Главная страница
Навигация по странице:

  • 1989 ж. КСРО Мемлекеттік кəсіпорындары жөніндегі заңының өзгеруіне сəйкес, Оңтүстік басқармада жаңадан бірнеше бөлімдер құрылады

  • Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны

  • Батыс Казахстан кен орындары. 1. Батыс азастандаы мнай кен орны 4 Батыс азастандаы газ кен орны 11


    Скачать 161.75 Kb.
    Название1. Батыс азастандаы мнай кен орны 4 Батыс азастандаы газ кен орны 11
    Дата27.10.2022
    Размер161.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБатыс Казахстан кен орындары.docx
    ТипДокументы
    #758210

    ЖОСПАР


    Кіріспе 3

    1. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны 4

    2. Батыс Қазақстандағы газ кен орны 11

    3. Батсыс Қазақстандағы газ конденсат кен орны 14

    Қорытынды. 16

    Пайдаланған әдебиеттер 17



    Кіріспе




    Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам кен орындары бар. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
    Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар:
    Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.
    Чинарев мұнай-газ конденсат кен орны - Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ конденсат кен орны. Орал қаласынан солтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан, 1991 жылы ашылған.

    Батыс Қазақстан экономикалық ауданы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия елдерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының құрамына Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары кіреді. Бұл аймақ республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

    1. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны


    Осы заманғы шаруашылықты мұнайсыз елестету қиын.Мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды.Оны өңдеген кезде түрлі отын, яғни бензин, дизель майы,керосин және химиялық өнімдер алынады.Мұнайды өңдеу барысында түзілетін мазут электр станцияларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылса, оның сонғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады.Ал мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтары-химиялық шикізат болып табылады.Оны өңдеу арқылы синтетикалық талшық, каучук, спирт, пластмасса т.б. өнімдер алынады.

    Қазақстанда мұнай-газ өндірісі дамыған.Елімізде мұнайдың 14-ке жуық блашағы зор бассейндері белгілі, олар Атырау-Ембі, Маңғыстау аумақтарында, Каспий қайраңында шоғырланған.

    Қазақстанда мұнай революцияға дейін, яғни 1899 жылдан бастап Ембіде өндіріле бастады.1911 жылдан Доссор, 1915 жылдан бастап Мақат кен орындары мұнайды тұрақты өндіруде.

    1979 жылы Атырау облысында ашылған Теңіз әлемдегі мұнай кен орындарының бірі.Болжам бойынша мұнайдың геологиялық қоры 3млрд 133млн.т шамасында.1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шеврон компаниясы арасында Теңізшевройл серіктестігі құрылып, Теңіз және Королев мұнай кені игеріле бастады.Теңіз мұнайын экспорттау мақсатында 2001 жылы ұзындығы 1580км. Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры іске қосты.Теңіз кенішінде қазіргі уақытта жылына 12млн т-ға дейін мұнай өндіріледі.

    Каспий қайраңында мұнайдың өте бай қоры шоғырланғын.Болжаммен мұнайдың қоры-4,5 млрд т, газ конденсаты бойынша-1,6 млрд т және табиғи газ-5,9 трлн м.Каспий қайраңын игеру Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде жетекші орын алуда.Каспий қайраңында қоры мол Қашаған, Құрманғазы, Ақтоқты, Қайраң кендері бар.Каспий аймағы келешкете Батыс Сібір, Мексика және Парсы шығанығы сияқты мұнай өндірудің ірі аймақтарымен қатар тұратын болады.Каспий Қазақстан үшін теңіздік мұнай өндіруді дамытудың стратегиялық маңызы зор.2000 жылдың шілде айында Қашаған кен орнын бұрғылау барысында мұнайдың мол қоры бар екендігі анықталды.

    Соңғы жылдары Бозащы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас жаңа мұнай кен орындары игерілді.

    Батыс Қазақстанда республикада ең алғаш салынған Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді.Ол Атырау-Ембі және Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді.Зауытты мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Ақтау-Атырау мұнай құбыры салынған.

    Ембі мұнайының күкірті, парафині аз, технологиялық сапасы жоғары, одан алынған жанармай өте жоғары бағаланады.Ембі мұнайы Ұлы Отан соғысы жылдары әскери ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз етуде жетекші орын алған.

    Ал Маңғыстау мұнайының құрамында күкірті жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көбірек болып келеді (18-20%).Парафинді мұнай жылдам қатады, сондықтан оны құбырмен тасымалдау үшін қосымша жылу беріп отыру керек.

    Келешекте Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай құбырын салу жоспарлануда.Ол екі құбырдан тұрады: Батыс Қазақстан-Кенқияқ және Кенқияқ-Құмкөл. Одан әрі Құмкөл-Павлодар және Шымкент мұнай құбырларымен жалғастырылады.

