1. Футбол ойыны шы_у тарихы ж_не _ауіпсіздік ережесі. Футбол тар. 1. Футбол ойыны шыу тарихы жне ауіпсіздік ережесі. Футбол тарихы хыы асырдан басталады. Алаш рет
Скачать 41.34 Kb.
|
Үйге тапсырмасы 1.Футбол ойыны шығу тарихы және қауіпсіздік ережесі. Футбол тарихы ХЫЫ ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. 1313 жылы белгілі феодал Эдуард ЫЫ қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. 1389 жылы Ричард ЫЫ патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған. Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих ЫВ 1399-1401, Генрих, В 1413 - 1433 ж, Генрих ВЫ 1449-1451 ж, Эдуард ЫВ 1471 ж, Генрих ВЫЫ 1491 ж, ал Генрих ВЫЫЫ ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ. Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты. Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды. Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді. Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды дамыды. 1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФЫФА) құрылуына мұрындық болды. 1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте. 1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды[8]. Футболдың таралу тарихыӨңдеуФутболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті. 19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (ФЫФА), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп тұрады. Футбол ойыны жылдамдықты, күшті, икемділікті, төзімділікті арттыруға үлкен әсер етеді. Ойынның негізгі мақсаты екі команданың арасындағы сайыс арқылы жеңіске жету. Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері: - Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады. - Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті. - Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады. - Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек. - Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды. - Допқа таласқанда, қарсылас ойыншыны итеруге болмайды. - Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды. Дөрекілік жсау футболшыға жат құбылыс. - Ауа райына қарай оынға киетін спорт киімдері өзгереді Футбол ойынының ережесі – бұл футбол ойынының өту тәртібін анықтайтын және сол бойынша жарыс өткізетін регламент. Ереже бойынша алғашқы жарыс 1848 жылы Кембридж университетінде өткізілді. 1863 жылдың 26-қазан айында Футбол ассоциациясы, аталған ережені ресми түрде бекітті. Ойын ережесінің қазіргі заманғы нұсқасын Футбол ассоциациясының халықаралық кеңесі құрды және Футболдың халықаралық федерациясы жариялады. Футбол ойынының ережесі ойыншылар саны, ойынның ұзақтығы, алаңның көлемі, футбол добына қойылатын талаптар, ойын ережесін бұзу түрлері және т.б. жағдайларды қарастырады. Ойынның соңғы ережесі (2017/2018 жылдар) 18 пункттен тұрады. Футбол – бұл 11 адамнан тұратын екі команда ойнайтын командалық ойын. Ойынның басты мақсаты – қарсыластың қақпасына көп гол (футбол добын) соғу және өз қақпасына допты кіргізбеу. Есебінде ең көп доп соққан команда жеңіске жетеді. Футбол ойыны жарыс деп аталады және әрқайсы 45 минуттан екі таймтан тұрады. Егер осы уақыт өткенге дейін команданың есебі тең болатын болса, онда 15 минуттан тұратын екі тайм түрінде қосымша уақыт тағайындайды. Егер осыдан кейін