Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.1 Басқару заңдары

  • 1.2 Басқару принциптері

  • 1.3 Басқару әдістері

  • Лекция. лекция+1. 1 басару жйесіні негізгі теориялы жадайлары


    Скачать 20.19 Kb.
    Название1 басару жйесіні негізгі теориялы жадайлары
    АнкорЛекция
    Дата30.09.2021
    Размер20.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция+1.docx
    ТипДокументы
    #239262

    1 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

    Жүйе – нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.

    Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады.

    Басқа жүйелерге қарағанда басқару жүйелері келесі сипатты ерекшеліктерді құрайды:

    1. ақпараттық байланыс арқылы толықтықты қамтамасыз ету;

    2. басқару әсеріне сәйкес әр-түрлі әрекетке өту мүмкіндігі, бұл кезде өту әрекеті уақытты бірден қажет етпейді;

    3. даму бағытын таңдау;

    4. қоршаған ортаға сәйкес жүйені қабылдау;

    5. жүйелердің қызмет ету процесінің түзу бағыты.

    Басқару жүйесі – ұйымдастырылған жүйелердің функциялары

    (биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

    Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.

    Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.

    1.1 Басқару заңдары
    1) Басқару жүйесінің толықтығы мен бірыңғайлылық заңы. Бұл заң бойынша, басқару жүйесі ұйымдастырылған және функционалдық бірыңғайлылыққа сәйкес болуы керек дейді.

    Ұйымдастырушылық толықтылық – басқаруға қойылған міндеттердің орындалуы үшін қажетті элементтердің құрамымен, ал функционалды – жүйенің мақсаттарына жету үшін қажетті функционалды дамутымен қамтамасыз етіледі.

    2) Кез-келген басқару жүйесінің барлық элементтерінің пропорционалды және ұтымды сәйкестенуін сақтау заңы. Бұл дегеніміз, жүйенің элементтерінің ұтымды сәйкестенуі дамуға олардың функционалды және құрылымдық мүмкіндіктерінің, деңгейлерінің, бағыттарының әсер етуін қарастырады.

    3) Қолданылған ақпараттың көлеміне байланысты басқару жүйесінің тиімділік заңы. Басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланатын ақпараттың көлемі мен басқару міндеттерін орындау сапасының бір-бірімен байланысын қарастырады.

    4) Басқару процесі кезіндегі пайдаланылатын тиімділік критерилерінің бір-біріне тәуелділігі және бірыңғайлылық заңы.

    5) Басқару жүйесіне әсер етуші және тәуелді болатын техникалық құралдарды қолданудың сәйкестік заңы. Бұл заңның талаптары әсіресе басқару жүйесін автоматтандыру кезіндегі маңызы зор.
    1.2 Басқару принциптері
    Басқару принциптері – басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді.

    Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.

    Басқарудың негізгі принциптері:

    1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;

    2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;

    3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.

    4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.

    5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.

    Басқарудың негізгі заңдары мен принциптері басқару процесі кезеңдерінің қалыптасуы кезінде жасалады.

    Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып:

    • ақпаратты жинау мен өңдеу;

    • оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою;

    • мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау);

    • жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау;

    • шешімді орындау үшін әрекеттерді ұйымдастыру;

    • әрекетке бақылау жүргізу;

    • әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

    Осыған байланысты, басқару – келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау.

    Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты – қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау.

    Ұйымдастыру – басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады.

    Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді.

    Ең негізгі жағдай болып шешімді түзететін нәтижелерді бақылау қызметі атқарады: актив және пассив.

    Басқарудың негізгі мақсаттары:

    1. Басқару жүйесінің немесе объектінің қалауы бойынша жағдайы;

    2. Жүйе жағдайын қарастыратын әрекеттің талап бойынша анықталған нәтижесі.



    1.3 Басқару әдістері
    Басқару әдістері – нақты нәтиже алу үшін басқару объектісіне басқару субъектісінің әсер ету жолдары мен тәсілдерінің жүйесі.

    1) Басқарудың экономикалық әдісі-басқару мен шаруашылық әрекеттегі экономикалық қатынастары мен заңдарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жиыны. Әдіс әлеуметтік-экономикалық заңдар мен объективті ортаның даму заңдылығына негізділген (табиғат пен қоғам). Бұл әдістерді қолдану тұлғаның, ұжымның, қоғам мен мемлекеттің экономикалық көзқарастары жүйесіне негізделеді.

    2) Басқарудың ұйымдастырушылық тарату әдісі-басқару процестерінің үзілмеушілігін және ырғақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жолдар мен тәсілдер жинағы. Әдіс басқару мен шаруашылық етудің барлық деңгейіндегі адамдардың құқықтары мен жауапкершілігіне негізделген.

    3) Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері - әлеуметтік-психологиялық көзқарастары арқылы адамдар мен басқару органдарына әсер етудің тәсілдері. Бұл әдіс қоғамдық көзқарастың дамуы мен қалыптастырылуына негізделген.

    Басқару тәжірибесінде барлық әдістер өзара тығыз байланысты және бірыңғай жүйені құрайды. Басқару әдістері өз бағыттарына қарамастан басқарылатын объектіге нақты ұйымдастырушылық әсерін тигізеді. Басқару объектісіне әсер ету түрлері бойынша тура және жанама әсер тигізетін, басқару шешімдерін шығаруды ұйымдастыру түрлері бойынша – бірыңғай және топтастырылған.

    Басқарудың экономикалық әдістері – басқарудағы және шаруашылық әрекеттегі экономикалық заңдар мен қатынастарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралардың қатынасы.

    Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны ең жақсы нәтиже алу мақсатында жеке адамның, ұжымның, мемлекеттің экономикалық мүдделерін басқаруға байланысты қарастырылады.
    Тақырып бойынша сұрақтар:


    • жүйе дегеніміз не?

    • басқару жүйесінің негізгі заңы мен мазмұнын ашу және тізіп жазу;

    • басқару жүйесінің негізгі принциптерінің мазмұнын ашу және тізіп жазу;

    • басқару жүйесінің қызметтерін атаңыз;

    • басқарудың негізгі әдістерін атаңыз;

    • басқару түрлері.


    написать администратору сайта