    Орал-Ембі мұнайлы аймағы үлкен территорияны — батыста Еділдің төменгі жағынан бастап, шығыста Мұғаджарға дейінгі аралықты алып жатыр. Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібін дамытудың қазіргі кезеңнің сипатты ерекшелігі — жұмыс ауқымының едəуір ұлғаюы.

    50–60 жж. аясы Батыс Қазақстандағы ірі кен орындардың ашылуымен ерекшеленеді — Кеңқияқ (1959) Ақтөбе облысы, Прорва (1961) мен Мартыши (1962) Атырау облысы, Жетібай, Өзен (1961) қазіргі Маңғыстау облысы. Аталған кен орындарды игеру Батыс Қазақстандағы  мұнай өндірудің ілгері аяқ басуының қазығына айналуға жол ашты. Аймақтағы мол байлық қоры Каспий маңы ойпатының шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланды. Кеңқияқ кен орнын игеру қолға алынған соң (1966) «Каспий-Орск» арнасына жалпы ұзындығы 122 шақырымға созылатын  «Кеңқияқ № 6 МАС» мұнай құбыры салынып, қосылды [1].

    Елімізде құбырлық тасымал жүйесі Маңғыстау түбегінің кен орындарының игерілуіне байланысты, əсіресе 60–70-жылдары күшті қарқынмен дамыды. Өз кезегінде ол мұнай құбырлары арқылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді.

    Нəтижесінде 1965 жылдың 16 маусымында Батыс Қазақстанның мұнайын тасымалдау үшін екі басқарма: Гурьев магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Гурьев ММӨҚБ) мен Шевченко магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Шевченко ММӨҚБ) құрылды.

    Гурьев ММӨҚБ құрамына: диаметрі 12 мм, ұзындығы 726,193 км болатын «Каспий-Орск» магистралды мұнай құбыры; түрлі диаметрлі, жалпы ұзындығы 680,590 км-ден асып жығылатын құрылыстары аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары жүйесі; айдау станциялары Гурьев, Сағыз, Комсомол, Қосшағыл кəсіпшіліктерінде орналасқан ұзындығы 684,638 км «Гурьев-Қосшағыл- Қаратон-Сарықамыс-Мұнайлы» су құбыры қарады.

    Гурьев ММӨҚБ-ның міндеті Ембі мұнайын Гурьев, Орскі жəне Ярославтың МӨЗ-на жеткізумен тікелей айналысты, тасылған мұнай көлемі 1968 жылы 1583,2 мың тоннаға жетті [2].

    Ал Шевченко ММӨҚБ-на: ұзындығы 141км, диаметрі 529х7 мм болатын алты қыздыру пункті бар «Өзен-Жетібай-Шевченко» мұнай құбыры (1966 ж. қыркүйегінде қолданысқа берілді); «Өзен МАС (№ 1 алаң) — Бас МАС»; 6 артезиандық скважиналы «Сауысқан» САС; «Шевченко-Өзен- Сауысқан» телефон желісі жəне т.б. нысандар қаралды.

    Өзен мұнайының басым бөлігі құбыр арқылы «ысытып айдау» əдісімен Шевченко қаласына дейін жеткізілініп, одан əрі теңіз жолымен Волгоград МӨЗ-на тасымалданды. Сонымен қатар Ақтау қаласында мұнай қабылдайтын айлақты салу да қатар жүрді, ол дегеніміз — Ақтау, Астрахан, Махачкала, Баку, Волгоград қалалары аралығында теңіздік коммуникацияның қалыптасуы — Маңғышлақ мұнайын тасымалдауға жағдай жасады.

    КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің 1964 жылы Мемлекеттік  тасымалдау комитетіне жолдаған хатында Маңғышлақтың мұнайлы кен орындарын тез арада игеру үшін оны темір жол желілерімен байланыстырудың қажеттілігін мəлімдей келе, КСРО Министрлер Кеңесінің 1965 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 952 қаулысы жəне 1963 жылдың 7 қыркүйегіндегі № 53–12 қаулысы негізінде Маңғышлақ түбегін еліміздің ең ірі мұнай өндіретін аймақ, қойма есебінде қолдануды көздеді.

    Мұнай өндірудің еселеп артуы 1967 жылы «Өзен–Құлсары–Гурьев–Куйбышев» магистралды мұнай арнасы құрылысын жүргізуге жəне құрылысты 1970 жылы аяқтап, шаруашылыққа пайдалану көзделді. Құрылыс алаңдарын жоспарлау мен қолданысқа беру міндеттерін «Южгипротрубопровод» институты қолға алады, бірақ олар кейбір құжаттарда (атап айтсақ, жұмыс сызбалары мен жоспарлау жұмыстарының материалдарын) уақытылы тапсырмады, Сай-Өтес пен Құлсары алаңдарындағы мұнай қыздыру пунктерінде кейбір олқылықтар орын алды. Айдау станциясы мен қыздыру пунктердегі алаңдарда тиісті жұмыстар атқарылмаған, бұл дегеніміз қажетті нысандардың  дер кезінде жүзеге асырылып, аяқталуына едəуір тежеу жасады [3].

