Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
| Ширату тапсырмасы. «Біз де» ойыны
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!» 2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!» 3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.
|
Топтастыру
| «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру
| 1-топ: «Интернет».
2-топ: «Вирус».
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| «Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
| Сурет бойынша өз ойыңды ортаға сал. (1-сурет).
Интернетте жалғыз саяхаттау қауіпті ме? 2-суреттегі кейіпкерлер жайлы не білесің? Интернетке олардың қандай қатысы бар?
| ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті тақта
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Мұғалімнің сөзі.
Интернетте қызықты ақпарат көп. Оны қолданғанда сақ болу керек. Интернеттің өз қарақшысы, вирусы және ұрысы бар. Интернетке өзің жайлы жеке ақпарат қойма (3-сурет). Бұл ақпаратты теріс пиғылды адамдар пайдаланып саған зиян жасайды. Өз қауіпсіздігің үшін интернетті пайдалану ережесін сақта.
| Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі.
Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
|
|
|
| Жұмыс дәптеріндегі №3-тапсырманы орында.
| Ребусты шеш.
| «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптері.
11-бет
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
| (МК, Т). Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады.
1- тапсырма:
4-суретке назар аудар. Интернетті қолдану ережесін сақтамасаң қандай қауіптер туындайды?
| Дескриптор:
Берілген суретпен танысады. Топ ішінде талқылайды. Интернетті қолдану ережесін сақтамаған жағдайда туындайтын қауіптер туралы айтады.
| ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
| (Ж) Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды.
| 2- тапсырма:
Кестеде интернеттің жақсы жағымен бірге теріс жағы да берілген. Жақсы жағын «+», теріс жағын «–» таңбасымен белгілейді
Дескриптор:
Жұбымен ой бөліседі, талқылайды. Интернеттің жақсы жағын дұрыс белгілейді. Интернеттің жаман жағын дұрыс белгілейді.
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
| (Ө) Дәптермен жұмыс Оқушылар өз дәптерлеріне төмендегі тапсырма бойынша шағын эссе жазады.
| ***. 3- тапсырма:
Интернетте зиян келтірмеу үшін қандай ережелерді сақтау кажет?
| ҚБ: Оқушылар өзін-өзі «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| (Ө). «Жетістік баспалдағы» әдісі.
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
| ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтағы қорытынды бағалауын шығарады.
5 жұлдыздан жоғары – Жарайсың!
4 жұлдызша – Жақсы!
3 жұлдызша – Орташа!
3 жұлдызшадан төмені – Талпын!
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Жұлдызша» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|