Главная страница
Навигация по странице:

  • Фотометриядағы энергетикалық шамалар

  • Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары Жарықтың тузу сызықты таралу заңы

  • 1 практика жауап. 1. Фотометрия. Сулелік (геометриялы) оптиканы негізгі задары Фотометрия


    Скачать 1.14 Mb.
    Название1. Фотометрия. Сулелік (геометриялы) оптиканы негізгі задары Фотометрия
    Дата19.10.2022
    Размер1.14 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 практика жауап.docx
    ТипДокументы
    #741215

    1.Фотометрия. Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары
    Фотометрия жарық көздерін және жарық интенсивтігін өлшеу мәселелерімен шұғылданатын оптика бөлімі. Фотометрияда энергетикалық шамалар және жарық шамалары қарастырылады.

    Фотометриядағы энергетикалық шамалар - оптикалық сәулеленудің энергетикалық параметрлерін сипаттайды. Мұнда сәулеленудің ерекшеліктері мен қабылдағыштарға әсері ескерілмейді.

    Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары

    Жарықтың тузу сызықты таралу заңы: жарық сәулелері біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады. Күннің, айдың тұтылуларын бақылау, көлеңкелердін пайда болуы жарықтың түзу сызыкгы таралатындығын көрсетеді. Жарықгың түзу сызыкты таралу заңы геометриялық оптикада негізгі заң болып табылады.


    Жарық шоқтарынын тәуелсіздік заңы: жарықтын бір шоғының әсері басқа шоқтарының әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарыктың жеке сәулелері мен шоқтары бір-бірімен түйіскенде, қиылысқанда бір-біріне ықпалын тигізбейді. Бұл заң когерент емес жарық шоқтары үшін дұрыс орындалады.

    Жарықтың шағылу заңдары:

    а) Бетке түскен сәуле, одан шағылған сәуле және сол бетке түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады.

    б) Шағылу бұрышы мен түсу бұрышы өзара тең:




    1 -сурет
    Жарықтың сыну заңы – тегіс бетке түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады,түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады:



    мұндағы - екінші ортаның бірінші қарағандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші. Ол екі ортаның абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең:



    ол шекарасынан жарық өтетін орталарлың қасиеттеріне тәуелді, мен бұрыштарының үлкен-кішілігіне байланысты емес, яғни:



    Жарықтың осылай тұжырымдалған сыну заңы жарык бір изотроп ортадан екінші ортаға өткенде ғана орындалады.

    Ортаның абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз электромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының олардың ортадағы фазалық жылдамдығына қатынасына тең болатын физикалық шама Егер жылдамдық:



    болғандықтан, онда



    мұндағы және - бұл шамалар ортаның электрлік және магниттік өтімділіктері.












    написать администратору сайта