Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Ес теориясы.

  • Естің түрлері.

  • Зейіннің физиологиялық негізі.

  • Психология негіздері. психология. 1. Ес туралы тсінік


    Скачать 25.09 Kb.
    Название1. Ес туралы тсінік
    АнкорПсихология негіздер
    Дата12.05.2022
    Размер25.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапсихология.docx
    ТипДокументы
    #524291

     1. Ес  туралы түсінік.

       2. Ес теориялары.

       3. Естің түрлері. 

       4. Ес процесстері.

       5. Естің дара ерекшеліктері. 

       1. Ес туралы түсінік.

       Ес  деген проблемамен адамзат өте  ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен  ғасырдағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.

       Ес  дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта  жаңғыртуды айтамыз. 
    2. Ес теориясы.

       Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.

       Ассоциацияның 3 түрі бар:

       1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.

       2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді. 
    3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады. 
    II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.

       III. Физикалық теория . Бұл теория  бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.

       IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы  биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы  болады:  
    1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .

       2.Бірінші  сатының негізінде биологиялық  реакция пайда болады. Ол РНК  – қышқылымен байланысты.

       Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.

       Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.

       Естің түрлері.

       Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

       1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық

       2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.

       3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.

       I. Психикалық белсенділікке қарай.

       а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.

       б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.  
    в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.

       г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

       II. Мақсатқа байланысты.

       Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы. 
    Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

       III. Материалдық есте сақтау.

       Қысқа мерзімді материалы қысқа сақтау.

       Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

       3. Ес процесстері.

       1.Есте  қалдыру.

       2.Қайта жаңғырту.

       3.Есте  сақтау.

       4.Ұмыту. 
    1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :

       1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.

       2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.

       3.Оперативтік  есте қалдыру.

       4.Ырықты  есте қалдыру.

       5.Ырықсыз  есте қалдыру.

       Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі  тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа  байланысты. 
    6.Логикалық есте қалдыру.

       7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады. 
    Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:

       1.Есте  сақтауға тиісті материалдың  жоспарын құрастыру.

       2.Салыстыру. 
    3.Материалды топтастыру және жіктеу.

       4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.

       5.Бейнелі байланыстарға сүйену.

       6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.

       7.Мағыналы байланысты орнату.

       2.Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз. 
    Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
    3.Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
    4. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:

       1)Жағымсыз индукцияның әсері.

       2)Проактивтік тежелу.

       3)Ременисцения  – кешіктіріліп еске түсіру.

       4)Шектен  тыс тежелу.

       Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.

       5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:

       Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез. 

       Зейін

       1. Зейін  туралы түсінік.

       2. Зейіннің физиологиялық негізі.

       3. Зейіннің түрлері. 

       4. Зейіннің қасиеттері.

       Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді: 
    1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды. 
    2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары. 
     
    Зейіннің физиологиялық негізі.

       3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.

       Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.

       Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.

       Зейіннің  түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.

       Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.

       Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.  
    Үйреншікті зейін.

       Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.

       Зейіннің қасиеттері.

       1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді. 
    2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді. 
    3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында. 
    4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.

       5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.

       Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді.

       Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

       Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.

       Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.

    Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты.

       Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың   оптималдық   ошағының   жасалу   заңдарына   сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады [5, 91 б].

       Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі.

       Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.

       А.А.Ухтомский  өзіне дейінгі ашылған жүйке  орталықтарының жұмыс принциптері  рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы.

       Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы  реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды.

       Соның нәтижесінде доминанта жүйесін  қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге  көптеген күрделі сұрақтарды: мидың  интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.

       А. А. Ухтомский       доминантаның       психологиясы       мен физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады [5, 92 б].

       Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып зерттеуші А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аудара: дәл жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді, ал П. К. Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.


    написать администратору сайта