жеңімпаз айқындалмаса, онда пенальти сериясын тағайындайды. Пенальти – бұл қақпашы ғана қорғайтын, қарсыластың қаққпасы бойынша 11 метр қашықтықтан тебу. Жеңімпаздың мұндай анықтама формуласы, жеңіліп қалған команда алдағы қатысудан шығатын, кубок жарыстарына жатады. Жарыс регламентіне байланысты тең түсу – бұл да ықтимал нәтиже. Доп — бұл сфералық пішіні бар, басты футбол жабдығы. Футбол добының түрі мен параметрлері ойынның футбол ережелерімен реттеледі. Бастапқыда допты көлемі реттелмеген, тек 1937 жылдан бастап осы күнге шейін, доптың көлемі ойын ережелерімен реттелді. Футбол добының параметрлері Қабылданған ережеге және келесі талаптарға сәйкес келетін доп, футбол ойнауға жарамды болып саналады: пішіні – домалақ (сфералық); материалы – былғары немесе ойынға жарамды жасанды тері; көлемі - №5; ауқымы – 65-70 см; салмағы – 410-450 г; қысымы – 0,6-1,1 атмосфера. Қысқаша айтқанда, салмағы мен ауқымына қойылатын қатаң тәртіптерді есепке алмайтын болсақ, доптың дизайны мен түсі әртүрлі болуы мүмкін. Доп өндірушілер өз өнімін өткізу үшін, сан-алуан түсті, сондай-ақ түрлі материалдан даярланған доптар ұсынады. Футбол алаңының көлемі Футбол ойыны табиғи шөптен жасалған алаңда да, жасанды төсеніштен тұратын алаңда да өткізілуі мүмкін. Футбол ойынының ресми ережесіне сәйкес, жасанды төсеніштің түсі жасыл болуы тиіс. Ойын өткізілетін алаң төртбұрышты болады. Алаңның қапталдағы сызығы, қақпа сызығынан қалыңдау болуы міндетті. Алаң көлемі: Ұзындығы: кем дегенде 90 м, ең ұзыны 120 м; Ені: кем дегенде 45 м, ең ұзыны 90 м; Аумағы – 4050 м2 ден 10800 м2 дейін (орташа – 7425 м2). Халықаралық жарыстар өткізуге арналған алаң көлемі: Ұзындығы: кем дегенде 100 м, ең ұзыны 110 м; Ені: кем дегенде 64 м, ең ұзыны 75 м. FIFA ұсынған көлемдер: Ұзындығы – 105 м; Ені – 68 м; Аумағы – 7140 м2. Мини-футбол алаңының көлемі: Ұзындығы – 25 м ден 42 м дейін; Ені: 15 м ден 25 м дейін. Мектептің мүмкіндігін ескере отырып, футбол сабағын кез келген көлемдегі алаңда өткізуге болады. Футбол қақпасы – футбол ойынында қолданылатын қақпа. Ол аралығы тең қашықтықтағы флагштоктардың ортасына орналасқан екі тік бағаннан тұрады (яғни, қақпа сызығы ортасына орналасқан), сондай-ақ олар жоғары жағынан көлденең жатқан маңдайшамен байланыстырылған. Бағандардың аралығы 7,32 м, ал жоғарыдағы маңдайша мен жердің аралығы 2,44 м болуы керек. Екі баған мен маңдайшаның жуандығы бірдей болуы тиіс және 12 см аспауы керек. Қақпа бағандары ағаштан, темірден немесе басқа да рұқсат етілген материалдардан әзірленеді. Ол шеңбер, тікбұрыш, шаршы немесе доғалдау болуы мүмкін және ақ түсті болуы керек. Қақпа жерге мықтап орнатылады, дегенмен талаптарға сәйкес келсе, тасымалданатын үлгіде де болуы мүмкін. Қақпа торы қақпашыға ойын кезінде кедергі келтірмейтіндей етіп, бағанға және қақпаның артындағы жерге бекітіледі. Сонымен қатар, көлемі шағындау қақпаларды да қолдануға болады. Биіктігі 2 м, ұзындығы 3-5 метрлік мини-футбол қақпалары; биіктігі 1,22 м, ені 1,83 м хоккей қақпаларын да қолдануға болады. Мини-футболды барлық жас аралығындағы балалар ойнай алады. Ол қуаныш пен шаттық сыйлайтын ойын. 3×3 ойыны Ойын ережесі: Алаңның көлемі 30×20 м (алайда, ойыншылардың дайындық деңгейлеріне қарай, алаң көлемі