    Дейтұрғанымен, «Южгипротрубопровод» институты — негізгі жоспарлау ұжым ретінде Газ өнеркəсібі министрлігі мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 18 тамыздағы № 1995-р бұйрығына сəйкес, 1967 жылдың желтоқсан айының соңында «Өзен-Құлсары-Куйбышев» магистралды мұнай арнасының жоспарлау сызбасын аяқтады [4; 18-п.].

    «Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев» магистралды мұнай құбырының жобасы мен құрылысын ұйымдастыруда атқарған маңызды жұмыстары үшін «Южгипротрубопровод» институтының авторлық ұжым мүшелерінің жұмыстары 1969 жылы үздік деп танылып, Одақ көлеміндегі  аса жоғары Мемлекеттік сыйлық табыс етілді [4, 42–50-п.].

    1970 жылдың 25 тамызында 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев «ыстық» мұнай құбырының іске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті.

    1969 ж. 30 тамызда Мұнай өндіру министрлігінің бұйрығы бойынша Гурьев қаласында Оңтүстік магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Оңтүстік ММӨҚБ) құрылады. Басқарма құрамына: Гурьев ММӨҚБ, Маңғышлақ ММӨҚБ, Орал аудандық МҚБ, «Арнайықұрылысжөндеу» басқармасы, Автокөлік кеңсесі, «Өзен-Гурьев-Куйбышев» мұнай құбыры құрылысына жауапты ұжым енді. Оңтүстік ММӨҚБ қарамағында жалпы ұзындығы 2914 км болатын қолданыстағы магистралды жəне құрылысы аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары болды [5].

    Оңтүстік ММӨҚБ (Магистралды мұнай өнімі құбырлары) міндетіне «Өзен-Жетібай-Ақтау»  мен «Өзен-Гурьев» екі ірі магистралды мұнай құбырын іске қосу жүктелді. Төмендегі кестеде екі құбырдың 1972 жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі көрсетілген.

    «Өзен-Жетібай-Шевченко» мұнай құбырының жолы Үстірттің жоғарғы жəне орта коррозиялық топырақ қабатын кесіп өтеді. Құбыр трассасы дерлік тас төселген автомобиль жолымен шектесіп жатыр. Құбыр бойы өз жолында 139 шақырым тұсында су ағатын каналды, шойын жолды да, автомаги- стральды да кесіп өтеді. Өткелдер жобаға сəйкестендірілген жəне қанағаттанарлық жағдайға сай деп есептелінді.

      

     «Өзен-Гурьев» мұнай арнасы Гурьев облысының шөлді аймақтарының үстіне салынған. 140– 550 км дейінгі аралықта құбыр Маңғышлақ-Мақат темір жол бойымен жəне Орта Азия — Орталық газ құбырымен де жанасып жатыр. Аталған мұнай трассасының бойын 42 табиғи жəне жасанды кедергілер бөгеуде, оның 11 — сулы тежеулер (өзендер, каналдар), 23 — сорлы аудандар, 4 — темір жол жəне 4 — автомобиль жолдары. Шөлді зонаға тəн құрғақшылық, аптап ыстық пен судың тапшылығы да осы аймақта кездеседі.

    1971 жылы қазанда Орал өзенінің түбінен құбырды салуды «Главтранснефть» тұсында арнайы экспедициялық топ су астында техникалық зерттеу жұмыстарын жоспарға сай жүргізеді.

    «Өзен-Жетібай-Шевченко» мен «Өзен-Гурьев» мұнай құбырларының өндірістік мүмкіншілігін арттыруда мұнай айдау станциялары салынды, ол 2-кестеде көрсетілген.

     

    Өзендегі № 1; 4 мұнай айдау станциялары Өзен-Шевченко құбырына мұнайды жеткізуге арналған. Ал Шевченкодағы № 2 айдау станциясы Өзен-Жетібай-Шевченко құбырынан мұнайды кейін айдауға арналып салынған [6].

    Жетібай мен Өзен кен орындарының ашылуы КСРО пайдалы қазбаларды жобалау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы тек Өзеннен барланған қор 400 млн.т құрайды десе, оның ішінде 316 млн.т В жəне С категориясына жататыны анықталды. Демек, Өзен мұнай кен орны сапалы өнімге өте бай.

