Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Деңгейлеп оқыту технологиясына сипаттама 2.Дифференциялау технологиясына сипаттама 3.Келтірілген мысал

  • Қорыта келгенде

  • Дифференциялап оқыту.

  • 3.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына мысал

  • сессия. Арай. 1. Дегейлеп оыту технологиясына сипаттама Дифференциялау технологиясына сипаттама


    Скачать 18.12 Kb.
    Название1. Дегейлеп оыту технологиясына сипаттама Дифференциялау технологиясына сипаттама
    Анкорсессия
    Дата24.07.2022
    Размер18.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАрай.docx
    ТипДокументы
    #635699

    Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар.Деңгейлеп оқыту технологиясы.Деңгейлеп дифференциялау технологиясы

    Жоспары:

    1.Деңгейлеп оқыту технологиясына сипаттама

    2.Дифференциялау технологиясына сипаттама

    3.Келтірілген мысал

    Деңгейлеп оқыту технологиясының негізі 1998 жылғы оқу жылынан басталған.Мектептегі оқытылатын барлық пәнге еніп,білім саласының жандануына өз үлесін қосып келе жатқан технологиялардың бірі.Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың іс-әрекетін белсенді етуге бағытталған.Яғни бұл дамыта оқыту технологиясында оқушы және оның белсенділік әрекеті бірінші орында.Бұл технология 3 деңгейлік және шығармашылық деңгей талаптарынан құралған.Ондағы негізгі мақсат оқушыларды «қабілетті бала» немесе «қабілетсіз бала» деп бөлудің алдын алу болып табылады.Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі мақсатты нәтижесінің болуы.Бүгінгі қоғамның талабы да, мақсаты да нәтижелі жастарды өсіру.Ж.Қараев деңгейлеп оқыту технологиясының бізге төрт түрін ұсынған болатын.Олар:

    • Репродуктивті деңгей бұл барлық оқушыға білім стандартына сай бірдей тапсырмалардың берілуі.Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейі мен өткен сабақтарын ескеруі негізінде жасалады.

    • Алгоритмдік деңгей кезінде оқушы мұғалімнің түсіндіргені бойынша тапсырмаларды орындайды.

    • Эвристикалық деңгей мұнда оқушы өзі қосымша материалды ізденіп,өз бетінше тапсырмаларды орындайды.

    • Шығармашылық деңгей кезінде оқушы өзінің шығармашылық қабілетін көрсетеді.Демек оқушы жаңа тақырыпты шығармашылық ізденіс арқылы өз бетінше меңгереді.

    Жалпы деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың белсенділігін арттырады.Жоғарыда атап өткендей аталмыш технология 3 деңгейлік және шығармашылық деңгей талаптарына құралған.Оның талаптарының негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың белсенділігін арттыра отырып,жоғары әрі сапалы білімге жету.Білім алуға тікелей бағытталаған әрекет-деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әрекеті.Бұл әрекет оқушының өз бетінше,сонымен қоса мұғалімнің бақылауы негізінде орындалады.Деңгейлеп-саралап оқыту арқылы баланың абстрактілі ойлау қабілетін нақты ойлауға дейін жеткізуге болады.Баланың дамуындағы маңызды рольді баланың оқу үдерісіндегі ақыл ойы мен оның белсенділігі алады.Оқушылардың жеке дарындылығын,қабілеттілігін білу үшін мұғалім баланың ынтасына,ойлау және қабылдау деңгейіне мән беруі керек.Баланың бойындағы ондай ерекшеліктерін білу үшін мұғалім оқушылар арасында диагностика жүргізуі ,яғни көптеген дейгейді анықтауға арналған тапсырмаларды әзірлеуі қажет.Оқушылардың бойындағы анықталған жеке қабілеттерін мұғалім сабақ барысында сұрақ қою немесе тақырыпты сұрағанда ескеруі керек.Мәселен, үздік оқитын оқушыға қойылған сұраққа тікелей жауап беруді міндетті етсе,ал орташа оқитын оқушыларға ойлануға мүмкіндік беруі қажет.Барлық баланың ойлау қабілеті бір деңгейде болмайды.Сондықтан мұғалім сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты ұйымдастырғаны абзал.Мұғалім сабағын жоспарлағанда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жасауы керек.Себебі бір деңгейдегі тапсырмалар оқушыларды жалықтырып жібереді.Сол үшін,оқушыны қызығушылығын жоғалтып алмай, әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек.

    Қорыта келгенде,деңгейлеп оқыту технологиясының басты мақсаты сыни тұрғыдан ойлай алатын,өзін өзі дамытушы,өз бетінше жұмыс жасай алатын,жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасқан,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

    2.Дифференциялап оқыту.Бүгінгі білім саласында мұғалімнің жұмысы күрделене түсуде.Мұғалімдердің алдында тұрған міндет - оқу ісін жоғары деңгейде жетілдіру,оқушының сыни ойлауын,шығармашылығын дамыту және балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.Осы уақытқа дейінгі оқу әдістемелері орта деңгейге бағытталып келді.Мұнда оқушылардың әрқайсысы өзінің жекелеген қабілеті бар тұлға екенін түсіне білді.Оқу үдересінде әрбір баланың жеке қабілеттерін ескеру керегін талап етуді дифференция деп атайды.Демек,дифференциялап оқыту дегеніміз оқушылардың қабылдауына,ынтасына,білім мен дағды деңгейіне мән бере отырып, баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін білім жүйесі.Білім берудің дифференция дегеніміз:

    • Оқу үдерісінде оқу материалының мазмұнын , әдісін,көлемін таңдағанда оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру

    • Оқу үдерісінде білім алуға қажетті оқыту жүйесін жасау

    Дифференцияның мақсаты оқушыларды деңгейіне қарап бөлу емес, керісінше оларға көмек көрсету.Бұл аталмыш технологияның тиімді тұсы мұғалім барлық оқушылардың білімін бақылап,сонымен қоса жеке жұмыс алуға мүмкіндігі бар.

    Қорытынды:Дифференциялап оқыту арқылы біз білім сапасын көтеріп қана қоймай,оқушының қандай деңгейде екеніне қарамастан материалды толық меңгеруіне көмектесіп,әрі дұрыс психологиялық атмосфера қалыптастырамыз.

    3.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына мысал:

    7-сынып оқушылары арналған деңгейлік есептер

    Жоғарғы деңгей

    Ыдысқа бірдей массадағы су мен сынап құйылды.Ыдыстың биіктігі 30 см.Су мен сынаптың ыдысқа түсіретін қысымы қаншаға тең?

    Орта деңгей

    Қарда тұрған шаңғышының салмағы 64 кг.Оның аяғындағы шаңғысының ұзындығы 2 м болса,ені 4 см.Қарға түсірген қысымын тап

    Төменгі деңгей

    Массасы 4000 кг,ал дөңгелегінің ауданы 1,5 трактордың жерге түсіретін қысымын анықта


    написать администратору сайта