басқаша да болуы мүмкін). Ондай алаңды жалаушалар (фишка) көмегімен де жасауға болады. Егер алаң сызығы болмаса, қолайлы болу үшін жалаушаларды (конустарды) 6 м сайын орнатуға болады. Қақпаға допты кез келген қашықтықтан соғуға болады. Ең бастысы – доп қақпа сызығынан толығымен өтуі тиіс. Ойын кезінде 3-4 минут сайын үзіліс жарияланып, ойыншылар құрамын өзгертуге болады. Әр команданың қақпашысы болады, тек олар ойын сайын ауысып отырады, яғни әрбір ойыншы жаттықтырушы белгілеген уақыт ішінде қақпашы қызметін атқарады. Доп ойыннан тыс қалатын болса, ол қапталдағы сызықтан ойынға аяқпен немесе қолмен қосылады (мини-футболда – қолмен, футзалда - аяқпен). Қақпаға доп соғылған жағдайда, доп қақпа маңынан ойынға қосылады. Аяқтан шалу, қолмен ойнау және т.б. ойын ережесі бұзылған жағдайда, еркін соққы тағайындалады. Бұл жас аралығындағы балалар ойын кезінде ойын ережесін бұзбауға тырысады, дегенмен еркін соққылар тағайындау, оларды өзара әрекет етуге тәрбиелеу және өз ойыншысына уақытыл пас беру әдетін қалыптастыру үшін қолданылады. Еркін соққы орындағанда, бұрыштамадан және қақпа маңынан ойынға қосқан кезде, қарсылас доптан 5 м жерде болуы керек. Сабақтар мен жарыстар кезіндегі қауіпсіздік талаптары Оқушыларды сабақтар мен жарыстарға кіру рұқсаты дәрігердің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Қатысушылар спорт киімінде болуы керек. Залға немесе ашық спорт алаңына мұғалімнің, жарыс төрешілерінің рұқсатымен сағызсыз және басқа тамақсыз ұйымдасқан түрде кіру. Сабақтар мен жарыстар басталуына дейін қатысушылар алдын ала жасалатын жаттығуды жүргізу керек. Мұғалімнің ойынды бастау, ойында кідіріс жасау деген барлық командаларын мұқият тыңдап, орындау және ойынды команда (сигнал) бойынша ғана аяқтау. Сабақтар мен жарыстарға қатысушылар командас жолдастарын қолдауға, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге міндетті. Команда капитаны мен өкілдің (сынып жетекші) кеңестерін тындау. Ойындарда жарыс ережелерін қатаң сақтау, командас жолдастар мен қарсыластарынды сыйлау. Әріптестерінің сәтсіздіктеріне және өз команданың жеңілістеріне байсалды қарау. Спорт және қимыл-қозғалыс ойындарымен шұғылданған кезде қауіпсіздік талаптарын білу. Жығылуды, ойыншылармен соқтығысуды, ойыншылардың қолы мен аяқтарынан соққы беру мен тебулерді болдырмау. Жығылған кезде жарақат алуды болдырмау үшін жинақталу. Оларға немесе басқа ойыншыларға (зергерлік бұйымдар мен сағаттардың кез-келген түрлерін қоса) қауіпті болуы мүмкін киімдерді кигізбеңіз. Жабысқақ таспамен зергерлік бұйымдарды желіммен жабыстыру қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз деп саналады. Қорғаныс элементтері және металл элементтерінің құрамымен кез келген медициналық нығайту және бекіту, кез келген шляпалар, мойынға тағылған бұйымдар, сондай-ақ, былғары және резеңке белбеулер мен таспаларға тыйым салынады. Ойын жабдығы мен жабдықты пайдалануды білу. Шаршағандықты, әлсізденуді сезінген кезде дереу команданың өкіліне (сынып жетекшіге, жарыс төрешісіне, медқызметкерге) хабарлаңыз. Жарақат алған кезде жаттығуды орындауды және ойынды тоқтату, мұғалімге хабардар ету және медициналық көмек үшін дәрігерге немесе медбикеге жүгіну. Спорттық киімге, аяқ киімге, спорт жабдығы мен жабдықтарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар Күнделікті тіршілікте, әсіресе дене жаттығуларымен шұғылданған кезде жеке тазалық ережесі сақтау өте маңызды. Бәріне аян, осы ережелерді сақтау аурудың алдын алуға ғана емес, денсаулықты нығайтуға және ағзаның қалыпты дамуына, сондай-ақ жұмысқа қабілеттілікті арттыруға, дене күшін жетілдіруге ықпал етеді. Жеке тазалық өзіне бетті, ауыз қуысын, шашты күтуді, шынығуды, сондай-ақ киім мен аяқ киімді таза ұстауды қамтиды. Ұлдар мен қыздар ішкі киімдерін, сыртқы және спорт киімдерін таза ұстау керек. Киім ыңғайлы, жеңіл, аса жылы емес, функционалды, ылғал өткізетін, жүрген кезде қыспайтын болуы тиіс. Оның өлшемі мен пішімі тынысты тарылпау және қан айналымын қиындатпау керек. Қыста таза ауада дене жаттығулары мен спортпен шұғылдану үшін киім үш қабат болуы керек: ішкі киім, футболка, жаттығуға киетін спорт киімі, бас киім және қолғап. Сондай-ақ, желден қорғану үшін үстінен жеңіл күртеше (куртка) кисе жақсы болады. Нық жүрісті қамтамасыз ету және майтабанды дамытуға кедергі жасау үшін аяқ киім төзімді, созылғыш, ыңғайлы, жеңіл және кең болуы керек. Аяқ киім табанның қалпын тұрақтандыратын, арнайы табан «ұстағышы»; табанның жылжып кету түріндегі қозғалысты тұрақтандыратын арнайы қосымшалары; амортизацияның функцияларын орындайтын және ахилл сіңірінен артық жүкті түсіретін, табанның астына арналған арнайы ұлтаншасы болған жақсы. Ыңғайсыз, тар аяқ киім қан айналымын нашарлатады, табанды жылытпайды, ол жара қылады, қажайды, одан сүйел пайда болады. Тым кең аяқ киім ыңғайсыз, ол теріні қажайды және жара болады. Қысты күні аяқ киім бір өлшемге көп болуы керек, оны жылы шұлықпен кию керек. Үнемі күні бойы кедымен жүруге болмайды. Киім және аяқ киім үнемі күтуді мұқтаж етеді. Киім-кешекті әр жаттығудан кейін жуу керек. Кірленген және су болған аяқ киімді тазартып, кептіру керек. Спорт киімі мен аяқ киімін желдетілетін жерде сақтау керек. Жабдық және спорт жабдығы ақаусыз және материалдың пішіні, салмағы мен сапасы бойынша белгілі стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Оларға сондай-ақ спорт жарақаттарын ескертуге, ауаның шанмен ластануын жоюға, шұғылданушылардың жасына снарядтардың сәйкестігіне бағытталған бір қатар гигиеналық талаптар ұсынылады. 5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Мектеп қабырғасында футбол сабағын жоспарлаған және ұйымдастырғанға дейін, ұлдар мен қыз балалардың дайындық деңгейлері туралы ақпараттармен танысқан дұрыс. Белгілі бір жүйе бойынша білім алып жатқан балалардың, жасөспірімдердің, ұлдар мен қыздардың бойларында белгілі бір әдеттердің қалыптасу ерекшеліктері болатындықтан, оларға жүктемені қалай беру керек, оны қалай қадағалау керек екендігін білу мұғалім үшін өте маңызды. Осы бөлімде 5-11 сынып оқушыларының жасқа сай ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз. Себебі, бұл жас аралығындағы балалардың ағзаларының дамуында едәуір өзгерістер бар. Мектеп жасындағы балалар үш топқа бөлінеді: бастауыш сынып оқушылары (6-10 жас), орта сынып (11-14 жас), жоғары сынып оқушылары (15-18 жас). Әрбір топтың өзіндік ерекшеліктері бар және оларды оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлаған кезде ескеру керек. Мектепте білім алатын балалар жүйелі педагогикалық және медициналық бақылауда болады. 