіден отырады. D) Мына дәптердің екеуі де менікі. E) Азық-түліктің бағасы былтырғыға қарағанда екі жарым есе көтерілді. 16.Көмекші есімді тіркесті табыңыз. A)Қала арасы. B)Ала жаздай. C)Бейбіт өмір. D)Сексен бес. E)Бақытты балалық 17. Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді көрсетіңіз. A)Қып-қысқа. B)Аласалау. C)Аласа. D)Биік. E)Көгілдір. 18. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз. A) Марат үйде жоқ. B) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз. C) Мен кешке барамын. D) Ол кешке ойнайды. E) Балам, сабаққа дайындал. 19.Сілтеу есімдігін табыңыз. A)Әне. B)Әрі. C)Және. D)Енді. E)Әлді. 20.Күрделі етістікті табыңыз. A)Келе жатыр. B)Көбірек алды. C)Біршама бар. D)Жүр. E)Әзер берді. 21.Септеулік шылауды ажыратыңыз. A) хана. B)себебі. C)біресе. D)немесе. E) дейін. 22. Қос сөздің жасалу жолын табыңыз. A)Сөздің қайталануы арқылы. B)Қосымша арқылы. C)Шылау арқылы. D)Сөздің тіркесуі арқылы. E)Сөздің бірігуі арқылы. 23.ҚазМҰУ – сөзі қай қатарға жататынын анықтаңыз. A) Дара сөз. B)Туынды сөз. C) Күрделі сөз. D)Жалпы сөз. E)Дерексіз сөз. 24.Жалаң сөйлемді табыңыз. A) Сары жапырақ. B)Талдықорған. C) Күн шықты. D)Ит өлген жер. E)Сендер де оқуды бітірдіңдер. 25.Тұйық етістік – сөйлемнің қандай мүшесі. Жақсының қасиеті – жарастыру. Жаманның қасиеті – таластыру. A)Баяндауыш. B)Бастауыш. C)Анықтауыш. D)Толықтауыш. E)Пысықтауыш. 26.Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз. A) Сөйлеуден. B)Айтуы. C)Келуімнің. D) Келуіңмен. E)Баруға. 27.“Мыс”, “міс” – шылауларының мағынасы. A) Сұраулық. B)Күшейткіш. C) Болжалдық. D)Шектік. E)Лептік. 28.Етістіктен болған баяндауышты анықтаңыз. A) Біз жиырма төртпіз. B) Абай кітапқа үңіледі. C)Айтпағым – осы. D)Заман жастардікі. Е)Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. 29.Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз. A)Әкесін. B)Әкеме. C)Әкені. D)Әкемнің. E)Әкеміз. 30.Қатыстық сын есімді табыңыз. A) Орта жаста. B)Өте көңілді. C)Үлкен. D) Қалпақты. E)Ақ көңіл. 9-нұсқа 1. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз. А) мекеме; B) балшық; C) ас; D) көктем; E) тас; 2. Кейінді ықпалға ұшыраған сөзді көрсетіңіз. А) көзім; B) қолым; C) басым; D) шашым; E) құлағым; 3. Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістікті көрсетіңіз. А) жүр; B) ал; C) әкел; D) апар; E) тазала. 4. Жалқы зат есімді табыңыз: А) Ақтау ; B) қоян; C) түлкі; D) түйе; E) мысық. 5. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз. А) білім; B) бөлім; C) ғылым; D) таным; E) танысым; 6. Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз. А) тәртіпсіз; B) ақылсыз; C) ақылдысыз; D) қауіпсіз; E) әдепсіз; 7. Табыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Мына кітап - өте қызық. B) Апам кітапқа өте әуес. C) Кітап дүкенде сатылады. D) Дүкеннен кітап сатып алдым. E) Кітапта бәрі жазылған. 8. Дыбыс үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз: А) мектеп; B) ақыл; C) университет; D) аспирант; E) кітап; 9. Жуан буынды сөзді көрсетіңіз: А) оқытушы; B) тәрбиеші; C) дәрігер; D) қызметкер; E) тігінші; 10. Дерексіз зат есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. А) Балалар оқуды тез үйренді. B) Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі. C) Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. D) Ауа жылдан – жылға ластанып барады.. E) Мен атам аулына барып келдім. 11. Қатыстық сын есімді табыңыз. А) салқын; B) суық; C) бұлтты; D) жылы; E) қою; 12. Болымсыз етістікті тіркесті табыңыз: А) барған екен; B) бара жатыр; C) барады; D) бармады; E) барса екен; 13. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз. А) бәрі; B) өзім; C) әлдекім; D) қанша; E) не; 14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. А) науқас; B) дәріхана; C) дәрігер; D) мейірбике; E) жедел жәрдем; 15. Кейінді ықпалға ұшыраған сөзді көрсетіңіз. А) жұмысым; B) қызметім; C) мамандығым; D) жұмыс орным; E) оқу орным; 16. Сөйлемнен қаратпа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз A)Үйлеріңде неше жансыңдар? B)Серік, Нұржан, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар? C)Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. D)Жүрегі сыздап, басы ауырып жүрген адам көрмедім. E)Сен мені кім деп жүрсің? 17. Етістікті тіркесті табыңыз A) үшінші апта B)алтын сағат C) жымия күлді D) бақытты шақ E)бұрынғы заман 18. Салыстырмалы шырайды табыңыз A)бойшаңырақ жігіт B)қызыл сия C)тым қатты D)аса үлкен бөлме E)биік тау 19. Құрамын өзгертіп айтуға келетін тіркесті қандай тіркес деп атаймыз? A) еркін тіркес B) тұрақты тіркес C)дара тіркес D)күрделі тіркес E)оңаша тіркес 20. Дара сын есімді көрсетіңіз. А) қара торы; B)шұбар ала; C)ақ-қара; D) қанағаттанарлық; E)әп-әдемі. 21. Қосарланған зат есімдерді табыңыз A)педучилище B)көкпар C)сары май D) ақыл-айла E)қолқанат 22.Тіркескен зат есімдерді табыңыз A)күн тәртібі B)бала-шаға C)мая-мая D)кеңшар E)жанұя 23.Туынды сын есімді табыңыз A)қара B)ұйымшыл C)сары D)жұқа E)қалың 24. Негізгі сын есімді табыңыз A)ақ B)бойшаң C)бастапқы D)күзгі E)ауылдық 25. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз A)тебеген B)жабық C)шығыңқы D)күлдіргі E) балалы 26. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз A)күлдіргі B)ауызғы C)төменгі D)гүлді E)сулы 27. Туынды сын есімді көрсетіңіз. А)әдебиеттен B)тарихқа C)әдеби D)саясаттың E)әдеміні 28. Мына сөйлемдегі белгіленген сөздің қай сөз табына жататынын анықтаңыз: «Осы даланың асты толған көмір, бірнеше жүз жылға жетеді». А)сан есім; B)сын есім; C) есімдік; D)зат есім; E)етістік. 29.Мөлшер үстеуді көрсет. A)Неғұрлым ерте тұрсаң, соғұрлым жұмысың өнеді. B)Барлық жағдайды біле-тұра Айсұлу үндемеді. C)Қазір жұмысшылар қызу қарқынмен жұмыс істеуде. D)Елдің бәрі – осында. E)Шолпан амалсыздан бөлмеден шығып кетті. 30. «Үшін», «сайын», «сияқты» септеуліктер қандай септіктегі зат есімдермен тіркеседі? A)Барыс септік; B)Ілік септік; C)Атау септік; D)Жатыс септік; E)Шығыс септік; 10-нұсқа 1. Мына сөйлемде белгіленген сөздің қай септікте тұрғанын анықтаңыз: Абай ойлана отырып, Татьяна хатына үңілді. А) Атау септік; B) Ілік септік; C) Барыс септік; D) Табыс септік; E) Жатыс септік; 2.Жекіру одағайын көрсетіңіз: А) кә B) не C) жә D) пыс E) уһ 3. Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз: Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту, әнұран жатады. А) Символами государства являются его территория, язык и национальная валюта. B) Символами государства являются герб, флаг, гимн. C) Герб, флаг, гимн не являются символами государства. D) Каждый гражданин обязан знать символы государства. E) Символы нашего государства сочетают в себе 2 цвета: голубой и золотой. 4. Деректі зат есімді көрсетіңіз. А) ой; B) арман; C) кек; D) реніш; E) жүрек. 5. Дара зат есімді көрсетіңіз. А) денсаулық; B) еңбекқорлық; C) кемпірқосақ; D) кереуенбасы; E) көбелек. 6. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. А) биыл; B) сағат; C) жыл; D) алма; E) күн; 7. Жай шырайлы сын есімді көрсетіңіз. А) жеңіл; B) жеңілірек; C) жеңілдеу; D) жеп-жеңіл; E) ең жеңіл. 8. Есептік сан есімді көрсетіңіз. А) Екеуінің де ойына Самал, Сағынтай, тар кезең елестеді. B) Кондитер тағамдары 8 еседей, сары май 2,5 еседей, ет консервілері 2,8 еседей артық шығарылады. C) Қанша табасың айына? – Екі-үш мыңдай сом. D) Еңгезердей біреу кіріп келеді екен. E) Бұл колхозда 20 000 қой бар екен. 9. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз. А) мен, сен, сіз, ол; B) кім, не, қайда, қашан, қалай; C) бәрі, күллі, бүтін, түгел; D) ешкім, ешқайда, ешқашан, ештеңе; E) анау, мынау, сонау, бұл, осы. 10. Мына сөйлемдегі белгіленген сөздің қай сөз табына жататынын анықтаңыз: «Ащы менен тұщыны татқан білер, жақын менен алысты жортқан білер». А) зат есім; B) сын есім; C) сан есім; D) есімдік; E) етістік. 11. Еліктеу сөзді көрсетіңіз. А) әттең B) тырс - тырс C) уһ D) жә E) кә 12. Морфология ғылымы нені зерттейді? А) тіл дыбыстарын В) сөз таптарын С) сөйлем мүшелерін Д) буынды Е) сөйлемді 13.Фонетика ғылымы нені зерттейді? А) сөйлем мүшелерін В) сөз таптарын С) тіл дыбыстарын Д) буынды Е) сөйлемді 14. Салыстырмалы шырайлы сын есімді көрсетіңіз. А) қысқа; B) қып-қысқа; C) тым қысқа; D) ең қысқа; E) қысқалау. 15. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз. А) Біз – Құтташық ауданының диқаншы, малшы, жалпы жұрты – тауда жатқан қазынаны меңгермек болып, зор қимылдыбастап отырмыз. B) Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ. C) Әлдекім есік қақты. D) Ол әлденені айтқысы келген қозғалысын жасыра алмаса да, аузы батып айта алмады. E) Бүгінгі сабаққа студенттердің бәрі де дайындалып келді. 16.Жай сөйлемді табыңыз. A)Биыл қыс ерте түсті. B)Өнерлі бала-арлы бала, өнерсіз бала-сорлы бала. C)Кеш аяқталып, жұрт тарай бастады. D)Істі бастаған соң, аяқтау да керек. Е)Істің соңы дұрыс аяқталып, ел біраз тынышталды. 17. Сұраулы сөйлемді табыңыз. A)Театрға барушы ма едің. B)Дәптеріңді бере тұршы. С)Әркімнің бір арманы бар. D)Көзіңді қолыңмен сүртпе. Е)Сабағыңды оқы. 18. Бұйрықты сөйлемді табыңыз. A) Қар жауып тұр B)Пәле, жігіт-ақ екенсің. C)Ауылдың маңы терең сай. D)Ауа райы тамаша-ақ екен. Е) Осында тәртіп орнат. 19. Лепті сөйлемді табыңыз. A)Күн қандай тамаша B)Қайда асығып барасың C)Амандығыңды білейін деп едім D)Жұмысқа жұмыла кірісіңдер Е)Шығайық оңаша 20. Сан есімді тіркесті көрсетіңіз А)он жасар бала В)сен ертең келерсің С)ала жаздай ауылда болдым D)менің әкем – инженер Е)ол маған тесіле қарады 21.Төмендегі қосымшалар сан есімнің қай түрінікі –лаған, -леген, -ларда, -лерде, шамалы. А) бөлшектік В)жинақтық С) болжалдық D)реттік Е)есептік 22. Сапалық сын есімді тап? А)қызыл алма В)кешегі жиналыс С)мақтаншақ бала D)ұшқалақ адам Е)бойшаң жігіт 23.Себеп-салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Үйдің іші суық, өйткені от әлі жағылған жоқ В)Бүркітбайдың ашуланғаны сондай есікті-тарс жапты да, кетіп қалды С)Біресе шөп суылдайды, біресе су сылдырайды D)Ағашта жеті торғай отыр Е)Ұлжалғас жаза да біледі, оқи да алады 24. Қаратпа сөзді көрсетіңіз. А) Абай бірақ ойын айтпады В)Ал ол өзінің келешегіне үмітпен қарайды С) Қайдан келдің, Бауырсақ? D)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын Е)Рас, сіздің халық - ақын халық 25. Мына сөздердің қайсысында септік жалғауы бар? А)көршіні В)ойлайды С)ақылды D)жүлделі Е)ойлаймын 26. Жинақтау сан есімді тап: А) бестен бір В)елудей С)үш-үштен D) жетеу Е)жүзге тарта 27. Еліктеу сөзді тап? А)сарт-сұрт В)барған сайын С)асты-үсті D)қарама-қарсы Е)қолма-қол 28. Толымды сөйлемді табыңыз. А) Қандай тамаша! В)Палаткалар апарып тігеміз С)Досанның қайтадан барғысы келді D) Біз ертең жиналысқа кешікпей баруға тиіспіз Е)Сізге сәлем деді 29. Ортақ етіс болып тұрған сөзді табыңыз? А)табыс, жинас В)санат, отырғыз С)айтылды, кейінді D)қосылды, түйілді Е)ашылды, берілді 30.Жіктік жалғаудағы ІІ жақ, көпше түрде тұрған сөзді табыңыз. A) Баруға. B)Барамыз. C)Барады. D) Барасыздар. E)Барасыз. |