№1 бекет:
А) Ересек науқастардың өкпе – жүрек реанимациясы
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Латексті қолғап кигеннен соң, студент зардап шегушінің жанына жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта орналасты. Науқасты «Сізге не болды», «көзіңізді ашыныз» «атыныз кім» деп тексерді. Зардап шегуішінің жағдайын бағалады:
-есі жоқ;
Зардап шегуішіні қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызды.
Жедел жәрдем шақырды тел.103
|
|
|
|
| 2
| Тыныс жолдарын төменгі жақты көтеріп, басты шалқайту арқылы ашты. Төменгі жақты екі саусақпен көтеріп, екінші қолдың алақанын маңдайға қойып, басты артқа шалқайтты.
Зардап шегуішінің жағдайын бағалады:
-тынысы жоқ;
|
|
|
|
| 3
| Ұйқы артериясы ырғағы жоқ болса, жүрекке жанама массажды бастады. Қолыңды төске дұрыс орналастырды, бірінші қолдың алақан негізін төстің ортаңғы бөлігіне қойды, екінші алақанның негізін оның үстіне орналастырды, саусақтар төске жанаспауы қажет. Шынтақ буынын бүкпеді, иықтарыңды алақанның тұсында түзу ұстады. Кеудені басуды қолдардың күшімен емес, дененің жоғарғы бөлігінің салмағымен жүзеге асырды. 30 рет басты. Дауыстап 1,2,3...30- деп санады
|
|
|
|
| 4
| Тыныс жолдарын төменгі жақты көтеріп, басты шалқайту арқылы ашты. Төменгі жақты екі саусақпен көтеріп, екінші қолдың алақанын маңдайға қойып, басты артқа шалқайтты. Мұрынды қысып, пациенттің аузын толық қамтып аузыңмен 2 рет дем берді. Дем бергенде пациенттің кеуде қуысының көтерілуін қадағалады.
|
|
|
|
| 5
| 30:2 қатынаста минутына 100 реттен кем емес компрессия жасалуы қажет.
Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады:
ұйқы артериясында ырғақтың пайда болуы тынысының пайда болуы; қарашықтың тарылуы;
|
|
|
|
|
| Барлығы:
|
|
|
|
|
Б) Жоғары тыныс жолдарын тазалау жэне олардың өткізгіштігін ұстап тұру тәсілдері.
№2
| Бағалау критерийлері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Науқасты арқасымен қатты және тегіс жерге жатқызды. Кеуде клеткасының киімін ағытты.
|
|
|
|
| 2
| Жоғары тыныс жолдарының белсенді тазалауын өткізеді (саусақпен, катетермен, кез-келген сорғыш қүралдармен).
|
|
|
|
|
3
| Тыныс жолдарын ашты. Сафардың үштік әдісін қолданды: а) науқастың басын шалқайтады б) науқастың аузын ашады в) төменгі жақ сүйегін жоғары және алдыға қарай төменгі тістері жоғары тістерінен биік болатындай етіп орналастырады
|
|
|
|
| 4
| Орофарингеалді түтікшенің сай өлшемін таңдады..
|
|
|
|
| 5
| Астынғы жақты көтеріп орофарингеалді түтікшенің дистальды жағын ауызға тіл түбіне дейін енгізіп, 1800С -қа бұрды
|
|
|
|
|
В) Дефибриляция
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Латексті қолғап кигеннен соң, студент зардап шегушінің жанына жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта орналастырыңыз.
Дефибрилляторды тоқ көзіне қосып керекті разряд қуаттылығын бекітеді (200, 300, 360 ДЖ). Дефибриллятор электродтарына арнайы гель жағады немесе пациент терісіне ылғалдандырылған дәке қаптамаларын қояды.
|
|
|
|
| 2
| Дефибриллятор электродтарын пациенттің терісіне қояды (біреуін жүрек ұшы аймағына, екіншісін оң жақ бұғана астына). Дефибриллятор экранында жүрек ырғағын бақылайды.
|
|
|
|
| 3
| Дефибриллятор электродындағы «заряд» кнопкасын басады және айналасындағы адамдарға науқастан алшақ тұруларын ескертеді.
|
|
|
|
| 4
| Заряд алынғаны жайлы дыбыстық сигналдан кейін электродтарды науқастың терісіне тығыз ұстап тұрып бір уақытта дефибриллятор электродтарындағы «разряд» кнопкаларын басады.