5-9 сынып оқушыларының жастары (10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралық) жасөспірімдік шақ болып саналады. Бұл шақ балалықтан есеюге бет бұратын күрделі кезеңмен сипатталады және бұл кезеңде баланың денелік дамуында, психикасында, рухани-адамгершілік дамуында едәуір өзгерістер байқалады. Жасөпірімдер бұл шақта өзіне сыни көзқараспен қарап, өзгелермен қарым-қатынас орната білуге бейімделу кезеңдерін бастан өткереді. 12-15 жас аралығындағы баланың бойының қарқынды өсетіндігін аңғару қиын емес. Тіпті кейбір балалар бір жыл ішінде 5-8 см дейін өседі және ол бала ағзасы үшін қиын кезең болып саналады. Олардың түтік тәрізді сүйектері қарқынды дамиды, көкірек қуысы қалыптаса бастайды, аяқ-қолдары өсіп, дене тұрқының дамуындағы үйлесімділік бұзылады, соның салдарынан жасөспірімнің қимыл-қозғалысында ебедейсіздік байқалады. Баланың қаңқасының дамуымен қатар, ішкі мүшелердің де қызметтерінде өзгерістер байқалады: қалқанша бездің қызметі өзгереді, бұлшықет жүйесі қарқынды дамиды, зат алмасу процесі жылдамдайды. Сонымен қатар, жыныс және қалқанша бездері белсенді қызмет етіп, жүрек пен өкпенің көлемі ұлғаяды. Жыныс гормондарының қарқынды дамуының нәтижесінде, жасөспірімдердің екінші жыныстық белгілері күшейеді: қыздардың кеуделері өседі, менструация пайда болады; ұлдардың дауыстары жуандап, поллюция пайда болады, сақал-мұрт шыға бастайды. Гормондардың әсерінен баланың бойында жыныстық қарым-қатынас орнату ынталары артып, өз-өзін қадағалау қиындай түседі. Жасөспірімнің бойында болатын осындай физиологиялық өзгерістердің салдарынан, оның денсаулығында қиындықтар туындауы мүмкін. Баланың басы жиі ауырып, ұйқысыздық пайда болады, тез шаршап қалатын болады және тамаққа деген тәбеті төмендейді, қан қысымы жиі өзгереді, назар салғыштығы төмендеп, сабаққа деген ынтасы төмендейді. Бұл жағдай баланың айтқан шағымымен ғана анықталады және оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Жоғарыда аталған физиологиялық өзгерістердің барлығы жасөспірімнің психологиялық күйіне әсер етеді. Оның алдынан жаңа міндеттер мен қиындықтар туындайды. Ол жанындағылармен ересек адам тәрізді қарым-қатынас орнатуға ұмтылады. Денесінде пайда болған физиологиялық өзгерістерден кейін, баланың бойында екіұдайы сезім пайда болады: өз-өзіне деген мақтаныш және қанағаттанбау, ұят пен қуаныш, тамсану мен жиіркеніш. Сонымен қатар, бұл кезеңде жасөспірімнің өзін төмен бағалай бастауы да мүмкін. Өзін басқалармен салыстырып, бойындағы әлсіз жақтарын жиі табады және өз күшіне деген сенімсіздік пайда болады. Жасөспірімнің өз құрбылары арасындағы әрекеттері қарама-қайшылыққа толы: бір жағынан қалай болғанда да құрбыларымен тең болуға ұмтылса, келесі жағдайда қалай болғанда да олардан ерекше болуға ұмтылады. Жасөспірімдік кезеңде бала неге болса да күмәнмен қарайды, басқаның айтқанына сенбей, оның шындыққа қаншалықты жақын екеніне өзі көз жеткізуі керек. 