1. Балаларды_ _су мен дамуды_ жас ерекшеліктері мен за_дылы_тары. 1. Балаларды су мен дамуды жас ерекшеліктері мен задылытары
Скачать 18.2 Kb.
|
Тақырыбы: Оқушылардың даму физиологиясы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары Сұрақтар: 1.Балалардың өсу мен дамудың жас ерекшеліктері мен заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдердің ағзасы үнемі өсіп дамуда болады. Ағзада торшалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Ағзаның негізгі 3 дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы, кеуде шеңбері. Өсумен қатар ағзада даму жүріп жатады. Даму - сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, мүшелерінің қызметтерінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Даму 2 түрге бөлінеді: физикалық және әрекеттік. Адам өмірін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Дамып жетілу дегеніміз жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау. Өсу мен дамудың 6 заңдылықтары бар: 1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды( гетерос- әртүрлі,хронос – уақыт). Өсу қарқыны адам өмірінде 3 рет күшейеді: тұғаннан 3 жасқа дейін, 3-7 жас арасында, жыныстық жетілу кезінде. Сонымен қатар, жеке мүшелер мен жүйелерінің өсіп дамуы гетерохронды болады. 2. Мүшелер мен мүшелер жуйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп жетілуі 10-12 жаста күшейеді. 3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Бала ағзасының жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу кезінде, керісінше, қыздардың бойы, салмағы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. Жыныстық айырмашылықты оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанда еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. 4. Әрекеттік жүйелер мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықтылығы. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады. Мұндай ұйымдасу ағзаға қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен, балалар мен жастардың оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала ағзасы жан-жақты дамымайды. 5. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Баланың өсу мен даму қарқыны, жыныстық деморфизм, жеке мүшелердің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. 6. Өсу мен даму акселерациясы. Балалардың өсу мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын акселерация деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінің ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар ( генетикалық , урбанизациялық , әлеуметтік-экономикалық ), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. 2.Жас кезеңдер, олардың сипаттамасы және жас ерекшеліктері. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөледі: 1. Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі). 2. Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін). 3. Алғашқы балалық шақ (1-3 жас). 4. Бірінші балалық шақ (4-7 жас). 5. Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас). 6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар12-15 жас, ұлдар 13-16 жас ). 7. Кәмелеттік шақ (қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-21 жас). 8. Ересектік мерзімінің бірінші жартысы (әйелдер 21-35 жас, ерлер 22-35 жас). 9. Ересектік мерзімінің екінші жартысы (әйелдер 3 6-55 жас, ерлер 36- 60 жас). 10. Егде жас (әйелдер 55-7 4 жас, ерлер 60-74 жас). 11. Кәрілік шақ (әйелдер мен ерлер 74-90 жас). 12. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай). 3.Антропометрикалық зерттеулер Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.[ |