|
|
|
|
| 5
| Дефибриллятор экранынан жүрек ырғағын бақылап отырады.
|
|
|
|
|
№2 бекет:
А) Жабық қол сынығында шендеуіш (Крамер шинасы) салу
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағасы
| 1
| Латексті қолғап киді. Пациентті өзіне қаратып отырғызды, тыныштандырылды және жасалатын іс - әрекетті дұрыс түсіндірді. Жарақаттанған жерді ашып қарап, білек сынғанына көз жеткізді. Шендеуіш қою алдында науқасқа тері астына немесе бұлшық етіне наркотикалық емес жансыздандыратын дәрілік затты екті.
|
|
|
|
| 2
| Крамер шендеуішін алды: ұзындығы 80см. ені 8см. Пациенттің әуелі жарақаттанбаған білегіне саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп алды. Шендеуішті алып шынтақ буыны тұсынан болжап тік бұрыштап майыстырып алды (90°). Шендеуішті дұрыс дайындағанын тексеру үшін шендеуішті сау қолына қойып қолын және білегін салып көрді.
|
|
|
|
| 3
| Жарақаттанған қолды ортаңғы физиологиялық қалыпқа келтірді (қолды шынтақ тұсында бүгіп, супинация мен пронация арасындағы қалыпта шендеуішке орналастырды ).
|
|
|
|
| 4
| Дайындалған шендеуішке қол мен білекті жатқызды. Шендеуішті қолдың артқы тұсынан саусақтан иыққа дейін орнықтырды. Шығыңқы сүйек бөлшектерінің үстіне (сүйектің айдаршақ өсінділері) мақтадан қорғаныш қойды.
|
|
|
|
| 5
| Шендеуішті қойғанда екі буынды бекітті: сынықтан жоғары және сынықтан төмен буындар. Шендеуішті білекке саусақтың ұшынан иық буынына дейін бинтпен орап бекітті. Қолтық астына мақтадан жастықша қойды. Қол ыңғайлы бекітілу үшін орамал мен мойнына қолын асып қойды.
|
|
|
|
|
Б) Қан кету кезінде жгут (бұрама) салу
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағасы
| 1
| Латексті қолғап киді. Жарақаттанған қолын тексеріп, қан кету ошағын анықтады.
|
|
|
|
| 2
| Жарақаттан жоғары дәке салды. Бұраманы орта бөлігінен екі қолымен тартып қолдың астына салды.
|
|
|
|
| 3
| Созылған күйінде бұраманы бір айналдырып салып, артынан қан тоқтағанша 2-3 рет орады. Бұраманың айқасып теріні қысып қалмауын қадағалады. Бұраманың ұшын түймесіне бекітті.
|
|
|
|
| 4
| Бұраманың бір айналымының астына бұрама салған күн мен уақыт көрсетілген хат орналастырды.
|
|
|
|
| 5
| Жарақат бетін өңдеді, асептикалық таңу салды, аналгетик екті. Жарақаттанған қолды жылы орап қойды.
|
|
|
|
|
В) Бас жарақатын өңдеу, байлам салу
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Студент резінке қолғап киген соң, манипуляция жасау үшін фантомның жанына ыңғайлы тұрды.
|
|
|
|
| 2
| Жарақат түріне байланысты өңдеуге, иммобилизацияға, жансыздандыруға қажетті құралдарды дұрыс жинады: жеке пакеттер, салфеткалар, қайшы, шприц, су тотығы, спирт, гипертониялық сұйықтық.
|
|
|
|
| 3
| Жарақат орнын тексерді. Жарақат айналасын өңдеді (жарақатты тазалау: шприц арқылы стерильді физ.ерітіндісімен жарақат аймағын ұйып қалған қандардан, жабысқан құмнан тазалау);
|
|
|
|
| 4
| Жарақат айналасындағы бас терісін спиртпен өңдеді. Жарақатты гипертониялық ерітінді сіңген салфеткамен жапты.
|
|
|
|
| 5
| Жарақаттанушыға «Телпек» асептикалық таңғышын дұрыс салды.
|
|
|
|
|
№3 бекет:
А) Коникотомия
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Кенеттен тыныс қызметі бұзылып, трахеостомия жасауға жағдай болмай немесе уақыт болмағанда, коникотомия жасау көрсетпелері (көмейдің қабынулық аллергиялық немесе ісіктік стеноздары) анықталады.