5-6 сынып оқушылары құрбыларымен және ересектермен бірге әрекет еткен кезде, өзіне қолдау көрсетіп, оның әрекеттерін мақұлдағанды қажет етеді, өзіндік ұстаным пайда болады. Бұл жас аралығындағы баланың басты қажеттілігі – өзін-өзі тану және ол өзінің «Мен» шекарасын іздеумен шарттастырылған. Бұл жас аралығындағы балаларға өз құрбыларымен және ересектермен өзара эмоциялық қарым-қатынас орнату, өз ойын жеткізу маңызды. Сондықтан, оқу процесін құрған кезде балардың дербес танымдық ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Дегенмен, бұл жас аралығындағы балаларға ойын кезінде табысқа қол жеткізетін жағдай туындату одан да маңызды болып саналады. Ұл балалар алға қойылған мақсатқа бір сабақ ішінде қол жеткізіп, өз еңбегінің нәтижесін көргісі келеді. Мұғалім балалардың логикалық ойлау және келіп түскен ақпаратты шұғыл өңдей білу қабілеттерін дамытуға, сабақта өз беттерімен шешім қабылдай білу біліктіліктерін арттыруға назар аударуы керек. Ол үшін сабақта балалардың танымдық қабілеттерін қанағаттандыратын ойын жағдайын туындату керек. 7-9 сыныптарда балалардың дамуында дербес ерекшеліктер пайда болады және оны балалардың қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту жаттығуларын жоспарлағанда ескерген дұрыс. Сондықтан балаларға жүктелетін міндеттерді, тапсырмаларды жіктей білу керек, яғни бағдарламалық материалдың игерілу қарқыны мен оған қол жеткізу деңгейін бағалауға деген талаптар да өзгешеленеді. Дайындық деңгейі төмен немесе жоғары балармен шұғылданған кезде жіктелген және дербес жолды қолданған дұрыс. 5-9 сынып оқушыларының дене дамуындағы ерекшеліктер 10 жасқа дейін ұл балалар мен қыз балалардың бойлары мен салмақтарының өсуінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Қыздар 11 жастан бастап бой жағынан болсын, салмақ жағынан болсын ұлдардын оза бастайды. Ұлдардың 12 жастан бастап бойлары, 13 жастан бастап салмақтары қарқынды өсе бастайды. 15 жасқа келгенде ұлдардың бойлары қыздардан озып, кеуделері әлдеқайда ұлғаяды және бұлшықеттері мен қимыл-қозғалыс жылдамдықтары артады. 16 жастан бастап қыздардың, ал 18 жастан бастап ұлдардың бойларының өсуі негізінен тоқтайды. Жалпы алғанда, жоғары сынып жасындағы балалардың дене тұрқының көрсеткіштері ересектермен бірдей болады. 7 жас пен 12 жас аралығында қимыл-қозғалыс екпіні қарқынды дамиды. Қимыл-қозғалым жылдамдығы мен жиілігі, сондай-ақ жоғары қарқынды ұстау екпіні 14-15 жас аралығында шарықтау шегіне жетеді. 7 және 10 жас аралығындағы оқушылардың қимыл-қозғалыс дәлдіктері (футбол ойынының техникасын үйрету кезінде) нашар және ойын техникасын орындау кезіндеге аталған көрсеткіш 45-50% құрайды. Сондықтан, бұл жас аралығында қимыл-қозғалысты жеңілдетіп орындататын әдістемелерді жүйелі қолдану керек: түсіндіру, көрсету, ағымдық ақпарат, жаттығуды орындау кезіндегі түсіндірме сөздер, жекелеген қимыл-қозғалыс элементтерін орындау кезіндегі түзетпелер. 10-12 жаста аралғындағы балалар, жоғары жас аралығымен салыстырғанда ойын техникасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қажет ететін әрекеттерді тез игереді. 