зачет. тест декабрь диф зачет каз. 1 Блім. Кіріспе. Физикалы жне нерв психикалы даму. Бала мiрiнi даму сатысына жатпайды
Скачать 88.15 Kb.
|
86. Ана сүтiндегi “Д” витамин мөлшерi а) 400-500 ХБ б) 900-1000 ХБ в) 100-200ХБ г) 1000-1500ХБ д) 700-800ХБ 87. Ана сүті жетіспеушілігін анықтау үшін а) қосымша тамақ береміз б) бақылаулы өлшеу жүргіземіз в) тек күндіз емізу керек г) баланың күн тәртібін бақылаймыз д) үстеме тамақ береміз 88. Ас қорыту жүйесінің АФЕ –ерекшеліктері а) асқазан сөлі және өттің мөлшері аз және белсенділігі төмен б) өңештің асқазанға құйылатын жері толық жабылмайды в) бауыр салыстырмалы үлкен, функциясы жетілмеген г) ішек салыстырмалы ұзын иннервациясы нашар, кебіңкі д) аталғандардың барлығы 89. Қосымша тамақтарды енгізу ережелері а) біртіндеп көбейтіп, 10-14 күнде қажетті мөлшерге жеткізіп б) 2 жылы, түйіршіксіз күйде в) қоймалжын масса түрінде, бір қосымша тамақ түрін тәулігіне бір рет г) емшек алдында аз мөлшерде бастап д) аталғандардың барлығы 90. Басым ана сүтімен тамақтандыру а) сүтті ботқа немесе мал сүті б) ана сүті+докорм в) тек анасынын сүті г) анасынын сүті+су,шай д) анасынын сүті қосымша тамақтандыру 91. Бірінші гигиеналық ваннаны өткізіледі а) 3 күннен бастап б) 5күннен бастап в) кіндік түскеннен кейін г) кіндік жарасы жазылғаннан кейін д) 7күннен бастап 92. 1 жастағы баланың тамақтандыру түрлері а) диетотерапия, рационалды режим сақтау б) емдік в) сүт тағамдары, ет тағамдары, көкөніс г) табиғи , аралас, жасанды тамақтандыру д) қосымша, үстеме тамақ 93. Бір айлық балаға салмағына қарай берілетін тағам көлемі (көлемдік әдіс) а) дене салмағының 1/7-і б) дене салмағының 1/6-і в) дене салмағының 1/5-і г) дене салмағының 1/8-і д) дене салмағының 1/9-і 94. Емшекпен тамақтандырудың артықшылығы, біреуінен басқасының бәрі а) босану аралығындағы интервалды қысқартады б) өмірді сақтайды в) біріншілікті иммунизация г) диареяны ескертеді д) ана мен балаға тиімді 95. Бала 6 айға толғанша қажет етеді а) қайнаған су б) глюкоза ерітіндісін в) тек емшек сүтін г) физиологиялық ерітінді д) регидрон 96. Балаға бақылаулы өлшеу жүргізу а) баланың салмағын күнде өлшеу б) баланы емгенге дейін және емгеннен кейін салмағын өлшеу в) баланың салмағын ай сайын өлшеу г) жылына 1рет дене салмағын өлшеу д) үш айда 1рет баланың салмағын өлшеу 97. Бала тағамында міндетті түрде болу керек а) жұмыртқа б) күріш в) тосап г) шоколад д) кофе 98. Бір жасар баланың асқазан көлемі а) 30-35мл б) 250-300мл в) 500мл г) 900мл д) 400мл 99. Гипогалактия а) ана сүтінің болмауы б) ана сүтінің гиперсекрециясы в) лактация кезеңінде сүт бездерінде секрециялық қызметтің төмендеуі г) ана сүтінің бөлінуі д) сүттің пайда болуы 100. Жаңа туған бала жиі құсады а) Асқазан көлденең орналасқан б) Асқазанның көлемі кішкентай в )өңеші қысқа г) өңештің асқазанға құятын жері жетілмеген д) Бауыры дамып жетілмеген 101. Үстеме тамақ болып табылады а) өңделген сиыр сүті б) көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті, не айран в) қарапайым ботқалар г) қышқыл сүт қоспалара д) аралас тамақтандырудағы қажетті көлемді толтыратын сүт қоспасы 3. Бөлім. Ай- күні жетіп және жетпей туған нәрестелер күтімі. 