1. Электрлік лшеулер пніні масаты мен міндеттері
Скачать 16.7 Kb.
|
1. Электрлік өлшеулер пәнінің мақсаты мен міндеттері. Энергетика – шаруашылықтың энергетикалық қорды және әртүрлі энергияны өндіру, түрлендіру, жеткізу пайдалану мәселелерін қамтитын саласы. Энергетиканың негізін энергетикалық жүйелер құрайды,ол - өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр станцияларының жиынтығы (тобы). Оның құрамына: жылу электр станциясы, атом электр станциясы, су электр станциясы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр станциялар, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясын қабылдағыштар енеді. Пәннің мақсаты Берілген пәнді зерделеудің мақсаты - өлшейтін ақпараттық жүйе мен кешендерді, электр өлшеу техникасы құрудың қазіргі принципіне сай оқып-үйрену, өлшеуді жүргізу және бағалау, әр түрлі практикалық облыстарда өлшеу құралдарын пайдалану мен практикалық білімді алуда студенттің білімін қалыптастыру. Пәннің міндеттері Пәннің міндеттері келесідей: пәнді оқу нәтижесінде студент ақпаратты- өлшеу техникасы туралы түсінігін кеңейту керек, өлшегіш құралдарын дұрыс тандау және есептеу, әр түрлі электр өлшегіш құрылғыларының жұмысына қатысты, теориялық материалдары бекіту, олардың негізгі қасиеттерін, қолдану аймағын білу, бақылау нәтижелерін өндей білу, өлшеу нәтижелеріне, қолдану аймағын білу, бақылау нәтижелерін өңдей білу, өлшеу нәтижелеріне және құралдың дәлдігіне баға беру; электр өлшегіш тізбегінің параметрлерін есептеуге дағдылану, құрылғылардың метрологиялық сипаттамалары мен осы параметрлердің байланысын орнату. 2. Өлшеуге анықтама бер. Өлшем бірлік деген не? Өлшеу – адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады.«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т.б.) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады.Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады.Өлшеу терминін ауысша түсіндіруге қиын.Ол үшін бұл терминды эксперимент арқылы түсіндірейік. Мысалы, сізге бір ауылдан екінші ауылға дейінгі қашықтықта, сен бір өлшеу құралсыз анықтау қажет.Бұл қашықтықта адам қадамымен, өлшеуге болады. 7- негізгі бірліктері бар; Ұзындық – метр (м), салмақ - килограмм (кг), уақыт – секунд (с), тоқ күші – ампер (А), термодинамикалық температура – кельвин (К), жарық күші – кандела (кд), зат мөлшері – моль (моль). 3. Қандай белгісіне байланысты өлшем жіктеледі? Жанама және тіке өлшеу дегеніміз не? Тікелей өлшеу – физикалық шаманың қажетті мәні тікелей алынатын өлшем. Жанама өлшеу – қажетті шамаға функционалдық байланысты басқа физикалық шамаларды тікелей өлшеу нәтижелері бойынша физикалық шаманың қажетті мәнін анықтау. 4.Біріккен және ортақ өлшемдердің айырмашылығы не? Децибел қалай анықталады? |