Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай -дара,Абай- дана" Тәрбие сағатының мақсаты

  • Әдіс- тәсілдері

  • Техникалық жабдықталуы

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі

  • 1-жүргізуші

  • 2-жүргізуші

  • Мұғалім

  • "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл" 2-жүргізуші

  • Абай ақын «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

  • Қыздардың орындауында "Көзімнің қарасы" Абай – сазгер. "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей Оқушылар шығармашылығына кезек берейік

  • Абайша жырлау: Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері

  • 2-оқушы

  • 5оқушы

  • Бірге

  • Абай сынып сағаты. остомар негізгі мектебі Ашы трбие сааты "Абай дана, Абай дара азата" (Абай нанбаевті 175 жылды мерейтойына орай )


    Скачать 417.6 Kb.
    Названиеостомар негізгі мектебі Ашы трбие сааты "Абай дана, Абай дара азата" (Абай нанбаевті 175 жылды мерейтойына орай )
    Дата26.09.2020
    Размер417.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбай сынып сағаты.docx
    ТипДокументы
    #139755

    Қостомар негізгі мектебі

    Ашық тәрбие сағаты

    "Абай дана, Абай дара қазақта"

    (Абай Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына орай )

    6"а" сыныбы

    Сынып жетекші: Калемшарив Е

    2020-2021оқу жылы

    Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай -дара,Абай- дана"

    Тәрбие сағатының мақсаты:

    -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
    -Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
    -Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

    - Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру

    Әдіс- тәсілдері: Баяндау, қара сөздерін түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету,

    Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

    Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа

    Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, музыка,

    Тәрбие сағатының кезеңдері:

    • Ұйымдастыру                             

    • "Абай дара, Абай дана қазақта"

    • "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

    • "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

    • «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

    • "Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы

    • Қорытынды


    Барысы

    Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.

    Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай

    Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.

    -Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында дара ақын, дана ақын – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

              1-жүргізуші:  Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...

    2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

    Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

    I. Ұйымдастыру

    1-жүргізуші:

    Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

    Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

     Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім?

      Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

       Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

    2-жүргізуші:

    Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

     Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

    Арманын аттандырып келешекке ,

      Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

      Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

       Жауына найза сөзін шанышқан кім?     Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

      Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

    Мұғалім: тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын

    "Абай дара, Абай дана қазақта"

    1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?

    (Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)

    "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

    2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз

    білеміз.

    1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік

    • Қарасөз дегеніміз не ?

    Ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .

    Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді Орыс ,  қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .

    1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
    Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.

    Абайдың 17-қара сөзі бойынша көріністі тамашалаңыздар "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"

    2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына

    1оқушы :-Бірінші қара сөз

    2-оқушы.-екінші қара сөз

    3оқушы: -үшінші қара сөз

    ..............................................

    10-оқушы:-Оныншы қара сөзі жайында әңгімелейді.

    Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?

    Абай – ойшыл.

    "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

    1-жүргізуші:- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

    1- оқушы: Жаз
    2- оқушы: Күз
    3- оқушы: Қыс
    4- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар»
    5- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»

    6- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

    7-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

    8- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

    9-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

    10-оқушы « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»


    1-жүргізуші:-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген

    1-жүргізуші:-Енді Абайдың табиғатты бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" Ұлдардың орындуында

    Абай ақын

    «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

    2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.

    1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

    2-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

    Қыздардың орындауында "Көзімнің қарасы"

    Абай – сазгер.

    "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей Оқушылар шығармашылығына кезек берейік

    Абайша жырлау:

    Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері «Әлемнің Абайы» өлеңі

    1-оқушы: Абай біздің –Кемеңгер,
    Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,


    2-оқушы: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
    Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

    3-оқушы: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!


    4оқушы:Парасатты болып туған,
    Шыңғыстаудың Абайы

    5оқушы:.Ән мен жырын мұра қылған,
    Сарыарқаның Абайы,


    6-оқушы:.Нақылменен сана құйған,
    Қазағымның Абайы,


    7оқушы: Ақылменен дана болған


    Бірге: Бүкіл елдің Абайы.

    1-жүргізуші: Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.

    2-жүргізуші: Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың қалдырған із ешқашанда өшпек емес.


    ҚОРЫТЫНДЫ
    Мұғалім: Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.

    Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын.

    Марапаттау сәті.

    - Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.


    написать администратору сайта