102. Қай жағдай физиологиялық жағдайларға жатпайды а) Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер б) Физиологиялық сарғаю в)Физиологиялық салмақ азаю г) резус-қайшылықтан туындайтын гемолиз д) транзиторлық қызба 103. Шала туған бала деп есептеледі: егер оның а) Салмағы 2500г, ал бойы 45см артық болса б) Салмағы 2500г-нан, бойы 45 кем болса в) Салмағы 3000г, бойы 48см болса г) Салмағы 2900г, бойы 52см болса д) Салмағы 3200, бойы 52см болса 104. Жаңа туылған бала тәулігіне ұйықтайды а) 8-10 сағат б) 20-22сағат в) 10-15 сағат г) 6-8 сағат д) 10-12сағат 105. Физиологиялық қызару байланысы а) терiге қан толумен б) дене қызуы көтерiлумен в) қыз баланың қынабынан қанды сұйықтық көрiнумен г) эритроциттердің жарылуымен д) Анасынан балаға гормондардың берілуінен 106. Жаңа туған баланың артериялар және веналар сәйкестiгi: а) артерия мен веналардың диаметрі тең б) вена артериядан кең в) артерия венадан кең г) артериялар веналардан қысқа д) Веналары жақсы дамыған 107. БЦЖ-егуi өткiзiледi а) 0-3күнде б) 5-7 күнде в) 1 айда б) 2айда д) 3 айда 108. Физиологиялық жағдай а) гипотрофия б) эритема в) диарея г) анемия д) Паратрофия 109. БЦЖ-вакцинаны енгiзуге қарсылықтар а) шала туғандықтың 1 дәрежесі б) тұншығу в) шала туғандықтың 3 дәрежесі г) Фенилкетонурия д) мастопатия 110. Әйелдер босанатын бөлменiң температурасы а) 18-20 б) 26-28 в) 22-24 г) 30-32 д) 28-30 111. Жаңа туған баланың шектi жағдайы а) гемолиздық ауру б) транзиторлық қызба в) омфалит г) Тершеңдiк д) Везикулопустулез 112. Сәбидiң бiрiншi патронажы өткiзiледi а) туғаннан кейiн 3 күн аралығында б) перзентханадан шыққасын бiрiншi 3 күнде в) 2 -3 жұма аралығында г) 1 ай iшiнде; д) Босанғанға дейін 1-12 аптада 113. Жетiлiп туған баланың кiндiк жарасы жазылады а) 3-5 күн б) 12-15 күн в) 7-10 күн г) 1 айда д) 3 аптада 114. 33 жұмада туған бала шала туғандықтың ... дәрежесiне жатады а) I б) II в) III г) IV д) Жатпайды 115. Шала туған бала күтiмiнiң I кезеңi өткiзiледi а) Перзентханада б) Үйде; в) Бала ауруханасында г) Бала емханасында д) ФАП-та 116. Меконий – бұл а) алғашқы нәжіс б) дуоденалды үлесі в) зірдің алғашқы үлесі г) алғашқы иммунизация д ) жиі нәжіс 117. Кіндік қалдығын үй жағдайында өңдейді а) қайнаған сумен б) стрептоцида, ұнтағымен в) йод ерітіндісімен г) резорцина ерітіндісімен д) фурациллин ерітіндісімен 118. Шала туылғандықтың белгісі а) салмағы 2500-нан жоғары б) терісі боз в) салмағы 2000г г) бойы 48см д) көгеру 119. Физиологиялық сарғаю жаңа туған балада аяқталады а) 2-3 күнде б) 15-20 күнде в) 7-10 күнде г) 20-25 күнде д) 2-3 аптада 120. Физиологиялық сарғаю шала туған балада аяқталады а) 3-4 аптада б) 7-10 күнде в) 2-3 аптада г) 2-3 күнде д) 2-3 айда 121. Шала туылғандықтың 2-ші дәрежесіне жатады а) 1500-2000г б) -3500г в)1000-1500г г) 2000-2500г д) 2500-3000г 122. Жетiлiп туғандықтың белгiсi а) Салмағы 2500г-нан артық б) терi түсi ақ в) Салмағы 2000г г) Баланың бойы 45см д) Тері түсі боз 123. Шала туғандықтың себебiне жатпайды а) әйел токсикозы б) жиi аборттар в) анасындағы дерматит ауруы г) психикалық стресттер