    Мұнай өндіру Мемлекеттік комитетінің  есебінше,  аталған  аймақтан  мұнай  өндіру  1970 ж. 10 млн.т жетсе, ал 1980 ж. оның көлемі 40 млн.т. құрайды. Маңғышлақтың кен орындарында еңбек ететін жұмысшылар саны да еселенетіні рас, 1970 ж. 25 мың адам жұмыс жасаса, келесі жылдары олардың саны 40 мың адамға дейін көбейеді. Аталған өңірге жылына 1,1 млн.т құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізу қажет жəне бұрын қолданыста болған магистралды мұнай құбырлары қайта іске қосылғанға дейін мұнайды темір жол арқылы 1,0 млн.т мұнайды тұтынушыларға жеткізу жоспарланды.

    Осыған сəйкес Маңғышлақ түбегінің кəсіпшіліктерін транспорттық қызмет көрсету сызбасына қоса, құбырлардан бөтен темір жолдар мен автомобиль жолдарының инфрақұрылымдарын дамыту қатар жүрмек.

    Мұнай құбырларымен бірге салынатын Ақтау (Гурьев-20)-Ераливо-Жетібай-Өзен темір жол желісі Жетібай мен Өзен кен орындарынан мол өнім алуға жəне өнімді уақытылы игеруге мүмкіншілік жасайды. Темір жол желісі құрылысының жобасы «Гипровостокнефть» институтына жүктелді [7].

    70-ші жылдардың орта тұсында Бозащы түбегінде (Маңғыстау түбегінің солтүстік мүйісі) — Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы мұнай кенорындары ашылды. 300–1000 м  тереңдікте мұнай көзі табылды. Ол жабысқақ, жоғары асфальттысмолалы қосындыларға бай, ванадий  мен никель металдарының да мөлшері едəуір. Оларды өндіру, өңдеу жəне тасымалдауға мүлде жаңа техникалық құрал-жабдықтар қажет болды. Кен орындардың географиялық орналасуы Бозащы мұнайын Ақтау порты арқылы тасымалдау негізделді, осы мақсатта Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының жобасы жасалынды.

    Бір топ ғалымдар мен бірлестіктің мамандары (А.А.Дергачев, А.И.Каширский, Н.К.Надиров, Б.У.Оразғалиев, В.В.Хуторный) Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбырының құрылысы кезінде құбыр транспортының экономикалық тиімділігіне қол жеткізетін жаңа технологиялық схеманы енгізуге бірлесе жұмыс атқарды. Бұл Өзен-Самара құбыры бойына салуға жоспарланған екі МАС мен төртаралық қыздыру пунктерін салмай-ақ жүзеге асыруға мүмкіншілік жасады.

    Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры желісі бойында жалғыз Қаламқастағы бас МАС салынып, 1979 жылдың қарашасынан бастап іске қосылынды. Бұл жоба авторларына 1980 ж. Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық табыс етілді.

    Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры (ұзындығы 264,5 км, диаметрі 426 жəне 720 мм) құрылысы межеленген уақытынан бұрын (18 айға жоспарланған жұмыс 10 айда орындалды) аяқталып, 1979 жылдың 29 желтоқсанында пайдалануға берілді. Қаламқас МАС салу мен іске қосу жұмыстарына Оңтүстік басқарманың қас шебер-мамандары З.Б.Əбдірахманов, М.А.Нұрғалиев, В.А.Ульченков, Ф.Г.Мулюков, Х.А.Үмбеталин, П.П.Волик, Л.Журавлев, Н.Миронов жəне тағы басқалар атсалысып, тер төкті.

    Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының соңғы бөлімшесі Шевченко қаласының маңында (Өмірзақ ауылы) салынды, ол Өзен-Жетібай-Шевченко құбырының № 3 бөлімшесімен қиылысып жатыр. Бозащы түбегінің кен орындарынан өндірілген мұнай өнімдері соңғы қабылдау бөліміне жеткізілініп, танкерлерге тиелініп, Ақтау порты арқылы мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Ақтау портының ең жоғарғы өнім өткізу күші жылына № 3 бөлімшеде 7–8 млн.т мұнайды құрайды.



    Жоғарыдағы кестеде 1980 жылдан бастап Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбыры арқылы ағылатын тауар айналымы көлемі қысқарғаны анық, ал Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай өнімі едəуір артқанын байқаймыз.

    Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау құбыры арқылы Бозащы мұнайы бірден танкерлерге құйылып, мұнай өңдеуші зауыттарға тасылды. 1980 жылдың 10 қаңтарында «Ильич» портынан Қаламқастың алғаш мұнайы Бакуге жөнелтілді, 1985 жылдың соңында жылдық өнім 5,7 млн.т жетті.

