Главная страница

охрана труда 9. Жалпы олданыстаы арнайы киім


Скачать 35.01 Kb.
НазваниеЖалпы олданыстаы арнайы киім
Дата10.11.2021
Размер35.01 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаохрана труда 9.docx
ТипДокументы
#267944

Арнайы киім жұмысшыларды қоршаған ортаның әркелкі зиянды әсерлерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Арнайы киім «Арнайы киім,арнайы аяқ киім және сақтандырғыш құралдардың төлемсіз берілуінің типтік салалық нормаларына» сәйкес 740 түрлі өндірістер, 40 түрлі өнеркәсіптің салалары жұмысшыларына, оның ішінде машина жасау, металлөңдеу, электрэнергетикалық, гидролиздік, ағашты-химиялық, жеңіл, тамақ, таулы, металлургиялық, химиялық, газ және т.б. өнеркәсіптер жұмысшыларына беріледі. Арнайы киімнің қорғау қасиеттері «Арнайы киім. Қорғау қасиеттері бойынша таңбалаумен» анықталған, осының негізінде арнайы киім:

-жалпы қолданыстағы арнайы киім;

-судан қорғау (су өткізбейтін, су тебетін, су тіреуіш) киімі;

-радиоактивті ластанулар әсерінен қорғайтын, жоғары концентрациялы қышқылдардан (80 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) орташа концентрациялы қышқылдардан (50 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) және аралас қышқылдардан (18 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) қорғайтын қышқылдан қорғау;

-минералды майлар және мұнай өнімдерінен қорғайтын мұнайлы-майдан қорғау киімі;

-токсинді емес шаң-тозаңнан, шыны-талшықты шаң тозаңнан қорғау киімі;

-органикалық еріткіштерден қорғау киімі;

-балқыған металдың ұшқындарынан, отқабыршықтарынан және шашырандыларынан, сәулелі жылудан, конвекциялық жылудан, төмен температуралардан қорғайтын термоқорғау киімі;

-айрозольді токсинді заттардан, сұйық токсинді заттардан және шаң-тозаңды токсинді заттардан қорғайтын улыхимиялық заттардан қорғау киімі;

-сілті сұйықтардан, шоғырланған сілтілерден, балқымалы сілтілерден қорғайтын сілтіден қорғау киімі;

-электростатикалық зарядтардан, магнитті өрістен, жоғары жиілікті тоқтан  қорғайтын электр тогынан қорғау киімі болып жіктеледі.

Салалы киім – сәйкес министірліктер бойынша формалық киім ретінде құрастырылады . Мысалы, теңіз және азаматтық авиация, теміржол көлігі жұмысшылары үшін, қоғамдық тәртіп қауіпсіздік және басқа сала жұмысшыларына арналған киімдер.

Технологиялық киім – жоғары дәлдікті өндіріс жұмысшылары үшін арналған.

Жұмыскерлерге арналған өндірістік киім өнеркәсібінің барлық салаларында келесі түрлердің жобалық және бекітілген құжаттамасы бойынша шығарылады: костюмдер, күртешелер, шалбарлар, нымша шалбарлар, жартылай нымшашалбарлар, жадағайлар, жартылай жадағайлар, ішкиім, көкірекшелер (нымша,жилет), настенники, халаттар, алжапқыштар, биялайлар, бас киімдер, жартылай пальтолар, жеңқаптар (жеңселер), иықбаулар, бахилалар.

Көптеген салалар және өндірістер өзіне тек берілген өндірісте ғана кездесетін ерекше мамандықтардан басқа, өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған жалпы мамандықтарды қосады, мысалы аппаратшы, жүк тасушы, газбен пісіруші, бақылаушы, зертханашы, машинист, монтер, шебер, механик, балташы (ағаш шебері), престеуші, слесарь, ажарлаушы, электромонтер және басқа. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бұл мамандықтың жұмысшыларына арнайы киімдердің әркелкі түрі берілуі мүмкін, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты жылытылған және жылытылмаған жұмысшы және арнайы киім беріледі.

Әртүрлі климаттық белдеулерде аттас өндірістердің жұмысшылары әркелкі киілу мерзіміне берілетін, әртүрлі арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Жұмысшы киім мен жалпы қолданыстағы арнайы киім ластанулардан да, механикалық зақымдаулардан да қорғаныстың бір түрімен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңдағы мақсат – бұл әлдеқайда маңызды көрсеткіштер бойынша жұмыстар жүргізу. Өкінішке орай, отандық өндіріс маталарының деңгейі шетелдік маталарының деңгейінен төмен,бірақ нормалау кезінде, әсіресе қауіпсіздік көрсеткіштерін, екпін ең көшббасшы дүние жүзілік өндірушілердің көрсеткіштеріне жасалуы тиіс, ал отандық текстиль өнеркәсібінің мақсаты- оларға қол жеткізу. Бұл тек ғылым мен өндірістің өзара тығыз бірлескен жұмысымен ғана жүзеге асады.



написать администратору сайта