д) Алкоголь мен темекінің кері әсері 124. III –IV дәрежедегi шала туған балалардың күтiмi а) жылытқышпен жылыту б) кювезге салу в) 4 жөргекке орау г) жылылығы 280С бөлмеде д) Арнайы ауруханада 125. Шала туған баланың ерекшелiгi а) физиологиялық сарғаю б) физиологиялық қызару в) ер балалардың аталық бездерi ұмаға түспеген г) физиологиялық дене қызуы көтерiлу д) Физиогиялық мастопатия 126. Емiзер алдында шала туған балаға а) оттегi бередi б) таза ауаға шығарады в) су iшкiзедi г) антибиотик еңгiзедi д) витаминдер береді 127. Шала туған баланың ерекшелiктерi а) үлкен еңбегi жабылмаған б) тұқым қуалау аурулар кездеседi в) ему және жұтыну рефлексi жоқ г) нерв- психикалық дамуы жетiлiп туған құрдастарына тез жетiп алады д) кіші еңбегі жабылмаған 128. IV дәрежедегі шала туған баланың ерекшелігі а) даусы зор б) қимылы пысық в) салмағы 1000,0 төмен г) терi түсi қызыл д) Тері түсі сарғайған 129. Шала туған деп.. туған бала саналады а) 40 жұмада б) 42 жұмада в) 39 жұмада г) 38 жұмада д) 33 жұмада 130. .Жаңа туылған бала емшекке бірінші рет беріледі а) 2 сағаттан кейін б) 6 сағаттан кейін в) 12сағаттан кейін г) 30 минут ішінде д) 24 сағаттан кейін 131. Шала туған балада кiндiк қалдығы түседi а) 5-7 күн б) 3-5 күн в) 7-10 күн г) 10-11 күн д) 11-15күн 132. Еме және жұта алмайтын шала туған баланы тамақтандырады а) шыныдан емiзiкпен б) зонд арқылы в) тамызғышпен г) сүт безiнен д) қасықпен 133. Шала туған баладағы терi асты майы дамымаған а) бетiнде б) қол-аяқтарында в) iшiнде г) бүкiл денесiнде д) арқасында 134. Өлiм жиi кездеседi шала туған ... баланың салмағына байланысты а) 1кг болса б) 1500г-нан кем болса в) 2кг болса г) 2,5кг болса д) 3кг болса 135. Шала туған балада жөтел орнына пайда болады а) ауыз-мұрынынан көпiршiк пайда болу б) дене қызуы көтерiлу в) Демiкпе г) Ентiкпе д) Цианоз 136. Гигиеналық ваннаны өткiзу жиiлiгi а) жұмасына бiр рет б) күнiне бiр рет в) күн ара г) күнiне екi рет д) 2 күнде бір 137. Перзентханада жаңа туған нәресте келесі егулерді алуы керек а) БЦЖ, АКДС-вакцина б) БЦЖ және В гепатитке вакциналар в) ОПВ, БЦЖ, АДС г) паротиттік, қызылша вакцинасы д) ККП, БЦЖ 138. Жаңа туған нәрестенің сүт бездерінің қатаюының себептері а) сұйықтық жоғалту б) бала ағзасына анасының эстроген гормонының берілуі в) эритроциттердің бұзылуы г) жасушалық элементтердің бұзылуы д) қабыну ошағының сіңірілуі 139. Физиологиялық мастопатия кезіндегі көмек а) сары суды сығып тастау б) майлы компресс қою в) шөптер ішкізу г) асептикалық таңба салу д) массаж жасау 140. Ай күні жетіліп туылған деп есептеледі а) жүктіліктің 37 аптасына дейін туған нәрестені б) жүктіліктің 38-40 аптасында туған нәрестені в) жүктіліктің 42 аптасында туған нәрестені г) жүктіліктің 22-28 аптасында туылған нәрестені д) жүктіліктің 36-37 аптасында туылған нәрестені 141. Босанғанға дейінгіпатронаждар мерзімі а) жүктіліктің әр айы толғанда б) әйелдің есепке алынған және декретке шығатын кезінде в) жүктіліктің алғашқы және екінші жарты жылдығында г) жеке дара кестеге сәйкес д) босанар алдында 142. Физиологиялық сарғаю белгілері а) эритроциттер жарылып, билирубин бөлінеді б) теріге қалыптан тыс қан толады в) жыныс мүшелерінде өзгерістер пайда болады г) несеп қышқылдары көбейеді д) лейкоциттердің бөлінуі 143. Апгар шкаласымен бағаланбайды а) тыныс алу саны, реттілігі б) жүрек соғу саны, ырғағы в) тері түсі г) бұлшық ет тонусы д) артериялық қысым 144. Сау нәрестеге алғашқы патронаж жүргізіледі перзентханадан шыққан соң а) алғашқы үш күнде б) шыққан күн в) 7 ші күні г) 5 ші күні д) 10 шы күні 145. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің қанағаттанарлық жағдайы сәйкес балл а) 1-3 балл б) 4-5 балл в) 5-6 балл г) 6-8 балл д) 8-10 балл 146. БЦЖ алдын алу екпесі сау нәрестеге жүргізіледі а) туылғаннан соң 1- ші күні б) туылғаннан соң 3 күнде в) туылғаннан соң 6-7-ші күні г) туылғаннан соң 1 айда д) туылғаннан соң 10-12 ші күнде 147. Жаңа туылған баланың физиологиялық жағдайының белгілері а) сарғаю, эритема, салмақ төмендеу, жыныстық криз б) анемия, лихорадка.гематурия в) тері бозару, салмақ қосу, тері қышуы г) рефлекс төмендеуі, мазасыздық д) сарғаю, анемия 148. Баланы анасының омырауына салу керек а) 3 сағ кейін б) 2 сағ кейін в) туылған кезде г) 6-8 сағаттан кейін д) тек күндізгі уақытта 149. Апгар кестесі бойынша белгіленетің : көрсеткіштер а) демалу жиілігі б) жүрек соғу жиілігі в) терінің түсі г) тітіркендірге реакциясы және тонусы д) жоғарыдағы аталғандардың бәрі 150. Кіндік жарасын екінші реттік тазалау үшін қолданылады а) бриллант жасыл ерітіндісін, иод б) фурациллин ерітіндісі, 3%сутек тотығын в) опа, 70% этил спиртін г) қайнатылған су д) йод, 5% калии перманганатын 151. Жетіліп туылған баланың орташа салмағымен бойы а) 4.200-4.500, 58-62см б) 3.200-3.500, 50-52см в) 2.100-2.200гр, 42см г) 1.900-2.000гр, 37-39см д) 4.000-4.200гр, 56-58см 152. Шала туылған нәрестенін күтім ерекшелігіне жатпайды а) кювезде күту б) кювезге 2-3 күн сайын дезинфекция жасау в) таза ауаға жиі шығару г) қосымша жылыту д) ана сүтін, донор сүтін, қоспаны қолдану 153. Гипотрофияның 1 дәрежесінде дене салмағының жеткіліксіздігі а) 20 - 30 % б) 30 - 40 % в) 10 - 15% г) 50 % д) 5 - 10 % 154. Ана жатырының жиырылуына қатысатын гормон а) окситоцин б) пролактин в) инсулин г) Кортизол д) гидрокортизон 155. Аталған көрсеткіштердің қайсысы Апгар шкаласы бойынша бағалауға кірмейді а) жүрек соғу жиілігі б) артериялық қысым в) бұлшық ет тонусы г) рефлекстер д) тері түсі 156. Үлкен еңбектің біту мерзімі а) 6 айда б) 12-16 айда в) 9 айда г) 1,5 айда д) 2 жаста 157. Нәрестелердің тыныс алу жиілігі минутына а) 30-35 б) 40-60 в) 18-21 г) 20-25 д) 16-18 4. Бөлім. Нәресте аурулары. 158. Везикулопустулез – а) шегi қызармаған сарысулы ұсақ көпiршiктер б) барлық ағзаға тараған iрi көпiршiктер в) қызыл шектi сарысу немесе iрiңге толы көпiршiктер г) үлкен эрозиялық беттер д) геморрагиялық бөртпелер 159. 1 дәрежелі асфиксия кезінде жүрек соғу жиілігі а) 1 минутта 120-140 соғу б) 1 минутта 90-100 соғу в) 1 минутта 80-90 соғу г) 1 минутта 60-80 соғу д) 1 минутта 40-60соғу 160. 2-дәрежелі асфиксия кезінде жүрек соғу жиілігі а) 1 минутта 120-140 б) 1 минутта 90-100 в) 1 минутта 60-80 г) 1 минутта 40-60 соғу д) 5 сағаттан кейін |