    Шексіз ағылған мұнай № 3 бөлімде 1990 жылға дейін жылына 8,0 млн.т аспады.  Ақтау портының мүмкіншілігін біле отырып, оны кеңейту, ұлғайту туралы мəселеге ешқандай көңіл бөлінбеді [8].

    1988 ж. Оңтүстік басқарма қарамағында 27 бөлімше мен бірнеше қызмет түрлері болды. Аталған бөлімшелерде маңызды рөлді мұнай құбырларын пайдалану мен тауар-көлік бөлімдері иемденді.

    1989 ж. КСРО Мемлекеттік кəсіпорындары жөніндегі заңының өзгеруіне сəйкес, Оңтүстік басқармада жаңадан бірнеше бөлімдер құрылады:

    • Астрахан аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ААМБ);

    • Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасы (БАМБ);

    • Құлсары аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ҚАМБ);

    • Гурьев су даярлау мен сумен жабдықтау басқармасы;

    • Гурьев құрылыс-жөндеу басқармасы;

    • Маңғышлақ құрылыс-жөндеу басқармасы;

    • Апаттық жағдайлардың алдын алуға арналған арнайы басқарма;

    • Өндірістік қызмет көрсетудің орталық базасы;

    • Өндірістік-техникалық қызмет көрсету жəне қондырғылармен жабдықтау базасы [9].

    1990 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Маңғышлақ АМБ, Теңіз су даярлау мен сумен жабдықтау басқармасы жойылып, орнына Астрахан АМБ мен Апаттық жағдайлардың алдын алу басқармасы дүниеге келеді [10]. Қазіргі кезде Оңтүстік ММӨҚБ мұнайды жəне Еділдің, Оралдың, Əмударияның суын қабылдау мен жеткізуді тікелей өз міндетіне алды.

    Оңтүстік   басқармаға   мұнай   жеткізуші   ірі   кəсіпорындар   қатарында    «Маңғышлақмұнай», «Ембімұнай», «Теңізмұнай», «Қаражанбасмұнай» болды. Алынған өнім Гурьевтің, Ярославтың, Орскінің мұнай өңдейтін зауыттарына, Еділ бойы жəне Кавказ маңы магистралды мұнай құбырларына, сонымен қатар жергілікті материалдарды өңдейтін Құлсары зауыты мен жалпы отын ресурсына зəру тұтынушыларға жеткізілінеді.

    Ол мəселе тек құбырмен шектелген жоқ, мұнай темір жол, теңіз жəне өзен жолдары арқылы да тасымалданады. Шөлді аймақтарда, елді мекеннен тым қашық аудандарда, құмды сусыз ен даланы басып өтіп, Үстірт таулы қыраты мен Бозащы түбегінің қатаң климатына қарамастан, салынатын құбыр жолы құрылысшылардың тер төгуімен салынып, халыққа, елімізге ұзақ жылдарға қызмет ететіндігі сөзсіз.

    ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңына таман мұнай өндіру басқармаларында мұнай қабылдаудың азайғандығы байқалды, ол скважиналарда бұрғылау жұмыстарының қанағаттандырылмауынан, сол себепті де мұнай өндіру күрт төмендеп кетті. Бұған қоса мұнай саласына  бөлінген  қаражаттың  көлемі  де  мардымсыз  болды,  тіпті  80-ші  жылдардың  соңындағы КСРО-дағы саяси тұрақсыздық та əсерін тигізгендігі анық. Бұл ұлтаралық қақтығыстардың болуына жол берді, орталық пен аймақтардың бір-бірімен қарсылықтары күшейді. КСРО-да экономикаға оң бағытталған қайта құру бағдарламасы болмады, одақтас республикалардың егемендік пен тəуелсіздікке ұмтылған толқулары жиелей түсті, ол, əрине, өнеркəсіпке, əсіресе құбыр транспортының өркендеуіне балта шапты, Одақтың басқа елдермен экономикалық қарым-қатынасты күрт əлсіретті.

    Өзіміз көріп отырғанымыздай, қазақ жерінен өндірілетін өнімнің басым бөлігі Орталыққа жол тартты, яғни солтүстіктегі алып державаның территориясына шоғырландырылу одан əрі жалғасын тауып жатты, біздің ел тек мол қазынаның «кілті» болды.

    Əйтеуір тəуелсіздік алып, өз алдымызға зайырлы ел болғаннан кейін шет елдермен бір қатарда саудаласуға, өз мүдделеріміз бен ұстанымдарымызды көрсетуге мүмкіндік туды.

    Тəуелсіздік жылдарында «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі серпінмен дамыды. Бəсекеге қабілеттілігін жəне сенімділігін арттыруға бағытталған үлкен жұмыстар жүргізілді. Мұнайды тасымалдау мен ауыстырып тиеуге арналған жаңа нысандар салынды, сондай-ақ жол үсті мемлекеттер аумағы арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негіздер жасалынды т.б.