|
|
|
|
| 2
| Науқасты арқасымен жатқызып, жауырын астына валик қояды. Басын артқа шалқайтады. Қолына стерильді қолғап киіп қалқанша шеміршегін сипап табады (адамово алмасы). Сосын саусағымен ортанғы сызық бойымен жылжытады. Сонан соң сақина тәрізді шеміршекті табады. Осы екі шеміршек арасындағы ойықта конус тәрізді байлам (связка) болады.
|
|
|
|
| 3
| Мойнын йод немесе спирт ерітіндісімен тазалайды.
Қалқанша шеміршегін сол қолымен бекітеді.
Трахеяның артқы қабатын тесіп алмау мақсатымен кесетін затты өткір ұшынан 2 см жоғары оң қолымен ұстайды.
|
|
|
|
| 4
| Оң қолымен терісі мен конус тәрізді байламды бірдей кесіп көлденең тілік жасайды.
Тілік шеттерін тұйық құралмен (скальпельдің тұйық жағымен) ашады.
|
|
|
|
| 5
| Тілікке тұйық түтікті қойып оны бинтпен немесе пластырьмен бекітеді. Егер тұйық түтік болмаса, скальпельдің тұйық жағымен тілікке қойып оны 90° бұру керек.
|
|
|
|
|
| Барлығы:
|
|
|
|
|
Б) Бронхообстукция синдромында небуллайзер қолдану
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағасы
| 1
| Латексті қолғап киді. Пациентке өзін таныстырды. Пациенттің атын, тегін, әкесінің атын анықтады. Науқасты орындыққа дұрыс, ыңғайлы отырғызды. Мұрын арқылы тыныс алуының еркіндігін тексерді.
|
|
|
|
| 2
| Небулайзермен жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды, дәрілерді дұрыс жинады (небулайзер аппараты, бүйрек тәрізді лоток, залалсыздандырылған дәкеден жасалған салфетка, спирт, 5 грамдық шприц, β-2 агонистер, бір рет қолданатын сүлгілер)
|
|
|
|
| 3
| Небулайзерді дұрыс жинады; төменгі штативке шашыратқышты орнықтырып жоғарғы штативті қосты, және оған мундштукті (немесе бет маскасы) бекітті.
|
|
|
|
| 4
| Пациентке небулайзермен жұмыс істеу техникасын, дем алудың ұзақтығын дұрыс түсіндірді.
|
|
|
|
| 5
| Аппаратты электр жүйесіне қосып, «қосу» кнопкасын басты. Небулайзер арқылы ингаляцияны дұрыс жүргізді.
|
|
|
|
|
В) Қандағы қант құрамын анықтау Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр бір қадам бойынша бағалаңыз.
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Студент резінке қолғап киген соң, сол қолдың IV саусағының терісін алдын ала спиртпен өңдеді.
|
|
|
|
| 2
| Тесуде ине- скарификатормен бірінші фаланг бүйірінен 2,5 -3 ммтереңдікпен жасайды.
|
|
|
|
| 3
| Тесуден кейін қан оңай ағуы тиіс, егер саусақтан жақсы қан ағу үшін қысатын болса тіндік қан шығып, араласып кетеді, ол зерттеудің нақтылығына әсер етеді. Бірінші қан тамшысын құрғақ матамен сүрту керек.
|
|
|
|
| 4
| Қан тамшысын арнайы тест – сызықшаға тамызады және 1 минуттан кейін глюкометр құралының немесе арнайы түрлі – түсті шкаланың көмегімен нәтижесін анықтайды.
|
|
|
|
| 5
| Қандағы кант мөлшеріне дүрыс талдау жасау қажет.
|
|
|
|
|
№4 бекет:
А) Зонд көмегімен асқазанды жуу
№
| Қадамды бағалау критерилері
|
|
|
|
|
| 1
| Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резинкелі қолғап киды.
