24-билет. 1. Бзылан сана синдромы.арауытан жадай. Экспериментальдыпсихологиялы зерттеу
Скачать 14.89 Kb.
|
24-билет o 1. Бұзылған сана синдромы.Қарауытқан жағдай. 2. 2. Экспериментальды-психологиялық зерттеу. o 3.Токсикоманиялар. 1. Сана — коршаған ортаны бейнелеудің, адамның сырткы әлем және өзі жөнінде білімінің жоғарғы формасы. Сана тек адамзатка тән, ол коғамдык тұрмыстың және адамдардың ұжымдык еңбек кызметінщ тарихи дамуы нәтижесінде пайда болады. Қарауытқан жағдай — терең сана бұзылысының әр түрлі ұзактыктағы пароксизмдері, кабылдау шеңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, коршаған ортаны бағдарлау бұзылысымен және осы кезеңнің толык амнезиясымен катар жүреді. Қарауыткан жағдайларға амбулаторлық автоматизм ұстамалары жатады, бұл уакытта сана бір сәтте жоғалып, наукас автоматталған, сырттай көзге дұрыс көрінетін әрекеттерін жалғастыра береді: көшеде жүру, транспортты колдану, кағаз бетіне каламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол өзінің таныс емес көшеде не істеп жүргенін білмейді, өз іс-әрекеті нәтижесіне таң калады, не болғанын. есіне түсіре аламайды. Амбулаторлык автоматизмнің ұзағырак түрі транс деп аталады: наукас бөтен калаға кетіп калады, саяхат жасайды, баска жұрттың көңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалык және жасөспірімдік шакта сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мүмкін —түнгі ұйкы кезінде өте күрделі автоматтандырылған кимылдар жасау. Сана карауытуы жағдайындағы наукас әрекеттерін баскаратын елестер шеңбері дертті өнімдерден тұрады — галлюцинация, сандырак, жедел коркыныш және ашу аффектісі. Мұндай жағдай күтпеген жерден айналадағыларға уәжсіз шабуылдармен, катігездікпен кісі өлтірумен, ызалы козу жағдайымен көрінеді. Қарауыткан жағдайдан шығу оның басталуы тәрізді кенеттен болады. Сананың карауыткан бұзылыстары эпилепсиялык ұстамалардың эквиваленті болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда болуы мүмкін — эпилепсияда, миының органикалык патологиясында. 2. Экспериментальды-психологиялық зерттеу. Экспериментальды-психологиялық немесе патопсихологиялық зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мөлшерін негіздеу мақсатында қолданылады, сонымен қатар оның орнын толтыратын мүмкіндіктерді анықтау болып табылады. Психиатриядағы экспериментальды-психологиялық зерттеу клиникалық психопатологиялық зерттеулердің жалғасы болып табылады, яғни оның жауапты кезендерінде, диагностикада, дифференциалды диагностикада және клиникалық сұрақтарды шешуде, әлеуметтік еңбекті бастағандағы емнің нәтижелілігін бағалауда және реабилитациялық жоспарлауда, экспертизалар және кәсіби сараптауда маңызы зор. Эксперименталды психология психологиялық құбылыстарды эксперимент арқылы зерттеуге болады деп санайды. Бұл зерттеу объектісі болып табылатын тәуелді, тәуелсіз және таңғажайып айнымалыларды сипаттауға және түсіндіруге мүмкіндік беру үшін оларды адамның мінез-құлқымен байланысы негізінде бақылауды, басқаруды және жазуды қамтиды. 3. Токсикоманиялар Наркоманиялар мен токсикоманиялар – психоактивті заттарды, оның ішінде наркотикалық заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда болатын созылмалы интоксикациялық аурулар. Олар осы заттарға патологиялық әуестікпен, психикалық және физикалық тәуелділікпен, нейротропты заттардың дозасын оларға толеранттылықтың жоғарылауымен байланысты біртіндеп көтерумен, және де тұлға деградациясына нақты тенденциямен психикалық бұзылыстардың пайда болуымен сипатталады. Наркоманиялар мен токсикоманиялар негізінде психикалық және физикалық тәуелділік түзілуін қамтамасыз ететін нейрохимиялық үрдістерге психоактивті заттардың әсеріне ұқсас патогенетикалық механизмдер жатыр. Сонымен қатар бұл аурулар арасында клиникалық және заңды аспектілер тарапынан ерекшеліктер бар. |