14-15 жаста күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігіне қол жеткізу қиынырақ. Сондықтан, 12 жастағы балаға берілетін жаттығулар ептілік, иілгіштік, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталуы керек. Олар: эстафеталар, қозғалмалы ойындар және футбол ойынының элементтері бар жеңілдетілген ойындар. Моторлық бейімделу – оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттерінің, яғни игерілген техникалық әдіс-тәсілдерді ойын жағдайында қолдана білулерінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Футбол сабағын өткізген кезде ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыратын процестерге жоғары талаптар қойылады. Жасөспірімдердің ағзалары барлық өзгерістерге, сыртқы әсерге, дене жүктемелеріне физиологиялық тұрғыдан дайын. Аталған өзгерістер дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жүрек-қантамырлар және тыныс алу жүйелерінің дамуына оң әсер етеді. Жалпы дене дайындығы, арнайы дене дайындығы, техникалық-тактикалық дайындық қарқынды бұлшықет жұмысын қажет етеді және тыныс алу мен қан айналым жүйелеріне жоғары талаптар қояды. Қан айналым аппаратының қызмет ету жағдайы, болашақ футболшының спорттық жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Дене шынықтыру сабақтарын жоспарлаған кезде, қыздардың дене жүктемелеріне бейімделу ерекшеліктерін ескеру керек. Спорт ойындарымен шұғылданған кезде, тек шынайы және жанама туындайтын қиындықтарды ғана емес, сонымен қатар қарсыласқа қарсы тұру дағдыларын да шыңдау қажет. Футболмен шұғылдану кезінде қарқынды қимыл-қозғалыс әрекеттері орындалатындықтан, орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) қызмет ету әлеуетін, қыздардың менструалды қызмет (МҚ) ерекшеліктерін ескеру керек. Себебі, қыздардың өзіндік биологиялық ерекшеліктері бар: МҚ-ні нейрогуморалдық реттеу қызметі, қыздың ағзасына едәуір әсер ететін циклділік, оның жұмыс істеу қабілеті мен жағдайы. МҚ кезіндегі ОНЖ жағдайын зерттеген кезде, қантамырлар мен тыныс алу рефлекстерінің толқын тәрізді, яғни іркілістермен қызмет ететіні анықталды. Бұл жас аралығында күш және жылдамдық-күш сапаларын дамытуға арналған жаттығуларды белгілі бір реттілікпен үйрету қажет. Ол үшін алдымен жылдамдық, содан кейін барып, жылдамдық-күш сипатындағы жүктеме берген дұрыс. Ауырлықпен орындалатын жаттығудың алдында, жылдамдық қабілетін дамытуға арналған жаттығуды орындау оқушы үшін жеңіл екені белгілі. Жылдамдық-күш сапаларын дамытуға арналған жаттығуларды пайдалану, ағзаның физиологиялық мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі артады, күш және жылдамдық күш қабілеттері жақсарады. Ал жылдамдық және төзімділік сапалары бұл жас аралығында бірқалыпты, ал иілгіштік қабілеті нашар дамиды. Осы аталған факторлардың барлығын дене шынықтыру сабағын жоспарлаған кезде ескерген дұрыс. 14-15 жас аралығындағы балаларды оқыту және үйрету процесі дербестеніп, сабақта қолданылатын құралдар ойын жағдайына жақындай түседі. Бұл жас аралығында жалпы және арнайы дене дайындығын арттырумен қатар, оқушылардың күрделі техникалық әдіс-тәсілдерді, негізгі топтық және командалық тактикалық әрекеттерді игеру деңгейлеріне де жоғары талаптар қойыла бастайды. Тиісті деңгейдегі білім мен біліктілік деңгейін игеру, оларды іс жүзінде тиімді қолдануға, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруға, оқушылардың сабаққа деген саналы ұстанымдары мен мақсатты әрекеттер орындауға деген ұмтылыстарына ықпал етеді. Оқушылардың білім негіздерін игеру деңгейлерін жүйелі түрде қадағалап, теориялық материалды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін арнайы тапсырмалар беру керек. |