Науқастың арқасын үстелге тақап, басын алға иіп отырғызды, алдына шара қойып, фартук кигізді, аузын ашуға өтінді.
|
|
|
|
| 2
| Кіндіктен алдынгы тісіне дейін асқазан зондтың ұзындығын өлшеді – өлшемге науқас алақанының бір қарыс ұзындығын қосып, белгіледі. Науқастың аузын ашып зондті тіл түбінің артқы жағынан белгіленген ұзындығына енгізді. Одан кейін зондтың ұшына 500-1000 мл сыймдылықтағы варонканы резеңке түтігімен байланыстырады.
|
|
|
|
| 3
| Варонканы науқастын тізе деңгейімен төмен түсіреді және (30-36 градус) жылы сумен варонканы жайлап науқас басынан жоғары көтереді және су асқазанға түседі, кейін варонканы тез төмен түсіреді және су тез асқазаннан кері шығады варонкаға.
|
|
|
|
| 4
| Варонкадағы су толығымен асқазанға түспеу кажет, егер су толык асқазанға кетсе кері қайта жүғынды судың шығуы қиындайды. Варонкадан сұйыктықты қойылған шараға құямыз, қайта варонкага таза суды қүйып процедурасы қайталайды. Осылай асказандағы жуынды су таза болғанша асқазанды жуу керек.(1 жас-1литр, 1 жастан жоғары, әр жасқа 1 литр қосымша есептелінеді.
|
|
|
|
| 5
| Флаконға алғашқы және соңгы жұғынды көлемнен порция алынып анализге жіберіледі. Асқазанды жуған соң, абайлап зонд шығарылады.Науқастың аузын шайып, таза салфеткаменаузын сүртеді.
|
|
|
|
| 6
| Қолданған медициналық заттарды дезинфектантпен өндеді.
Қолдарын ағынді суға жуып, резінке қолғаптарын шешті.
|
|
|
|
|
| Қорытынды
|
|
|
|
|
Б) Қуықты катетерлеу
№
| Бағалау критерийлері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| Латексті қолғап киіп, жұмсақ катетерлерді дұрыс тандау
|
|
|
|
| 2
| Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін фурациллин ерітіндісімен өңдеу. Науқас арқасымен жатады, аяқтары тізе буынында жартылай бүгілген және екі жаққа алшақтау орналастырылған. Аяқтарының арасына зәр жинауға арналған ыдыс қойылған (лоток).
|
|
|
|
| 3
| Жұмсақ катетерді пинцетпен алады, оның доғал ұшын стерильді вазелинмен майлайды және зәр шығару каналына әйелдерде 4 -6 см, ерлерде 22-25 см енгізіледі
|
|
|
|
| 4
| Катетерде зәрдің пайда болуы, катетер қуықта орналасқандығын дәлелдейді
|
|
|
|
| 5
| Катетерді барлық зәр шығып кетпестен бұрын шығарып алады, зәрдің соңғы мөлшері зәр шығару каналын жуып өтуі тиіс
|
|
|
|
|
| Барлығы:
|
|
|
|
|
В) Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
| Балл бойынша бағалау
| 1
| 1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу
|
|
|
|
| 2
| 2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: — аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);
— «крест тəрізді» инъекция орнына ( шағу) 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,5 мл (мүмкіндігінше к\т-ға– гипоперфузия!) 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды (бірінші емдік тағайындау!).
|
|
|
|
| 3
| 3. Шокка қарсы іс-шаралар:
а) бұлшық етке тез арада егу:
— 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 20 минут, АҚ бақылау;
— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер!
б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады.
|
|
|
|
| 4
| 4. Аллергияға қарсы ем: көк тамырға преднизолон 90-150 мг ағыммен
|
|
|
|
| 5
| 5. Симптоматикалық ем: а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін-вазопрессорлы аминді, систолалық АҚ ≥ 90 мм.с.б. келгенше к\тамырға титрлеп енгізеді. Допамин к\т тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықта (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі;
б) брадикардия дамыса 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз;
в) бронхоспастикалық синдромда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу.
г) цианоз дамыса диспноэ немесе аускультацияда құрғақ сырылдар анықталса оксигенотерапия жасалады. Тыныс алу тоқтаған жағдайда өкпені жасанды желдендіру өткізіледі. Көмей ісінуінде – трахеостомия.
д) міндетті түрде барлық уақытта тыныс қызметін, жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын (жүрек жиырылу жəне АҚ өлшеу)!
Шұғыл госпитализацияға көрсетімдер: анафилактикалық шок - реанимация жəне қарқынды терапия бөлімінде жағдайының тұрақтануы науқасты госпитализациялаудың абсолютті көрсеткіші болып табылады
|
|
|
|
|
|