    2. Батыс Қазақстандағы газ кен орны


    Газ өнеркәсібі Қазақстан отын-энергетика кешенінің ең жас саласы.Газ-толық жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі.

    Қазақстанда Каспий қайраңын қосып алғанда газдың жалпы қоры 6трлн м, бұл қоры жөнінен әлемде он екінші орында.

    Газ мұнаймен бірге және табиғи жеке түрде де кездеседі.Мұнайдың қосалқы газы Атырау-Ембі бассейнінде кездеседі.Маңғыстау түбегіндегі Теңге, Үстірт кен орындарында табиғи газ мол.Жалпы газдың ірі кен орындарына Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен т.б. жатады.

    1980жылдардан бастап, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде Қарашығанақ газ-конденсаты игерілуде.Ол Қазақстан газ қорының 70%-ын құрайды.Оны өндіруге әлемнің ЭНИ (Италия) Бритишгаз, Шеврон Тексако(АҚШ) және Лукойл (Ресей) сияқты ірі компаниялар қатысуда.Газдың құрамында химия өнеркәсібінде пайдаланатын конденсат түріндегі шикізат мол.Қарашығанақты игеруге 9млрд доллар шетел инвестициясы бөлінген.Одан алынатын табыс көлемі 65 млрд АҚШ доллары, соның 47 млрд доллары қатысушы компанияларға тиесілі.2002 жылы ұзындығы 635 км Қарашығанақ-Атырау құбыры салынды.

    Қазіргі Қарашығанақ газы Ресейдің Орынбор газ өңдеу заводында өңделеді.Бұл, әрине, біздің еліміз үшін тиімсіз.Қарашығанақ кені құрамында газ конденсатымен бірге мұнай да бар.Мұнайдың қоры-1,1 млрд т.Қарашығанақта қуаты 5 млн т мұнай өңдеу зауыты салынбақ

    Қазір Қарашығанақтан Ақсай-Красный Октябрь-Қостанай-астана газ құбыры тартылуда.Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенінде және Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауыттары жұмыс істейді.Қазақстанда қазіргі кезде газ өндіру мөлшері-7 млрд м, бұл жөнінде әлемде жиырма бесінші орында.Республика көлемін газбен қамтамасыз ету үшін Түрікменстаннан 6,8 млрд м , Өзбекістаннан 7,2 млрд м, Ресейден 2млрд м, газ алады.Газды еліміздің батыс аудандарынан оңтүстік және шығыс аудандарға жеткізу қажеттілігі туып отыр.Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты.

    Республкадағы табиғи газдың барланған қоры 5,9 млрд м3. Ресурстардың айтарлықтай қоры Батыс қазақстанда орналасқан, соның ішінде Ақтөбе (шамамен табиғи газдың 40%-ы), Батыс Қазқстан (шамамен 16%), Атырау (шамамен 14%) және Қызылорда (шамамен 10%) облыстарында шшоғырланған. Елдің қалған территорияларында немесе аумағында газдың барланған ресурсы шамамен 20%-ы орналасқан, оның ішінде жеке облыс үлесі 3%-дан аспайды.

    Республикадағы конденсаттың барланған қоры 1 438 млн т. бағаланған. Конденсат ресурсының айтарлықтай бөлігі Каспий теңізі секторында шоғырланған, негізінен Батыс Қазақстан(46%) және Ақтөбе(45%) облыстарында. ҚР перспективті мұнай-газды орындарының ауданы 1 млн 700 мың км2-қа тең, ал бұл Қазақстан барлық территориясының 62%-ын құрайды. Қазіргі уақытта 150-ден аса мұнай және газ кен орындары ашылған.

    2. Көмірсутекті шикізат кен орнын жүйелі қарастыру мақсатында келесідей 3 бағытты көрсетуге болады:

    1. Отандық экономика үшін маңыздылық деңгейі бойынша.

    2. Мұнай-газды геологиялық аудандастыру үлгісін қабылдау бойынша.

    3. Әкімшілік-аумақтық орналасуын ескеру бойынша.

    Бірінші бағыт. Көмірсутекті кен орындарының маңыздылық деңгейі бойынша экономика даму үшін кен орындарының үш тобын бөліп көрсету дұрыс:

    Бірінші топ.

    Зерттелген ресурстардың негізгі бөлігі жаңа кен орындарына сәйкес келеді. Олардың ішінде жартысына жуығы бір-біріне айтарлықтайжақын оранласқан «Теңіз», «Королевск» және «Карашығанақ» кен орныдарына тиесілі. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша берілген кен орынларындағы көмірсутекті шикізат қорының жалпы қосындысы:

    мұнай қоры бойынша «Теңізде» 3 млрд т аса, газ — 1 800 млрд3 м аса;

    «Королевск» кен орнындағы мұнай қоры – 20 млн т аса;

    «Карашығанақтағы» қалдықты мұнай қоры — 190 млн т аса, газ — 1,3 трлн3 м аса, конденсат — 600 млн т аса.

    Екінші топ.

    Берілген топты Каспий теңізі қайраңында орналасқан кен орындары құрайды. Олар жеткілікті зерттелмеген, бірақ 2 млрд т мұнай және 2 трлн. м3 газ қорлары бар геологиялық құрылымы көрініс табады. Басқа да бағалар бойынша қазақстанық қайрандағы мұнай қоры 25 млрд т-ға жетеді. Бұл кен орындар Қазақстанның болашақ байлығы. Олар барлауға инвестицияны талап етеді, бірақ қазіргі уақытта шетел инвесторларының алдында екінші топтағы кен орындарының ресурстық потенциал ретінде бағалығын көтеріп, экономика үшін жұмыс жасайды.

    Үшінші топ.

    Берілген топқа күшті өңделген («Өзен», «Жетібай», «Каламқас», өндіру деңгейі 48%, 35% және 31% құрайды), сонымен қатар сарқылуға жақын Ембі ауданының кіші кен орындары жатады. Кен орындарының бұл тобы өндірудің аз емес бөлігін қамтамасыз етеді, бұл салада ұлттық кадрлердің айтарлықтай бөлігі жұмыс жасайды.

    Екінші бағыт – «мұнай-газды геологиялық аудандастыру» қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі төрт ауданның сипаттамасын қосатын ғылыми бағыттың бірі болып табылады:

    1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.

    Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қаражанбас», «Кенбай», «Доссор», «Құлссары», «Қаламқас» тәрізді 130-дан артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%) және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды аудандарға жатады.

    2)Турин мұнай-газды ауданы.

    Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды. Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады. В целом месторождения этого района характеризуются как промышленно разрабатываемые, с преобладанием смешанного типа геологических

    3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.

    Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — «Өзен», «Жетібай» және «Теңге». Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе мөлгердің 45%-ы), басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.

    4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.

    Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты қыртысы есептелген. Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды. Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл ауданда бірде-бір мұнай кен орны анықталмаған, бұл берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық құрылымымен түсіндіріледі.

    Үшінші бағыт – республикадағы көмірсутекті кен орныдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы мұнай-газды өндірістің дамуыныдағы әр облыстың маңыздылық деңгейін анықтауға көмектеседі.

    Қазіргі уақытта өндіріс категориясындағы мұнай қорын өндіру республиканың сегіз облысында – Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан шоғырланған.

    Мұнай және газдың облыс бойынша таралуы туралы мәліметтерді талдай отырып, республика аумағы бойынша көмірсутекті шикізат қорының әркелкі таралуын сипаттайды. Мұнай және газ кен орындарының көп бөлігі 100 млн т аса қоры Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде, негізінен Атырау , Маңғыстау , Ақтөбе ,

    Мұнай және газдың 100 млн т-дан аса қоры Каспий теңізінің (шамамен 85%), қазақастандық бөлігінде, негізінен Атырау (38%), Маңғыстау (28,8%), Ақтөбе (10,7%) және Батыс Қазақстан (7,5%) облыстарында шоғырланған. Қызылорда – 7,5%, Жамбыл – 4%, Қарағанды – 2,0%, ОҚО – 1,5%

    Сонымен кен орындарының пайдалану саны бойынша барланған өндірістік қорладың мөлшері және негізгі перспективалы? Болжанған ресурсты аудан ретінде қазіргі уақытта Батыс Қазақстан обылсы саналады.

    3. Батсыс Қазақстандағы газ конденсат кен орны


    Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны — Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2017 жылы КПО 146 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.

    Жатыс сипаты

    Көтерілім құрылғының биіктігі 1700 м, аумағы 16×29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты бөлігінің биіктігі 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м. Биогермдік және биоморфты-детритті әктас, доломит, т. б. әр түрлі ауыспалы жыныстары өнімді деп саналады. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-ұралы типті. Кеуектілігінің орташа шамасы мұнайда 9,4%, газконденсат бөлігінде 10,7%. Газға қаныкқан резервуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм2, мұнайға қаныққан бөлігінікі 0,05 мкм2. Газға қаныққан коллекторының орташа пайдалы қалыңдығы 200 м, қаныққан мұнайдыкі - 45,7 м. Пермьдік бөлігінің газбен қаныққан коллекторы 0,90, тас көмір бөлігінікі 0,89. Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,92-ге тең.

    Геологиялық құрылымы

    Кен орының жабындысы - кун-гур ярусының ирень свитасындағы галит қабатынан тұрады. Тұз-күмбезді тектоникалық өрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары пермьнің дара ярусының терригенді-галогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі - 3526 м тереңдікте. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де байқалған, сулы-мұнайлы жапсары 5150 м. Пермьдік бөлігіндегі газконденсаттың бастапқы орташа қысымы 53,8 МПа, тас көмірлі қабатында 56,7 МПа. Қабаттардағы температура 67-89°С. Пермь бөлігіндегі конденсаттың орташа қысымы 486 г/м3, тас көмір қабатында 644 г/м3. Газдың дебиті тәулігіне 590 мың м3-ді көрсетті, концентта 500 мың м3, мұнайдыкі 326 м3

    Мұнай құрамы

    Кен орнының мұнайлы бөлігін қасиетіне қарап оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс деп бөледі. Оңтүстік-батысының мұнайы ауыр (орташа тығыздық 861 кг/м3). Ондағы газдың орташа мөлшері 520 м3/м. Солтүстік-шығыс алаңындағы мұнай жеңіл (орташа тығыздық 830 кг/м3). Мұнда газдың құрам мөлшері 900 м3-ге жетеді. Конденсаттың тығыздығы 778-ден 814 кг/м3.

    Конденсат құрамы

    Конденсатта парафиннің мөлшері 1,8-3,0%, шайырлығы 1,0-1,7%, күкірттілігі 0,55-2,16%, меркаптандар үлесі 0,09-0,26%. 200°С-қа дейінгі температурада булануға ұшырайтын фракциялар 39-52%-і құрайды, 300°С-қа дейінгілері 60-77,5%. Конденсаттағы нафтен мөлшері 21,0-44,77% және ароматтылығы 6,2-13,6% жағдайында көміртекті метан қатары 49-68%-і құрайды. Мұнайдың тығыздылығы 8-10-нан 888 кг/м3-ге ауытқиды. Онда күкірттің мөлшері 0,54-1,98%, парафині 3,71-6,64%, асфальтендер 0,07-0,71%, 200°С-қа дейінгі температурада буланып кететін фракция мөлшері 20-43%, 300°С-қа дейінгісі 38-60%. Конденсаттағы сияқты мұнайда да метанды көмірсутектің үлесі басым.

    Газдың құрамы

    Қабатты газдың құрамы: метан — 70,6%, этан — 6,1%, пропан 2,9%, бутан 1,8%, пентан және т. б. ауыр көмірсутектер 8,5%, азот 0,7%, күкіртті сутек 3,5%, екі тотықты көміртек 5,6%, меркаптандар 0,07%. Мұнайдағы ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, күкіртті сутек 5,0%, екі тотықты көміртек 6,1%, меркаптандар 0,03%.

    Табан суының құрамы

    Кен орнының табан суы өте қатты минералданған, жоғары сульфатты қабаты тұздықсулы хлоркальций типті. Құрамында сирек элементтер мөлшері жоғары. Минералдық 112-159 г/л. Негізгі кен шоғырларынан басқа Қарашығанақ мұнай-газ конденсат орындағы кунгур ярусының филиппин горизонты мен ирень свитасын жауып жатқан шөгінділерде де аз мөлшерде көмірсутек шоғырлары кездеседі. Олардың басым көпшілігі өндірістік іздестіру-барлау сатысында. Кен орнындағы газ қоры 1317,4 млрд м3-ді құрайды (1995). Мұнда бастапқы қордың 2%-ке жуығы ғана өндірілген. Кен орнында Қазақстандағы газконденсаттың 91%-і, газдың 66%-і шоғырланған

    Қорытынды.



    Қорыта айтатын болсақ Батыс Қазақстан экономикалық ауданы ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Техника мен технология қарыштап дамыған сайын мұнай, газ және мұнай өнімдеріне сұраныс артуда.

    Жалпы бұл курстық жұмысты қорытындылайтын болсақ:

    1.Батыс Қазақстан экономикалық ауданының орналасқан географиялық орнының тиімділігі. Ол Ресей Федерациясының Орталық экономикалық дамыған ауданымен және Каспий теңізі арқылы Баку қаласымен шектеседі Бұл экономикасының жақсы дамуына септігін тигізеді.

    2.1960 жылдан бастап мұнай мен газдың ірі кен орындарының ашылуымен Батыс Қазақстан экономикалық ауданы дами бастады.

    3.Бұл экономикалық ауданда кен байлықтарының 50-ден астам түрі кездеседі.

    4.Республика бойынша мұнай мен газдың ірі алаптары осы ауданда шоғырланған.

    Пайдаланған әдебиеттер


    1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.

    2. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

    3. Қазақ энциклопедиясы


    написать администратору сайта